Экономикалық өсу және экономикалық даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:36, курсовая работа

Описание

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.

Работа состоит из  1 файл

Асылхан.docx

— 71.93 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда аталған алғышарттарға  негізделген  Е.Доммардың моделін  қарастырайық. Динамикалық тепе-теңдіктің  шарты болып келесі теңдік табылады:

Ақшалай табыстың өсімшесі = Өндіріс (сұраныс) қуатының (ұсыныс) өсімшесіне.

ΔI×1/a=I×δ, немесе  ΔΙ/ Ι =δ×a

Мұндағы:

Ι – жылдық таза күрделіжұмсалым;

ΔI – жылдық таза күрделі жұмсалым өсімшесі;

ΔІ/І – таза  күрделі жұмсалымның  өсу қарқыны;

1/а – мультипликатор, мұндағы  а – ұлттық табыс қорының  үлесі, яғни қорлардың орташа  иілімі;

δ – күрделі  салымдардың  мүмкін орташа өндірісі немесе капитал қайтарымы.

Осылайша таза инвестициялар өсімі  δ×a тең  болуы керек немесе күрделі  жұмсалымның мүмкін орташа өндірісін  ұлттық табыс қорының үлесіне  көбейту керек. Мысалы, δ=0,3 және а=0,2 , онда инвестициялар өсімінің қарқыны  құрау керек: (0,3х0,2)х100%=6 %1.

Р.Харрод моделі макроэкономикалық  тепе-теңдіктің кейнсиандық шартына негізделген: I=SxP. Харрод біреуі статистикаляқ макроэкономиканың шартын көрсететін екі формуланы қолданады. Ал екіншісі – динамикалық тепе-теңдіктің шарты. Соңғысы туралы айтатын болсақ, нақты қорлар мен мүмкін қорлар салыстырылады. Сонымен, 1-теңдік:

GxC=S

Мұндағы:  G=ΔY/Y,  S=S/Y,  C=I/ΔY.

G – ұлттық табыстың өсу деңгейінің  қарқыны;

S – ұлттық  табыс қорының үлесі;

С – капитал сыйымдылығы.

2-теңдік:

Gw x Cr=S.

Мұндағы:

S – ескі (ex post) уақыт аралығына жатады;

Gw x Cr – динамикалық тепе-теңдікке  қажетті (ex ante) шама;

Cr – капиталдық коэффициенттің  қажетті шамасы;

Gw – қажетті, нақтырақ айтқанда, өсудің кепілді екпіні.

Неокейнсиандық адамдардың ойынша, нарықты экономикалы елдерде  тұрақты өсудің кепілді ықпалы автоматтық түрде орындалмайтындықтан, динамикалық  тепе-теңдікті орнату үшін мемлекеттік  реттеу қажет деген тұжырымға  келді.

        

2.2.  Экономикалық  өсудің  неоклассикалық   моделі

 

Экономикалық өсуге анализ жасағанда, неоклассиктер біріншіден, өнімнің  бағасы барлық өндіріс факторларымен  жасалады; екіншіден, өндірістің әрбір  факторы өнімнің бағасан жасауға  барлық шектік өнімдермен сәйкес өзінің үлесін қосып, осы шекті өнімге тең  табыс көреді; үшіншіден, өнім өндіруге қажетті  өнім мен ресурстар арасында сандық байланыс болғандықтан; төртіншіден, факторлардың дербестігі мен өзара  ауыспалдығынан шығады. Неоклассиктердің моделі бірфакторлы неокейнсиандыққа қарағанда, көп факторлы болып келеді.

Экономикалық теорияда ex ante және ex post ұғымдары экономикалық процестердің алдын алғы (мүмкін инвестициялар, қорлар) сатыларын және деректі нәтижелер  сатысын (іске асқан инвестициялар, тиімді жасалған қорлар) шектеу үшін  қолданылады.

ҒТР экономикалық өсу теориясындағы  зерттеулерге қуатты демеу берді. Интенсивті типке көшу ҒТР-дың экономикалық өсуге және оның қарқынына қосқан үлесін ойлауды талап етті.

Осы құбылыстарды зерттейтін неоклассикалық модель кең тараған Кобб-Дугластың  өндірістік функцияларына негізделген. 1928 жылдың өзінде-ақ  американдық  ғалымдар – экономист П.Дуглас және математик Ч. Кобб әр түрлі өндіріс  факторларының  өндіріс көлемін  немесе ұлттық табысты ұлғайтуға  қандай үлес қосатындығын бағалай алатын макроэкономикалық модельді жасады. Бұл функция мынадай түрде  болады:

Ү=AK  L, мұндағы Ү - өндіріс көлемі, К – капитал, L – еңбек, А, α  және β – өндіріс функциясының параметрлері немесе коэффициенттері: А – қатынастық  коэффициент; α және β – еңбек және капитал шығындары бойынша өндіріс көлемінің икемділігінің коэффициенті. Негізгі капиталдың динамикасы, жұмысшылардың істеген адам-сағатының статистикалық  негізінде 1899-1922жж. аралығында  АҚШ-тағы өңделетін өндірістік өнімнің көлемі арқылы Ч.Кобб пен П.Дуглас эмпиристік жолмен өндірістік функциялардың келесі параметрлерін анықтады: Ү= 1,01х К0,25х L5.

Кейінірек Коббс-Дугластың өндірістік функциясы  жаңа  фактор – техникалық прогрестің енгізілуімен өзгерген болатын. Бұл амалды ең алғашқы болып голландық  экономист, Нобель сыйлығының лауреаты  Ян Тинберген қолданды.Оның өзгертуінен  кейін формула келесі түрге түрленді:

Y= AK  L1 e.

e – уақыт факторы. Уақыт факторын еңгізу тек қана жиынтық сандық емес, сапалық өзгерістерді де көрсетуге мүмкіндік берді.

Одан кейінгі өндіріс функцияларының анализі американдық экономисттер  Р. Солоу, Дж. Мид, Э. Денисон және тағы басқалардың атымен байланысты. 

2.3 «Нөлдік   экономикалық  өсудің»  концепциясы

 

ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында шарасыз, қоғамның даму беталысы сақтала тұрса да, кейбір экономисттер болмай қалмайтын «әлемдік апат» концепциясымен шықты. АҚШ-тың Массачусет технологиялық  институтының  зерттеу группасының профессоры Медоузаның басшылығымен «Рим клубының»  «Өсудің шектері» докладында Жердегі адам санының тез өсуімен, инвестициондық товар өндірісінің дамуының және тез таусылып келе жатқан табиғат ресурстарының арасындағы қарама-қарсылықтың өсуіне байланысты «жалғасып келе жатқан экспоненциалдық  өсудің әрбір күні әлемдік жүйені осы өсудің шегіне итермелейді... біздің планетаның физикалық шектері туралы біліміміздің негізінде өсу фазасы жақын  жүз жыл ішінде аяқталатынын білеміз. Автордың ойынша, «өсу шектеріне» жету халық санының апатты қысқаруымен, қоршаған ортаның бұзылуымен аяқ басып жүреді. Бұл жағдайда, автордың ойынша, жалғыз шешім  «нөлдік өсуді» қолдау болып табылады.

«Нөлдік өсуді» жақтаушылар техникалық прогресс пен экономикалық өсу өмірдің  бірқатар теріс құбылыстарына: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға, улағыш заттардың тасталуына, қалалардың келбетінің бұзылуына алып келетіндігін айтады.Өндіріс процесі табиғи ресурстарды  тек қана түрлендіретіндіктен, уақыт  өткеннен кейін олар қоршыған ортаға қалдық түрінде тасталады.Бұл өсудің түрін жақтаушылар экономикалық өсу  әрқашан да өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алмайтындығын  айтады.

