Международная экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция

Описание

Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 858.00 Кб (Скачать документ)

 

1. Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы.Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады.

Капиталды шетке шығару дүниежүзілік шаруашылықты тереңдете дамыту кезеңіндегі тауарды шетке шығару монополиясын жойды. Тауарды шетке шығаруды толықтыра және негіздей отырып, ол ХЭҚ жүйесінде анықтаушы қызметін атқара бастайды. ОЭСР бағасы бойынша, 80-жылдары (1983 жылдан) тікелей инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 34% тең болып, ол әлемдік сауда өсім қарқынынан 4 есе көп болды. 90-жылдар басындағы қысқа мерзімдік дағдарыстан кейін, ол қайтадан әлемдік сауда айналым өсімінен артық бола бастады.

Халықаралық капиталдар рыногы қазіргі заманда әлемдік экономиканың іс-әрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыстарын дамытуда анықтаушы элемент болып табылады.

Капиталды шетке шьғару - бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шет елге ауысуы. Капиталдың шет елге ауысуын (капиталды шетке шығару) дегеніміз - бір елдің ұлттық айналымынан капиталдың бір бөлігін алып, оны қабылдаушы елдің өндірістік немесе айналым процесіне әр түрлі формалар (акшалай, тауарлы) арқылы ауыстыру процесін айтамыз, Бір елден екінші елге капитал ауысуы, ең алдымен, шығарушы елдің экономикалық дамуының сыртқы саудаға қарағанда өсу қарқыны жоғары болғанымен байланысты. Капитал экспортының қажеттігі дамыған елдерде капитал "молдығы" пайда болып, ол ұлттық экономикадағы пайда нормасының төмендеуі, оның массасының жоғарылауымен өтелмейтіндігіне байланысты болды.

Капиталды шетке шығару мүмкіндігінің пайда болуы XIX ғасыр соңында бірқатар артта қалған елдердің дүниежүзілік шаруашылықка тартылуына, олардың көбінде басты теміржол желілері салынып немесе салына бастауына, өндірістің дамуының қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілуі мен жергілікті ақшалай қорлану қаржылары пайда болып, оны тауарлы өндірісті қарқынды дамуына қосылуға дайын болуына байланысты болды.

Статистика  мәліметтері бойынша, соғыстан кейінгі  жылдары сыртқы сауда көлемдері тұрақты өсіп отарды, бірақ көбінесе бұл өсім капитал ауысуымен байланысты болды, басқаша айтқанда капитал экспорты тауарды шет елге шығаруды ынталандырудың құралы болған. Бұл төмендегі жағдайлар негізінде жүргізіледі:

  • капиталды шетке шығару тауарлы формада, мысалға машина, 
    құрал-жабдық және т.б. түрде жүзеге асырылды;
  • капиталды шетке шығару - бұл несиелеуші  елде тауарды сатып алу үшін несиелер беру;

- капиталды шетке шығару - трансұлттық компаниялар шеңберінде ішкі фирмалық тауарлар ауысуы арқылы болды.

Капиталды шетке шығару арқылы капиталистік ұдайы өндірістің қалыпты әрекет етуінің күрделі мәселелері шешіліп, елдіңтауарлы экспортының өсуіне әсер етеді. Осының нәтижесінде капитал экспорттаушы елде машина, құрал-жабдыққа ішкі сұраныс өсіп, пайда нормасынын төмендеу тенденциясы тоқтатылды.

Назар аударатын тағы бір жағдай, қазіргі кезеңде егеменді елдер арасындағы капитал ауысуы үшін барлық алғышарттар бар, ол халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық өндірістің кооперациясымен күшейтілуде.

Капиталдың  шет елге ауысу себептері арасынан донор-елдегі капиталдың салыстырмалы артықшылығы ерекшеленеді. Бұл капиталды шет елде үлкен пайда алу мақсатында орналастырып, дивиденд немесе пайыздар арқылы пайда алу үшін жүзеге асырылады.

90-жылдарға дейін әлемде  тиімді пайдалануды қажет ететін  резервті капиталдың зор көлемдері қалыптасты. Олар сақтандыру компаниялары, зейнеттік, сенімділік, инвестициялық және тағы басқадай қорлар арқылы жинақталуда. АҚШ-тың өзінде 1995 жылы олардың активтері 8 трлн. доллардан асып түсті.

ХХ-ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсуде, Капитал экспортының өсу қарқыны тауарлы экспорт пен өндірісі дамыған елдердің ЖІӨ-нің өсу қарқынынан да асуда. Капиталды шетке шығару көлемінің күрт өсуі кезінде оның халықаралық миграциясы күшеюде.

