Венчурлық кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 15:36, курсовая работа

Описание

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.doc

— 376.00 Кб (Скачать документ)

    Соңғы үш жылдағы «ҚКК»  фирмасының күмәнді  қарыздар бойынша  шығындары:

    Жылдар Сатылғантауарларының  көлемі Күмәнді қарыздар бойынша шығындары Пайыздар
    2000 900000 29700 3,3
    2001 930000 31500 3,38
    2002 950000 36100 3,8
    Барлығы 2780000 97300 3,5
 

    «ҚКК» фирмасының бухгалтері бұл жылдардағы күмәнді қарыздар бойынша пайыз мөлшері орта есеппен 3,5% деп есептейді. Соған сәйкес 2004-жылғы «ҚКК» фирмасының күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі:

    (1000000-50000-10000)*3,5%=32900 тг

    Осы табылған күмәнді қарыздар соамыс бойынша «ҚКК» фирамсының бухгалтерлік есепті жыл соңында (2002 жыл) мынадай жазу жазады:

    Дт: 7210 Жалпы және әкімшілік шығындары                                         32900 тг

    Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резерв                                         32900 тг

    Жоғарыдағы  сандарды есекере отырып, 2004 жылдың қаржылық есебінде күдікті қарыздар бойынша резерв сомасының 40900 (қырық мың тоғыз жүз) теңгеге тең болатындығын білуімізге болады. Бұндағы 8000 (сегіз мың) теңге өткен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 32900 (отыз екі мың тоғыз жүз) теңге есепті жылдағы сатлыған тауарлар бойынша күмәнді қарыдарға жасалынған (болжам бойынша) резерв  сомасы.

    Негізінен  несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісі бойынша ардайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік құнын есептеп отыру мүмкін емес. Бұл әдістің тұжырымдамалық негізі болып сәйкестілік принципі қызмет етеді. Өйткені күдікті қарыз сатылым негізінде туындаған. Әдіс қолданылуы барысында өте қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ескеретін жағдай, несиеге сталған тауарларға қолданылатын пайыз пайыз мөлшері әрдайым жаңартылып (жаңадан есептеліп) отыруы тиіс.

    Күмәнді қарыздарда бағалу үшін қолданылатын  дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі  бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына  негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі  бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:

    • Негізгі дебиторлық борышқа жасалынған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
    • Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме;

    Осы атап өткен екінші әдісіміз бойынша мысал келтірейік:

«ҚКК» фирмасының 2004 жылғы  31 желтоқсанға алынуға  тиісті шоттарының сомасы (өлшем  бірлігі теңге)

Сатып

алушылар

Түсуге тиісті борыш

(барлығы)

Уақтылы түспегені Бір тоқсан кешіктірілгені Екі тоқсан кешіктірілгені Үш тоқсан кешіктілгені Төрт тоқсан кешіктірілгені
«Арал»

фирмасы

350000   150000 200000    
«Шалқар»  фирмасы 250000       100000 150000
«НҰР» АҚ 500000 300000 100000     100000
Барлығы 1100000 300000 250000 200000 100000 250000
Күмәнді борыш пайызы   5 10 20 30 50
Күмәнді борыш бойынша резерв   15000 25000 40000 30000 125000

    Жоғарыдағы  берілген мысалымызда «ҚКК» фирмасының алынуға тиісті шоттарының сомасы қарастырылған. Яғни кестеде «ҚКК» фирмасының дебиторлы  және олардың қарыз сомалары әрбір  кезеңге бөлініп көрсетліген. Сондай-ақ бұл жерде фирманың алынуға тиіс шоттарының кешіктірілген мерзімдеріне сәйкес күдікті борыш есептеуге арналған пайыз коэффициенті белгіленген. Яғни «ҚКК» фирмасы өздерінің сатқан тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін уақтылы есеп айырыспаған заңды немес жеке тұлғалардың қарыздарының, дер кезінде төленбеген сомасының 5%, бірінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 10%, екінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 20%, үшінші тоқсанда кешіктірлгендерінің 30%, төртінші тоқсанда кешіктірілгендердінің 50% мөлшердегі сомаларын күдікті борыштар деп есептейді. Кестеден «ҚКК» фирмасының 2003 жылдың 31 желтоқсанына болжанған күдікті қарыздарының  мөлшері 235000 (екі жүз отыз бес мың) теңгеге тең екендігін көруімізге болады (15000+25000+40000+30000+125000). Егер «ҚКК» фирмасының күдікті борыштар бойынша резерв шотындағы сомасы жоғарыда табылған 235000 теңгеден артық немесе кем болса, бұрынғы жасалынған резервтер сомасына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Күмәнді қарыздар бойынша  резервтер шоты арқылы жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны Дебиттелетін  шот Кредиттелетін шот Тип
1 2 3 4 5
1 Күмәнді қарыздарға резерв жасалды 7440 1290  
2 Күмәндіқарыздар бойынша құрылған резерв сомасының  есебінен дебиторлық борыш жабылды 1290 1210, 1280,2150, 1630  
3 Жыл соңында  күмәнді қарыздар бойынша құрлған  резерв сомасының артығы сторно етліді (қызыл сиямен) 7440 1290  
4 Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз  ретінде есептен шығарылып белгілібір уақыт өткеннен кеәін бұл қарыз  сомасы өтелгенде (есептен осы есеп  беру кезеңінде жүргізілсе): 1290 1210, 1280, 2150, 1630  
5 Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз  ретінде есептен шығарылып белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелгенде (есептен келесі есеп  беру кезеңінде жүргізілсе): 1050, 1030, 1010, 1030 6160  
 
 

1.3  Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі

    Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:

    • 1220 «Еншілес серіктестіктердің борышы»
    • 1220 «Тәуелді серіктестіктердің борышы»
    • 1230 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» 1240 сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар көрініс табады.

    «Шаруашылық веріктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізігі) шаруашылық серіктестік  оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шарушылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінң қаржы-шаруашылық қызметінң бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.

    «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның»  қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және бріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үлесімді (пропорционалды) бірктіру үшін есеп беретін пішімдерінің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.

    Меншіктің осы түрлерін айқындайтын анықтамалар азаматтық кодексте толық түрде көрініс тапқан (228-234 баптары). «Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:

    • Еншілес, тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға ұйым ақша берген уақытта:

    Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың борышы» шоты,

    Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,

    • Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық  борыштарының пайда болуына:

    Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,

    Кт: 6010 «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері  түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

    Сатылған  өнім, тауар, негізгі құралдар мен  материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:

    Дт: 1220, 1230  «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоты» шоты;

    Кт: 3130 « Қосылған құн салығы шоты» түріндегі корреспонденция жазылса.

    • Шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылыққа;

    Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларлың борышы» шоты;

    Кт: 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.

    Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:

    Дт: 1210 «Алынған вексельдер» немесе 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»» шоттарының тиістілері;

    Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.

    Еншілес , тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінен жабылуына:

    Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;

    Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің  және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.

    Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  дебиторлық борыштары олардан тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу үшін  алынған аванстар есебінен жабылғанда мына төменде көрсетілгендей түрінде бухгалтерлік жазу жазылады:

Информация о работе Венчурлық кәсіпорын