Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 09:24, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Курстық зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңдарды зерттеу.
Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:
• табиғи монополия;
• жасанды монополия.
"Монополияның үш негізгі көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады".
Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ----------------------------5
1.1 Монополия және оның түрлері------------------------------------------------------5
1.2 Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке------------------------------8
1.3 Таза монополия жағдайындағы фирма------------------------------------------12
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ--------------------------------------------------------------------------------18
2.2 Қазақстандағы фирманың теориялық жіктелуі---------------------------------18
2.2 Фирманың экономикалық даму сатылары-------------------------------------20
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ-----------------24
Бәсекелестікке тиімді топ – кластерлік жүйе және оны жетілдіру--------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------31
ҚОСЫМША-------------------------------------------------------------------------------32
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ
ТАРИХЫ------------------------
1.1 Монополия және оның түрлері---
1.2 Нарықтық экономикадағы монополиялық
бәсеке------------------------
1.3 Таза монополия жағдайындағы
фирма-------------------------
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
БӘСЕКЕНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ-----------------------
2.2 Қазақстандағы фирманың теориялық жіктелуі----------------------
2.2 Фирманың экономикалық
даму сатылары-----------------
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА
БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ-------------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
ҚОСЫМША-----------------------
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында: «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр, мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін:
Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы өлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.
Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.
Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-тендіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз.
Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.
Алтыншыдан. біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.
Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқығы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі- деп атап көрсетті.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Курстық зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңдарды зерттеу.
Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:
• табиғи монополия;
• жасанды монополия.
"Монополияның үш негізгі көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады".
Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
1.1 Монополия және оның түрлері
Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:
• табиғи монополия;
• жасанды монополия.
"Монополияның үш негізгі көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады".
Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады.
Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені моно-полист өзі шығарған өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді пайдалануға болар еді.
Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бесеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен сипатталынатын болса, онда монополистік бәсеке бар деп саналады:
1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне олардың бәрі ұсақ сатушылар (немесе сатып алушылар) болып келеді.
2. Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктагы баға туралы және сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.
3. Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.
4. Сатушылардың өнімдері өртекті болып келеді. Сатып алушының көзқарасы тұрғысынан әрбір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез келген басқа сатушының өнімінен аздап болса да өзгешеленеді.
Төртінші белгісі шешуші болып саналады — әрбір өндіруші басқалардан гөрі өзгешелеу, бірақ алмастыруға болатын өнімдерді сатады. Рынокта көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әрқайсыларының өнімдері бір-бірінен басқалау және осы қызмет саласында басқа өндірушілердің сатып жатқан өнімдерімен де өзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе басқаша белгі салу тәсілдерінін арқасында ажыратылады.
Монополистік бәсеке моделіне қарағанда антитрестік заңнама үшін олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізгі постулаты былай, егер рынок бірнеше сатушылардан тұратын болса, онда барлық сатушылар белгілі дәрежеде өздерінің өзара тәуелділіктерін мойындайды. Сол себепті әрбір сатушы шығарылатын өнімнің көлемін және бағасын белгілей отырып рыноктағы өз үлесін ұлгайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз, себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін болады.
Осының нәтижесінде олигополистік сатушылар үйлестіру мен болжалдауға назар тіктейді. Бәсеке бүркемелеу арқылы бағаны төмендетуден (сапаны жақсарту, несие шарты, жеткізіп беру қызметтері арқылы, тіпті болмаса, жасырын ішінара бағаны азайту арқылы) және бағалық емес, бәсекеден, мысалы, өнімдерді бөлшектеу, жарнама және өнім таратуды ынталандырудан көрініс табады. Мұндай бәсеке, алайда, бәсекелестердің қарсы шаралары алдындағы қорқынышқа немесе орташа жиынтық шығындардың өсуіне орай шектелінеді (ол олигополистік үстеме таза табысты бөліп шығарудың мүмкін еместігіне жеткізеді). Монополистің бәсекедегі олигополияның қарама-қайшылығы — бәсекелес сатушылардың көптігінен таза табыс мөлшерлі деңгейге дейін төмендейді, олардың әрқайсылары бәсекелестерінің есебінен рынокта өз үлестерін ұлғайтуға тырысады. Сол себепті фирмалар арасында үйлесу мүмкін емес.
Демек, бір жағынан олигополия арасында, және екінші жағынан, бәсеке мен монополия (тіпті монополиялық бәсеке) арасындағы негізгі теориялық айырмашылық болып, олигополиялық рынок жағдайында баға және өнімдер саны туралы шешім қарсыласыңның қас-қабағын ескере отырып қабылданатын болып табылады. Бәсеке жағдайында істеп жатқан бірде-бір фирма, бірде-бір монополист басқалардың қас-қабақтарын ескермейді, — нақтылы сатушы да өз бәсекелесіне ықпал ете алмайды, ал монополисте күресерліктей жеткілікті қарсылас тіптен жоқ. Басқа жағынан алғанда, олигополистер арасындағы үйлесім жетіле қояр ма екен — олардың шығындарының қисық сызықтары (көрсеткіштері) өзгешеленуі мүмкін, ал тиімдірек жұмыс істейтін фирмаларда шектеулі шығын немесе тіпті одан да жоғары, бірақ "нарықтық" бағадан төмен денгейде өнімдерді өткізуді ұлғайту үшін бағалардың біркелкі төмендеуін іске асыруға салдарлы себептер болуы мүмкін. Олигополия теориясы, олигополия жағдайындағы баға құрылымы мен шығарылатын өнім саны туралы шешім монополия жағдайындағы шешімдермен бірдей, дұрысы, бағалар да, өнім шығару да болжанған бәсекелі және монополистік деңгейлер арасында болады деп күтіледі..
Олигополистерге де және монополистерге де басқа фирмалардың әрекеттері ықпал етеді. Олигополистің баға стратегиясы оның шығындарымен ғана емес, сонымен бірге онын, бәсекелесінің баға стратегиясын есептеуімен анықталады. Монополистің бағасы оның шығындарымен және монополис тауарына сұранымның қисық сызығымен (көрсеткішінің) анықталынып, ауыстырылатын тауардың бағасымен белгіленеді. Олигополистер мен монополистер арасындағы айырмашылық мынаған саяды: бәсекелес фирмалардың әрекеттері олигополиске ықпал етіп ғана қоймайды, сондай-ақ оның әрекетіне бағынышты да болады. Ситуация өзара тәуелділікпен сипатталынады, ал әрбір олигополистің әрекеттері мен қарсы әрекеттерін алдын ала айту қиын. Жетілген және жетілмеген бәсекелердің негізгі ұғымын оқып, үйренудің антимонополиялық заңнаманы зерттеймін деген заңгерлер үшін өте үлкен мәні бар, себебі ол антимонополиялық саясаттың жеке экономикалық өкіметтің қиянат жасамауын бақылау арқылы тұтынушы тұрмысының әбден жақсартуға көмектесуге болатындығын көрсетеді. Антимонополиялық заңнаманы қолдану бәсекелі рынок жүйесін, ол қалай жұмыс істейді, оған қандай шектеу тән және оны неге қорғау керек деген сауалдарды түсінуді талап етеді.
1.2 Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыэ етудегі реттеуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенІң тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына) проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп (отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын, сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығыңдары, қоғамдық-қажетті сапа және ассартимент туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады:
- бәсеке күресінің
жәрдемімен қоғамдық өндірісті
тиімсіз шаруашылық
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуга байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуга мүдделі болады.
Нарық жағдайында
бәсеке күресінің бірнеше
а) таза бәсеке;
ә) монополиялық бәсеке;
б) олигополиялық бәсеке;
в) таза монополия.
Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға қарсыластардың ешқайсысы да әсср ете алмайтын жағдайда болады) және жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
1. Таза бәсеке нарығын бір-біріне ұқсас {бір-бірін ауыстыра алатын) тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті тауарларды нарықтық бағамен еркін сатып ала алатын болғандықтан, сатушылар бағаны нарықтық бағадан жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай оңай болса, оны тастап кетуде сондай оңай, Мысалы АҚШ-тағы ауылшаруашылығы өнімдерінің (астық, жаңа піскен көкөністер мен жемістер) нарығы осыған дәлел бола алады.