Меншік және оның формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа

Описание

Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................3
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Меншік экономикалық категория ретінде..................................4
Меншік қатынастары: объектілері мен субъектілері....................6
1.3 Меншiк түрлері және олардың экономикалық қызметтері........10
МЕНШІКТІҢ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Меншіктің формалары, даму диалектикасы................................15
2.2 Мемлекеттік меншік....................................................................18
2.3 Ұжымдық меншік .......................................................................19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК
3.1 ҚР-да меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы................20
3.2 ҚР-ғы меншік туралы заң............................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ............................................................26

Работа состоит из  1 файл

Курсовая эк, теор.docx

— 68.12 Кб (Скачать документ)

  Нарық экономика жүйесінің теориялық  негізінде ұлттық табыс оның түпнұсқасы, мазмұны және қалыптасу иегізі белгілі бір уақытта қоғамда     өндірілген материалдық игіліктер қосындысы. Оның қатарында жалпы   ұлттық табыс жеке капиталдардың өзара біріккен байланысты жиынтығы ретінде қалыптасуы. Ол қоғамда белгілі бір уақытта еңбекпен жасалған жаңа   құн қосындысымен, біртұтас көлемде қалыптасады. Қорытындысы, қоғамдық капитал ретінде қалыптасқан жылдан-жылға мемлекеттің   өркендеуіне негіз болады. Белгілі бір уақытта, қоғамда өндірілген материалдық игілік пайда болады. Оның негізі жеке капиталдың өзара қалыптасқан қосындысы және қоғамда ол - жанды еңбекпен жасалған жаңа құн. Қосыла, қорыта келгенде, қоғамдық капитал туындайды. Онын қалыптасуында басқа да экономикалық, ондағы жүйелік ренталық негізде ауыл шаруашылығында жұмысшылар жасаған қосымша құнның бір бөлігі кіреді. Ең нашар жер мен орташа құнарлық  және  жоғары  өнім  түсімі  бар  жерден өндірілген өнімнің өндіріс бағасы арасындағы айырмада қосылуы. Сонымен қатар жер, аймақ бөлігінде қалыптасады. Сөйтіп дәйекті түрде   жұмсау нәтижесінде капитал пайда болады. Олардың қатарында жалпы     капиталдың  қалыптасуына дифференциалдық  рента I және II қатысып,  есепке алынып, нақты экономикаға әсер етеді. Ол дифференциалдық рента бойынша ауыл шаруашылығында жұмысшылар еңбегімен жасаған қосымша құнның бір бөлігімен, ең нашар жер мен орташа және аса құнарлы жерден өндірілген өнімнің өндіріс бағасының арасындағы айырмасы және белгілі уақытта жер бөлімінің көлемінде капиталды да дәйскті түрде жұмсау нәтижесінде пайда болады. Осы қатарда экономикалық теорияның негізінде, дифференциалды II - рентаның әсері ең бастапқы нарық экономика жүйесіндегі әсері ауыл шаруашылығында еңбекпен жасаған қосымша құнның бір бөлігі болып, капитал негізінде құрамына кіреді. Сонымен қатар, жер құнарлылығына байланысты, жерден өндірілген өнімнің өндіріс бағасы арасындағы пайда ретінде қалыптасады. Яғни, жер бөлігінің көлемінде капиталды дәйекті түрде жұмсау нәтижесінде пайда болады. Жалпы алғанда, қандай да экономикалық жүйе пайдаланбасын, экономика ол тұрақты - негізгі капиталмен қатар, өндірісте тауар шығаруда өзгермелі капиталды оны айиалмалы кормсн байланыстыра отырып, пайдалану болады. Ол түпкілікті макроэкономикада айналым жэне оның проблемаларын шешіп, өндірісті дамытып, экономикалық өрлеу, қамтамасыз етіледі. Осындай негізде нарықты экономика жүйесінің қалыптасып дамуы - тарихи әлемдік негіз.

  Негізі  меншік ол адамдардың адаммен, топпен немесе бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас, сонымен қатар субъекттің объектпен  иемденуі толық немесе жартылай, тұрақты  және уақытша жатсынуы.

  Меншік  субъектісі бұл объектіге ие бола алатын, меншіктік қатынастардың  белсенді тарабы.

  Меншік  объектісі бұл табиғат, зат, энергия, ақпарат, мүлік, рухани құндылықтар түріндегі, толығымен немесе жартылай дәрежеде субъектіге тәуелді,  белсенді емес тарабы. 

  Меншіктік қатынастар арасындағы байланыс типтеріне тоқталайық. Ол:

  «меншік субъектісі – меншік объектісі» және «меншік субъектісі – меншік субъектісі ». Мұндай қатынастардың өзара байланысы схемада берілген.

 

                                    Субъектілі-субъектік

                                         қатынастар 

    
 

                                 Субъектілі-объектік қатынастар

  Схема1. Субъектілі-субъектік  және субъектілі-субъектік  қатынастар 

  
    1. Меншік  түрлері және олардың  экономикалық қызметтері.
 

  Меншік  қатынастары мынадай қызметтерді  қамтиды:

  а) иелену (затты иеленуді жүзеге асыру қожалық ету);

  ә) пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);

  б) бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.).

  Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады. 

  Меншіктің экономикалық түрлері:

жеке   ұжымдық   мемлекеттік
еңбіктік Еңбектік емес   (жеке  топтық) Республика

  меншігі

Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі.
Еңбек табысы есебінен Мұрагерге қалдырылған  мүлік есебінен табыс; сақтандыру, несие  мемлекеттеріне салған қаржылар; акция, обмегация және басқа бағалы қағаздардан  түсетін табыс көздері.   а) жалгерлік  меншік

  ә) ұжымдық  кәсіпорын Меншігі (сатып алынған)

  б) кооператив

  тік меншік

  в) акционерлік  меншік:

  а) қоғамдық ұйымдарының меншігі

  ә) діни ұйымдарының  меншігі

  Меншік:

  а) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестігінікі)

  ә) бірлестіктер (ассоциациялар)

  меншігі:

  а) шетел  мемлекетінің меншігі (концессия)

  ә) біріккен меншік (шетел мемлекеті кәсіпорыны)

Республикалық меншігк (жер, қоймауы, сулар, өсімдік  әлемі, жануар әлемі, әуе кеңістігі) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
Коммуналдық меншік (тұрғын үй коомуналдық шаруашылығы  мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа  білім беру, жергілікті бюджет қорлары) 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 

  Әрине, әртүрлі игіліктерді иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құрал-жабдығын иелену процесін, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау маныздырақ.

  Өндіріс құрал-жабдығына деген меншіктің  экономикалық катынастары кез келген экономикалық моделін (нарыктық, әміршілдік-әкімшілдік, мемлекетгік, аралас және т.б.) құрастырушы  болып табылады.

  Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің  тайпалық немесе қауымдастық түрлері  белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда  болды. Жеке адам жердің меншік иесі болып, оны өндіру сол адамнын өзіне  және оның отбасына берілді. Ол өзін басқа  отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан  қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа  біріге бастап қауымдастық меншігін құрады. Калалық мекендер құрылып  қалаға берілген жерлер қауымдастық  меншігіне айналады. Бұл жерде  кауымдастық меншік мемлекеттік  меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.

  Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса  бастады. Осылардын ішінен кейінірек  жеке және мемлекеттік меншік  түрлері  көбірек дами түсті. Мемлекеттік  меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да (1917-1991 жж.) жүзеге асырылып, оның үлесі  басқа меншік түрлерінін жалпы құрылымында - 88,6% құрады. Алайда, нарыктық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктін үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқиды.

  Экономикалық  және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы  мүмкін. Ол онын атқаратын қызметімен жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының калыптасуы, экономиканың салалық құрылымының  оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке  қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.

  Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы  нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда  болуына алып келді. Ол экономика  үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік  өндірушінің тұтынушыға үстемдігі  пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда  болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным  қалыптасты. 
 

  Осыдан  мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою  емес, оның монополиялық үстемдігін жою  туралы әңгіме болып отыр.

  Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру  процесінің басталуы - мемлекеттік  меншік үлесін қысқартуға, онын монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ак, қоғамдык өндірістің тиімділігін арттыру  үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны  тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің  үлесі 30-40% шенберінде бекітіледі.

  Жеке  меншіктін дамуы ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік  немесе корпоративтік меншік, басқаша  айтар болсақ топтық немесе ұжымдық  меншік. Батыстың экономикалык теория мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылык, кәсіпорынды түсінген.

  Жеке  меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен  жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқада қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет акы және т.с.с.) есебінен жасалады.

  Жеке  меншіктің даму кезеңінде еркін  бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін канағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалады: артық өндірудін экономикалык дағдарысы, жеке меншік - бұл билеп-төстеушінің ешкім шектемейтін иегердің (иегердің ез еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Соңдыктан, мемлекеттін араласуы кажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру экономикалык дағдарыстық ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.

  Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ак ұжымдык (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде — меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.

  Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында  кооперативтік меншік — колхоздың, кооператив меншіктің, түтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Казіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толықтырылды.

  Көптеген  әлем елдерінде меншіктін кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер - бұл тауар мен  қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты,  азаматтардың өз еркінде.

  Кооперативтер Англияда ХІХ-шы ғасырдың басында пайда  болып, кейінірек мұндай ұжымдар көптеген Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та кенінен тарады. Алғашкы кооперативтер Дания мен Швециада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу және өткізу бойынша пайда болды. Яғни, 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінін 60%-ы келді.

  Бұрынғы Одақта да шаруашылық жеке енбек меншігін кооиеративтік (колхоздық) меншікке алмастырыдды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген ұжымдастыру (коллективтендіру; негізінде құрылды. Алайда шын мәнінде колхоздарға әкімшілік ұйымдар билеп-төсеп үстемдігін жүргізді. Олар өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айырылды. Себебі, өнімнің негізгі бөліп бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырды. Бұл коопертивтік процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарыктық экономика жағдайында кооперативтік кәсіпорыннын толық өзінше болуы — оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарлығы иеленді. Мұнда, қозғаушы күші — меншік иесі, топтары кооперативтің экономикалык мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативі айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары ХХ-шы ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуынын басты мақсаты - тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару.

  Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта  тұтыну кооперациясы өзінің кызметін қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асырады Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.

  Меншіктің бір түрінен басқасына өтуді  эволюциялық жолмен бәсекелестік күрестін, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-ның негізінде жүзеге асады (мысалы, ХІХ-шы ғасырдағы акционерлік меншік түрінін пайда болуы) немесе бұрынғы Одақта болған мемлекетгік және колхоздық меншіктің зорлық-зомбылық жағымен калыптасуын айтамыз.

  Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipalis» немесе немістің «munizipalitet»  сөздерінен шыққан, «қаланы баскару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланың өзін-өзі» басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады. Казақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.

Информация о работе Меншік және оның формалары