Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
КІРІСПЕ...............................................................................................3
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Меншік экономикалық категория ретінде..................................4
Меншік қатынастары: объектілері мен субъектілері....................6
1.3 Меншiк түрлері және олардың экономикалық қызметтері........10
МЕНШІКТІҢ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Меншіктің формалары, даму диалектикасы................................15
2.2 Мемлекеттік меншік....................................................................18
2.3 Ұжымдық меншік .......................................................................19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК
3.1 ҚР-да меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы................20
3.2 ҚР-ғы меншік туралы заң............................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ............................................................26
КІРІСПЕ.......................
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1.3
Меншiк түрлері және олардың экономикалық
қызметтері........10
МЕНШІКТІҢ ФОРМАЛАРЫ
2.1
Меншіктің формалары, даму диалектикасы..................
2.2
Мемлекеттік меншік........................
2.3 Ұжымдық
меншік ..............................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК
3.1 ҚР-да меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы................20
3.2
ҚР-ғы меншік туралы заң...........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ.......................
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Меншік және оның формалары».
Курстық жұмысымның мақсаты: меншік ұғымын экономикалық жақтан қарастыру, меншiк формаларын қарап шығу: мемлекеттік, корпоративтік, ұжымдық және аралас.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
Меншік субъектілері: жеке түлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық. жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық. буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады.
МЕНШІК
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ
РЕТІНДЕ
«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенінің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жер мен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген діни, табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам — өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді (жер — қоғамдык өндірістің басты құралы). Өндіріс нәтижелерін иелену коғамдық экономикалык қатынастар шеңберінде материалдық игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады. Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) «Экономикалық кесте» (1758ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Ол, меншікті молайтудағы енбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық рөлін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.
Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғаш рет қоғамның рабқа яғни жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші болып жіктелуіне негіздеді. Уильям Петтидің «еңбек — байлықтың ағасы, жер — оның анасы» деген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге дейін жойған жок.
Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон (1809-1865 жж.) меншікке өзінің көзқарасын «Кедейліктің философиясы» деген еңбегінде баяндаған болатын. Онда ол ұсақ буржуазиялық және жеке меншікті дәріптеп, капиталистік меншікті сынады. Прудон «Меншікті — бұл ұрлық» деген сөзінің мәні бар. Меншіктің мұндай сипаттамасы кең тараған жоқ және ғылыми сынға ұшырады.
К.
Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік
экономикалық категория ретінде
адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз
өмір сүреді. Меншік — бұл өндіріс
құрал-жабдығын иелену қатынасы жән
материалдық игіліктерді
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындарды барлығы меншік құқығын ескеру кезінде «ойын ережесін» білу қажет. Меншік кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?Олардың ойынша меншіктің кешенді құкығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:
1. иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген бақылау құқығы;
1.2
Меншік қатынастары:
объектілері мен
субъектілері
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жүп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі
в) табыстарды үлестіру тәсілі;
г) субъектілік-объектілік талдау.
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағы нан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардьи бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.
Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласыи айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адамі бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъіектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде - жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату - сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
Экономика теориясында осы уақытқа дейін ерекше таластың бірі - халық шаруашылығына экономиканың қандай жүйесі ең тиімді деген сауал болып келеді. Онда нарықтың экономика жүйесі ең төмен деңгейде тұтынумен тұрақты қатынас болып келсе осы деңгейде, экономикалық тиімділік калыптасу болып келеді. Сонымен қатар, осы жүйе бойынша бағаның қалыптасуы және таза пайданың калыптасуы және таза пайданың деңгейі, өндірісте не өндіру керек, қандай тауар өндіру керек деген мәселенің негізіне айналады.
Нарыктық экономикасының тек нарық механизміне сүйеніп, кәсіпкерлік шаруашылықтың мемлекеттік басқарудан тыс болуып көздейді. Яғни, басты баға қалыптасу механизмі – бәсеке негізі, бәсеке зкономикасы нақтылы жағдайда тұтыну үстемділігі болып келеді. Қорыта келгенде, нарықты экономика жүйесінде бағаның мемлекеттік деңгейде реттелуі жойылады. Баға еркін қалыптасу жүйесінде болып келеді. Оның үлгісі: өндірісте өнім шығару, тауарды ұсыну, тұтыну болып келеді. Өндірім мен ұсыным, тұтыну мен келісім негізінде баға қалыптасып отырады. Оның негізгі бүкіл ресурстарды оның ішінде табиғат ресурстарын бөліп бағыттау негізі қалыптасады. Экономикалық жүйенін ең жоғары дәрежесі осы жүйе болып келеді. Экономикалық жүйелерді құруда басты мәселе ол меншік субъектілері:
3. мемлекет, ұжымы және адам — еңбек ресурстар. Тағы басқа көптеген түрлі үлгідегі дүние - мүлік заттар, капитал тағы басқа заттар.
Осының қатарында меншік үлгілері сан-алуан түрлі бола тұра, негізгі қасиетте болады. Олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік, ұжым халықаралық. жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық. буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады. Осы қосынды өнім ең басты, біртіндеп, белгілі бір мерзім кезеңінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы және жеке капиталдардың өзара уласқан және байланысты сомасы. Онымен қатар, қогамда белгілі бір уақыт мерзімде еңбек пен жасалган жана құн.