Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 14:19, курсовая работа
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Кіріспе………………………………………………………………………..
3
1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі................
4
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі........
6
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары...................
10
2 Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
Қорытынды..........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
4. Құрылымдық жұмыссыздык өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, маман- дығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
5. Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машина-өзгертуді немесе баска мамандықты игеруді қажет етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауыеае туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. АҚШ Конгресінің, экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зерттеуінің мәліметі бойынша қазір шет елдерде жұмыссыздықтын 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне -жиынтық сұранымнын жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішіндс ен алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне - жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын - жумыссыздыкты (фрикциондық, құрылымдық, технологиялык және басқа нысандары) жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы қеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айынын езінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап турды. Осындан кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбсктен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардын дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлгаюы, тұрғындардың артүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішше қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80-шы жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90%, ал Батыс Европада 100% құрады.
Қандайда жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономи-калық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің арнамысын, абырой-беделін жоғалту деп те есептеледі.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет - жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі енбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді. Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатканы айқын бола түседі.