Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Содержание

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

   

Халықтың  кедейшілік индексі. Қазақстан үшін залықтың кедейшілік индексі (ХКИ) есептеулері мынаны көрсетеді, 1998 жылы ел халқының 31%, 1999 жылы – 28,1%, ал 2001 ж 23,9% қазақстандықтар ХКИ-ң төрт құрамдас бөлігі бойынша үлестен құр қалды.

Кесте 18.  1998-2001 жылдардағы Қазақстандағы халықтың кедейшілік индексі

1998ж

1999ж

2001ж

Барлығы

Еркектер 

Әйелдер

Барлығы

Еркектер 

Әйелдер

Барлығы

31,0

32,7

32,2

28,1

30,1

29,1

23,9


 

2001 жылы халықтың кедейшілік индексі ауыл аймақтары үшін де және қалалық жер үшін де алғаш рет есептелді. 2001 жылы 31% қазақстандықтардың болжалды өмір сүру уақыты 60 жастан аспады; 16 жастағы жастардың 10% оқумен қамтылмады; 10,4% экономикалық белсенді халық жұмыссыз болды және республика халқының 28,4% табыстары ресми күнкөріс минимумынан төмен болды.

 

Диаграмма 3

 

 

ҚР статистика жөніндегі Агенттігі жүргізетін 12000 үй шаруашылықтарын жыл сайын  ішінара зерттеу деректері бойынша, 2001 жылы республиканың кедей тұрмысты халқы (күнкөріс минимумынан төмен тұрмыстылар) азаматтардың мына санаттары арқылы көрсетілді:

  • Жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар – 30,5%;
  • Еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтар – 28,7%;
  • 15 жасқа дейінгі балалар – 34,5%;
  • зейнеткерлер – 6,3%.

Бұл ретте кедей  тұрмысты еңбекке қабілетті халықтың 22,7%-15-24 жастағы жастар. Халықтың елеулі бөлігінің төмен жиынтық табыстары – Қазақстандағы кедейшіліктің маңызды себебі. Республикамыз үшін айрықшалықты нәрсе – “кедейшіліктің” жұмыссыздар үшін де, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халық үшін де тән екендігі. ҚР халқының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы бүкіл өтпелі кезең аралығында біршама төмен деңгейде қалып отыр.

 

Кесте 19. 1998-2000 жж. халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы

 

Халықтың  орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы

1998

1999

2000

Халықтың ақшалай  табысы (айына орта есеппен жан  басына шаққанда), теңге

3020

3408

3983

Күнкөріс минимумының  шамасынан төмен табыстардағы халық үлесі, %

39,0

34,5

31,8


 

Жұмыс істейтін халықтың төмен жиынтық табыстарымен қатар республикадағы кедейшіліктің  маңызды себебі жұмыссыздар үшін күрделі әлеуметтік-экономикалық және психологиялық проблемаға айналған жұмыссыздық болып табылады. Республиканың облыстары бойынша кедейшілік көрсеткіштерін талдау ел аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының әркелкілігін анықтайды. Күнкөріс минимумынан төмен тұрмыстағы кедей халықтың ең жоғары үлесі 2001 жылы Жамбыл облысында болды (48,1%). Республиканың ең кедей тұрмысты облыстарының қатарына сондай-ақ Маңғыстау (46,2%), Атырау (41,0%), Алматы (39,3%), Қызылорда (38,5%) және Оңтүстік Қазақстан (38,4%) облыстары кіреді. Сонымен бірге Астана (2,2%) және Алматы (5,5%) қалаларында кедей тұрмысты халықтың пайыздық үлесі республика бойынша ең аз. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында сәйкестігінде қарай шамамен әрбір оныншы және әрбір бесінші  тұрғын кедей тұрмысты болып есептеледі [23].

 

 

1.4 Қазақстанда  кедейліктің пайда болу себептері  мен алғышарттары

Қазақстанда кедейлік мәселесі нарық қатынастарына өту  нәтижесінде пайда болды. Тұрғындар  жаңа экономикалық қатынастарға дайын  емес еді, бұл тұрмыс деңгейінің төмендеуінің елеулі факторы болып табылды. Әлеуметтік қоғамның трансформациялануының салдары экономиканың күрт құлдырауына, жұмыссыздыққа, тұрғындарының табысының төмендеуіне және өткір бюджет дефицитіне әкеп соқтырды. Жағдай тек 1996 ж ғана, инфляцияны біршама тоқтатқаннан кейін, ал 1997 жылы ІЖӨ шамалап өсуіне қол жеткізгеннен кейін тұрақтала бастады. Сол уақыт ішінде ақшалай табыстарының атып алу қабілетінің төмендеуіне немесе жұмыстан айрылуына байланысты үйреншікті табыстарынан айрылған тұрғындардың әртүрлі категориялары зардап шекті. Бұрынғы жағдай жақсыдан гөрі жоғары топтардың ішінен дәрігерлер, мұғалімдер, білікті жұмыскерлер – кедейлер пайда болды [24]

Кедейліктің бірмәнді жаппай қабылданған анықтамасы жоқ, кедейліктің анықтамасына бірнеше  көзқарастар бар.

 

Диаграмма 4

 

 

Кедейшілік проблемасы Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан  толғандыра бастады. Оның өткірлігі  кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі  мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің  күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың бірінші жартысы – бұл кезде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.

Елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі ретінде “жаңа кедейлер” деп аталатындардың пайда болғанын айтуға болады. Бұған реформаларға дейінгі кезеңде болған әдеттегі кедейлерден бастап жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет салаларында жұмыссыз қалғандар жатады. Шағын бизнес өкілдері, зейнет жасына тақаған адамдар, мектеп, жоғары оқу орындарын бітірушілер, экологиялық дағдарыс өңірлерінде тұрып жатқан халық жоғары тәуекел аймағында қалып отыр. “Жаңа кедейшілік” ауқымы ауылдық жерлерде тұратын халықтың есебінен едәуір кеңейді. Ауыл халқының табысы қала халқының табысынан орташа алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауылдық отбасылардың үлесі (25) 24,8 %-ды, ал қалалық отбасылар үлесі 9,2 %-ды құрайды. Қазіргі жағдайда өңірлік кедейшілікті ерекше бөліп көрсету керек. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін отбасылардың үлесі жоғары өңірлер арасында Атырау облысы оқшау тұр, онда кедейшілікте өмір сүріп жатқан халықтың үлесі 29,1%-ды құрайды (бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш), Маңғыстау – 21,0%, Жамбыл – 18,3%, Қызылорда – 26,5%, Оңтүстік Қазақстан – 23,0%. Аталған облыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа көрсеткіш – 16,1%.

Халықтың табыс деңгейі  бойынша теңсіздігі еңбекке ақы  төлеудегі айырмашылық пен басқа да табыс көздерінің болуынан ғана емес, отбасында қанша жан бар екендігіне, отбасында жұмыс істейтіндер санына, балалардың болуына қарай да қалыптасады. Асырау жүктемесі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым төмен болады. Үй шаруашылығы деңгейінде табысты екінші рет қайта бөлу мен отбасылық бюджетті қалыптастыру жүріп жатыр. Атырау және Маңғыстау облыстары сияқты жоғары табысты өңірлерде отбасындағы жандардың орташа алғандағы санының жоғары болуы, әсіресе ауылдық жерлерде, олардағы табыс деңгейінің төмен болуына ықпал етеді және оңтүстік өңірдегі табысы төмен облыстардағы жағдайды шиеленістіріп жібереді.

Елде қазіргі кезеңде  жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту болып табылады. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет:

1) табыстар саласында  ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді  қамтамасыз ету, олардың бастапқы  негізі маңызды өмірлік игіліктер  мен қызметтердің әлеуметтік  қажетті деңгейін көрсететін  ең төменгі тұтыну бюджеті болуы керек. Рыноктың дамуымен табыстардың жаңа түрлері ғана пайда болып қойған жоқ, халықтың тұтынушылық шығындарының құрылымдары өзгеруде. Азаматтардың төлемдерінің жаңа түрлері пайда болуда: жылжымайтын мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті сақтандырудың әртүрлі нышандары және т.б. Осының бәрі тұтыну бюджетін есептеудің жаңа құрылымына көшу қажеттігін алға тартады, оның үстіне байқалған экономикалық өсу жағдайында елдің осындай әлеуметтік ең төменгі деңгейді есептеуге көшуі үшін ресурстық мүмкіндіктері ұлғаюда. Республика Үкіметі мақұлдаған әлеуметтік реформаларды тереңдету жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 2006 жылдан бастап жаңа ең төменгі күнкөріс деңгейі енгізілді, ең төменгі тұтыну себеті азық-түлік тағамдарының көбірек ассортиментін қамтиды (20-ның орнына 43 түрлі атаулы). Жаңадан ең төменгі күнкөріс деңгейін енгізу маңызды материалдық игіліктер мен қызметерді тұтынудың ең төменгі шекті деңгейін неғұрлым нақты айқындауға мүмкіндік береді. Одан төмен болуы адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етпейді. Бұл өз кезегінде неғұрлым күшті әлеуметтік диспропорцияны анықтауға және халықтың неғұрлым әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау шараларын талдап жасауға мүмкіндік береді. Алайда, ұзақ уақыттар бойы тек қана ең төменгі күнкөріс деңгейіне бағдар ұстануға болмайды. Ең төменгі тұтыну бюджетін жасау мен пайдалану объективті үдеріс болып табылады, бұл ең алдымен күнкөрістің ең төмен деңгейі базалық әлеуметтік норматив ретінде адамның тіршілік етуінің өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сай келуін көздейді.

2) салааралық және  салаішілік деңгейде, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сондай-ақ кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жағдайлар жасау (еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері рөлін күшейту, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі, орта және ең жоғары деңгейлері арасындағы арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру және т.б.);

3) республикада орта  таптың қалыптасуы жөніндегі саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына кепілдікті күшейту және т.б. жөніндегі шаралар қажет;

4) ауылдағы еңбекпен  қамтылу құрылымының индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту жағына қарай оңтайландыру (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары құрылысы, агросервис және т.б.);

Парламент Сенатының депутаттары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ( Министерство труда и социальной защиты населения) Гүлжан Қарағұсовамен кездесіп, Мемлекет басшысының ақпан айындағы халыққа Жолдауында айтылған қазақстандықтардың өмір деңгейін көтеру мәселелерін талқыға салды. Әлеуметтік жаңғырулардың негізгі қорытындылары туралы айта келіп, министр елімізде халықтың мұқтаждары мен сұраныстарына жауап бере алатын әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі жасалғанын және оның дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі кезде осы саладағы шығын мөлшері үш еседен астам өсіп, биыл 430,8 миллиард теңге болды. Бұл өз кезегінде ең төменгі мемлекеттік стандарттарды көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Әлемдегі ізгі міндеттердің бірі болып табылатын ана мен баланы қорғау еліміздің Ұлттық стратегиясындағы маңызды басымдықтардың бірі. Атаулы әлеуметтік көмек, баланың дүниеге келуіне байланысты бір жолғы жөргекпұл беру өткен жылғы балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесін толықтырды. Кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Ол сонымен қатар, кедейліктен арылуға, жұмыссыздықтың алдын алуға, қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жақсартуға бағытталған белсенді тәсілдер шараларына да байланысты. Әлеуметтік саланы дамыту бұрынғыша басым сала болып қала береді, алдағы жылы тиісті міндеттерді шешуге 108 миллиард теңге бөлінеді. Сенаторлардың сауалдарына жауап бере келіп, Гүлжан Қарақұсова, әсіресе, зиянды және ауыр еңбек жағдайына орай 1998 жылғы 1 қаңтарда өтілі толғандарға қолдау ретінде зейнетақы жинағын сақтау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз етуге катысты зейнетақы жинақтаушы жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелеріне назар аударды. Министр жаңа жұмыс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарын дамытуға, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың белсенді тәсілдерін пайдалануға басымдық берілетін еңбекке тарту шараларын жүзеге асыруға байланысты қыруар жұмыстар күтіп тұрғанын айтты [26].

 

 

 

 

 

 

2 Бөлім.  Қазақстандағы кедейліктің осы  заманғы жағдайы

2.1 Кедейлік  пен теңсіздік

      Қазақстанды  қосқанда, посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі кезең салдарларының бірі кедейшіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесі, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздік, еңбек рыногының жай-күйі, демографиялық және көші-қон үдерістері, әлеуметтік сектордың дағдарысы, сондай-ақ аймақтық, экологиялық және гендерлік факторлар әсерін тигізеді. Осы салалардың әрқайсысындағы проблемаларды қарау осы заманғы жағдайларда республикадағы кедейшілікке кешенді сипаттама беруге мүмкіндік жасайды [27].

        Қазақстанда кедейшілік деңгейі  күнкөріс минимумы деңгейінен  төмен табыстағы халықтың үлесімен  анықталады. Күнкөріс минимумы –  тіршілікті демеу үшін қажетті  болып саналатын және ең аз  тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың) объективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну себетінің құнына азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік себетінің құрамы адам организміне қажет калория санының түсуін қамтамасыз ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калорияны жан басылық тұтынуды қамтамасыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумының) құнының 70% құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумы) құнының 30% мөлшерінде белгіленген.

                     Табыстар бойынша Қазақстандағы  кедейшіліктің ең жоғары деңгейі,  республикадағы бүкіл халықтың 39%  күнкөріс минимумынан төмен табыстар  еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми  айырбас бағамы бойынша 42,6 АҚШ доллары немесе 3336 теңге). 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Күнкөріс минимунынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1,6 есе қысқарды және ол 24%-ды немесе 3,6 млн.адамды құрайды. 2002 жылы күнкөріс минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31,1 АҚШ доллары болды. Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі де байқалды, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 1998-2002 жылдар аралығында кедейшілік тереңдігі 1,6 есеге, ал кедейшілік өткірлігі 1,7 есеге кеміп, 2002 жылы сәйкестігіне қарай 6,1 және 2,2%-ды құрайды. Бұл кедей тұрмысты халық табыстары/тұтынуларының тапшылығы 2002 жылы күнкөріс минимумының шамамен 25% құрағанын білдіреді. Орын алған үрдістерді ескере отырып, «Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстандағы даму Мақсаттары» есебі бойынша, Қазақстан 1991 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың 50%-ның жағдайларын жақсартудың есебінен мыңжылдық дамуы 1 Мақсатына/1 Міндетіне жетуі мүмкін екендігі ұйғарылады [28]

Информация о работе Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде