Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 13:55, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Содержание

Кіріспе
1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде
1.1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары
1.2 Кедейлік және оның өлшемі
1.3 Кедейлік және адам дамуы
1.4 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
2.1 Кедейлік пен теңсіздік
2.2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
2.3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары
2.4 Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_73.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

Алға қойылған мақсаттарды іске асырудың бес жылдық тәжірибесі әлемдік міндеттер контексінде кедейшіліктен жалпы арылу мен мыңжылдық табалдырығында даму саласындағы БҰҰ Мақсаттарына жету бойынша Қазақстанның прогресі жөніндегі мемлекет қызметіне кейбір бағалар беруге мүмкіндік береді. 2002 жылы Қазақстандағы БҰҰ жүйесі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бірге даярлаған «Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстандағы даму Мақсаттары» есебінде көрсетілгендей, Қазақстан қазіргі уақытта кедейшілікпен байланысты МДМ жеті мақсатының екеуін орындап үлгерді, олар: жалпыға бірдей бастауыш білім беру мүмкіндігін және жыныстардың гендерліік теңдігін қамтамасыз ету [21]. Қазақстанның сондай-ақ халықты негізгі жайлылықтармен қамтамасыз етуге шамасы келетініне үлкен үміт артылады. Елдің АИВ/ЖИТС-ті кемітуге, аналар өлімі мен нәрестелер шетінеуін азайтуға, сондай ақ экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етуге байланысты мақсат/міндеттерге қол жеткізуі күмән тудырады, өйткені қазір орын алған көрсеткіштер мен есептік болжалды деректер соны меңзейді.

 

Кесте 13.  Кейбір елдердегі нәрестелер шетінеуі коэффициенті мен 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің коэффициенті, 2001ж

 

Елдер

Балар шетінеулерінің коэффициенті, 1000 тірі туылғандарға шаққандағы өлім

5 жасқа  дейінгі балалар өлімінің коэффициенті, 1000 тірі туылғандарға шаққандағы  өлім

Швеция

3,0

2,0

Жапония

3,0

5,0

Германия

4,0

5,0

Норвегия 

4,0

4,0

Канада 

5,0

7,0

АҚШ

7,0

8,0

Польша

8,0

9,0

Украина

17,0

20,0

Ресей

18,0

21,0

Қазақстан

19,2

22,8

Қырғызстан 

52,0

61,0


 

Кесте 14. Кейбір елдердегі аналар өлімінің коэффициенті, 2001ж

Елдер

Аналар  өлімінің коэффициенті, 100 000 тірі туылғандарға шаққандағы өлім

Венгрия

5,2

Украина

18,1

Румыния

34,0

Ресей

36,5

Қазақстан

39,7

Қырғызстан 

43,8

Молдова

43,9


 

Кесте 15. Мыңжылдық табалдырығында Қазақстандағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары мен Міндеттерін іске асыру

 

Мақсаттар/Міндеттер

Міндет орындала ма?

 

Дұрысы 

Ықтимал

Екіталай 

Деректер жоқ 

Тақыр жоқшылық

2015 жылға қарай  кедейшіліктің ұлттық шегінен  төмен тұрмыстағы адамдар санын  екі есеге азайту

     

АИВ/ЖИТС

2015 жылға қарай АИВ/ЖИТС-ң таралуын тоқтату және ауруды азайту үрдісінің бастамасын жасау

   
 

Аштық

2015 жылға қарай  дене салмақтары жетілмеген 5 жасқа  дейінгі балалар санын екі  есеге азайту

     

Негізгі жайлылықтар

2015 жылға қарай  таза ауыз суға тұрақты мүмкіндіктеріжоқ адамдар үлесін екі есеге кеміту 

 
   

Жалпыға бірдей бастауыш білім 

2015 жылға қарай  әлемдегі барлық балаларды, ұлдарды,  сондай-ақ қыздарды да толық  көлемдегі бастауыш білім елумен  қамтамасыз ету

 

 

 

  ОРЫНДАЛДЫ

   

Жыныстар  теңдігі 

2005 жылға қарай бастауыш және орта білім саласында жыныстардың сан жөнінен теңсіздігін жойған абзал

 

 

   ОРЫНДАЛДЫ

   

Аналарды  қорғау

2015 жылға қарай  аналар өлімі коэффициентін һ-ке  азайту 

   
 

Балалар өлімі 

2015 жылға қарай  5 жасқа дейінгі балалар өлімін 2/2 азайту

   
 

Экологиялық орнықтылық

2015 жылға қарай  табиғи ресурстарды жоғалту үдерісін  кері бұру

   
 

Осы есеп «Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстандағы  даму саласындағы Мақсаттары» есебіне  қолдау көрсету үшін даярланды және ол мыңжылдық дамуындағы кейбір Міндерттер мен Мақсаттарға әлдеқайда тереңірек талдау жасайды.

Кедейлік дегеніміз –  күрделі құбылыс, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық терең  тамырлары бар. Кедейлік уақыт пен  кеңістікке қарай салыстырмалы. Кедейлікке баға беру мен өлшеуді әр елдің дамуындағы тарихи жағдайларды ескеру арқылы жүргізу қажет.

Кедейлікті өлшекдің бірнеше  тәсілдері бар, олар: абсолютті, салыстырмалы, субъективті тәсілдер. 1997 жылдағы  адам дамуы туралы Баяндама БҰҰ даму Бағдарламасы кедейлікті адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарауды ұсынды. Осы контексте табыс деңгейі, күнкөріс минимумы және сатып алу қабілеті сияқты дәстүрлі көрсеткіштермен қатар адам дамуының көрсеткіштері (болжалды өмір ұзақтығы, жұмыссыздық, нәрестелердің шетінеуі мен аналар өлімі ж.т.б.) қолданылады. Адам дамуының көрсеткіштері мыңжылдық дамуының барлық Мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Соған сәйкес есепте Қазақстандағы кедейлік өлшемі индикаторларының жаппай қамтитын тізбесін пайдалану ұсынылады.

Күнкөріс минимумы – кедейлікті азайту жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы. Шын мәнінде әлемде ол абсолюттік кедейлікті критерий ретінде пайдаланылады да, «кедейлік шегі» аталады, ол адамның негізгі мұқтаждарын қанағаттандыруға жарамды ең төменгі табыс деңгейі ұғымын білдіреді. Қазақстанда күнкөріс минимумы сондай-ақ абсолютті кедейлік деңгейін өлшеу үшін қолданылады. Алайда, кедейлік экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты, міне, ол осы тұрғыда қоғамның барлық жіктерінің әл-ауқаты деңгейіндегі контекстен қаралуы тиіс. Есепте Қазақстандағы кедейлік азайту жөніндегі іс-шараларды тек абсолютті кедейлік кешетінлерге ғана емес, сонымен бірге кедейлік қаупіндегі абсолютті кедейлікке түсуі мүмкін тұрғын халықтың алдын-алу үшін де жұмылдыруы ұсынылады. Қауіп аймағындағыларды анықтау үін күнкөріс минимумының екі өлшеміндегі шекті пайдалану ұсынылады, өйткені ең төменгі деңгейден жоғары болатын осындай табыс деңгейі лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажет адамның дене және ақыл-ой қабілеттерін демеуге мүмкіндік жасайды.  

 

1.3 Кедейлік және адам дамуы

Кез-келген экономикалық жүйеге ілесетін кедейшілік құбылыс  ретінде даму деңгейіне байланыссыз  әлемнің барлық елдерінде болған және қазір де бар. Кедейшілік тек  адамдардың тұрмыс деңгейіне ғана ықпал  етумен шектелмейді, ол сонымен бірге қоғамның әлеуметтік және саяси саладағы өмірлеріне әсерлерін тигізіп, көпшілік жағдайларда қылмыстың өсуі мен әлеуметтік жанжалдардың тууының себеп көздеріне айналады. Соның салдары ретінде, кедейшілік ауқымдарын азайту міндеті әлемдік барша қоғамдастықтардың алдында тұр. Жалпы елдің дамуы үшін, сондай-ақ әр адамның әлеуеттік мүмкіндіктерін іске асыру үшін де жағдайлар жасау арқылы қоғамдғы кедейшілік деңгейін азайтуға қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, кедейшілік проблемасынан арылу үшін бірқатар жағдайларды қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда, оған орнқты экономикалық өсу, халықтың өнімді жұмыспен қамтылулары үшін мүмкіндіктерді ұлғайту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігі, мемлекетті ұтымды басқару мен қоғамның демократиялық институттарын дамыту жатады. Соның ішінде, бірінші кезекте кедей тұрмысты адамдардың мүдделерін ескеретін кедейшілікпен күресудің ұлттық стратегияларын әзірлеу мен іске асыру - әлемдегі кедейшілік ауқымдарын азайту міндетіне қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады.

ЕО елдері салыстармалы кедейшілік көрсеткішін пайдаланды және таза табыспен теңестірілген медиананың 50%-нан аз күнкөрістегі адамдарды  кедей тұрмыстылар ретінде белгілейді (балама нұсқалар ретінде 40 немесе 60% қабылдануы мүмкін). Адам дамуы туралы БҰҰДБ 2000 жылғы дүниежүзілік Баяндамаға сәйкес Ұлыбританияда салыстырмалы кедейшілік деңгейі 10,6%-ды, Германияда – 5,9, Италияда – 12,8, Канадада – 10,6, АҚШ-та – 17,2 Францияда 11,8%-ды құрады.  Австралия үкіметі ешқандай ресми кедейшілік шегін мойындамайды, бірақ соған қарамастан осы елде әлеуметтік қамсыздандырудың негізінен мақсаттық мемлекеттік жүйесімен сабақтасатын техникалық мәселелерді белсенді түрде зерттеу жүргізіледі. Үкімет үшін мемлекеттің ақшалай емес жәрдемақылары нақты табысқа қалай ықпал ететіні елеулі мәселе болып табылады. Үндістанда, АҚШ-тағы сияқты, кедейшіліктің ресми шегі белгіленген. Осы көрсеткіш абсолютті табалдырық деңгейін көрсетеді және ол калорялармен есептелген ең аз тұтыну плюс азық-түліктен басқа тауарлар сатып алудың белгіленген үлесі ретінде есептеледі. АҚШ-тан айырмасы, осы елде кедейлер санаты табыстардыың негізінде емес, ал тұтынуға жұмсалатын шығындарға сүйену арқылы анықталады.

Кедейшілікке  баға беру саласында Латын Америкасы  елдері қосарлы тәсілді қолданады. Біріншіден, зерттеулер нәтижесінде  алынған табыс туралы ақпарат  негізінде кәдімгі абсолюттік көрсеткіштер есептеледі. Екіншіден, Латын Америкасында «қанағаттандырылмаған базалық қажеттіліктер есебі» ретінде танымал болған параллель тәсілі қолданылады, ол негізінен санақтардың деректеріне негізделеді. Адам әлеуетінің (потенциалының) даму мүмкіндіктері көзқарасы тұрғысындағы кедейшілік адам дамуы үшін қажет негізгі бірқатар мүмкіндіктердің, сондай-ақ адамның таңдау мүмкіндігінің болмауын жорамалдайды. Адам тамақ, киім-кешек, тұрғын үй жөніндегі базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігіне ғана емес, сонымен бірге анағұрлым кең ауқымдағы мүмкіндікте де шектелуі мүмкін, олар: салуатты және ұзақ өмір сүру, жеткілікті деңгейдегі білім алу, қоғам өміріне қатысу, сондай-ақ өзге де әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті деңгейдегі табыс табу мүмкіндіктері. Басқаша айтқанда, материалдық ырыстардың белгілі бір деңгейі адамның толыққанды дамуы үшін сөзсіз қажет, бірақ ол жеткіліксіз болады.

Осы ұстаным  тұрғысынан, кедейшілкке табыстар бойынша  кедейшілік көрсеткіштерін пайдалану арқыы ғана емес, сонымен бірге нормадан төмен салмақтағы балалардың үлесі, ересек халықтың арасындағы сауатсыздық деңгейі сияқты параметрлер арқылы да баға беруге болады. Сондай-ақ жанама баға беруге адам дамуы үшін қажет таза су, қалыпты санитарлық жағдайлар, білікті медициналық көмек және сапалы білім сияқты маңызды ресурстарға адамның қол жеткізу мүмкіндігінің көрсеткіштерін де қолдануға болады. Кедейшілктің осы тұжырымдамасы алдыңғы екеуін теріске шығармайды, қайта оларды табиғи қосып, дамта түседі. Осындай тәсіл белгілі бір машықтар мен қабілеттерді меңгерген адам дамуына басаназар аударады. Ол сондай-ақ адам дамуы деңгейіне баға беру үшін кең ауқымдағы көрсеткіштерді пайдалану арқылы кедейшілік мониторингін жүзеге асыруды ұйғарады.

Теңсіздік пен кедейшілікті өлшеу және баға беру статистикалық функция бола отырып, танымдық және талдамалық мақсаттарда ғана емес, сонымен бірге нақтыэкономикалық және әлеуметтік саясат әзірлеу, сондай-ақ жағдайды бағалау мен елдегі кедейшілік пен теңсіздік жағдайының мониторингін жүзеге асыру үшін де маңызды. Әр түрлі көп көрсеткіштер бар, солардың көмегі арқылы теңсіздік пен кедейшіліктің ауқцмдары мен табиғатына баға беріледі.

Кедей тұрмысты халықтың үлесі (немесе кедей тұрмыстылар санының индексі) – табысы, тұтыну деңгейі немесе тұрмыс деңгейіне қолданылатын өзге көрсеткіші елде белгіленген «кедейшілік шегінен» төмен деңгейдегі қолданылатын тұрмыстағы халықтың үлесі. Мәселен, Қазақстандағы кедей тұрмысты халықтың үлесі “күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен” анықталады, яғни олар ең төмен тұтыну себетіндегі тауарларды сатып алуға шамалары келмейтін халық үлесі. Одан басқа республикада “азық-түлік себетінің деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі” есептеледі, сондай-ақ атаулы көмек алу үшін критерий ретінде күнкөріс минимумы шамасының 40% деңгейінде әкімшілік   “кедейшілік шегі” белгіленді (2002ж). Кедейшілік шегінің бірнеше деңгейлерінің көмегі арқылы елдегі жалпы халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылардың әр түрлі санаттарының үлесіне баға беруге болады.

Мемлекеттерді салыстыру үшін халықаралық практикада Дүниежүзілік банк енгізген абсолюттік кедейшілік шегі қолданылады: ұлттық валюталардың сатып алу қабілетінің паритеті бойынша күндік табысы бір АҚШ  долларынан төмен табыстағы адам кедей болып есептеледі. Кейіннен ТМД республикаларын қосқанда, өтпелі кезеңдегі елдер үшін ұлттық валюталардың бір күндегі СҚП бойынша 2,15 АҚШ долларындағы кедейшілік шегі ұсынылды, өйткені суық климат жағдайларына байланысты жылуға, қысқы киім мен азық-түлікке қосымша шығындар талап етіледі.

Осы көрсеткіш  кедейшілік деңгейінің салыстырмалы бағаларының  кейбір түрлері үшін пайдаланылады, мәселен, кедейшілікті азайту жөніндегі  дүниежүзілік прогреске баға берген жағдайда. Алайда, бұл көрсеткіш  адамның қаншалықты кедей екедігі және кедей тұрмысты халық арасындағы теңсіздіктің дәрежесі туралы айқын көріністі көрсетпейді. Кедейшіліктің осы аспектілерін бағалау үшін кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігі сияқты көрсеткіштер қолданылады.

Кедейшілік  тереңдігі (табыс тапшылығы, тұтыну тапшылығы) кедей тұрмысты адамның қаншалықты дәрежеде кедей екенін және кедейшіліктің белгіленген шегіне қатысты кедей тұрмысты халықтың жиынтық  табысының (тұтынуының) орташа тапшылығын көрсетеді. Егер халықтың ауқатсыз топтары табыстарының орташа мөлшері кедейшілік шегінен көп төмен болса, онда кедейшілік деңгейі терең болып есептеледі. Кедейшілік тереңдігі мемлекеттің атаулы көмегін алушылар әлеуетін (потенциалын) мүлтіксіз анықтау кезінде барлық кедей тұрмыстыларды кедейшілік ахуалынан шығару үшін қажет мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылай қаражаттардың көлемін анықтауға көмектеседі.

Информация о работе Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде