Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Содержание

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

 

1.3.1. ендірме.  Қазақстандағы халықтың кедейшілік  индексі.

 

1998 жылы Қазақстанда  алғаш рет халықтың кедейшілік  индексі (ХКИ) есептелді. Осы интегралды көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 (БҰҰДБ ұсынған сәйкесткке қарай дамушы және дамыған елдер үшін) халықтың жоқшылық индекстері негізінде әзірледі. Ол төрт көрсеткіш қамтиды:

  • күнкөріс минимумынан төмен тұтыну деңгейіндгі халықтың үлесі;
  • 60 жасқа дейінгі өмір сүрмейтін халықтың үлесі;
  • Біліммен қамтылмаған 16 жастағы жастардың үлесі;
  • Жұмыссыз халықтың үлесі.

 

1998 жылдан 2002 жылға  дейінгі уақыт кезеңінде индекстің  оң динамикасы байқалады –  1998-2002 жылдар аралығында осы индекс 31,0%-дан 22%-ға дейін кеміді, демек, ол да сондай-ақ соңғы жылдары ел ішіндегі жалпы кедейшілік жағдайының жақсарғаны туралы айғақтайды. Кедейшілік индексінің жеке құраушылары айғақтағандай, 2002 жылы республика халқының шамамен төрттен бір бөлігі күнкөріс минимумына жетпейтін кіріс/тұтынудағы тұрмыс кешкен; 31,1% қазақстандықтардың өмір ұзақтығы 60 жастан аспаған; 3,1% он алты жастағы жастардың лайықты білім алшуға мүмкіндіктері болмаса, 9,3% экономикалық белсенді халық жұмыссыз болған [17].

1998 және 1999 жылдары  ХКИ еркектер мен әйелдер үшін  бөлек есептелді, бүл ретте оның белгілері мына ахуалды көрсетті, тіршілік әрекетіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда Қазақстандағы еркектер мен әйелдердің жағдайлары біркелкі емес. 2001 жылы халықтың кедейшілік индексін тұңғыш рет сондай-ақ ауылдық аймақтар мен қалалық қоныстар үшін есептеліп, қала және ауыл кедейшілігінің арасындағы елеулі айырмашылықтарды ашты.

Адам дамуы  қөзқарасы тұрғысынан  кедейшілікке баға беру мен мониторинг жасау кезінде тұтас қатардағы көрсеткіштер пайдалануы мүмкін, олар қоғамдағы кедейшілік пен теңсіздіктің әркелкі аспекттерін сипаттайды. Кедейшілік көрсеткіштерінің көпшілігі қазір мыңжылдық табалдырығында даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары мен Міндеттері ретінде белгілі.

1991 жылы КСРО  ыдырауының нәтижесінде құрылған  тәуелсіз жас мемлекеттердің  экономикалық мүмкіндіктері едәуір  аз. Осы елдерде соңғы жылдарда  халықтың жан басына шаққанда  орташа төмен ЖІӨ өндірілді [18]

Экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігінің осындай деңгейі кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірқатар елдерінде халықтың жоғары деңгейдегі тұрмысын қамтамасыз ету үшін объективті кедергілер пайда болды. Дербес дамудың бастапқы кезінде ТМД арасындағы жөнге салынған макроэкономикалық және шауашылық байланыстар бұзылды. Нарықтық негіздердің бастамасы жоспарлық жүйелердің орнықтылықтарын күйретумен, сондай-ақ бірқатар жаңа мемлекет басшылықтарының жаңсақтықтарымен жалғасты. Осы жағдай тұңғмық экономикалық құлдырау мен трансформациялық дағдарысқа ұшыратты. Осының барлығының әлеуметтік салдарлары абсолютті кедейшіліктің жедел өсуі мен экономикалық теңсіздікиің, сондай-ақ солардың ауқымдарын қысқарту үшін ресурстардың жеткіліксіздігінің көрінісі болды.

Нарықтық өзгерістердің  басталуына байланысты жаңа мемлекеттердің көпшілігі бірнеше экономикалық дағдарыстарға ұшырады, ол еңбек нарығындағы жағдайдың нашарлауына, соның салдары ретінде, кедейшілік деңгейінің өсуіне себеп болды. Оның үстіне кедейшілік кедейшілік проблемасын еңбек нарығындағы келеңсіз жағдай да шиеленістіре түсті, олар: еңбек қызметіндегі табыстардың күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейлері, бірқатар мемлекеттерде еңбекке қабілетті жастағы халықтың еларалық еңбек көші-қонымен бейнет көрулері, жұмыспен қамтылған халықтың ұзын санының экономикалық қызметтің жеке салаларына шоғырлануы. Кедейшілік ауқымдарына қоғамда ұлттық байлықты бөлудегі орасан үлкен теңсіздік ықпал етті.

ТМД елдеріндегі  кедейшілік сипатына халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі ерекшеліктер қатты әсері тигізді. Жаңа мемлекеттер, бүкіл халықты дерлік қамтитын және оған әлеуметтік кепілдіктердің біршама жоғары деңгейін қамтамасыз ететін бұрынғы әлеуметтік қорғау жүйесін мирас етті. Жүйенің материалдық негізі “қоғамдық тұтыну қорлары” болып табылды, олар кепілденген ақшалай табыстар мен тұтынуды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе түрінде көрініс тапты. Қоғамдық тұтыну қорлары еңбектен түсетін табыстарға қарағанда анағұрлым жоғары қарқындармен өсіп отырды. Халықты әлеуметтік қамсыздандыруда қолданылатын жүйенің арқасында нарықтық өзгерістер басталар кезде ТМД елдерінің алдында дамушы елдерде кедейшілікті айқындайтын халықты базалық медициналық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету мен жаппай індетті бағындыру, аштықтың алдын-алу үшін ауқымды азық-түлік көмегіне қажеттілік, адамдарды бастапқы кәсіби машықтарға үйрету сияқты проблемалар тұрған жоқ.

 

Кесте 12. Кейбір елдерде денсаулық сақтау мен білімге жұисалатын мемлекеттік шығыстар, 2000 жыл

 

Ел 

Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстар, ЖІӨ%

Білімге жұмсалатын шығыстар, ЖІӨ%

Германия

8,0

4,6

Канада 

6,5

5,5

Швеция 

6,2

7,8

Жапония

5,9

3,5

Ұлыбритания

5,9

4,5

АҚШ

5,8

4,8

Венгрия

5,1

5,0

Ресей

3,7

4,4

Қырғызстан 

3,5

5,4

Украина

2,9

4,4

Қазақстан

2,1

3,3

Біріккен Араб Эмираттары

1,9

2,5

Эквадор

1,6

1,2


 

Тәуелсіздік алғаннан кейін кедейшіліктің күрт өсуіне байланысты өтпелі экономикалы жас  мемлекеттер әлеуметтік қорғау жүйесін  реформалауға бірден кірісіп кеткен жоқ. Белгілі бір шамада бұл кедейшіліктің  үдере таралуын тежеген фактор болып табылды. Алайда ТМД елдерінде жеке және аралас меншік нысандарының даму шамасына қарай, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық рөлінің өзгеруіне байланысты “әлеуметтік қорғаудың социалистік жүйесін” сақтап қалу тек проблемалы ғана емес, сонымен бірге орташа және жоғары табыстағы халық үшін қажет болмай қалды. Бизнеске салынатын жоғары салықтар мен әлеуметтік төлем алатындар арасындағы асыраудағы жандар жұмыспен қамтылудың өнімділігіне бөгет жасады. Сондықтан 90-шы жылдары өтпелі экономикалы елдерде нарықтық экономикамен үйлесетін халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негіздері қызу құрыла бастады. Көпшілік елдерде әлеуметтік және медициналық сақтандыру дамытылып, зейнеткерлерлік жүйелер реформаланды. Мемлекеттік әлеуметтік көмек өтінімді және атаулы қағидаттарға көшті. Халықтың осал жіктерін әлеуметтік қорғаудың жаңа саласы - әлеуметтік қызмет көрсету кәсіпорындары мен мекемелерінің желісі шын мәнінде жедел дами бастады. Қазіргі  кезде ТМД елдерінде азды-көпті шамада халықты әлеуметтік қорғаудың “ескі” және “жаңа” жүйелері қатар қолданылады. “Ескісі” әлі жойылмаған, ал “жаңасы” толық шамада құрылмаған мұндай өтпелі ахуал әлеуметтік қорғаудың нәтижелілігін төмендетеді. Көптеген “ескі” мемлекеттік кепілдіктер, жеңілдіктер мен төлемдер жойылған жоқ, бірақ олар материалдық етілмеген. Сонымен қатар жаңа енгізілген атаулы төлемдер кедейшіліктен арылу үшін жеткіліксіз. Сақтандыру төлемдерінің тұтас қатардағы деңгейі де сондай-ақ жоғалған еңбек табыстарын өтемейді. Зейнеткерлік жүйелер олардың қатысушыларын материалдық игілікпен қамтамасыз етпейді.

