Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
КІРІСПЕ...............................................................................................3
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Меншік экономикалық категория ретінде..................................4
Меншік қатынастары: объектілері мен субъектілері....................6
1.3 Меншiк түрлері және олардың экономикалық қызметтері........10
МЕНШІКТІҢ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Меншіктің формалары, даму диалектикасы................................15
2.2 Мемлекеттік меншік....................................................................18
2.3 Ұжымдық меншік .......................................................................19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК
3.1 ҚР-да меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы................20
3.2 ҚР-ғы меншік туралы заң............................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ............................................................26
Әртүрлі экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның баска түрінің - мейлі бұрынғы, мейлі казіргі түрінің болуын жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Қазіргі
уақытта Қазақстан
2.1.
Меншіктің формалары,
олардың даму диалектикасы
Меншік — мемлекеттік биліктің негізгі саяси әлеуметтік даму сатысының экономикалык капиталы.
Демек билік — меншіксіз, ал меншік — биліксіз өмір сүре алмайды. Соңдықтан кандай да болмасын субъекті (мемлекет, жеке немесе заңды тұлға) үшін, әсіресе, мемлекеттік құрылым үшін билік пен меншік бір-бірінен ажыратылмайтын құндылык, болып табылады. Осыны экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып табылатын Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексінің» 188-бапы, 1-тармағы былай растайды: «Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мұнда жақсылап ден қойсаңыздар, мынаны байқайсыздар. Иелену, пайдалану және билік ету меншіктің негізгі үш белгісі. Осы үш белгісіз мүлікке билік ететін меншік ұгымы жок.
Ендеше, өз меншігін әлеуметгік-экономикалық айналым арқылы бейбіт жолмен үнемі дамытын отырған билік қана ұзақ ғұмыр кешеді.
Ал мемлекеттік бюджеттің бейбіт және ұзақ даму кепілдігі оның айналым қатынасына несиеге берілген немесе инвестициялык салымы ретінде табыс әкелетін меншігі арқылы өзінің саяси-экономикалық билігін басқа елдердің әлеуметгік жағдайына қатыстыра білуінде болып табылады.
Қазіргі кезеңде несиеге берілген немесе инвестиция түрінде салынған Америка меншігіне ТМД елдері ғана емес, басқа да елдері қарыздар екені белгілі. Демек, өзге елдің мемлекеттік билігіне тәуелділік, сол ел меншігінің қарыз немесе инвестиция түрінде еркін айналымға шығуы арқасында туындап отырады десек қателеспейміз.
Қазірдің өзінде Қазақстандағы инвестицияның үштен бірі Америка Құрама Штаттарына тиесілі Американың экономикасы мен саясатының Қазақстанға қатысын кеңейте түсу, демократиясы дамыған елдермен сан салалы байланыс жасау да біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің іргелі мәселесі деп түйіндейді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзнінің Қазақстан халқына жолдауында (Еліміздің жаңа ғасырдағы тұреқтылығы мен кауіпсіздігі).
Мысалы, тәуелсіздік кезеңінде елге 10 миллиардка жуық инвестиция тартылыпты. Соның 7 миллиарды ел өндірісіне тікелей салынды. Елімізге салынган инвестиция мөлшерімен бірінші орында Америка Құрама Штаттары, екінші — Онтүстік Корея, үшінші орында — Түркия.
Қандай болмасын билікке саяси және әлеуметтік-экономикалық күш-қуат беретін - меншік екенін айқындаймыз.
Ендеше, жалғыз үй меншігіне билік таласын тудырмас үшін әке мен шеше екі баласының жеке меншігіне екі үй сатып шерсе, бастапқы бір үй меншігіне бағытталган үш билік, үш үйге бөлінеді. Сонда бастапқы бір үй меншігіне бағытталған үш билік бір-бірімен бейбіт қарым-қатынасқа көшеді.
Ал биліктің меншікті үнемі өз құзырында ұстап отырмай заңды негізде ұлгайтуға ұмггылыс жасауының өзі бейбіт биліктік саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуымың кепілдігін білдіреді.
Сондықтан билік пен меншіктің негізіне келсек, алғашқы қауымдык қоғамның қалыптасу кезеңінде адам баласы өмір сүретін пана тапқанына қуанды. Адам өмір сүру барысында паналаган жеріне үйреніп, сол жердің төңірегін өз панасына қосып ұлғайту арқылы, қосылған жер аумағына өз меншігі ретіндегі билігін нығайтуды, тіршіліктің жемісті жемісі деп санады.
Меншік пен билікті әскери басқыншылықпен ұлғайту тәсіліне келсек, атақты француз императоры Наполеон Боанапарт әскеріне «Еуропа жерін басып алыңдар, қалай заңдастыру тәсілін мен өзім табамын», — деп айтыпты деген сөздеріне тірелеміз. Ендеше, сол кезеңдегі Франция мемлекеттік билігінің өзі басқа елдердің меншігі мен билігіндегі жерін басып алу соғыстары арқылы өз билігін ұлғайту тәсілін заңдастыру ниетін байқатады.
Болмаса, билік бейбіт өмір сүруге бейім, меншікті өз құзырында ұстауға құштар саяси күш ретінде ұйымдасатын болса, біртүтас билікті заңдастырып алады.
Ендеше, әлеуметтік - экономикалық айналымға меншікті заңды түрде қорғай алмай, оның даму өрісін тарылтқан биліктің (салық және басқа да жеңілдіктер жағынан) заңмен қорғалып, дамыған биліктегі меншікке тәуелділігі артады.
Сондықтан
да кейбір мемлекеттер әлеумепік-
Ендеше, меншіктің қадір-қасиетін терең түсінбейтін адамнан, биліктің не екенін сұраудың өзі қисынсыз.
Он
бес республиканың басын
Сондықтан, меншікке қатысты билікті ұлғайтудың басты тәсілі — меншікті тізімдеп; есепке алып, оның айналымынан туындайтын табысын жаңа меншік объектілерін дамытуға ұтымды пайдалана білуде болып табылады. Мысалы, мемлекетгік билік атынан қандай тұлга қандай мөлшерде қаржылай қарыз алды. Оны қайтару тәсілдері сол тұлғаның есебінен мұрагерлікке ауысуы заңдастырылуы тиіс. Биліктің өз меншігін тізімдеп, оның құнын анықтап, әлемдік өзгеріске сөйкес бағалап отыруы, оол билігінің құндылығын анықтайды.
Сонымен қатар, меншік пен билік үйлесімді басқарылмаса, сол орта кедейленіп, бір жақты байыған адамдардың өміріне, билігі мен меншігіне қауіп төнеді. Ендеше, кедейленіп, жұмыссыз жүрген адамның аш көзіне меншігі мол, бай адам түсетіні жоқшылықтан туындайды. Мұндай ортада меншіктің түр-түрімен байыған адам меншікке қарсы бағытталған қылмыстық топтық объектісіне, тіршілік тілімен айтқанда, нысанасына айналады.
Жұмыссыздықтан
туындайтын топ - қулар бай адамдардың
билік пен меншікке монополиялық үстемдікті
бір-бірмен келісіп жүргізе алмауынан
шығады. Сондықтан мемлекет — билік басқару
элементі, басқару күшінің көзі ретінде
биліктің ең қымбат қазынасы — адам және
адамның өмірі — деген заңдылықты басшылыққа
алып, бай адамдардың билік пен меншікке
мополиялық үстемдігін реттеп отыруы
тиіс. Себебі, қандай да болмасын биліктің
меншігін ұлғайтатың ең ңымбат қазына
— дені сау адам. Онын арқауы — жақсы ас
пен тағам жеткілікті болса ғана өзіне
және билік меншігіндегі қазынаға пайда
келтіретін қызметкер мен жұмысшы қалыптасады.
Осыны ескерген билік қана саяси-экономикалық
тұрақтылықта дамиды.
2.2
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК
Мемлекеттердiң
пайда болуы мемлекеттiк
XX ғасырдың
экономикасында мемлекеттік
Мемлекеттік
меншік бұл экономикалық қатынас,
акционерлік формалармен қатар қоғамдық
меншіктің бір түрі болып келеді. Бұл меншіктің
формасында өндірістік өнімдер толығымен
мемлекет иелігінде болады. Мемлекеттік
меншік КСРО-да өте жоғары дамыған, өйткені
ол командалық-әкімшілік экономиканың
маңызды бөлігі болды.
Егер дербес
сектор барлық қоғамдық қажеттiктердi
қанағаттандыра алса, мемлекеттiк өндiру
тәсiлдерiнде мұқтаждық болмас еді.
Бірақ, дербес капитал тек жеткілікті
пайда әкелетін қызмет пен өндірісті
алады. Оның мүддесі ғылым мен
мәдениетке, әлеуметтік-тұрмыстық
Мемлекеттік
меншік объектілеріне жылжымалы
мүліктің түрлері, соның ішінде жер телімдер,
кәсіпорындар және басқа да мүліктік кешендер,
тұрғын-үй қоры мен тұрғылықты емес бөлмелер,
сонымен қатар жылжымалы мүліктің түрлері,
соның ішінде құралдар, көлік, тұрмыстық
және тұтынушылық сипаттағы заттар,
бағалы қағаздар, банктерде немесе нбасқа
несиелік мекемелердегі үлестер, шетелдік
валюта мен валюталық құндылық; тарихи
және мәдени ескерткіштер (жылжымалы және
жылжымайтын).
Қалалық тұрғын-үйлердің едәуір бөлігі мемлекеттің басқаруымен салынады және мемлекеттік меншік болып қалады. Ауруханалар тура осылай мемлекеттік кәсіпорын болып қалады, ал дәрігерлер мен қалған қызмет көрсетушілер мемлекет қызметкерлері болып саналады.
Ұжымдық меншік формасы – ортақтықтағы барлық мүшелерінің иемденуге және пайдалануға құқығы тең болатын меншіктің түрі. Бұл меншіктің субъектісі болып серіктестіктің мүддесін баяндайтын уәкілі ретінде топ немесе жеке тұлға шыға алады. Бірақ, көп жағдайда заңға сүйене отырып біртұтас заңды тұлға немесе мемлекеттік орган, қоғамдық ұйым ретінде қарастырылады. Мұндай ұйымдардың мүшелерi нақтылы мақсаттардың табысы үшiн өз жұмысын және өз құралдарын бiрлестiредi.
Бұл топтың әрбiр мүшесi өндiрiс және шығарылған өнiмнiң меншiк иесi болып табылады.
Әдеттегідей, ұжымдық меншік капиталдың акционерлік формасында жұмыс істейді, дегенмен акция осы кәсіпорынның тек қызметкерлері арасында ғана жіктеле алады. Бұл еңбек ұжымының бөлінбейтін ортақ меншігі, кәсіпорынның басшыларынан бастап квалификациясыз жұмыскерлеріне дейін.
Егер қызметкер жұмыстан шығар болса, зейнетке шыкса немесе өліп қалса, оның акциясы кәсіпорынның қарамағында қалады. Ол жаңадан келген жұмысшыға сатылады (тапсырылады, беріледі) немесе ұжымда жұмыс істейтін мүшелеріне бөлініп беріледі.
Меншiктiң осы формасы Батыста таралған. Мысалы, АҚШ-та мұндай кәсіпорындардың саны 10 000-нан асады. Олар мемлекеттен қолдау алып, несие және салық жеңілдіктеріне ие болады.
Ұжымдық
меншiктiң кең таралған формалары кооперативтiк,
әрiптестiк және акционерлiк меншiктер
болып табылады.
Кооперативтік
меншік - бiрлескен қызмет жүргiзуi
үшiн өз құралдарын бірлестіріп, топтасқан
тұлғалар меншiктерi. Коперативтік
меншік әлемнің біраз елдерінде кең таралған.
Кооперативтердің негізгі жұмысы ауылшаруашылық
өнімін өңдеу және өткізу болып табылады.
Әріптестік
меншік – меншік құқығы екі немесе
бірнеше тұлғалардың иемдігінде болады.
Ол әріптестікке қатысушылардың ерікті
жинаулары (ақшалай немесе басқа түрде)
негізінде құрастырылады.
Акционерлік меншік – акциялардың іске асырылуы нәтижесінде құрастырылады. Акциялар фирмадағы пайданы дивиденд түрінде бір бөлігін алуға, сонымен бірге акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК
3.1 Қазақстан Республикасындда
меншіктің әр-түрлі
формаларының қалыптасуы.
Әдетте, эканомикалық теория меншіктің екі базалық формасын бөліп көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде (нарық жағдайында меншіктің жеке меншік формасының өзі жеке бастық мүддесін іске асыру бағытында екі, негізгі шаруашылық формада жүргізіледі.
1) Меншіктің жеке меншік формасы (шаруа қожалықтары, жеке қосалқы шаруашылықтар)
2) Меншіктің ұжымдық формасы (кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, олардың ассоциациялары т.б.)