Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 14:19, курсовая работа
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Кіріспе………………………………………………………………………..
3
1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі................
4
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі........
6
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары...................
10
2 Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
Қорытынды..........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе…………………………………………………………… |
3 |
1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні |
|
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі................ |
4 |
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі........ |
6 |
|
10 |
2 Қазақстандағы
жұмыспен қамту бағдарламалары
және
нәтижелері Қорытынды..................... |
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
|
|
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалы-лығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінін әлеуметтік экономикалық табиғаттың және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен - сату-сатып алу арқылы жүзеге асады.
1. қазіргі замандағы ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
1.1. Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметтері.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығы бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері – еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныстың механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақылықты қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.