Нарық экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:22, реферат

Описание

Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды:ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру,қалай және кім үшін өндіру керек?ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде

Содержание

Кіріспе
1. Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері.
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.
1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы
2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
2.2 Рыноктық құрылымды қалыптастыру
2.3 Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
2.4 Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі
3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері
3.1 Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері
3.2 Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі және бағыттары
3.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_mat_157.doc

— 227.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны:

 

Кіріспе

1.   Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі

1.1  Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері.

1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.

1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы

2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері

2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы

2.2 Рыноктық құрылымды қалыптастыру

2.3 Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу

2.4 Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі

3 Қазақстан  Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері

3.1 Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері

3.2 Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі және бағыттары

3.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

                                              

 

 

Кіріспе

 

     Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды:ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру,қалай және кім үшін өндіру керек?ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке  негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде орталықтандырылған,әміршілдік экономикалық пішім,жер – жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де,тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны,гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны,тіпті өзі азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.

    Сөйтсе де нарықтық эконоиканың әртүрлі қоғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне қарамастан,осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде қалып отыр.Бұлай болуының бір себебі мынадан нарықтық экономика дегеніміз идеологиялық емес,адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен біртұтас жүйесі.

     Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де.

     Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор.Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні,элементтері,принциптері,кемшіліктері,Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.

     Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.

     Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне:тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына;өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін ұлғайтуға,сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру бостандығына,қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу,кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.

   Нарық пен демократия дамуға батыл бет бұру – күллі адамзаттық мүдде.

Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты ашық нарықты қалыптастыру – бүгінгі таңда өте актуалды мәселе.Осы тақырыпты таңдау себебім де осында.

    Нарықтық экономиканы алғаш рет А.Смит қарастырған.Оның «Халық байлығы» атты еңбегі 1776 жылы шыққан.Смиттің ойынша,ұлттың басты байлығы алтын немесе күміс қорын жинауда емес,ол еңбек түрін атқаратын және нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдар әрекеттерінің нәтижесі.Смиттің пікірінше,нарықтық экономика – көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.

     Смиттің нарық туралы ілімі Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған.Оның ілімі бойынша нарық – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы.Нарық шегінде бағалылықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ,ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады;солар үшін қызмет атқарады,қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.

     Смит ілімінен шығатын қорытынды:нарықтың тиімділігі және барлық бәсекелестердің өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.   Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі

1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері.

 

      Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономикалық негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.

     Нарық дегеніміз не?Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді.Қоғам дамыған сайын,нарық ұғымы да өзгеріп отырды.Қазіргі дамыған қоғамды нарық деген міндетті түрде сатышулар мен сатып алушылар кездесіп,келісім жасайтын орын емес.Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады,сатып алушылармен тікелей байланыспай–ақ, олардың тапсырыстарын телефонмен жинап, тауарларды пошта арқылы жібере алады. Нарық – қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

    Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген.Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады.ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым – экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ.Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

    Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі (Кулагин П. Социалистік экономикадағы нарық. – «Вопросы экономики»,1990 ж.№1,143 бет)

    Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы (Чалбаев К.К. Өндірісті интенсификациялау және нарықтық қатынастар.М,1990 ж.204 бет)

    Нарық – тауарларды сатып алу – сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы (Саяси экономия.Алматы,Ана тілі,1991ж,169 бет)

    Келтірілген анықтамалар дәлелді болғанымен,олар проблеманың бір жағын ғана қамтиды.Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің емес,айырбастың категориясы,нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар деп көрсетілді.Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды.Нарық құрамына өз жұмыс күшін сатушы.

   Кәсіпкерлер де,еңбеккерлер де,соңғы тұтынушылар да,қарыз капиталының,бағалы қағаздардың иелері де,т.б. көреді.

   Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушіледі байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттік ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі.Бірақ нарық механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды.Ал бұл меншіктің әр түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін,бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз,өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазартады,оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды.Бұдан нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.

       Нарықтық экономика мына басымдылықтарға ие:

1.      Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

2.      Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;

3.      Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;

4.      ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары,әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;

5.      Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.

Сонымен бірге нарықтық механизмнің елеулі қайшылықтары да бар.Оларға әлеуметтік жіктеулі,әлсіздерге ,әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік,жұмыссыздықтың болуы жатады. Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету,білім алу,табыс табу сияқты әлеуметтік – экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді.Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді.Мемлекет бағаны реттеу,салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлу,бюджет шығындарының есебін жұмысшыларды қайта мамандандыру,оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік амту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады.

       Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін,еңбек ресурстарын,еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ көп қаржы уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды.Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми – техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз,ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.

      Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне мыналар жатады:

1.      табыс алуға кепілдік бермейді;

2.      толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;

3.      қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

4.      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады;

5.      ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.

       Нарықтық экономиканың әрекет ету жиынтығында нарық жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.

      Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар.Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде,біреулері тауар өндіріп,басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады.Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді.Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып,олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

        Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді,бұл кезде тауар басқа өндірушілер ары қарайғы өңдеу үшін пайдаланылады.Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады.Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп,мамандандыру негізінде құрылады және көтерме нарықтық мәселе нысанында көрінеді.

      Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.

      Үшінші маңызды элемент – баға.Ол айрықша зерттеуді қажет етеді.Бұл жерде екі ескерту бар: 1)баға арақатынасы әрекет етуші коньюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады.2)баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген нарықтық қатынастың әрекеті сферасын анықтайды.Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен,яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.

        Төртінші элемент – орталық буын сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады.Сұраныс нарықта тауарларға деген қажеттілік түрінде жүреді.Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады.Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынталандырушы ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін нарықтық механизмнің маңызды элементтері болып табылады.

       Нарықтық механизмнің бесінші элементі – бәсеке.Ол пайданы мол табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады.Бәсеке нарықтық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмінің өзара әрекетінің нысаны ретінде жүреді.Бәсекенің негізгі қызметі пайда,процент нормасы,баға т.б. экономикалық реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады.

      Нарықтық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді:

1)     маржиналдық талдау принципі негізінде нарықтық субъектілер мінез – құлқы құрылады,оған орташа емес,шекті шамалар шешуші әсер етеді.Нарықтық талаптарға толуы,нарықтық бағалардың өзгеруі нәтижесінде нарықтық экономиканың бір қалыптан екіншісіне өтуі бірқалыпты жүреді.Бұл жаңа,шекті субъектінің сұраныс немесе ұсыныс түрінде нарықтық экономикаға әсер етпеуінен болып отыр.Жетілген нарық жағдайында,үлкен және тұрақты сұраныс пен шаруашылықты жүргіуші субъектілердің шексіз саны болғанда,осылардың әрқайсысы шексіз шағын үлес салмағына ие болады.Маржиналды жол нарықтық кеңістіктің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз еткендей болып,сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкіндігін болдырмайды,тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе-теңдікі ұстап отырады.

Информация о работе Нарық экономикасы