ТМД елдеріндегі  кедейшілік өлшемі өтпелі кезеңдегі  ерекшеліктерді көрсетеді. Достастықтың көпшілік мемлекеттерінде күнкөріс минимумы негізінде кедейшілікті өлшеудің абсолюттік әдісі ресми қабылданған. Күнкөріс минимумының негізін ең аз тұтыну себетінің құндық бағасы қалайды. Сонымен, ТМД елдерінде кедейшіліпен күресу, ең бастысы, өте қажет тауарлар мен қызмет көрсетулердің белгіленген (абсолютті) тұтынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын деңгейге дейін халықтың ең төменгі табыстарын (тұтынуларын) көтеру мәселелерін шешуді көрсетеді. ТМД елдеріндегі абсолютті кедейшілік көрсеткіштері, қағида бойынша, Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен ТМД үшін Дүниежүзілік банктің ұсыныстарына сәйкеседі, ол ұлттық валютаның сатып алу қабілеті паритеті (СҚП) бойынша күніне 4,13 АҚШ доллары деңгейіндегі табыстарды құрайды.

Кедейшілікті  өлшеудің салыстырмалы әдісі қағида бойынша, Достастық мемлекеттерінде  ресми қабылданған әдіс болып  табылмайды. Салыстырмалы кедейшілік тұжырымдамасын пайдалану үкіметке ортақ әлеуметтік-экономикалық пробламалардың себебінен жеткілікті қаражаттары жоқ кедей тұрмыстыларға қатысты анағұрлым жоғары міндеттемелер қояды. Осымен бірге экономикаларының өтпелі ахуалынан туындаған бірқатар себептерге қарай орта есеппен жан басына шаққандағы табыстарды өлшеу кезінде объективті қиындықтар орын алады, өйткені солар туралы қолданыстағы ақпарат үнемі рас бола бермейді.

Кедейшіліктің ресми белгіленген көрсеткіштері  ретінде ең алдымен, күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың саны мен үлесінің көрсеткіштері пайдалынады. Алайда жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың мөлшерлерін анықтаудың қиындығынан осы көрсеткіштердің дәлдігі азды-көпті шамада проблемалы болып табылады. ТМД елдеріндегі проблемалардың бірі – кедей тұрмыстылардың табыстарын күнкөріс минимумының деңгейіне дейін көтеру үшін қаржылау қаражаттардың жетіспеушілігі. Сондықтан күнкөріс минимумымен бірге ең мұқтаж адамдарға атаулы көмек көрсету үшін критерий белгілеу мақсаттарында басқа да көрсеткіштер қолданылады, мәселен, азық-түлік себеті, кедейшіліктің әкімшілік шектері сияқты және т.б. көрсеткіштер, олар қағида бойынша, күнкөріс минимумынан төмен болады. Беделді халықаралық ұйымдар ұсынған жоғарыда аталған көрсеткіштер де қолданылады.

ТМД елдерінің тәжірибесін жалпылау мен кедейшілік проблемасын зерттеп-зерделеу жөніндегі халықаралық тәжірибе негізінде ТМД елдерінің Статистикалық комитеті әлеуметтік индикаторлардың Үлгілік жиынтығын әзірлеп, пайдалануға ұсынды, ол кедейшілік пен теңсіздік көрсеткіштерін қамтиды (1.4.1 ендірме).

 

1.4.1 ендірме.  ТМД Статистикалық комитетінің  деректері бойынша халықтың кедейшілігі  мен теңсіздігінің көрсеткіштері.

 

А. Халық кедейшілігінің көрсеткіштері

Табалдырықты  көрсеткіштер:

  • Күнкөріс минимумының шамасы;
  • Кедейшілік шегі;
  • Тақыр кедейшіліктің шегі;
  •  

    Кедейшілік  ауқымдары:

      • Бастапқы кедейшілік – күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың үлесі (кедейшілік шегі);
      • Қайталама кедейшілік – шығыстары күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі (кедейшілік шегі);
      • Кедей тұрмысты халықтың ақшалай табыстарының (шығыстарының) тапшылығы;
      • Кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігі (шиеленістігі)

     

    Б. Халықтың жеке топтары арасындағы кірістерді (шығыстарды) бөлудегі теңсіздіктер

    Қорлар коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті)

    Халықтың квинтильді топтары бойынша кірістерді (шығстарды  бөлу).

