Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 19:20, реферат
Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.
Еңбекақыны еңбегіне қарай төлеу жүйесі жеке және ұжымдық (бригадалық) болып бөлінеді.
Еңбекке ақы төлеудің жеке жүйесінде ақы төлеу әрбір жұмысшының жеке өндірген өніміне қарай анықталады. Ұжымдық еңбек ақы төлеу технология жағдайына қарай, жұмысты бір адам атқаруға болмайтын уақытта немесе қызметкерлердің өзара алмасып отыруын қамтамасыз ету үшін кәсіптерді кеңінен ұштастыру қажет болған жағдайда қолданылады. Ұжымға (бригадаға) бұл жүйе бойынша жалақы есептегенде ол ұжым (бригада) мүшелері арасында олардың разрядтары мен жұмыс жасаған уақытына қарай бөлінеді.
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Сонымен заң уақыттан тыс жұмысқа ақы төлеудің ең аз деңгейін ғана айқындап, екі жаққа шарт жасасу тәртібімен уақыттан тыс атқарылған жұмыс үшін неғұрлым жоғары мөлшерде ақы белгілеуге мүмкіндік береді.
Уақыттан тыс атқарылған жұмыстың демалыс беру арқылы орнын толтыруға болмайды.
Жұмыс қай кәсіпорынның мүддесіне орай жасалғандығына қарамастан ол қай жұмыс берушінің бұйрығымен орындалса, уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақыны сол төлейді. Бұл арада өкімнің қай түрде (жазбаша не ауызша) берілгендігінің маңызы шамалы. Жұмыс берушінің өкімінсіз қызметкердің өз ұйғарымы бойынша жасалған уақыттан тыс жұмыс үшін ақы төленбейтіні ақиқат.
Мереке және демалыс күндері жасалған жұмысқа еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді: еңбегіне қарай төленетіндерге — екі еселенген бағалау бойынша; ақы еңбегіне сағаттық немесе күндік ставкалар бойынша төленетін қызметкерлерге — егер мереке күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде істелсе, еңбекақысының үстіне бір сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс жасалған болса, онда еңбекақысының үстіне екі сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде төленеді. Барлық қызметкерлерге мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін көтеріңкі мөлшерде еңбекақы төленеді.
Жұмыс ауысымының бір белігі мереке немесе демалыс күнімен тұстас келетін болса, онда мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін екі еселенген мөлшерде еңбекақы төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).
Қызметкердің қалауы бойынша мереке немесе демалыс күндері атқарған жұмысы үшін төленетін үстеме ақыны қосымша демалыс күнімен алмастыруға болады. Бұл жағдайда мереке күні істелген жұмысқа ақы дара мөлшерде төленеді.
Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Бұл арада түнгі уақыттағы жұмысқа төленетін ақының аз мөлшері көрсетіліп отыр. Заңда тараптарға экономиканың салаларын және өндірістің өзге де жағдайларын ескере отырып, жеке еңбек және ұжымдық шарттар жасасқанда көтеріңкі ақы белгілеуге құқық берілген (мысалы, өнеркәсіптің кейбір салаларында, үздіксіз өндіріс жағдайында қосымша ақы төлеу және басқалары).
Бір кәсіпорында (мекемеде, ұйымда) жеке еңбек шартына байланысты өзінің негізгі жұмысын атқарумен қатар басқа қызмет бойынша (қызмет көрсету аймағын кеңейту) қосымша жұмыс немесе өз қызметінен босамастан уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы төленеді. Қызметтерді ұштастырғаны (қызмет көрсету аймағын кеңейту) немесе жұмыста уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін төленетін қосымша ақының мөлшерін қызметкермен келісе отырып, жұмыс беруші белгілейді. Алайда қызметкердің жұмыс уақыты ішінде жұмыспен толық қамтылмауы салдарынан оның келісімімен жұмыс берушінің тапсыруымен басқа жұмысты орындағаны үшін оған қосымша ақы төленбейді.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. Осы мақаланы жетілдіру үшін қажетті интерлинктерді енгізіп көмек беріңіз. |
|
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. |