Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция
Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ инженерлі-техникалық академиясы
«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА» пәнінен
050506 – Экономика мамандықтарына арналған
Астана,2008
Құрастырушы: Тәжіғұлова А.Ж.: Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешен – Астана 2008ж.
Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.
Пәнді оқу арқылы халықаралық тауар ағымына, өндіріс факторына және қаржы активтеріне экономикалық талдау жүргізуді үйрету, сонымен қатар осы мәселелердің зерттеулерімен, халықаралық экономика, халықаралық сауда маңыздылығымен және оның табысқа, сауда саясатына әсерімен таныстыру болып табылады.
Өз беттерінше және оқытушының басшылығымен курсты оқуға арналған экономика мамандығының студенттеріне арналған.
(Хаттама №2 от «26» қыркүйек 2008ж.).
Оқу-әдістемелік кешен
(Хаттама № « » )
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ инженерлі-техникалық академиясы
«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА» пәнінен
050506 – Экономика мамандықтарына
арналған
Оқыту түрі: күндізгі
1.ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Тәжіғұлова Айгүл Жармағанбетов
кафедра «Экономика есеп және аудит», каб.402.
1.2. Пән туралы деректер:
Пән: Халықаралық экономика
кредит: 3
өтілетін орны: ҚазИТА
Курс |
Семестр |
Кре-диты |
Лек-ции |
Семи-нары |
СРСП |
СРС |
Барлығы |
Бақылау түрі |
3 |
5 |
3 |
30 |
15 |
45 |
45 |
135 |
емтихан |
1.3. Пререквизиттер:
Қазіргі қаржы нарықтарындағы операцияларды тиімді басқару бойынша білімді және әдістерді тыңдаушылардың терең ұғынуы берілген курстың мақсаты болып табылады. Елдің ақша қатынастарының аса маңызды аймағының,атап айтқанда қоғамдық өнімді,ұлттық табысты және ұлттық байлықты,халықтың қажеттіліктерін,өндірістік қатынастардың материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін айқындау
1.4. Постреквизиттер:
Пәнді оқу арқылы шаруашылық субъектінің қаржылық ерекшеліктерін талдауды үйренеді. Жас мамандар корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық жоспар мен болжамдар құру, экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның қызмет ететін түрлі салаларда дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау жағдайы сияқты мәселелерге дайын болады.
1.5. Пәннің қысқаша мазмұны
Курстың мақсаты: халықаралық тауар ағымына, өндіріс факторына және қаржы активтеріне экономикалық талдау жүргізуді үйрету, сонымен қатар осы мәселелердің зерттеулерімен, халықаралық экономика, халықаралық сауда маңыздылығымен және оның табысқа, сауда саясатына әсерімен таныстыру болып табылады.
.Курсты оқу нәтижесінде студент білуі керек:
Нақты пәнді оқу нәтижесінде студент, білуі қажет:
–халықаралық экономиканының бүгінгі таңдағы даму тенденциясы мен негізгі заңдылықтарын
1.7. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер
қосымша әдебиет:
Рейтинг-шкала
Бақылау түрі |
Баллы |
Ағымдық |
20 |
Ағымдық бақылау |
35 |
Үй тапсырмасы |
10 |
Қорытынды бақылау |
35 |
Барлығы: |
100 |
1.9. Курс саясаты
Студент қарастырылып отырған тақырыпты қысқаша жазып, , үйге берілген тапсырманы уақытында орындап, сабаққа кешікпей, оқу процесіне үнемі қатысып, бақылау жұмыстарын тапсырып, өз бетінше дайындалып, аралық және қорытынды бақылауларға әрқашанда дайын болуы тиіс.
Студент сабаққа міндетті түрде келіп жүруі тиіс. Келмей қалған күндерге оқу-әдістемелік кешеніндегі тапсырмаларды орындау арқылы өз білімін меңгереді. Белгісіз себептермен сабаққа келмеген студенттер оқудан шығарылады.
2. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
2.1. Курстың тақырыптық жоспарлары
Барлығы (кредит): 3
Тақырып аттары |
Лекции |
Семи- нар. |
СРСП |
СРС |
Тақырып1. Әлемдік
экономиканың қазіргі жағдайы
және оның дамуында ұлтық |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып2.Халықаралық экономиканың құрылымы |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 3. Өндіріс
факторлары арақатынасы |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 4. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 5. Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 6. Халықаралық сауданың баламалы (альтернативті) теориялары |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 7. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 8. Капиталды халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 9. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 10. Технологиялардың халықаралық айырбасы |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 11. Халықаралық экономикалық интеграция |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 12. Халықаралық валюталық – қаржылық жүйе |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 13. Валюталық бағам және оны реттеу |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 14. Халықаралық қаржылық нарықтар |
2 |
1 |
3 |
3 |
Тақырып 15. Төлем балансы |
2 |
1 |
3 |
3 |
БАРДЫҒЫ (сағат): |
30 |
15 |
45 |
45 |
2.2. Лекциялық сабақтардың тезисі
Тақырып 1. Халықаралық экономика
Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі
Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы
Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
Халықаралық сауда
Әлемдік нарықтағы тепе-теңдік моделі
1. Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі
Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.
Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:
1) халықаралық сауда
негізінде тауарлардың
2) өндіріс факторларының
халықаралық қозғалысының дамығ
3) бірнеше елдерде
орналасқан кәсіпорындардағы
4) тауарлардың халықаралық
қозғалысын, не өндіріс факторларының
қозғалысын қызмет етумен
5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;
6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.
Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.
Халықаралық экономика (international economics) — тауарлармен халықаралық алмасу, өндіріс факторлары қозғалысы және халықаралық экономикалық саясатты қаржыландыру және қалыптастыру облысындағы әртүрлі мемлекеттік тиістіліктегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтің, нарықтық экономика теориясының бөлігі.
2. Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы. Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономика да осы қағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі – мемлекет болып табылады.
Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, Халықаралық экономика мәнін түсіну жеңіл. Бұл жерде экономистер арасында терминологиялық айрықшалықтар кездескенімен, аса көп қайшылықтар жоқ. «Қысқаша сыртқы экономикалық сөздік анықтамада» «Халықаралық экономика халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі» - деп жазылған. Ал басқа басылымда «Халықаралық экономика (дүниежүзілік шаруашылықбайланыстары) - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі» - делінген. Басқадай көптеген оқулықтар мен оқу құралдарындағы анықтамалар бұлардан онша ерекшеленбейді. Бірақ та терминологиялық айырмашылықтар бірден көзге түседі: «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Дүниежүзілік шаруашлылық байланыстары», «Бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар» және тағы басқаларының да мәні бір – ХЭ – болуы, ұлттық мемлекеттердің болуымен тікелей байланысты.