Международная экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция

Описание

Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

Сауда жағдайындағы баланс

Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады. Сондықтан өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесі сызық бағыты бойынша жылжиды. 2-і ел 2-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 1-і тауар өндірісін қысқартады. Оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы А1 нүктесінен сызықпен жоғары жылжиды. (2.7. сурет). Бұл процесс екі елде салыстырмалы бағалар теңелмегенше жүріп отырады. Жаңа салыстырмалы баға Ра=1/4 пен Ра1 =4 арасында болып, 1-і елдің В нүктесі мен 2-і елдің В1 нүктесі арқылы өтіп, Рвв1=1-ге тең болады. Осымен салыстырмалы артықшылық теориясы бітеді. Стандартты модель орнын басу шығындарының өсуін есепке ала отырып өзгертілген интерпретацияны ғана ұсынады.

Одан ары қарай сұранысты  талдау элементі енгізіледі. Тепе-теңдік экономикада тауардың тұтыну көлемі оның өндірісіне тең болуы керек, графикте олар қиылысуы кажет екені белгілі. Егер Д1 мен Д2 -1-і мен 2-і тауардың тұтынуы болса, онда

Р1хД12Д21Q1х Р2х Q2= V

1-і ел 1-і тауардың 60 данасын артық өндіріп, оны  2-і елге экспорттап (ВС векторы), 2-і елде 2-і тауардың 60 данасын  сатып алады (СЕ векторы). 2-і  ел 2-і тауардың 60 данасын артық  шығарып 1 елге экспорттайды (В1 С1 векторы) да, 1-і елден 1-і тауардың 60 данасын сатып алады. (С1Е1 векторы). Осының нәтижесінде ұсынысты сипаттайтын орын басу шекті деңгейінің қисығы 1 елде II1 деңгейге ауысып, 1 елдің 1 және 2 тауарлардың 20 -даналарынан, көп тұтынатын Е1 нүктесіндегі салыстырмалы тепе-тең бағасының түзуімен жанасады. Сөйтіп ІІ1-і қисық І-і қисығынан жоғары тұрғандықтан 1-і елдің 2-і тауарды тұтынудағы мүмкіндіктері өсе түсті. Осындай жағдай 2-і елде болады да II1 қисығы I1 қисығынан жоғары болып, екі тауарды тұтыну мүмкіндіктері өсе түседі. Сауда нәтижесінде, салыстырмалы артықшылық моделіне қарағанда, елдердің толық мамандануы жүзеге аспайды. Бұл орнын басу шығындарының өсе түсуінің нәтижесі. 1 -і ел 2-і тауардың бір мөлшерін өндіре береді, ал 2-і ел 1-і тауардың белгілі бір мөлшерін өндіреді. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға, әр елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануына дейін қалыптасады. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға орнағаннан кейін, одан әрі қарай әр елдің мамандануының экономикалық тиімділігі жоғалады, өйткені орнын басу шығындарының өсе түсуі шет елден сатып алғаннан гөрі қымбатқа түсетін болады. 2.7. суретте тепе-теңдік баға РВРВ'=1 мағынасында елдердің толық мамандануға жеткенге дейін қалыптасты, өндіріс нүктесі толық мамандану бағытына қарай жылжығанымен, оған жетпей, ол 1-і елдің көлденең осі мен 2-і елдін тік осіне сәйкес келеді.

Саудадан алынатын ұтыс

Саудадан қандай да бір  пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.

Айырбастан алынған  ұтыс - елдің басқа елдермен сауда  қатынастарына түскенінен алынған  артықшылық.

Мысалымызды ары қарай  қарастырайық. 1-і ел 2-і елмен саудаға түскеннен кейін де 1-і тауарға маманданғысы келмейді немесе қандай да бір себептермен жүзеге асыра алмайды деп болжамдайық. Ол 1-і тауарды өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесінде анықталған көлемдерде өндіре береді (2.8 сурет). Бірақ әлемдік салыстырмалы баға елдің ішкі салыстырмалы бағасындай 1/4 емес, 1-і ге тең болады. Сөйтіп, маманданусыз-ақ оның біршама бағалық қоры болады. Сондықтан, ол әлемдік баға бойынша 1-і тауардың 20 данасын сатып, 2-і тауардың 20 данасын маманданусыз-ақ сатып ала алады; тұтыну өсе түсіп, орын басу шекті деңгейінің В қисығы жоғары ауысып, Т тұтыну нүктесі А нүктесінен жоғары болады. Ешқандай мамандану жоқ болғандықтан, тұтыну нүктесінің А-дан Т-ға ауысуы 1-і елдің 2 елмен сауда қатынастарына немесе айырбасқа түскенінен алынған ұтыс екенін көреміз.

Маманданудан алынған  ұтыс - елдің сауда жағдайында ие болған салыстырмалы артықшылығы - бар тауар өндірісіне күш-жігерін жұмылдырып, алған артыкшылығы.

Жоғарыда  көрсетілген модельдегідей 1-і ел 1-і тауарға маманданды дейік. Осының нәтижесінде өндірістік мүмкіндіктер кисығы А нүктесінен В нүктесіне қарай төмен жылжыды. Бұл нүктеде, жоғарыда көрсетілгендей, ел 1-і тауардың 60 данасын 2-і тауардын 60 данасына айырбастай алатыны көрсетілген (2).

Осының нәтижесінде  тұтыну орын басу шығындарының шектігі III деңгейіндегі Е нүктесінде болады. Тұтынудың В-дан Е нүктесіне қозғалысы елдің маманданудан алынған ұтысын көрсетеді.

 

 


 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Саудадан алынған ұтыс және

 

Егер сауда кіші және үлкен  елдер арасында дамыса, онда салыстырмалы артықшылық теориясына сәйкес орын басу шығындарының тұрақтылығы кезінде тек кіші ел салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданады. Бірақ кіші ел осы тауарға толық маманданса да, үлкен елдің қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан үлкен ел өзі иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданумен қатар, салыстырмалы артықшылығы кіші елдегі тауардың белгілі бір мөлшерін өндіре береді.

Орын басу шығындарының өсуі жағдайында, кіші елде де толық  маманданбау пайда болады. Оны 2.8. суреттегі 1-і елге қатысты мысалмен көрсетуге болады. 1-і ел - өте кіші, ал 2-і ел - өте үлкен ел деп болжайық. Бәрінен бұрын бұл кіші елдегі баға өзгерісі үлкен елдің баға өзгерісіне әсер етпейді. Сондықтан әлемдік салыстырмалы бағасы сол Р1 деңгейде калады. Кіші ел 1 -і тауарға мамандана бастайды, өйткені оның ішкі салыстырмалы бағасы Р-1/4 әлемдік бағадан төмен болып, оның өндірісіне А нүктесінен В нүктесіне жылжиды. В нүктесінде толық мамандану әлі жоқ, ал ішкі салыстырмалы баға әлемдік бағамен теңеседі. 1-і тауардың 60 данасын экспортқа шығарып, үлкен елден 2-і тауардың 60 данасын импорттаған кіші ел, орын басудың шекті деңгейінің жоғары /қисығына өтіп, Е нүктесіндегі 2-і тауардың.да көп мөлшерін тұтына бастайды.

Осыдан көріп отырғанымыздай, стандартты модельдегідей, 1-і ел кіші болып саналмаған кездегідей жағдай қайталанады. Айырмашылығы - кіші елдің ішкі салыстырмалы бағалары әлемдік салыстырмалы бағасына әсер етпейтіндігі мен осы жағдайда кіші ел партнер-елмен саудадан алынған толық пайданы бөліспейтіндігінде.

Сонымен, Халықаралық  сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясының шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастарына түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудың шекті деңгейінің өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс, тауар ел ішіндегі салыстырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы бағасының арақатынастарының, қате мен сынау әдісі арқылы, тепе-теңдік бағаға қозғалысына негізделген. Әрбір ел өзі ие болған салыстырмалы артықшылығы бар тауар өндірісін үлғайтып, оны осы елдің салыстырмалы артықшылығы бар тауарға сату арқылы айырбастайды. Нақты әлемде орын басу шығындары тұрақсыз болғандықтан, сауда нәтижесінде елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға толық мамандануы болмайды. Сауда нәтижесінде әрбір ел мынандай артықшылыққа ие болады: айырбастан алынатын пайда және маманданудан түсетін пайда. Кіші және үлкен елдер арасындағы сауданың айырмашылығы кіші елдің ішкі салыстырмалы бағаларының, үлкен елдердің ұсыныс пен сұранысқа байланысты қалыптасатын әлемдік салыстырмалы бағаға әсер етпеуі мен кіші елдің саудадан алынған пайданы, сауда партнерімен бөліспеуінде болып отыр. Саудаласушы елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы сәйкес келген жеке жағдайларда, сауда тұтынушылардың талғамдық өзгешеліктерімен елдердің алатын пайдасына негізделеді.

 

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2

 

Тақырып 7. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

 

  1. Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі
  2. Протекционизм: мәні және формалары
  3. Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері
  4. Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері

 

1.Мемлекеттің халықаралық  саудадағы рөлі.Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:

  • халықаралық сауда саясаты;
  • сыртқы сауда саясаты;

Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.

Сыртқы  сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

  • осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен 
    әдісін өзгерту;
  • экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
  • елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия 
    және т.б.);

• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту. 
       Кейбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.

Сыртқы сауда  саясатының негізгі екі бағыты бар:

  • еркін сауда саясаты;
  • протекционизм.

Еркін сауда саясаты  таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.

Еркін сауда оң саяси  салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.

Еркін сауда  саясатының жүргізілуі экономикасы  дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

2. Протекционизм: мәні және формалары. Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына  көмекте-седі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.

Өзінің төтенше  формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.

Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

Мемлекет  шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі  және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

Сыртқы сауданың құралдарына  екі жақты немесе көп жақты  келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.

3.Сауда саясатының  сипаты және халықаралық сауданы  реттеудің кедендік әдістері. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың



мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады  дейік. 3.1. суретте 5 түзуі мақтаның ұсынысын, Д түзуі - сұранысты, ал Ро - ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері О0-ге тең болады. Бұл жағдай автар-киялық экономикада пайда болуы мүмкін.

Сурет

1. Импорттық

тарифтердің іс-әрекетінің механизмі



Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Рw-қа тең кезінде ашты деп бол-жамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өндірісі (Q0 -ден Q1-ге дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2-дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (О2-Q1) тең болады.

Информация о работе Международная экономика