Капитал қозғалысы халықаралық тауар саудасының субституты болып табылатындықтан, оның негізінде де тауар экспорт-тындағыдай себептер жатыр. Олар:

  • рынокты кеңейту;
  • жоғары пайда алу;
  • шет ел ресурстарын сатып алу;
  • саяси мақсаттар.

Бірақ бұл мақсаттар  әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Өйткені капиталды шетке шығаруды ынталандыратын өзіндік себептері де бар. Олар:

  • технологиялық артықшылық. Компанияның сату көлемінде 
    ҚЗТКЖ (НИОКР) -ға шығындар деңгейі жоғары болған сайын, оның 
    капитал экспорты да жоғары болады.
  • жоғары маманданған жұмысшы күшіі. Еңбекті төлеу деңгейінін 
    жоғарылығы компанияны капиталды экспорттауға итермелейді.
  • халықаралық маркетингте жинақталған тәжірибе мен 
    жарнамадағы басымдылықтар
  • өндіріс көлемдерінде үнемдеу. Сату көлемдерін ұлғайту 
    қажеттілігі компанияларды сыртқы рыноктарға шығуға итермелейді.
  • компаниялар көлемі, Көлемі неғұрлым ірі болса, капитал 
    шығару деңгейі соғұрлым жоғары болады.
  • белгілі бір тауар өндірісінің шоғырлану дәрежесі мен ел ішіндегі 
    бәсекенің күшеюі.
  • арзан өндіріс факторларын пайдалану мүмкіндігі.
  • транспорттық шығындардың азаюы.
  • сауда кедергілерін айналып өту.
  • жергілікті рынок ерекшеліктерін жақсы білу.

Капитал миграциясынын  еларалык формаларынын топтастырылуы.

Капитал экспорты, оның белгілі  әрекет етуінің принциптеріне сәйкес, әр түрлі формаларда жүзеге асырылады.

Өзінің мазмұны  мен формасы бойынша шет елдік  капитал салымдары әр түрлі болуы мүмкін.

Олардың, шығу көздері бойынша мемлекеттік  және жекеменшік капиталға бөлу қабылданған.

Мемлекеттік капитал салымдарын кейде халықаралық аренада ресми деп те атайды. Ол мемлекеттік бюджеттен немесе халықаралық ұйымдар шешімдері бойынша шет елдерге бағытталған немесе шет елдерден қабылданатын қаржылар.

Түрлері бойынша - бұл  мемлекеттік қарыздар, несиелер, гранттар (сыйлар), көмек болып бөлінеді. Олардың қозғалысы үкіметаралық келісімдер арқылы шешіледі. Бұған халықаралық ұйымдардың (мысалға ХВҚ (МВФ) несиелері мен басқадай қаржылары жатады. Бірақ қандай жағдайда да бұл салық төлеушілердің ақшалары болып табылады.

Мемлекеттік капитал  көбінесе қарыз түрінде шығарылады. Бірақ басқа қарыз капиталдары  сияқты елде артық капиталдың болуынан емес, мемлекеттік бюджетте артық  қаржылар жоқ, ол саяси сипатта болып, қарыз берушілерге пайызды алу  арқылы жоғары табысты қамтамасыз етеді.

Жекеменшік  капитал - бұл мемлекеттік емес көздерден алынып, жеке тұлғалардың шет елге орналастырылатын немесе шет елден қабылданатын қаржылары.

Бұған инвестициялар, сауда несиелері, банкаралық несиелеу кіреді. Олар тікелей мемлекеттік бюджетпен байланысты болмаса да, олардың қозғалысын үкімет қадағалап, өз уәкілдігі шеңберінде бақылап, реттей алады. Тәжірибеде мемлекеттік қаржыларды жеке-меншік инвестицияларға айналдырудың көп түрлі амалы бар.

Мерзімі бойынша  шет ел капитал салымдары: кысқа  мерзімді, орта мерзімді, ұзак мерзімді болып бөлінеді. Соңғыларына 5 жылдан асатын салымдар кіреді. Бұл топқа ең маңызды капитал салымдары жатады. Өйткені ұзақ мерзімді капитал салымдарына кәсіпкерлік капиталдың тікелей және портфелді инвестициялары (көбінесе жеке меншік), қарыз капиталы (мемлекеттік және жеке меншік несиелер) кіреді.

Пайдалану мақсаты  бойынша шет елдік салымдар кәсіпкерлік және қарыз болып бөлінеді.

Соңғылары қаржыларды пайыз  түріндегі пайда алу мақсатында қарыз беру болып табылады. Бұл сферада мемлекеттік және жеке меншік көздерінен шыққан капиталдар әрекет етеді.

Кәсіпкерлік инвестициялар тікелей немесе жанама түрде өндіріске салынып, дивиденд түрінде пайда алудың қандай да бір бөлігін анықтау құқымен байланысты болады.

2.Капиталдың халықаралық қозғалысының формалары. Инвестициялардың жаңа түрлерін дамытуда ірі фирмалар мен корпорациялар, әсіресе басқа елдер рыногына енудің стратегиясын тез ауыстыруға үйренген трансұлттық компаниялар маңызды орын алуда. Кей жағдайларда дәстүрлі тікелей инвестицияларды бөліктерге бөледі. Мысалға, капитал, технология, басқару тәжірибесі, осының бәрін импорттаушы елге бөлек элементтер есебінде береді. Бұл жабдықтаушы-фирмаларға екі жақты пайда әкеледі. Біріншіден, инвесторлар капитал салымдарының әрбір элементіне өзіне тиімді баға белгілеуге мүмкіндік алды. Екіншіден, технология және басқадай қызмет көрсету барысында түскен пайданы бас фирмаға аудару арқылы табысын көрсетпеуге мүмкіндік алады.

Шетелдік инвестициялар  көлемі бойынша 100 ірі компания (қаржы  және банк ұйымдарын санамағанда) өндірісі дамыған елдерде орналасқан. Олардың шетелдік салымдары көлемінің құны 1,4 трлн. доллар, ол әлемдегі тікелей инвестицияларының 2/ 3 бөлігін құрайды. Өткен бес жылдықта бұл үлес өзгеріссіз қалды.

Осы компаниялар тізімін 1990 жылдан голланд концерні Роял-Датч-Шелл көш бастап келеді. Одан кейін 60,6 млрд. доллар (жалпы активтер сомасы 219,4 млрд. доллар), бар Форд, 56,2 млрд. доллары бар Эксон келеді.

Бірақ, егер интегралды трансұлттық  индексін қолдансақ, күштер арақатынасы толық езгереді. Ол көрсеткіш шетелдік салымдар келемін ғана емес, шетел сату көлемі мен шетел жұмысшы күшін пайдалануды есептейді. Осы көрсеткіш бойынша "Роял-Датч-Шелл" тек 27 орынға түсіп, бірінші орынға канадалық Томсон Корпорейшн шығады.

Алғашқы 100 ірі трансұлттық компания мынандай нышандармен сипатталады:

  1. орналасуы бойынша ең ірі топты американдық ТҰҚ құрайды 
    (100-ден 32-ісі) және шетелдік салымдардың басым бөлігі 
    осылардың үлесіне тиеді;
  2. ең тез өсіп келе жатқан топ- Жапон ТҰҚ (1990 жылы бірінші 
    жүздікті 11 болса, 1994 жылы 19 болды). Жапондық электрондық 
    корпорациялар алдыңғы қатарлы ТҰҚ-дың манызды жаңа қатысушыларына айналуда;
  3. еуропалық ТҰҚ капитал және ғылымды көп қажет ететін 
    салаларда, оның ішінде химиялық және фармацевтикалық өндірісте 
    елеулі позицияларын алуда;

4) Салалалық трансұлттық  индексінің жоғарылығымен химиялық және фармацевтикалық ТҰҚ, одан кейін тамақ және электрондық өнеркәсіптер ерекшеленуде, тізімді таза сауда компаниялары тұйықтайды.

Сонымен бірге, ірі ТҰҚ  арасында қазір Азия мен Латын Америкасының дамушы елдерінен шыққандары да бар. Осы ТҰҚ тізімін "Дэу" (Корея Республикасы), "Хатчисон Уампу" (Гонконг), "Семекс" (Мексика) сияқты компаниялар бастайды.

Трансұлттық индекс бойынша, 90-жылдар ортасында алдыңғы қатарды  жеке компьютерлерге мультимедия жабдығын шығаруға маманданған сингапурлық "Криэйтив технолоджи" фирмасы алған болатын (онын үлесіне әлемдік рыноктағы осы өнімнің 60 тиеді).

Орналасуы бойынша осы  ТҰҚ тобы ішінде Оңтүстік Корея мен Тайвань корпорациялары ерекшеленді (әр елден 8-ден). Салалық трансұлттық индекс бойынша, жоғары көрсеткіштер құрылыс және электрондық өндірісте болды.

Қазіргі уақытта дамушы елдерден шыққан 50 ірі ТҰҚ- ға осы елдердегі фирмалардың шетелдік салымдарының жалпы көлемінің 10-нан аса үлесі тиеді.

Сонымен қатар, сатудың жалпы көлемінде  шетелде сату үлесі жоғарылады (30), бірақ шетел активтерінің үлесі әлі де төмен (9). Сондықтан трансұлттық интегралды индексі дамушы елдердің ТҰҚ-да (21), бірінші жүздіктегі ТҰҚ-ға (42) қарағанда екі есе төмен. Әрине бұл жағдай дамушы елдерден шыққан капиталының трансұлттандыруының қысқа тарихымен түсіндіріледі. Соған қарамастан, дамушы елдерден шыққан ТҰҚ-ар өз операцияларының интер ұлттандырылуын жоспарлап отыр.

Соңғы уақытта жекелеген  елдер мен компаниялардың шетелдік салымдар іс-әрекетінің қарқындылығының себептері ішінен бәсекелестіктің күшеюі, жаңа технологиялар, жекешелендіру, үкіметтің қолдау көрсетуі сияқтыларын атауға болады. Одан басқа инвестициялар тартуға белсенді әсер ететін, келесідей аймақтық топтарды атауға болады: ЕО, НАФТА, АСЕАН.АТЭС. Өйткені олар бизнестің глобализациясы, инвестициялық режимдерді жасақтау мен практика жүзінде қолдануға әсер етеді.

Қазіргі кезде әлемдік экономика  тікелей инвестициялар жөнінде  зиын тәртібін анықтайтын көп жақты  механизмді құру бағытында қозғалуда. Осыған байланысты төмендегідей жағдайларды атауға болады:

  1. инвестициялық тәртіпті ырықтандыруға бағытталған заңдар- 
    дағы өзгерістер. (1995 жылы 64 елде 112 өзгеріс қабылданып, 
    оның 106 тәртіп жеңілдетілген);
  2. нақты мәселелерді көрсететін аймақтық келісімдер орнының 
    жоғарылауы. Оның ішінде: тәртіп, кепілдіктер, инвестициялық 
    таластарды реттеу, заңсыз төлемдер мен басқадай коррупция 
    түрлерімен күрес жүргізу, информация ашу тәртібін тағайындау, 
    фирмалардың трансферттік бағаларына бақылау, сыртқы ортаны 
    қозғау, түпкілікті әлеуметтік сияқты мәселелерді шешу кіреді;
  3. жаңа, көп жақты тәсілді, әсіресе қызмет көрсету, интелектуалды меншік құқығы, сақтандыру, таластарды реттеу, жұмыспен қамту мен еңбек қатынастарына байланысты қалыптастыру.

Эксперттік бағаларға  сәйкес, ірі инвесторлар өзінің шетелдік операцияларын жеделдетуге бейім. Дамыған елдер тобынының ішіндегі қарама-қарсы инвестициялары, ТҰҚ бірінші  жүздігінің негізгі нышаны болып қала беретіні де айқын.

Бірақ кейбір географикалық нюанстар бар: американдық фирмалар батыс еуропалық рынокқа көз салуда (әсіресе жоғары технологиялар мен тұтыну тауарларды шығару бағытында); еуропалық ТҰҚ негізгі капитал салымдарын американдық рынокта жасауды көздеуде; жапондық ТҰҚ басты мақсаттары Азияда. Азияға американдық және еуропалық ТҰҚ-да қызығушылық танытуда. Сондықтан 90 жылдардың екінші жартысында ТҰҚ капиталының негізгі ағымы Азия елдеріне бағытталуы ықтимал. Дамушы елдерге келетін болсақ, олардың жаңа инвестициялары да дамушы елдерде орналасуы мүмкін.

Тікелей шетел инвестицияның  салалық құрылымына қарасақ, шетел капиталын салуға жаңа мүмкіндіктер ашылғанын атауға болады. Бұл көптеген елдердің экономика секторларындағы ырықтандару мен реттеуден бас тарту прогресінің нәтижесі және үкіметтердің шетелдік капитал ресурстары мен технологияны тарту шараларынан болды. 90 жылдар басынан инфрақұрылым салаларына жыл сайын 7 млрд. доллардай шетел инвестициялары салынып келді. Соған қарамастан, бұл салалардың инвестициялық қажеттіліктері әлі де толық қанағаттанбаған, оған жаңа капитал салымдары үшін көп мүмкіндіктер қалуда.

Информация о работе Международная экономика