Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.
Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары
2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бизнестің пікірі: бизнес кедейлерге налог төлеуге көмектеседі, ал мемлекет сол қаражатты дұрыс қолдана білуі керек; бизнесті дамыту керек; нарықты өзіміздің тауарлармен толтыру; кедейлерге жұмыс бастауға бірінші ретті капитал беру.
Кәсіподақ пікірі: орта және шағын бизнес – біздің құтқарушымыз, бизнестің дамуына жағдай жасау қажет; мемлекет мерекелердің орнына ақшаны халықты жұмыспен қамтуға жұмсау керек; мемлекеттік шенеуніктерді де тәрбиелеу керек; жаңа жұмыс орындарын ашу; жұмыссыздарға кеңес беру; басқару органдары адамдарға жақын болу керек.
Халықтың пікірі: халыққа әлеуметтік көмек көрсету; мемлекет тарапынан жағдайлар жасау; жаңа жұмыс орындарын ашу; налогты төмендету; пәтерақыны азайту керек.
Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық ж.т.б.) қоғамнан «тысқары» қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан обсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Кедейшлік пен экономикалық теңсіздікке сан және сана жөнінен баға берудің мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін үлкен маңызы бар.
Табыс кіріс бойынша кедейшілікті өлшеу үшін пайдалыналтын ең көп тараан көрсеткіштер – елегі бүкіл халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі, кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігі. Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі – табысы мен тұтынуы әдетте күнкөріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген табалдырық белгісінен (кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолданудың екі қасиеті бар. Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қаысты ұлттық ерекшелікті көрсетеді. Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды [11]. Қазақстанда, кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі «күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен» анықталады, яғни олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар ммен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек, қазақстанда «азық-түлік» кедейшілігінің деңгейі немесе азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі. Елдегі кедейшілік ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші, соған қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді (нашарлау/жақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін қолданады.
Кедейшілік тереңдігі кедей адамның қаншалықты «кедей» екендігін көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне (Қазақстандағы күнкөріс минимумы) сәйкес ең аз қажеттіліктегі табыстар деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшілік тереңдігі осылайша кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығ мен кедейшілік шегіне сәйкесетін табыстардың қатынасы кедейшілік тереңдігінің индексін көрсетеді. Кедейшілік өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты «кедей» екендігін көрсетеді, яғни кедей тұрмысты халықтың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. Кедейшілік өткірлігінің индексі де салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және ол кедейшілік тереңдігі индексінің негізінде есептеледі. Кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі индекстері белгілерінің ұлғаюы кедей тұрмысты адамдардың жағдайларының нашрлауы туралы айғақтайды. Осы индекстерді қолдану кедей тұрмыстылар табстарының тапшылығынан арылу үшін қажет қаржылай қаражаттардың көлемдерін белгілеуге мүмкіндік туғызады. Кедейшілік тереңдік және өткірлік индекстері сондай-ақ ең кедей тұрмысты халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жүйесін ұйымдастыру кезінде де пайдаланулары мүмкін.
Кедейшілікті экономиканың даму еңгейімен жәнеқоғамның барлық жіктерінің әл-ауқат деңгейімен өзара байланысты қарау қажет, яғни қоғамдағы экономикалық теңсіздікпен сабақтастыру керек. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік онда салстырмалы кедейшіліктің болуы туралы айғақтайды, бірақ абсолютті кедейшіліктің орын алуын міндетті түрде бідірмейді. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік деңгейіне ықпал ететін факторларды бірнеше топқа бөлуге болады:
Осы факторлардың ықпал етуімен қоғамның негізгі әлеуметтік жіктері қалыптасып, олар материалдық молшылық пен тұтыну әрекеттеріне қарай бөлінеді. Тұрмыс деңгейі жөніндегі Бүкілресейлік орталықтың мамандары халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйсін әзірледі, жүйе әл-ауқат/тұрмыс деңгейіндегі белгілі бір критерилерге сүйене отырып, елдегі бүкіл тұрғын халықты нақты топтарға бөлуге мүмкіндік жасайды [12]. Осы жүйе негізгі үш әлеуметтік стандартты (нормативті) қамтиды, олар: күнкөріс минимумы (КМ), ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) және жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ).
