Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:36, курсовая работа
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
Капитал шығындары жиналған капиталдың шамасына тәуелді болады. Ал өз кезегінде, капиталды жинау нормаларына тәуелді: неғұрлым жинақтау нормасы жоғары болса, соғұрлым күрделі жұмсалым көбейеді. Капиталдың өсімі жинақталған активтерге де байланысты: неғұрлым олар көп болса, соғұрлым капиталдың өсу жылдамдығы төмен болады. Мысалы, АҚШ және Батыс Европа елдерінде жинақталған капитал мөлшері өте үлкен және оның өсу екпіні Оңтүстік Корея, Бразилия, Тайван сияқты елдерден 3-5 есе кем.
Экономикалық өсудің маңызды факторы – жер, дәлірек айтқанда, табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы. Әр түрлі табиғи ресурстардың үлкен қоры, құнарлы жерлер, қолайлы климат және ауа-райының жағдайы, минералды және энергетикалық ресурстардың қорлары елдің экономикалық өсуіне салмақты үлес қосады. Бірақ оны дұрыс әрі тиімді пайдалану керек.
Ғылыми-техникалық – прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғауышы. ҒТП өзіне технологияны жетілдіруді, басқарудың жаңа әдістерін және формаларын, өндірісті ұйымдастыруды қосады.
Экономикалық өсуді өлшеу ұлттық табыстың өсу көрсеткішімен немесе ішкі өнімнің жалпы көлемімен немесе адам жаны арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық табыстың өсу қарқыны былай көрсетіледі:
Х=(Yt-Yt-1):Yt-1
Мұндағы:
х – ұлттық табыстың өсу қарқыны;
Yt – осы жылғы ұлттық табыс;
Yt-1 – алдыңғы жылдың ұлттық табысы.
Экономикалық өсу физикалық (физикалық өсу) және құндық әдіспен өлшенеді. Аталған әдістердің әрқайсысы экономикалық өсудің көрсеткіштерін инфляциялық құрағыштан тазалап отырады. Ұлттық табыстың құндық өсімін есептеуде оның мөлшері белгіленген уақыт аралығындағы бағаның өсу индексіне бөлінеді.
Мінезіне қарай (сандық немесе сапалық ) экономикалық өсудің екі типін ажыратамыз: экстенсивті және интенсивті (4-сурет).
Экономикалық өсу экстенсивті деп аталады, егер ол қосымша ресурстардың көмегімен жүзеге асып, ғоғамда орта өндіргіштігін жоғалтпаса. Бақаша айтсақ, экономикалық өсу жұмсалатын факторлар – өндіріс қаражаттары және жұмысшы күші арқылы жүзеге асады.
Экстенсивті тип кеңейтілген қайта өндірістің тарихының алғашқы жолы болып табылады. Оның бірқатар теріс мінездемелері бар және олар үшін осы тип кемеліне жетпеген болып саналады.
Экстенсивті жол өндіріске жұмысшы күшін көп жұмсайтындықтан, жұмыссыздықтың қысқаруына ықпал етеді. Егер біз жұмыссыздықты 6-дан 3% -ке кемітетін болсақ, онда бұл кеміту адамдарға мәнді болып көрінеді. Бірақ өнімге аударғанда, бұл жұмыспен қамтылу деңгейі 94%-тен 97%-ке ауысқанымызды көрсетеді. 97/94 немесе 3/94 қатынасын елемеуге болмайды және де ол 3/6 немесе 50% қатынасына қарағанда өндірістің өсуі туралы дәлірек түсінік береді. Одан басқа жұмыссыздықты 6-дан 3%-ке кеміту арқылы біз өсудің жылдық қарқынын қосымша 3%-ке (немесе 3/94) өсіре аламыз. Жұмыспен толық қамтылу жағдайына жететін болсақ, онда ол жыл сайын қайталана бермейді. Келесі жылы қайта өндіруге қолдануға болатын бос, артық жұмысшы күші болмағандықтан, өсу бұрынғы қарқынмен жүзеге асады.
Экстенсивті типтегі тағы бір проблеманы қарастырып өтуге тура келеді. Ол – тоқырау. Тоқырау кезінде өнімнің сандық өсуімен технико-экономикалық прогресс еріп жүрмейді.
Экстенсивті экономикалық өсуде қанша деңгейде пайдаланылатын негізгі фондтар, материалдық ресурстар, жұмысшылар саны өссе, сондай деңгейде өнім шығару да өседі. Сондықтан да негізгі өндіріс фондтарын жаңартуға қаражат жетпейді және ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізілмейді.
Мысалы, СССР-да 1986-1990 жылдар аралығында өндірістік негізгі фондтардың тозуы 38 %-тен 41%-ке өсті.
Экстенсивті экономикалық өсу табиғи
ресурстарды тез меңгеруге мүмкіндік
береді. Бірақ ресурстарды тиімсіз
пайдаланудың нәтижесінде кендердің,
пайдалы қазбалардың тез
Интенсивті типте ең маңыздысы - өндіру тиімділігін жоғарлату. Бұл тип өнім шығаруды ресурстардың бірлігіне шағу арқылы өсіреді, сонымен қатар, өндірудің сапалық мінезі жақсарады. Мұндай процестер мына жағдайлардан байқалады:
Интенсивті экономикалық өсудің ең маңызды факторы – еңбек өнімділігін арттыру:
ПТ=П/Т,
Мұндағы:
ПТ – еңбек өнімділігі;
П – табиғи немесе ақшалай мәнердегі жасалған өнім;
Т – еңбек бірлігінің шығыны (мысалы, адам-сағат).
ХХ ғасырдың ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттары бойынша, батыстың индустриалды елдерінде интенсивті жол тиімдірек болып табылып, қолданыла бастады.
Экстенсивті тип қазіргі жағдайда тиімсіз және оның ешбір маңызы жоқ . Анағұрлым тиімді болып өндіріс көлемінің ұлғаюына, товардың сапасының, өмір сүру деңгейінің жоғарлауына алып келетін алып келетін интенсивті тип саналады.
Экономикалық өсудің кез келген түрі қосымша инвестицияларды қажет етеді. Инвестициондық процестің мүмкіншілігі және оның өткізілімдігі экономикалық өсудің ең басты қозғауышы және реттегіші болып келеді.
Инвестициондық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар объективті алғышарттарды талап етеді:
Экономикалық өсу
Тұрақты экономикалық өсу. Мемлекет шаруашылық тоқырауға тап болып, тұрақсыз факторлардың әсерін бейтараптандыра алмаса, онда экономикалық өсу үзіліп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғам өзінің мақсаттарын жүзеге асыра алмайды және өз азаматтарының әл-ауқатының төмендеуіне қарсы ештеңе жасай алмайды. Сондықтан да экономикалық өсуді тұрақтандыру – экономикалық саясаттың ең маңызды мақсаты.
Экономикалық өсуді тұрақтандыратын келесі бағыттар:
- сыртқы ортаның өзгеруіне
- әлеуметтік жанжалдардың алдын алатын әлеуметтік мүдделерді үйлестіру;
- нарықтық бағдарды сақтап
- экологиялық апаттардан сақтап
қалуға мүмкіндік беретін
Теңгерімді және тиімді экономикалық өсу. Егер экономика өзінің тұрақтылығы мен туындайтын үйлесімсіздіктерді дер уақытында жеңіп отырса, сонымен қатар ұлттық табыстың ұлғаюына ықпал етіп дамыса, онда оған теңгерімді экономикалық өсу тән. Теңгерімді (тұрақты) экономикалық өсу экономиканың біртұтас жүйе ретінде дамуына жағдай жасайды.
Экономиканы теңгеру процесі тұрақты және шексіз болып келеді. Экономика өзгереді, күрделенеді, жаңа өнім өндіруге, өндірілетін өнім түрлерін және сапасын көтеруді талап етеді. Сондықтан да теңгеріліске деген талаптар бұрынғы қалыпта қала бермейді. Тұрақтылықтың ескі мұраты өнегелік жағынан ескірсе, жаңалары тұрақталып үлгермейді. Сондықтан да халық шаруашылығының қалыпты жағдайы жеткен абсолютті теңгерілімдік емес, ол – экономикалық тұрақсыздық. Оны жеңе отырып, қоғам тепе-теңдікке, теңгерілімдікке мұратқа сияқты жылжиды.
Үйлесімсіздіктерден босаған емес, бар әлуеттерді жия алатын, пайда болған үйлесімсіздіктерден тез шыға алатын экономика тиімді.
Экономиканың теңгерілімді траекторияға шығуы тұрақты дамудың кепілі болып табылады.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде экономиканың мемлекеттік секторлары бар. Олардың мөлшері мемлекеттің экономикалық рөлінің өлшеуіші болып табылады.
Экономикалық өсудің тарихы экономикадағы мемлекеттік реттеудің бірнеше модельдерін біледі.
Осылай, Дж.М. Кейнс және оны жақтаушылар
экономикалық өсуді ынталандырудағы
мемлекеттің ролін сұраныс
Кейнс «Жаңа курс» негізіне кірген дамудың басқа жолын көрсетті. Бұл нарықпен үйлескен мемлекеттік реттеу американдық экономиканың қуатты өсуін қамтамасыз етті. Ал Батыс Европада социал-демократтардың аса үлкен ықпалынан экономикада «асыра сілтеу» пайда болды. Қазір Батыста кейнсиандық әдістің қайта жандануы болып жатыр. Бұған барлық себептер бар. Бірінші фактор – теңгешілдік (монетаризм) әдістерін қолданған барлық елдердегі кризистер (тоқыраулар). Екіншісі – Американың алып державаға айналуы. АҚШ айтарлықтай Халықаралық қаржы (валюталық) фондын, Әлемдік сауда ұйымын, Халықаралық банкті, ал қазір Иракты да басқарып отыр. Дж. Буш кейнсиандық әдістерді қалай қолданатыны қызық. Ол шағын бизнеспен айналысатын әрбір кәсіпкер үшін орта есеппен алғанда шамамен салықты 2 мың долларға қысқартады. Бірақ бұл қысқартулар тек қана инвестицияларға кетеді деген шартпен қысқартылады. Буш салықтарды азаматтар үшін де қысқартады, бірақ қайтадан толығымен емес, кейнсиандық-бағытталған әдіспен. Салық жұбайлар үшін шамамен 2 мың долларға және қосымша түрде балалары бар жанұялар үшін де қысқартылады - әрбір нәресте үшін 1000 доллар.
Экономикалық өсуде мемлекет өзінің қатысуын тура немесе жанама араласу ақылы көрстетеді.
Мемлекеттің тура араласуына нарықтық жүйенің барлық элементтері арасындағы қатынастарды дамытуға бағытталған заңды акттардың қабылдануы жатады. Ал жанама араласу оның мақсаттарына – күрделі жұмсалымды ынталандыруға және қорлар мен инвестициялар арасындағы тепе-теңдікті қайта орнатуға, халықты толық еңбекпен қамтуға, товардың экспорты мен импортын, капитал мен жұмысшы күшін көбейтуге, тұрақтандыру мақсаттарында бағаның ортақ деңгейіне әсер етуге, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және де басқа да себептерге байланысты.
Мемлекеттік органдар әрдайым көңіл
бөліп отыратын объект болып ақша
айналымын реттеу, экономикаға үлкен
қауіп төндіретін инфляциямен күресу
болып табылады. Ақша айналымын реттеу
арқылы мемлекет қор жинау шарттарына,
бағаларға, әлеуметтік қатынастарға әсер
етеді. Төлем балансының жағдайы
мемлекеттің экономикалық салауаттылығының
басты көрсеткіштері болып
Мемлекеттік реттеу инстанциялары экономиканың мемлекеттік реттеудің басқа да объекттеріне ықпал етуге тырысады. Мысалы, жеке фирмаларды ғылыми зерттеуге және олардың нәтижелеріне қызықтыру.
Мемлекеттік реттеу әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін аса қажет. Ұжымдық тұтыну немесе қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мемлекеттік тұтқаларсыз, ұйымдарсыз мүмкін емес.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дж.М.Кейнстің ізбасарлары динамикалық тепе-теңдіктің әр түрлі жағдайларын түсіндіре алатын жаңа модельді ойлап табуды өз алдына қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық модельдері ішіндегі аса танымалдары – Р. Харрод (Англия) және Е. Домар (АҚШ) модельдері. Бұл модельдер екі алғышартқа негізделген:
Кейнсиандық адамдардың ойынша, экономикалық өсудің анықтаушы факторы болып инвестициялар көлемі табылады. Қарастырылып отырған модельде инвестициялар маңызды роль атқарады: бір жағынан – олар ұлттық табыстың өсуіне, екінші жағынан - өндіріс қуатын жоғарлауына ықпал етеді. Өз кезегінде, табыстың өсуі еңбекпен қамтылу деңгейін жоғарлатады. Инвестициялар өндіріс қуатын жоғарлататындықтан, қоғамның ұлғайып келе жатқан өндіріс мүмкіншілігін тұрақтандыру үшін, табыстың өсуі жеткілікті болуы қажет.