Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:36, курсовая работа
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.
3.2. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің болашағы
Алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттары өте ұстамды болды. Осылайшы, қайта құру мен дамудың Еуропалық банкі (ЕБРР) өзінің сараптамасында 2004 жылы ТМД елдерінде экономикалық өсу 5,6% -ке баяулайтындығын, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2проценттік деңгейге төмендейтінін анықтаған. 2003 жылы Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның және Украинаның экономикалық өсуін итермелеген мұнайдың бағалары, шетелдік инвестициялардың жоғары деңгейі бұл елдерге енді өзінің өсу қарқынын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Обзорда ТМД елдерінің экономиканы әртараптандыруға аз көңіл бөлетіндігіне алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар ЕБРР Ресей және ТМД елдерінің Армения, Грузия және Беларусия сияқты бірқатар елдерінің экономикалық өсуін көрсетсе, Қазақстан экономикасын сол баяғы бағада қалдырған.
ЕБРР-ге қарағанда Халықаралық
қаржы (валюттік) фондының (МВФ) біздің
өңірге көзқарасы өзгешелеу: 2004 жылы
ТМД елдерінің экономикалық өсуі
6% құраса, 2005 жылы 5,2% құрауы тиіс. Және
де атап өтетін жайт, біздің еліміздің
атауының қасында «асыл» 8 саны тұр.
МВФ сарапшылары 2003 жылы ТМД елдерінің
барлығы дерлік сенімді экономикалық
өсуді көрсеткенін айтты. Мысалы,
негізгі капиталға келетін
Болашақ болжамдарға келетін болсақ,
МВФ осы жылы ТМД елдерінде
экономикалық өсудің баяулауы болатынын
айтып отыр. Оның себептері: тұтынушы
сұраныс пен инвестициялық
Қазақстанда 2003 жылы шетелдік инвестициялардың 40% пайдалы қазбаларды табуға, тағы 40% жылжымайтын мүлікпен операцияларға, тек қана 3% өндіірсті өңдеуші кәсіпорындарға жұмсалған болатын. Өзінің экономикалық өсуін тұрақтандырғысы келетін мемлекет классикалық экономикалық теорияға байланысты прогрестің төрт «дөңгелегі»: адамдық ресурстар, табиғи ресурстар, капитал, технология және кәсіпкерлік бар екендігін ескеруі тиіс. Өкінішке орай, мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды иелене отырып, Қазақстанның экономикасы бір ғана «дөңгелекте» жылжып келе жатыр. Кезінде бұл әдісті Канада және Норвегия қолданған болатын, бірақ экономисттер бүгінгі күнде табиғи ресурстардың бар болуы экономика табысының міндетті шарты емес.
Бүгінгі таңда Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр. Біз жоғары қосылған құнмен жоғары технологиялық өндірісті, кәсіпкерліктің инвестициялық белсенділігін көтереміз. Қазіргі кезде осы бағыттарды дамыту үшін, салық туралы заңдар қайта қарастырылып жатыр. Экономика министрлігі амортизациялық аударымдардың есептелуін қарапайымдауды, салықтық есеп беруді қысқартуды көздеп отыр.
Салық жөніндегі заңдар мемлекеттік 2005-бюджеті үшін 26 млрд. теңге шығын әкелмек. Бұл болашақ өркендеу үшін жасалған алғашқы, бірақ соңғы емес құрбандық. Ең бастысы, он жылдан кейін біз бұл құрбандықтар босқа болмағандығын түсінуіміз.
БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан үшін негізгі басымдық – бағалау және кедейліктің мониторингтің тиімді жүйесін жасау.
Сонымен қатар, республика халықтың еңбекпен қамтылуына және ауыл шаруашылық және агро-өнеркәсіптік секторларға назар бөлуі керек. БҰҰ Қазақстанға маман-кадрлар нарықтық талаптарға сай болуы үшін, білім секторында да реформа жүргізуді жөн көреді.
Қорыта келе, мен өзімнің курстық
жұмысымда жалпы экономикалық өсу,
оның мәні, маңызы, факторлары мен түрлеріне
және де жалпы Қазақстандағы
Жалпы экономикалық өсу мәселесіне мен өз ойымды қосар болсам, менің ойымша, салық жүйесі икемді болуы керек, салық мөлшері экономикалық басымдықтарға байланысты өзгеріп отыру қажет. Экономиканың нақты секторындағы өндірістік капиталдың өсуімен байланысты шығындар көтермеленіп отырғаны жөн.
Елбасы Үкіметке “жекелеген салықтардың пәмін одан әрі кеміту туралы Парламентке ұсыныс енгізуді” ұсынды және 2004 жылдың қаңтарынан бастап “арнайы салық уәжіптерінің аясын кеңейту мүмкіндігін зерделеуді” тапсырды.
Президенттің “ішкі және сыртқы
саясаттың 2004 жылға арналған негізгі
бағыттары” туралы Қазақстан халқына
Жолдауында тұжырымдалған тапсырмаларды
орындау үшін шұғыл да батыл шаралар,
түбірлі өзгерістер жасау керек,
өндірістің өсу мен инвестицияларды
ынталандыруға бағыт ұстау
Экономикалық өсу ұлттық экономика
масштабында өндірістегі товар
және қызмет көлемінің өсу түрінде
көрсетілуі мүмкін. Экономикалық өсуге
анализ жасауда тек қана нақты
ЖІӨ-нің өзгеруі назарға
Экономикалық өсудің типтерін қарастырғанда, экстенсивті типте жұмыссыздық деңгейі қысқарады, өндіріс қарқынын жоғарлататтын еңбекпен қамтылу өседі. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Сондықтан бұл тип тоқырау мінезді, бұнда техникалық прогресс жоқтың қасы, өндіріс фондтары өнегелік және физикалық жағынан да тозады. Біз жасайтын қорытынды: экстенсивті тип өзін тауысты, жаңа, әлі дамып келе жатқан экономикалық қатынастар шарттарында бұл тип тек қана тұйықтамаға әкеліп, экономикалық қайта жаңғыруға ешқандай мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, объективті түрде бұл типті ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына көшіру қажет. Айта кететін жайт, экстенсивті тип жаңа тип – интенсивті типтің пайда болуына негіз салды. Экономикалық қатынастардың дамуына негіз салып, экстенсивті тип бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылық дамуына үлес қосты. Осы таңда өнеркәсібі дамыған елдерде таза, жалғыз түрде бірінші немесе екінші типтің белгілерін анықтауға болмайды, олар бір-бірімен белгілі қатынаста үйлеседі. Бірақ, ХХ ғасырдың ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттарында батыстың өнеркәсіпті елдерінде, оның ішінде біздің елімізде де экономикалық өсудің интенсивті түрі басым.
Экономикалық өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, капитал және технология.
Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның ұдайы өсуіне қолданылатын шаралар әрбір мемлекетке әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін қажет. Қоғамдық қажеттерді (денсаулық сақтау, білім беру, т.б.) мемлекеттік тұтқалар және ұйымдарсыз мүмкін емес. Мемлекеттік реттеу экономикалық өсуде дұрыс иілімді бюджеттік-салықтық, қаржы-кредиттік, бағалық және инвестициялық саясатты жүргізілсе, маңызды роль атқара алады.
Кейнсиандық теория макроэкономикалық тепе-теңдік теориясын қайта өңдеу және даму нәтижесінде пайда болды. Кейнсиандық адамдардың ойынша, экономикалық өсуді анықтайтын ең басты фактор – инвестициялар.
«Нөлдік өсу» концепциясын жақтаушылар техникалық прогресс және экономикалық өсу қазіргі өмірдің бірқатар теріс факторлары: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға және қалалардың келбетінің бұзылуына әкеліп соқтыратынын айтады. Және экономикалық өсу әрқашан халық үшін қолайлы жағдайлар туғызы алмайтындығын айтады.
Салааралық баланстың «шығын-шығару» әдісі әр түрлі салалар арасындағы байланысты анықтауға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық дамуын болжай алады.
Үшінші бөлімде жасалған сараптама – еліміздің экономикасы тез қарқынмен дамып келе жатқандығының айғағы. Әлемнің алып елдері Қазақстанды дамып келе жатқан нарықты экономикалы ел деп таныды. Табиғи ресурстардың байлығы, инфрақұрылыстың динамикалық дамуы, әлеуметтік және саяси жағдайдың тұрақтылығы, әлемдік сақынадағы бағдардың тұрақтануы экономикалық өсудің жоғары қарқынмен дамуына және жақын болашақта республикадағы экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштерін көрсетуге ықпал жасайды.
А қосымшасы
1-сурет. Экономикалық өсу
өмір сүру мерзімін ұзарту |
аурудың және жарақаттанудың төмендеуі |
қажеттіліктерді толығырақ қанағаттандыру |
білім беру және мәдениет деңгейін көтеру |
әлеуметтік тұрақтылық және өз болашағына сенімді арттыру |
кедейлік пен өмір сүру деңгейлерінің айырмашылығын жою |
толық жұмыспен қамтылу |
2-сурет. Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары
Б қосымшасы
еңбек |
жер |
капитал |
3-сурет. Өндірістің үш
Экстенсивті |
Интенсивті |
4-сурет. Экономикалық өсудің типтері
1 Р. Харрод . К теории экономической динамики. М., 1959. С. 37.