Күнкөріс минимумы, бұрын айтылғандай, адамның абсолютті кедейшілігінің жігін белгілейді және кеднцшілікпен күрес жүргізудегі мемлекет саясатымен байланысты маңызды әлеуметтік норматив болып табылады. Қазақстанда күнкөріс минимумы Қазақстан Республикасының «Күнкөріс минимумы туралы» [13] Заңымен белгіленеді және ол бір адамға ең төменгі тұтыну себеті құнының шамасымен бірдей және дамудың осы кезеңінде қоғам қабылдаған адамның ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қажет ең аз мөлшердегі ақшылый табысты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну себетінің құнына ең аз азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындар кіреді. Ең аз азық-түлік себетінің құны тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын, облыстарда айдың ортасында қалыптасқан орташа бағаларға көбейту арқылы ай сайын есептеліп отырады. Тамақ өнімдерін тұтыну нормалары республика халқы үшін бірыңғай және оларды Қазақтың тамақ академиясы әзірледі, академия энергетикалық құндылықты қамтамасыз ету мен физиологиялық деңгейде негізгітамақ заттарын тұтыну тұжырымдамасына сүйенді (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсыныстары бойынша 2172 ккал). Сонымен, бағалар күнкөріс минимумының шамасына ықпал ететін негізгі фактрлар болып табылады, өйткені тамақ өнімдерін тұтыну нормалары мен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын шығыстар арасындағы арақатынас – біршама тұрақты шамалар.
Ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) адамдар тұтынуын қалпына келтіретін деңгейді қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік стандартты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну бюджеті күнкөріс минимумының екі мөлшеріне тең және ол адамның дене және парасат күштерін қалпына келтіру, балар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және дене дамуы, зейнеткерлердің белсенді әлеуметтік және дене жай-күйлерін демеу үшін қажет халықтың негізгі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ) адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттілктерін толық және орынды негізделген қанағаттандырумен қамтамасыз ететін игіліктер мен қызмет көрсетулердің оңтайлы жиынтығының болуын ұйғарады, ол сондай-ақ міндетті төлемдер мен алымдарға жұмсалатын шығыстарды, бюджеттің осы үлгісін ұстау үшін жинақ ақшылыр жасауға қажет шығыстарды қамтиды. Жоғары молшылық бюджеті адамның тұтынудың дамушы деңгейінен иемденуіне жағдай жасайды немесе, басқаша айтқанда, адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тағдай мүмкіндігін ұлғайтуды, ұзақ және салауатты өмір сүруді, білім алу мен лаықты тұрмыс құруды қосқандағы игіліктерді пайдалану мүмкіндігі [14].
Тұтыну бюджеттерінің жүйесіне сүйене отырып, елдегі бүкіл халықты шартты түрде төрт әлеуметтік жікке бөлуге болады: кедей тұрмыстылардан ең жоғары қамтамасыздандырылған адамдарға дейін.
Кесте 9. Қоғамның тұтыну бюджеттері жүйесіндегі әлеуметтік жіктері.
Әлеуметтік жік |
Критерий |
Кедей тұрмыстылар |
Табыстары күнкөріс минимумынан төмен (КМ) |
Төмен тұрмыстылар |
Табыстары күнкөріс минимумынан жоғары, бірақ ең төменгі тұтыну бюджетінен төмен (2 КМ) |
Орташа тұрмыстылар |
Табыстары ең төменгі тұтыну бюджетінен жоғары, бірақ жоғары молшылық бюджетінен төмен (7 КМ), тұтынудың қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз етеді. |
Жоғары тұрмыстылар (дәулеттілер) |
Табыстары жоғары молшылық бюджетінен көп, тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз етеді. |
Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды шоғырландыру мен саралау коффициенттері кеңінен қолданылады. Қорлар коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті) ең көп және ең аз қамтамасыздандырылған халық топтарының табыстарын салыстыруға мүмкіндік жасайды, ол ең жоғары және ең төмен тұрмысты халықтың 10% (20%) ақшалай табыстарының жалпы белгілерінің арақатынасын көрсетеді.
Кесте 10. Кейбір елдердегі қорлардың коэффициенті, 2005 жыл [15]
Ел |
Қорлар коэффициенті |
Қырғызстан |
6,0 |
Хорватия |
7,2 |
Болгария |
9,9 |
Қазақстан |
11,2 |
Ресей |
14,0 |
Джини индексі (табыстарды шоғырландыру коэффициенті) қоғамдағы (адамдар мен үй шаруашылықтары арасында) ақшалай табыстардың (тұтыну) жалпы қорын бөлудегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік туғызады. Саралау коэффициенттерінен айырмасы, бұл көрсеткіш халықтың ең көп және ең аз қамтамасыз етілген топтарының ақшалай табыстарын салыстыру жолымен емес, ал ақшылый табыстардың жиынтық көлемінде халық арасындағы жеке топтардың меншігінде бар табыстардың үлесті салмақтары негізінде есептейді. Табыстардың жалпы көлемі неғұрлым біркелкі бөлінген сайын, соғұрлым Джини индексі аз болады (0-ге жақын). Және керісінше, Джини индексінің шамасы неғұрлым көп болса (1-ге жуық), соғұрлым ұлттық табыстардың аз үлесі халықтың кедей жіктеріне жиналады.
Кесте 11. Кейбір елдердегі Джини коэффициенті, 2005ж [16]
Ел |
Джини коэффициенті |
Чехия |
0,273 |
Қазақстан |
0,348 |
Румыния |
0,388 |
Молдова |
0,391 |
Ресей |
0,398 |
Украина |
0,452 |
Қырғызстан |
0,512 |
Бұдан бөлек, халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесі халықтың сатып алу қабілеті табыстарының көрсеткішін енгізеді. Осы индикатор халықтың күнкөріс минимумының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының арақатынасы ретінде есептеледі (Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған ортаесеппен жанбасына шаққандағы табыстар есептеуге қолданылады), ол осы табыстарға сатып алуға болатын күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығының санын анықтауға мүмкіндік жасайды. Адамдар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіші елдегі экономикалық теңсіздіктің сипатамасы болып табылады.
Адам дамуы көзқарасы тұрғысынан кедейшілікті өлшеу үшін 1997 жылғы адам дамуы туралы БҰҰДБ Баяндамасында дамушы елдерге арналған халықтың жоқшылық индексі ұсынылды, онда адам өмірінң үш аспектісі көрініс тапты (олар да сондай-ақ адам дамуы индексінің құрамына кіреді, атап айтқанда ұзақ өмір сру, білім алу мен баламалы тұрмыс деңгейі). Ұзақ өмір сүру өлім-жетім деңейі бойынша белгілі бір жылда қалыптасқан жағдайында 40 жасқа дейін өмір сүрмеулері мүмкңін адамдар үлесінің көрсеткішінің өмегімен сипатталады. Екінші аспект білім немесе адамның оқу әлемінен және коммуникациядан тысқары қалуы – сауатсыз ерексек халықтың үлесімен анықталады.баламалы тұрмыс деңгейінің жоқтығы қпуіпсіз су мен медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндіктері жоқ халық үлесінің, сондай-ақ жасына салмағы сай келмейітіе 5 жасқа дейінгі балалар үлесінің көрсеткіштерімен өлшенеді.
Дамыған елдердегі
мүлде бөлек әлеуметтік-