Инвестициялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 14:19, курсовая работа

Описание

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………..
3

1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні


1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі................

4
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі........
6
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары...................
10
2 Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері

Қорытынды..........................................................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Еңбек нарығы.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

    Бағдарлама  жобасында мынадай негізгі басымдықтар  белгіленген:

    еңбек ресурстарын дамыту;

    халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

    жұмыссыздық деңгейінің еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін процестерге қауіп төндірмейтін параметрлерге дейін төмендету.

    Бағдарламаның негізгі бағыттрары және оны іске асыру теігі:

    1. Экономика салаларында жұмыс орындарын қайта құру;
    2. Жұмыскүшіне сұраныс және ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шаралар;
    3. Халықты әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарынң жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
    4. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту;
    5. Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру;
    6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру;
    7. Жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру жөніндегі шаралар;
    8. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек делдалдылығмен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту  агенттіктерімен ықпалдастыру ;
    9. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу;
    10. Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
 

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалал бойынша  2005-2007 жылдар кезеңінде  құрылатын жұмыс  орындарының саны

                                                                                       (жұмыс орындары)

Экономика саларының атауы  жылдар Жиыны
    2005 2006 2007
1 2 3 4 5 6
1 Өнеркәсіп 3786 6585 5219 15590
2 Құрылыс 10404 18948 18948 48300
3 Көлік 11204 11451 11976 34631
4 Ауыл шаруашылығы 16012 1718 488 18218
5 Шағын және орта бизнес 100000 100000   200000
6 Денсаулық сақтау 52 1010   1062
7 Білім беру 897 1296 253 2446
8 Мәдениет 217 133 133 483
9 Туризм 540000     540000
10 Спорт 1529 1829 1242 4600
11 Басқа салалар 20930 15873 8 36811
  Республика бойынша 705031 158843 38267 902141

 

    Сонымен қатар Министрлік «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуде.

    Еңбек рыногы жағдайының мониторингі үшін республикада, облыстар, қалалар мен  аудандар тұрғысынан жұмыс күшіне тіркелген  сұраныс пен ұсынысты көрсететін деректер базасы жұмыс істейді. Талдау, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс күшіне сұраныстың, ұсыныс сапасының және кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың еңбекке жұмылуының төмендігі себебінде оның жергілікті еңбек рыногындағы тапшылығымен бірге жеткілікті екенін көрсетеді. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ай сайынғы бос жұмыс орындарының банкі 15-17 мың бірлік құрайды.

    Министрлік  жұмыс күшіне сұраныс мониторингі  мен экономиканың мамандарға болжамды қажеттілігін белгілеу тәртібі туралы үлгі ереженің жобасын әзірлеген, ол облыстар, Астана мен Алматы қалаларының Әкімдеріне қолдану үшін ұсынылды.

    Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау  үшін өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қажет мамандықтар тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингі жүргізілуде.

    Бұдан басқа, аталған Стратегияны іске асыру үшін мемлекеттік және жеке сектордың қатысуымен Жұмысшылар мен  техникалық мамандарды кәсіптік даярлау, атестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын орталықтар туралы ереженің жобасы әзірленуде, оларды еліміздің өңірлерінде құру көзделіп отыр.

    Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп дамудың әкімшілік-аумақтық бірліктерде қолданылатын, жоғары және орта әлеуетіне ие ауылды жерлер тұрғысынан, өнеркәсіптегі, көліктегі және экономиканың басқа да салаларындағы ауылшаруашылық-кәсіпорындарының 2006 жылға дейінгі кезеңге жұмыс күшіне қажеттілігін белгілеу жөнінде жұмыс жүргізілді.

    Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарламаны іске асыру жұмыспен қамту саясатының белсенді шараларын (жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту) жүргізумен қамтамасыз етіледі. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен үстіміздегі жылдың алты айында 79,7 мың адам немесе өтінішпен келген адамдар жалпы санының,  өткен жылғы тиісті күндегі 45,7% салыстырғанда – 52,3% жұмысқа орналасты.

    Қоғамдық  жұмыстарға 82,9 мың адам қатысты, 15,6 мың жұмыссыз азамат кәсіптік оқуға, қайта даярлыққа және біліктілігін арттыруға жіберілді.

    Облыстар  әкімдерінің деректері бойынша  осы жылдың алты айында елімізде 116,8 мың  жұмыс орыны құрылды, олардың: 74,4 мыңы тұрақты. Өнеркәсіп және құрылыс  салаларында жұмыс күші қосылды.

    Еңбек рыногында хылықтың жұмыспен қамтылуының  кеңеюі халықтың, атап айтқанда, көмекші  шаруашылық немесе жеке қоналқа үй жүргізу дамыған ауылды жерлерде өзін өзі жұмыспен қамту есебінен жүзеге асырылады.

    (Анықтама  үшін: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2004 жылғы бірінші тоқсанда экономикалық  белсенді халықтың саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,5 млн. адамға өсті және 7,7 млн. адам болды. Республиканың экономикасында 7,0 млн. адам жұмыспен қамтылды (2003 жылғы бірінші тоқсанда – 6,5 млн. адам). Халықты жұмыспен қамту деңгейі 91,1% жетті. 2004 жылғы бірінші тоқсанда жұмыссыздар саны өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13,5 мың адамға азайды және 685,8 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 2003 жылғы бірінші тоқсандағы – 9,7%  қарағанда 8,9% дейін төмендеді).

    Заңсыз  еңбек көші-қонын болдырмау және ішкі еңбек рыногын қорғау жөнінде  арнайы шаралар қабылдануда. Министрлік жыл сайын Қазақстан Республикасының  аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квота жобасын әзірлейді, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Үстіміздегі жылы квота экономикалық белсенді халықтың 0,21% мөлшерінде белгіленді. Бұл еңбекші-мигранттарды іргелес облыстардағы ауыл шаруашылық жұмыстарына тартумен байланысты.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы  № 147 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік  басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасына сәйкес «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 524-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заңға сәйкес тиісті әкімшілік бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру функциялары 2004 жылғы 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдарға берілді.

    Шетелдік  жұмыс күшін тарту процедурасын жетілдіру мақсатында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 қаулысымен «Квота белгілеу, жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары мен тәртібі туралы ереже» бекітілген.

    Заңсыз  көші-қон проблемасын шешу үшін Қазақстан  Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және Қытай Халық Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы келісімнің жобасы жөнінде ұсыныстар жіберілді.

    Республикада 2004 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 9,4 мың шетелдік азамат жұмыс істейді (1.07.2003 ж. – 8,7 мың адам). Шетелдік мамандарды тартатын ұйымдарда, есептік кезеңде 241,9 мың қазақстандық азамат жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 28,8 мың адамға аз;  11,6 мың жұмыс орыны құрылған және 3,4 мың қазақстандық азамат жаңа кәсіптерге қайта оқыды.

    Әлеуметтік  маңызды проблемаларды шешу үшін Министрліктің ҮЕҰ әрекеттестігі күшеюде. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы жөніндегі уәкілетті органмен және «Қазақстан жастарының конгресі» Ассоциация нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжаттар адам құқықтарын сақтауға және жас мамандарды жұмысқа орналастыруға әрі әлеуметтік қолдауға мұқтаж қатарындағы жас азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге көмектесу жөнінде келісілген әрекеттерді болжайды.

    Қазақстан Республикасы Президентінің «2004 жылға  арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» 2004 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауына сәйкес 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақының мөлшері 5000 теңгеден 6000 теңгеге дейін немесе 2003 жылмен салыстырғанда 32% өсті.

    Бұдан басқа, аталған Жолдауды іске асыру  үшін «Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысының деңгейін шамамен 20 пайызға арттыруды көздейтін 2004 жылғы 27 қаңтардағы  № 89 қаулыны қабылдады.

    Көрсетілген қаулымен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша ақы мен үстемеақы  жүйесі реттелді. Бұл ретте жалақы құрылымындағы тарифтік бөлік (лауазымдық ақы) деңгейінің жоғарылауы және тариф үстіндегі бөлік (қосымшалар мен үстемеақылар) деңгейінің төмендеуі көзделген.

    Қаулыға сәйкес мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік  қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық ақыларының мөлшері базалық лауазымдық ақы мөлшері 5353 теңгеден (2003 жылы) 6600 теңгеге (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап) дейін және Лауазымдар тізілімі G санатының лауазымдары бойынша қызметкерлердің лауазымдық ақыларын (ставкаларын) есептеу үшін коэффициенттер мөлшерін жоғарылату есебінен көбейтіледі.

    Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық  кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 71-ө өкімімен мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан жұмыс тобы қүрылған.

    Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің және қазыналық  кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс  тобы әзірлеген ұсыныстар Республикалық  бюджеттік комиссияның қарауына жіберілді.

    Еңбекті нормалау саласында еңбек жөнінде нормативтік база құру үшін Министрлік Еңбек, көші-қон және ТМД-ға қатысушы –елдердің халқын әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңестің шешімдеріне (түсуіне қарай) сәйкес  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеуге және сынауға қатысуда.

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасының «Кәсіптер жіктеуішісі» 01-99 Жіктеуіш негізінде кәсіптер жіктелімін одан әрі жетілдіруге деректер базасын құру үшін жұмысшылар кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарының атаулары бойынша материалдар жинау және зерттеу жүзеге асырылуда.

    Бағаларға (тарифтерге) кіретін еңбекақы шығыстарын реттеу мақсатында еңбек жөніндегі типтік нормативтер, өнімдеріне (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер қызметшілерінің нормативтік саны қаралуда және келісілуде. 
 
 
 
 

                                              Қорытынды 

    Нарықты жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды бірақ жұмысы жоқ ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заманыңда жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жұмыссыздықтың екі түрін атап өтейін олар: Фрикциондық және Құрылымдық деп аталады.

Информация о работе Инвестициялық саясат