2.4.  Салааралық  баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу

 

Экономикалық  өсудің маңызды модельдерінің  бірі – салааралық баланс моделі. Салааралық баланстың теориялық негіздері  бірінші бесжылдыққа әкелген  жылдары СССР-да жасалған болатын. Бірақ  рәсімделген түрінде алғашқы  болып американдық экономист  В. Леонтьев «шығын шығару» деген  атпен шығарды. АҚШ-тағы салааралық байланыс шахматтық тип түріндегі  кестелерді және сызықтық алгебра құралын  қолдану арқылы 30-жылдары В. Леонтьевпен  американдық экономиканы зерттеу  үшін қолданылған болатын.

Бұл әдісте В.Леонтьев ең бірінші экономикадағы  мөлшерлік байланыстарға назар  аударады (1-кесте). Сала араларындағы бұл  байланыстар технологиялық  коэффициенттер (а11, а12, а13, және т.с.с І квадрант ішінде) арқылы беріледі.

1-кестеде берілген схемада салааралық  баланс төрт квадрант арқылы  берілген. Бірінші квадрантта - өнім  өндірісіне материалдық үнемдеу  көрсеткіштері. Екінші квадрантта  көрсеткіштер дербес қолдануға,  жинауға, экспорттауға, сатып алуға  арналған соңғы өнімді көрсетеді.  Үшіншіде – қосылған құн және  импорт  көрсеткіштері. Төртіншіде  – таза ұлттық  өнімнің бөлуінің  көрсеткіштері.

Салааралық байланыс кестесі бағандар бойынша шығындарды, яғни әрбір саланың  бағасын жасайтын өнім элементтерін және жолдар бойынша ұлттық экономиканың әрбір саласының өнімін бөлуді көрсетеді.

Леонтъев кестесінде соңғы сұраныстың немесе бір саладағы өндіріс шарттарының  өзгеруін барлық байланысты салалардың мөлшерлік реацияларын бақылау  арқылы зерттейді. Бұл қажеттіліктер  немесе өнім өндіру технологияларының  кез келген өзгерісі тепе-теңдік жағдайындағы бағалар құрылымын өзгертіп, сол  арқылы технолгиялық  коэффициенттердің  өзгеруіне әкеледі.

Осылайша, «шығын-шығару» әдісін қолдану  арқылы тек қана экономиканың салалары арасындағы байланысты ғана емес, сонымен  елдің экономикасының дамуын болжауға болады.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

3.1. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері

 

Ұлттық экономика  соңғы жылдары  үздіксіз даму үстінде. Өткен жылы ішкі жалпы өнімнің реформаларға дейінгі  деңгейіне қол жетті. Алайда, біздің экономика бұрынғысынша шикізаттық бағытта қалып отыр. Экспорттың басым  бөлігін алғашқы энергоресурстар, кен-металлургиа кешенінің өнімдері, астық және ауыл шаруашылық шикізатының  басқа да түрлері құрайды.

Бұл тиімді жол емес. Біздің шикізат  басқа елдерде терең өңдеуден өткеннен кейін рынокқа қайта  шығарылады, соның ішінде Қазақстанға  да қайта оралады. Бірақ бұл жолы  біз оны әлемдік  рыноктардың  аса жоғары бағасымен сатып аламыз. Ол бағалар тұтынушылардың ақшалай  табыстарының қазіргіден әлдеқайда  жоғары деңгейіне бағдарланған.

 Міне, сондықтан да Президенттің жолдауында экономиканы шикізаттық бағдарынан өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялық жолдарын іздестіру басым міндеттердің бірі ретінде қойылған.

Индустриядан кейінгі елдердің қалыптасу тәжірбиесінен көп  нәрсе үйренуге болады. Алайда, біздің реформалардың ресми және штаттағы идеологтары азиялық “экономикалық  ғажайып” деп аталатын осы бірегей  тәжірбиені асқан кереғарлықпен  ескермей келеді, бұған таңданудан басқа амал жоқ.

Мемлекет басшысы жаңа стратегиялық бағыттарды айқындап берді. Олардың  өрлеу деңгейі өте жоғары және елбасының түбірлі экономикалық өзгерістер енгізуге деген, ұлттық экономиканы  дамытудың сапалық жаңа көрсеткіштеріне  жету деген саяси күш-жігерін  айқын көрсетеді. Қазіргі экономиканы  пәрменді де тиімді дамытудың, Президент  Жолдауында белгіленген міндеттерді  орындауға ресурстардың барлық түрлерін ұмтылдырудың уақыты жетті деп ойлаймын.

Біріншіден, экономиканы ырықтандырудың жоғары ережесі мемлекеттік реттеудің  пәрменді әдістерімен, сан түрлі  экономикалық құралдармен сүйемелденуі керек. Елімізде қызмет атқарып жатқан коммерциялық банктер өздерінің  прузенциялық нормативтер тізіміне аграрлық секторды ұзақ мерзімді “жұмсақ” кредитпен қаржыландыруды еңгізу керек.

Екіншіден, елімізде әлдеқашан толыққанда қорлар рыногын құратын уақыт  жетті. Қазіргі айналымда квази  оперативтік және мемлекеттік құнды  қағаздар жүр. Сондықтан да қор рыногын құру жолдауда атап көрсетілгендей, инвестициялық саясаттың айрықша маңыздылығын танытады.

Қаржылық айналымға жіберілгелі  отырған ұлттық бюджеттік инвестициялық  ресурстардың көлемі - 7 млрд. тенге, оны  қалай есептесек те салықтандырылған ақшалай қаржының жетімсіздігін  корсетеді. Мұндай жағдайда ұлттық экономиканы  капиталдандыру деңгейін арттыру бірден-бір  дұрыс жол болып табылады. Ал бұл  көрсеткіш бойынша біздің экономиканың ең соңында келеді.

Үшіншіден, озық индустриялық даму мемлекеттік  қамқорлықпен сүйемелдену керек. Әлемдік  тәржібиеде мемлекеттік қолдаудың  инфляциялық емес әдістері мәлім. Олардың  ішінде салықтық “демалыстар”, салықтан босатылған амортизациялық төлемдердің  нормасын көбейту, заңды және жеке тұлғалар салған инвестициялар мен тура салымдардың  табыс салығын реттеу сияқты әдістер  де бар.        

Жаңа ұйымдық формалар - технопарктер мен технополистерді пайдалануға  ерекше назар аудару керек. Қазақстандық бизнес-элитаның ақыл-ойын “технопарктік  безгек” көптен бері қобалжытып жүргені  белгілі. Әсіресе, оларды кедендік және салықтық жеңілдіктер қызықтырады, ал оларсыз шетелдік жоғары технологиялы өнімдерді қажет ететін рыноктарға шығу мүкін емес.

Реиндустрияландыру бағдарламаларын  оңтайлы жүзеге асырсақ, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері артады, өлі  капиталды іскерлікпен пайдалансақ, экономикамызды өркендету үшін инвестициялық  ресурстарымызды молынан таратуға қолайлы жағдай туады.

Ең соңында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында мынадай проблемаларға  назар аудару қажет деп санаймын. Өндіріс тоқтап қалған кәсіпорындарда көп мөлшерде жабдықтар мен толық  кешенді технологиялық желілер  босап қалды. Мәселен, Германия шығыстағы  жерлермен қосылғаннан кейін  ГДР-дағы өнеркәсіпті қайта жаңғыртқанда осындай проблемаларға тап болды. Немістер ескірген, бірақ жарамды  жабдықтарды, бүтін зауыттарды Африка, Азия мен Оңтүстік Американың дамушы елдеріне өткізудің жолдарын таба білді.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Информация о работе Экономикалық өсу және экономикалық даму