     

    В. Жеке тұтыну (деңгейі мен құрылымы)

    1. Ең аз азық-түлік  себетіндегі тамақ заттарының (өнімдерінің)  калориялылығы мен құрамы [19]


          

    Достастық мемлекеттерінің  көпшілігінде осы көрсеткіштер ресми қолданылады. Армения мен Грузияда салыстырмалы және субъективті кедейшілік белгіленеді. Беларусьта кедейшіліктің ұзақтығы мен оның әлеуметтік-демографиялық құрылымы ескеріледі. Ресейде үй шаруашылықтар иелігінде ресурстар, күнкөріс минимумынан екі және одан да көп есе аз табыстардағы тақыр кедейлердің саны, орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстар мен күнкөріс минимумының арақатынасы есептеледі. Қырғызстандағы өлшем – тақыр кедейшілік шегі. Украинада – кірістер және шығыстар бойынша кедейшіліктің біріктірілген сараптық бағалары т.с.с [20].

    Сонымен, қазіргі  кезде ТМД елдері үшін жұмыс істейтіндердің басым көпшілігінің еңбек табыстарының нақты мазмұнын елеулі арттырумен сабақтас өзара байланысты экономиканы көтеру және жұмыспен өнімді қамтылуды ұлғайту айрықша өзекті мәселе болып табылады. ТМД елдеріндегі әлеуметтік қорғау жүйесінің кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігін бәсеңдететін әзірше шамасы келмейтіні туралы тұжырым жасауға болады. Халықтың осал жіктерінің табыстары мен тұтынуын қамтамасыздандырудың осы саласы, жұмыспен қамтылудан түсетін бастапқы табыстарды қалыптастыру жүйесі сияқты, сондай-ақ реформалауды жалғастыруды қажетсінеді. ТМД елдерінде кедейшіліктің сан түрлі бағалаулары қолданылады. Осы арқылы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әр елдің өзіндік ерекшеліктері көрінеді.

    Кедейшілікпен күресу және Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жөніндегі қазіргі  бүкіл қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түйіндей келгенде, таяу кезеңге жоспарланған адам дамуы саласындағы мынадай негізгі ұлттық мақсаттарды бөліп атауға болады:

    • Елдегі адам әлеуетін нығайту және еңбектің жемістілігі мен өнімділігі арттыру үшін жағдайлар жасайтын жұмыспен қамту саласында белсенді  саясат жүргізу. Жұмыс орндарын сақтау және жаңаларын ашу, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіби даярлықтары мен оларды қайта даярлауды арттыру, қоғамдық жұмыстарды кеңейту және оларды әлеуметтік маңызды жобаларға қайта бағдарлау, еңбек қатынастарына жариялылық сипат беру. Әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік серіктестікті дамыту, ұжымдық және еңбек даулары мен жанжалдарының шешімін табу, еңбек құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету және олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру.
    • Өндірістік сектор мен қызмет көрсетулер саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуметтік экономикалық жағдайлар жасаудың, сондай-ақ адам тұрмысының сапасы мен стандарттарын көтерудің есебінен қоғам тұрақтылығының негізі болып табылатын “ортаңғы тапты” құру. Мұны әлеуметтік, қаржы инфрақұрылымын жақсарту және әлеуметтік саясат пен халықты қорғау саласындағы мемлекет көрсететін қызметтерді жетілдіру арқылы жасау керек.
    • Әлемдік білім беру кеңістігіне интгерацияланған және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін білім жүйесінің ұлттық үлгісін жасау.
    • Демографиялық және көші-қон үдерістеріндегі келеңсіз үрдістерді кемітуге бағытталған саясат жүргізу, елдегі халық санын ұлғайту үшін, ең алдымен, отбасы мен аналарға қолдау көрсетудің, гендерлік теңдікке жетудің нақты механизмдерін жасау арқылы негіз құру.
    • Медициналық қызмет көрсетулердің сапасы мен мүмкіндігін арттыру арқылы аурушаңдық деңгейін нақты азайту. Салауатты өмір салтына жаңа қатынастар қалыптастыру жолымен халықтың денсаулығын нығайту.
    • Еңбекке жарамсыз және табысы аз адамдарға атаулы көмекті қамтамасыз ететін, ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендерді жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктерді ұлғайтатын және экономикалық белсенді халықты өнімді еңбекке ынталандыратын халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру.
    • Ауылды мекендіруді оңтайландыру, ауыл инфрақұрылымын дамыту негізінде ауыл тіршілігін қамтамасыз етуде, қалыпты жағдайлар жасауға бағытталған ауыл аймақтарын дамыту.

    Информация о работе Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде