Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:16, лекция
Оқу-әдістемелік кешен - «Халықаралық экономика» пәніне типтік негізінде құрастырылған
Дәріс сабақтары негізінде берілген теориялық материалдар Халықаралық экономика (international economics) — халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы және халықаралық экономика саясатын құру және қаржыландыру облысындағы түрлі мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін, нарықтық экономика терориясының бір бөлігі болып табылады.
Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы - 52%, Латын Америкасы - 29%, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия - 9%, Шығыс және Солтүстік Африка - 4%; Африканың субсахара беліндегі елдер 4%, Оңтүстік Азия 2%.
Азиялық елдер ішінде шетел инвестициялары үшін ең тартымды Қытай, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Гонконг, Тайланд, Тайвань, Оңтүстік Корея, Филиппин елдері болды. Ал тікелей инвестициялар көлемі бойынша ірілеріне Қытай, Сингапур мен Индонезия кіреді. Ең көп бөлігі, әрине, Қытай үлесіне тиеді. Бұл елде аймақтық экономиканың өзгеше бір орталығы қаланып, ол арқылы экономикасы қуатты елдер өзара және дамушы алдермен әрекет етуде.
Капитал импортының екінші тартымды орталығы болып Латын Америка елдері саналады.
Бұл аймақтағы таза шет ел инвестицияларының ірі импорттау-шыларына Бразилия мен Мексика кірді. 1996 жылы осы континентке бағытталған 31 млрд, доллар инвестицияның 8-і Бразилияға, ал 7-і Мексикаға тиді. Одан кейін Перу (3,4), Аргентина (1,4), Боливия (0,5). Қалған елдер шетел инвесторлар назарына ілікпеуде. Әлемдік тәжірибеде инвестицияларға қатысты ЖІӨ-ге пайыз көлемі көрсеткіші кең қолдануда. Осы көрсеткіш бойынша бірінші орынды Боливия (ЖЮ 6,5%), одан кейін Перу (4,4%), ал Бразилия (1%) алуда.
Соған қарамастан, соңғы жылдары Шығыс Еуропа мен КСРО-ның бұрынғы республикаларының шетел капиталын тарту процесі күшейді. 1989 жылдан 1996 жылға дейін осы елдерге 31 млрд. доллардан астам инвестиция салынған. Осы топтың ішінде ірі капитал импорттаушылырға бұрынғы социалистік елдер мен Балтық Республикалары кіруде. Венгрия әр тұрғынына есептегенде 200 доллардан немесе жалпы көлемі 2 млрд. долл. инвестиция алды. Ал ТМД елдерінің экономикаларына не бары 13 млрд. доллар салынды.
5. Портфелдік инвестициялаудың себептері мен түрлері. Портфельді инвестиция деп - шетел кәсіпорынына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін, акциялар, облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады.
Портфельді инвестициялар - ірі корпорация, орталық және жеке меншік банктер шығаратын қарыз облигацияларын, шетел капиталын тарту арқылы қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.
Портфельді инвестициялар
қозғалысына жекелеген
Портфельді
инвестицияның тікелей
1950-1960 жылдары өндірісі
дамыған елдерде экономикалық
даму қарқынының жеделдеуі
Экономикалық жағдайдың
өзгеруі капиталды шетке
- жабдықтаушы-компанияның
кейбір ережелік ұстануы
міндеттемесіне айырбасы.
Технология экспорты капитал инвестициясының арнайы түріне айналды. Бұл түрін жүзеге асырғанда, технология элементтерін (патент, лицензия, сауда маркасы, басқару тәжірбиесі, т.с.с.) жабдықтаушы-компания төлем ретінде қабылдаушы компанияның пайдасының бір бөлігіне ие болады. Бұл жерде капитал экспорты сату мен несие беру нышанына ие болады. Мысалға: ғылыми-техникалық жетістікті белгілі бір мерзімге сатылды, бірақ сатушы меншік иесі болып қала береді. Кейде технология экспорты оны сатып алушы фирманың акцияларының бір бөлігіне айырбасталады. Осыдан, көріп отырғанымыздай, технология экспорты ерекше тауарды шет елге шығарумен ғана емес, шетке шығаруға байланысты экономикалық қатынасымен де сипатталады.
Жаңа формалар дәстүрлі тікелей инвестициялар орнын баспаса да кең дамып келе жатыр. Олар көбінесе қабылдаушы елдің ішкі рынЬгына жұмыс істейтін және алдыңғы қатарлы технология емес, толыққан технологиялармен жұмыс істейтін салаларда кең етек жаюда.
Көрсете кететін бір жәйт, шығарылатын капиталдың басым бөлігі ірі компаниялар меншігі болып табылады. Бұл түсінікті де. Өйткені шетел инвестицияларын жүзеге асыру үшін, кәсіпорын көлемі мен оның қолындағы қаржы және басқадай артықшылықтар арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бірақ оған қарамастан, соңғы уақытта капиталды шетке шығаруда кіші және орта фирмалар кең мүмкіндіктерге ие болып, ірі компанияларға қарағанда бірқатар басымдылықтар алды. Кіші және орта кәсіпорындар үшін капиталды шетке шығару тауарларын шетел рыноктарына өткізумен байланысты.
Соңғы уақытта батыс инвесторларына әр түрлі жобаларды қаржыландыру жүйесінің өзгеруі көп қолдау көрсетті. Егер бұрын осы мәселені шешуді жабдықтаушы-фирмалар толық өз мойнына алатын болса, қазіргі уақытта ол мәселені тәуелсіз қаржы компаниялары немесе банктер шешуде. Сөйтіп, трансұлттық банктердің пайда болуы импорттаушы елдердегі ірі өндірістік жобаларды қаржыландыруды жылдамдатты. Жобаларды каржыландырудың бірлескен түрі пайда болды. Ол бірнеше банктердің жобаға қатысып, одан кейін рынокты өзара бөлісу сипатында болды. Капитал импортының мүмкіндігін кеңейтуде евровалюта рыногының дамуы маңызды орын алады.
6.Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы. Елдер арасындағы ақша капиталының миграциясы әлемдік қарыз капиталы рыногының механизмі арқылы жүзеге асырылады. Бұл рынок әр түрлі елдердің қарыз берушілер мен қарыз алушыларының қарыз капиталына деген жиынтық сұраныс пен ұсыныстан тұрады. Оның негізгі функционалды мақсаты - әлемдік деңгейде қаржы ресурстарын жинақтау мен оны бөлу.
Қарыз капиталы несиелерді ақшалай немесе тауарлы түрде, шетелден жоғары пайыз алу мақсатында беру. Әлемдік қарыз капиталының рыногын қалыптастыру дүнтижүзілік шаруашылық кешенінің негізі болып табылады.
Қарыз капиталының
халықаралық қозғалысы
Қарыз капиталының әлемдік рыногы елдер арасындағы қарыз капиталының қорлануы мен қайта бөлуіне қатысты жүйені құрап және әрекет етуші капитал айналымына қызмет етеді. Егер бір жерлерде қаржының бір бөлігі босаса, екіншісінде оған деген сұраныс туындауы мүмкін.
Қажетті валютаны валюта рыногында сатып алуға немесе оны қарызға алуға болады. Осы мақсаттар үшін әлемдік қарыз капиталы рыногы немесе банк несие рыногы қызмет етеді. Осы рыноктың калыптасуының алғышарттары халықаралық деңгейде несие катынастарының тез дамуы болды. Әлемдік қарыз капиталы рыногы дамыған елдердің - АҚШ, Англия.Франция, Германия, Швейцария сияқты елдердің ұлттық рыноктары негізінде пайда болып, әлемдік шаруашылық шеңберінде капитал ауысу жүйесін қалыптастырды. Бұл өндірісі дамыған елдер рыноктарының бірігуінің табиғи процесін көрсетеді. Қарыз капитал рыногының қалыптасуының объективті негізі халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірістің интерұлттан-дыруының әрі қарай дамуы болды.
Әлемдік қарыз капитал рыногының
қарыз алушы мен қарыз беруші
арасындағы делдалдық қызметті атқаратын,
маманданған қатысушылар
Қазіргі уақытта әлемдік қарыз капитал рыногына бірқатар халықаралық қаржы ұйымдары кіріп, олар әлем бойынша зор көлемде қарыз капиталын жинап, оны қайта бөлуді жүзеге асырады. Осы орталықтарда валюталық, депозиттік, несиелік, эмиссиялық және сақтандыру операцияларының басым бөлігі іске асырылуда.
Әлемнің ең маңызды қаржы орталығы АҚШ-тың сыйымды капитал рыногы бар Нью-Йорк болып табылады. Нью-Йорктық қор биржасы әлемдегі ең ірі қор биржасы болып табылады.
Еуропада алдыңғы қатарлы
Соңғы онжылдықтарда Шығыста - Токио, Сингапурда, Гонконгта жаңа қаржы рыноктары пайда болды. Оған Жапонияның және басқа Азия аймағындағы экономиканың қарқынды өсуі әсер етеді. Өйткені олар әлемдік саудада өз позициясын нығайтып, батыс елдері сияқты несиелеуші бола бастады.
Осы жақында ғана дүниежүзілік шаруашылықтың елеусіз жерлері болған - Бахрейн, Панама, Багам, Кайман және нидерландтық Антиль аралығында қаржы орталықтары пайда болды. Олар офшорлық негізде жұмыс істеуде, басқаша айтқанда қаржы операцияларын ұлттық реттеу жүргізілмейді. Өйткені олардың жеңілдікті валюталық тәртіптері болғандықтан, оған трансұлттық банктер мен корпорациялар қызығушылық туғызуда.
Қазіргі әлемдік қарыз капитал рыногының орталық тізбегі 60-жылдары құрылған еуровалюталық рынок болды. Оның пайда болуы ұлттық үкіметтер бақылауындағы қаржы операциялардың ақырын дамуынан басталды және ол дүниежүзілік шаруашылық өсу қажеттіктеріне жауап бере алды.
Тез дамып келе жатқан еурорыноктың халықаралық несиелер сферасында біртұтас механизмі бар. Оның ішінде еуровалюта рыногының құрамдас бөліктері болатын еуронесие мен еурооблигациялар рыноктары ерекшеленеді. Еуронесие рыногы зор ауқымымен, көп жақтылығымен, уақыттық және көлемдік шектеулері жоқтығымен, және ең бастысы ұлттық несие рыноктарымен салыстырғанда төмен пайыз мөлшерімен сипатталады. Бұл келісім-шарттардың ірі көлемдері мен шектеулі реттеудің жоқтығымен байланысты болып отыр.
Еурорынок - бұл ұлттық карыз капиталы рыногынан тыс рынок. "Еуро" деген сөз рынок Батыс Еуропа көлемімен шектеледі деген сөз емес, ол белгілі бір валютаның - доллар, марка, фунт, т.с.с. -шетел банктерінің есепшотында болғандығы және оны олар несиеге беруге пайдаланатындығын білдіреді. Еурорынокта несие операциялары, қарыз беруші мен алушыға да шетелдік болатын валютамен беріледі. Мысалға, Париждегі коммерциялық банк түрік бизнесменіне несиені неміс маркісімен береді. Еуровалюталық операциялар, ұлттық валюта есеп шоттарынан тысқары, ерекше банк есеп-шоттарында жүзеге асырылады. Олар мемлекеттік қаржы ұйымдарымен бақыланбайды. Осындай мемлекеттік бақылау жоқтығы еврорыноктың дамуына ерекше әсер берді.
Еуровалюта рыногының операциялары Батыс Еуропанын ірі қаржы орталықтарында - Лондон, Париж, Цюрих және басқадай калаларда жинақталған. Валютаның ірі партиялары АҚШ лен Батыс Еуроладан келеді. Осы аймақтар және Канада, Жапония, Швеция еуровалютаның ірі қарыз алушыларына жатады.
Еуровалюта рыногының қалыптасуы жоғары қарқынмен дамығандығын атап кету қажет. Егер 1979 жылы операциялардың жалпы көлемі 1 трлн. долларға тең болса, 1988 жылы ол 5 трлн. доллардан асып түсті.
Халықаралық қарыз капиталының рыногы қарқынды дамып келе жатқан рынок болып табылады. Бұл қазіргі жағдайларда сыртқы қаржыландыру көздерінің маңызы артуын көрсетеді. Компанияның ұлғаюы халықаралық банк беретін ақша қаражатынсыз мүмкін емес. Тек 1998 жылдан 1993 жыл аралығында оның көлемі екі есе өсті.
Қарыз алу құрылымындағы үлес салмағының басым бөлігі облигациялық, синдикаттық (евронесие) мен евровексельдер үлесіне тиеді. Несиенің бұл түрлері тәуекелділікті қарыз берушілер арасында бөліп, қарыз алушыларға қатысты позицияларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қарыз капиталының негізгі көзі ретінде, жеке меншік капиталының мөлшері елеулі болғанымен, көбінесе мемлекеттік қаржылар пайдаланылады. Евронесие рыногындағы негізгі қарыз алушыларға ТҰҚ, үкіметтер, халықаралық қаржы ұйымдары жатады. Қарыз берушілер болып әлем қаржы ұйымдары, мемлекеттер, жекелеген мемлекеттік органдар, валюта-несие ұйымдары (ХВҚ, ЭРКҚБжәне т.б.) әрекет етеді.
Қаржыландыруды облигациялар сату арқылы қарыз алып жүзеге асыруға болады. Еуровалютадағы қарыздар өндірістік өнеркәсіптерге ауқымды жобаларды қаржыландыру, мемлекеттің төлем балансының дефицитін жабу үшін қалқымалы пайыз мөлшерімен беріледі. Еуровалютаның төрт қарыз түрі бар: