Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 09:24, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Курстық зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңдарды зерттеу.
Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:
• табиғи монополия;
• жасанды монополия.
"Монополияның үш негізгі көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады".
Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ----------------------------5
1.1 Монополия және оның түрлері------------------------------------------------------5
1.2 Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке------------------------------8
1.3 Таза монополия жағдайындағы фирма------------------------------------------12
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ--------------------------------------------------------------------------------18
2.2 Қазақстандағы фирманың теориялық жіктелуі---------------------------------18
2.2 Фирманың экономикалық даму сатылары-------------------------------------20
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ-----------------24
Бәсекелестікке тиімді топ – кластерлік жүйе және оны жетілдіру--------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------31
ҚОСЫМША-------------------------------------------------------------------------------32
Қазіргі кезде жұмыс машиналарының, жабдықтардың пайдалануы өте төмен -10-20%.
Машина жасау кәсіпорындары Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан. Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Петропавл, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды, Орал қалаларында станок, электротехникалық жабдықтар, таукен машиналары, ауыл шаруашылық машиналары, теміржол құрылыс саласына керек бөлшектер өндірілетін кәсіпорындары бар болатын.
2003 жылы машина жасау
саласының өсу өлшемі 20,7%, ал 2004 жылы
үштен бір бөлікке өсті, бірак
бұл өсу тым төмен
Бүгінгі күнде нарықтық қатынастар дамыған сайын кәсіпорындар ішкі құрылымын түбегейлі өзгерту керек.
Ең әуелі кәсіпорын қандай тауар шығарар алдында нарық сұранысын зерттеу қажет.
Нақты тұтынушыға негізделген тауарды шығаратын кәсіпорындар ғана дүние жүзіндегі фирмалардың тәжірибесі және Қазақстан кәсіпорындарының тәжірибесі де дәлелдейді (АЗТМ, Октябрьге 20 жыл зауыты, «Алатау» бірлестігі).
Жоғарыда айтылғандай машина жасау кешенінің кәсіпорындарын нақты бір бұйым шығару үшін арнаулы бөлімшелер қажет.
Осыған байланысты сол бөлімшелер жұмыс жасау үшін, сол кәсіпорынды баскару құрылымын түбегейлі қайтадан өзгерту керек.
Қазіргі жағдайда машина жасау кәсіпорындары ішкі құрылымдарының міндеттері:
1. Қазақстандағы мұнай
газ, таукен, металлургия өнеркәсібі,
ауыл шаруашылық кешені сияқты
өнеркәсіптің негізгі
2. Кластерлік әдіс-амал
негізінде тұтынушылар және
3. Кәсіпорын саласындағы
шағын кәсіпорындардың даму
4. Жаңа технологиялар негізінде машина жасаудың әр түрлі салаларында пайдаланатын жабдықтарды шығаратын кәсіпорындарын әзірлеу.
Машина жасаудағы көп технологиялық процестерді ұлт топқа бөлуге болады.
Бірінші топ - зауытқа түсетін негізгі материалдарды қайта өндеу технологиялары. Бұл технологиялар ұзақ мерзім пайдаланып келе жатқан технологиялар, оларды фундаментальды деп атауға болады. Осыларға металды, пластмассаны, ағашты өңдеу технологиялары, машина бөлшектерін гальваникалық және лак-краскамен бояу, металдарды термикалық және химико-термикалық өңдеу өндірісі кіреді.
Екінші топ - машина жасау
өнімдер шығаруда кең пайдаланылатын
соңғы 5-10 жыл ішінде дамыған жаңа
технологиялары. Оларға лазерлік, мембрандык,
радиациялық, биологиялық, импульстік,
плазмалық, электр-сәулелік технологиялар сияқты түрлерін жатқызуға болады.
Технологиялардың үшінші тобы - өнеркәсіпте әлі дамымаған, лабораториялық өңдеуде аз кездесетін технологиялар. Олар зерттеу салаларында ғана кездеседі.
Жаңа өнім шығару кезеңіне өту кезінде жана технологиялары және фундаментальды технологиялар шығарылымға бейім болу керек.
Осындай жағдайда технологиялар пайдалану мүмкіншілігі мол болған сайын жаңа тауар шығару бейімдеуге жеңіл, Республикамызда аз кездесетін технологиялар жеке түрлері және кең тараған фундаментальды технологиялар бар кәсіпорындар баршылық, бірақ жаңа технологиялар пайдалану өндірісте кең дамымаған.
Мысалға: нақты өнім шағын көлемде шығаруға арналған Қазақстан республикасында кәсіпорындар радиоэлектрондық бағытта бар. Негізгі жұмыс қызметкерлері бұл кәсіпорындарда жоғары тәжірибелі мамандар.
Плассмассадан жасалған бұйымдар, бөлшектер жасау, гальваникалық және лак-краска бояудың негізгі түрлері, траснформаторлар жасау, әрқилы элементтер монтажды-жинақтау өндірісі, біржақты және екіжақты басу плат дайындау, слесарьлі-жинақтау, штамптеу жұмыстары, токарь-фрезерлік жұмыстарының барлық түрлері - түрлі приборлар дайындауға мүмкіндігі бар болғаны Қазақстанның мүмкіншілігінің талдау кезінде анықталып отыр.
Жоғарыда аталған сериялы
топпен шығарылатын өнімдер жасауға
технологиялық жабдықтар
Жаңа технологиялардың игеруге қажеттілері: инфрақызыл сәулелерді пайдалану, арнайы алюминий профилін дайындау, көпмодалық оптикалық кабель және линияларды жасау, көпқабаттық пласт жасау, электрондық техника бұйымдарын дайындау.
Шикізат дайындау технологиялары игерілгендіктен республикада приборлар жасауға шикізаттық база бар. «Казахизолит» Петропавл зауытында гетинакс стеклотекстолит өндірілген. Кабельдік зауыттар мыстан жасалған сымдар мен кабельдер, алюминий және мыстан жасалған бұйымдар шығарған. Ақтау қаласында реактопластавтомат және термо плассмассалары шығарылатып, Қарағанды металлургиялық комбинатында қара металл шығарылатын.
Қазіргі заманда Қазақстан
Республикасында
Электрондық приборлар өңдірудің басқа да жолдары болуы мүмкін. Кейбір елдерде мысалға, Корея, Түркия, Иран, электрондық және электротехникалық приборлар өндіру кәсіпорындары бар. «Арчилик» фирмасы Измир қаласында жылына 1 млн. шаңсорғышқа дейін шығарады. Оны жасау үшін олар «Sоnу» жапондық фирмасынан және «Siemens» неміс фирмасынан шығарылатын бөлшектерді алып тұрады. Тайваньнан штамптар алып тұрады. Бірақ біздің жағдайда жергілікті шикізат базаларын пайдалану қажет.
Май ғана жасау өндірісі гетерогендік түрге жатады, оның жасалатын тауары әр түрлі бөлшектерден құрастырылады. Сондықтан машина жасау үшін жақсы логистика жүйесі қажет.
1991 жылы АҚШ-та сауда кеңесі логистика анықтамасын берді: «Тұтынушы сұранысын қанағаттандыру үшін тауарды өндірілген жерден тұтынатын жерге жеткізеді және тауарларды сақтау, жөндеу немесе ауыстыруды жоспарлау процесі».
Логистика жүйесіне енетін іс-әрекет түрлері: тауарлардың жеткізу амалдарын таңдау, қалдықтарды кәдеге жарату, өндірістік процесті, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тауарды сақтауды қамтамасыз ету, қосымша бөлшектер жеткізу және жөндеу, сұранысты анықтау. Осы операциялардың бәрі өзара тығыз байланыста болуы қажет.
Әр қарастырылған логистикалық іс-әрекет орта немесе кіші кәсіпорын арқылы ұйымдастырылуы керек.
Көбінесе дарынды жастар өзі жеке компаниясын ашуға тырысады. Егерде ірі компаниялар өз ішінде жақсы мамандар қалдыруға тырысса, ол үшін кәсіпкерлік жауапкершілігі бар ішкі кәсіпкерлік құрылымын ашуға мүмкіншілік беру керек. Нарықта табысты әкелетін тауарды шығару үшін басқарушыларға кәсіпкерлік тәжірибе керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл еңбегімді қорыта келе бәсеке және оның түрлерін барынша талдауға тырыстым. Тарихи логика тұрғысынан жетілген бәсекелі рынокты талдаудан кейін жетілмеген бәсекелі рынокты зерттеуге көшу қиын емес еді. Жетілмеген бәсекелі рынокты талдауға көрнекі үлес қосқан экономистердің қатарына О. Курко, Э. Чембирлин, Д. Робинсон, Д. Хинс және тағы басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін анығырақ түсіну үшін рыноктық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.
Нарықтағы баға саясатына тоқталатын болсақ, ол тұрақсыз болып келеді. Ол баға міндетті түрде өзіне кеткен шығын сомасынан жоғары болады. Тек осы жағдайда ғана пайда, табыс тауып нарықта тіршілік ету мүмкіншілігі жоғары. Нарықтық экономикада сатушы мен тұтынушы белгілі бір бәсекеге түсіп нарық бағаларын қалыптастырады. Баға қалыптастыруды өндірушілердің арасындағы бәсекенің де маңызы зор. Белгілі тауар, оның түріне деген бәсекелік өссе ол тауардың құны төмендейді. Ол өткізу мақсатына тәуелді. Нарықта бәсекелестіктің болуы алғы шарт. Бірақ ол да есептен тыс аспау керек. Бәсекелестік болмаған жағдайда баға саясаты бұзылып, бұл саясатты тек сол өндіріс иесі жүргізеді.
Бәсеке болғанда өндірушілер өнімнің табиғатын өзгертіп құбылтып, жетілдіріп отырады. Бұл да нарық экономикада табыс табудың алғы шарты. Нарыққа шыққан әр адам, әр кәсіпкер табыс табуды, пайда табуды көздейді. Сондықтан да пайда табу көздерін іздеп, оларды жеңілдетеді. Олигополия жағдайында бәсеке бағалық сипат алмайды. Қысқаша айтқанда, негізгі тұтынушыны бағаны төмендету арқылы тарту емес, басқа факторлар есебінен, тауарлардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету т.б. арқылы тартуға негізделген.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу – оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым – қатынастарына тән қайырымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың әкономикалық өткізілуі ретінде қарау керек.
Біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасында жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, тұтынушылардың өздері арасында байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр.
Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдалақты, тепе-теңдікті, объективті түрде алдын – ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестіктерінің қатынас объектісі ретінде тек құқығын бейнелейді.
Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары – бәсеке - өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебе, нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды.
Бұл «Таза монополия жағдайындағы фирма» курстық жұмыс та осы мәселені қамтиды, қазіргі дүниежүзі мемлекеттерінің дамуындағы бірден – бір проблемалардың бірі бәсеке мемлекет аралық, фирма аралық бәсекелер, өзі өндіріп отырған бұйымдар арасындағы бәсекеде елдің экономикалық дамуына алып келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1-кесте
Рыноктық құрылымдар және бәсеке түрлері
Бәсеке формалары |
Бәсеке формаларын анықтаушы белгілер |
Бағаларға бақылау дәрежесі |
Жетілген |
Осы өнімді көп фирмалар өндіреді. Өндірілген өнімдердің толық біртектілігі. Капиталдардың салааралық ауытқуына шектеудің жоқтығы. Толық хабарлылық, яғни тұтынушылар мен өндірушілердің рынокты жете білуі. |
Бағаға бақылау жоқ. |
Жетілмеген 1.Монополия(таза) |
Өнімді тек бір ғана фирма өндіреді (сала бір ғана фирмадан тұрады) |
Бағаларға бақылау дәрежесі өте жоғары |
2. Дуополия |
Өнімді өндіру екі фирмаға шоғырланған. Бір текті өнім өндіріледі. |
Бағағаларға жекелеген бақылаулар. |
3. Олигополия |
Өнімді өндіретін фирмалардың саны салыстырмалы түрде көп емес. Біртекті өнім өндіріледі (немесе аздаған дара қалған өнім). |
Бағағаларға жекелеген бақылаулар. |
4. Монополистік өнімдерді даралаумен бірге |
Өндірушілер көп өнімді нақты немесе қиялдағы айырмашылықтардың көп болуы. |
Бағаларға өте әлсіз бақылау. |