Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 09:24, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Курстық зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңдарды зерттеу.
Монополия — бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері:
• табиғи монополия;
• жасанды монополия.
"Монополияның үш негізгі көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады".
Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ----------------------------5
1.1 Монополия және оның түрлері------------------------------------------------------5
1.2 Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке------------------------------8
1.3 Таза монополия жағдайындағы фирма------------------------------------------12
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ--------------------------------------------------------------------------------18
2.2 Қазақстандағы фирманың теориялық жіктелуі---------------------------------18
2.2 Фирманың экономикалық даму сатылары-------------------------------------20
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ-----------------24
Бәсекелестікке тиімді топ – кластерлік жүйе және оны жетілдіру--------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------31
ҚОСЫМША-------------------------------------------------------------------------------32
3-бағананың мәні соған сәйкес 1-бағананың мәніне көбейту арқылы алынады. 4-бағананы 3-бағанадан аламыз, жалпы табыстың әрбір кейінгі мәнінен оның алдындағы мәнді алу арқылы: Мысалы, 78-41=37; 111-78=33; 140-111=29 т.б.
+ МR
-
2-сурет
Тағы да еске алатын нәрсе, жетілген бәсеке жағдайында жеке кәсіпорын үшін баға тұрақты әрі белгіленген болады. Бірақ ондай шекті табыс қандай болады? Санды мысалмен түсіндірейік. Егер жетілген бәсекелес болса, онда ол 101 тауарды сол өзгермеген бағамен 100 долларға сатады, сондықтан, шекті табыс 10100 долл. – 10000 долл. = 100 долл. болады. Осымен мынадай қорытынды жасауға болады: жетілген бәсеке жағдайында шекті табыс тауар бағасына тең.
Жетілмеген бәсеке кезінде MR қандай болады? Шекті табыс пен сұраныстың жетілмеген бәсеке кезіндегі өсіңкілігін графикалық түрде бейнелейік ( ординат тігінде – шекті табыс пен баға, абсцисс тігінде өнімінің саны).
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
2.2 Қазақстандағы фирманың теориялық жіктелуі
Кәсіпкерлік дамуы үшін онын құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге «Қазақстан Республикасының шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы» туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалык, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құкықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы кажет. Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын:
Серіктестікке қатысушылар
мүлікті жауапкершілігінің
Бизнес - бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын беруге ынталандырушы өнер. Бұл өнер коммерция зандарына, кәсіпкерлердің үлкен еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың яғни бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның ролін Адам Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкер-лікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде аыықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.[6]
Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданган. Атап айтқанда, алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдау дегеніміз - аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикада «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры кұрылып, Президент Жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың 1994-1996 жж. арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты - экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға еріктілігі жөніндегі хұқығын қорғау туралы» Жарлығының қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою ба-ғыттары қарастырылады.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай шараларды жузеге асыру қажет:
— мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
- мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
- жеңілдетілген несие
беру саясатын жүргізу;
- кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;
- зандардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.
2.2 Фирманың экономикалық даму сатылары
Фирманың экономикалық
орнымен әдістемелік
Қазақстан Республикасында аралас әлеуметтік - бағытталған нарықтық экономика жағдайында бұрынғы мемлекеттік экономикада қолданылған экономикалық категориялар сақталады: өндіріс шығындары, өзіндік құн, жалпы және таза табыс, пайда, рентабельділік, рентабельділік деңгейі. Осы экономикалық категориялар мемлекеттік кәсіпорын секторында ғана емес, сондай – ақ әр түрлі мемлекеттік емес кәсіпорын секторында да қолданылады.
Ұжымдық пен жеке кәсіпорындағы пайда меншіктерге жатады және оның жарғысына сай бөлінеді. Өзінің меншікті шығынын есептеп алмай, кез келген меншік түріндегі кәсіпорынға өзінің табысын анықтау мүмкін емес. Оған – шикізат пен материал шығындары, жағар май, электроэнергия, негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы, еңбек ақы және әлеуметтік қажеттілік шығындары жатады.
Кәсіпорын шығындары өнімнің өзіндік құны түрінде болып келеді. Өзіндік құн – бұл өнімді дайындалуға ақшалай шығынның жұмсалуы.
Өз өнімнің құны мен шығындар (өзіндік құн) арасындағы айырма кәсіпорынның таза табысын құрайды. Әдетте кәсіпорынның таза табысы ретінде пайда жүзеге асып отырады. Таза табыс кәсіпорынның алған (тапқан) табысының бір бөлігі ғана емес, кәсіпорынның барлық табысы жалпы табыс деп аталады. Кәсіпорынның жалпы табысы өнімді өткеруден түскен ақшадан материалдық шығынды алып тастағанға тең. Жалпы табыстан әлеуметтік қажеттілікке: зейнеткерлік қоры, жұмыстылық қорына керекті нәрселер жіберіліп отырады.
Жіберілу мөлшері бекітілген заңдылықтар нормасымен негізі және қосымша жалақы сомасынан жүзеге асады.
Енді мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорын – мысалында пайданың бөлінуін қарастырамыз. Пайданы бөлудің екі варианты бар:
Бірінші вариант – толық шаруашылық есептің бірінші моделі бойынша, келесісі – шаруашылық есептің екінші моделі бойынша. Олардың бір – бірінен айырмашылығы мынада: шаруашылық есептің бірінші моделінде – шаруашылық есеп табысы ретінде қалыптасады, ол өзіне жалақы қоры мен экономикалық ынталандыру қорын ендіреді. Осы аталған соңғы қор мына құрамнан тұрады: өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік – мәдени шаралар қоры және материалдық сый ақы қоры.
Шаруашылық есептің екінші моделі біркелкі ақы төлеу қоры ретінде қалыптасады. Ол өзіне ақы төлеу қоры мен материалдық сыйақы қорын қосып алады.
Коммерциялық шаруашылық
есепке көшкен мемлекеттік емес
кәсіпорындарда табысты бөлу модельсіз
бөлу модельсіз негізде жүргізіледі.
Коммерциялық есептеу негізінде
жұмыс атқаратын барлық жеке, ұжымдық,
акционерлік, шетелдік, аралас кәсіпорындар
табысты бөлу процесіне мемлекеттің
араласуына жол бермейді. Бұған дейін
олар бюджетке төлем беріп, несиені қайтарып
қояды. Олар еңбек ақы, жұмыскерлерді сыйақымен
марапаттауға, дивидентті төлеуге және
өндірісті дамытуға табыстың бір бөлігі
бағыттауды өз бетінше анықтай алады.
Мысалы, коммерциялық есептеу жағдайында
тарифтік ставка мен тарифтік коэфициентті,
сондай-ақ лауазымдық айлықты бекіту кәсіпорынның
өз шешімімен қабылданады. Мемлекеттік
тарифтік жүйе кәсіпорын үшін жұмысшы
тарификациялау процесінде тек бағыт
беруші болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда
- әртүрлі квалификациядағы жұмыскерлердің
минимальды жалақысын анықтайды.[8] Кәсіпорын
Мұндай тәсіл кәсіпорынның келешекте тиімді жұмыс істеу негізін қалау мақсатында, оның құрылу кезеңінде үлкен дайындық жұмысын өткізу қажеттілігінен туындайды. Кәсіпорынның жұмыс істеу кезеңінде кәсіпорынның әрбір даму сатысы үшін, соның ішінде пайда болу сатысында, жобаланған көрсеткіштерге жету, әрі қарай даму сатысы мен жетілу сатысында тиісті басқару механизмін құру қажет.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша нарықтың туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тоқыма және тамақ өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары салаларында биылғы жылдың ортасына дейін кем дегенде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек – деп атап көрсеткен болатын.
Майкл Портер теориясы бойынша, кластер - бір-бірімен байланысқан ұйымдар (оқу орындары, мемлекеттік басқару органдары, инфрақұрылымдық компаниялар) және көршілес компаниялардың (жеткізушілер, өндірушілер және т.б.) бір-бірімен әрекеттесіп белгілі бір салада байланысқан топ.
М. Портер елара бәсекелестікте мемлекеттің орнын жеке алынған фирмалар емес, әр түрлі салалардың фирма бірлестіктері - кластерлер анықтайды. Сонымен қатар кластерлер аймақтың ішкі қорларын, әсіресе адам және табиғат қорларын тиімді пайдалану керек.
Портердің негізгі тезисі - кластердің бәсеке артықшылықтары сырттан емес, ішкі нарықтан көп туады.
Мемлекеттің инновациялық саясатты негізгі төрт түріне бөлуге болады: жаңа тауарлар және жаңа технологияларды енгізу, бюджеттен қолдау; салық саясаты және әкімшілік реттеу арқылы жанама қолдау; білім жүйесіне инвестициялар енгізу; жаңалықтардың тез дамуына қажетті шаруашылық инфрақұрылым сын элементтерін қолдау.
Сонымен, кәсіпкер өзі қандай тауар жасау керек немесе қандай қызмет ету керек екендігін езі таңдау керек.
Кеңес Одағы құлдырауына
дейін Қазақстанда бірнеше
Осы қатынастардың құлдырауы нәтижесінде, көптеген кәсіпорындар өнім шығармай тоқтап қалды, сонда істеген мамандар жұмыссыз қалды.