Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:22, реферат
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды:ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру,қалай және кім үшін өндіру керек?ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде
Кіріспе
1. Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері.
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.
1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы
2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
2.2 Рыноктық құрылымды қалыптастыру
2.3 Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
2.4 Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі
3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері
3.1 Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері
3.2 Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі және бағыттары
3.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Екінші мақсат – финанс-қаржы нарығын қалыптастыру.Әңгіме бағалы қағаздар нарығы (акция,облигация,т.б.) туралы болып отыр.Финанс нарығы – нарық құрылымының биік деңгейі,оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі.Өтпелі кезең осындай нарықты қалыптастыру және сынақтан өткізу (апробация) үшін керек,өйткені бағалы қағаздарсыз нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай,меншік иесі де болып табылады.
Бұл әлеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп қана қоймай қоғамдағы әртүрлі топтардың жақындастырылуына себеп болады.Сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретінде ақшаны қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.
Үшінші мақсат – жұмыс күші еңбек нарығын қалыптастыру мен оны реттеу.Біздің жағдайымызда,бұл ең қиын,нәзік мәселе.Шынында,ондаған жылдар бойы КСРО-да еңбек нарығы жоқ және болуы мүмкін емес деп,уағыздалып келген еді,өйткені жұмыс күші өндіріс құралдарынан бөліп қаралмады,енді еңбек нарығын құру сөзсіз қажет болды.Бұл мәселе болашақта өте актуалды болмақ.Еңбекпен қамтамасыз ету саласы мен жалпы нарық қатынастарын жете бағаламау,жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы негіздерін жан-жақты зертемеу,нарық жа5дайында е4бекпен 0амтамасыз етудің мемлекеттік саясаты өлшемдерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп тіреді.
Соңғы жылдары қабылданған «Республикадағы еңбекпен қамтамасыз ету туралы» заңмен қоғамымыз нарық жүйесін қалыптастыруға тағы бір қадам жасады.Бұл заң жұмыс күші нарығын қалыптастырудың негізгі принциптерін айқындап,заң жүзінде белгілеп берді.
Ең алдымен еңбек етудің еріктілік принципі енгізілді.Соңғы 70 жыл ішінде қазақстандық азаматтар нақты өмірде алғаш рет әртүрлі заңдастырылған еңбек ету салаларын таңдауға мүмкіндік алды.
Екіншіден жаңа Конституцияға сай барлық азаматтарға,сондай-ақ шетелдіктерге,кәсіпорындардың меншік түріне қарамастан жұмысқа жалдану саласында тең құқық беріледі.Бұл біздің жұмыс берушілерге,енді шетелдік маманданған жұмыс күшін пайдалануына мүмкіндік берсе,ал біздің жұмысшылар енді шет елдерде жұмыс істей алады.Сонымен еліміз дүниежүзілік жұмыс күші нарығына біртіндеп ене бастады.Үшіншіден,жұмыс орны жоқ және жұмыс орнын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік кепілдіктер берілген,яғни түгелдей жұмыссыз жағдайда жәрдем ала алады.
Нарықтық экономикаға өту,меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді талап етті.Өйткені,шетел тәжірибесі көрсеткендей мемлекеттік меншік 30-40 % болған,нарық өзінің экономика тиімділігін сипаттайтын сапасын жоя бастады.Сондықтан Қазақстанда нарықтың экономикалық қалыптасуы көп укладты экономикалық дамуын қарастырады.Мемлекеттік меншікті меншіктің басқа түріне өзгерту мен реттеу жүзеге асты.Меншік құқығы экономиканы мемлекеттен мүліктер азаматтарға берілді.Мемлекет иелігінен алу дегеніміз – мүлікті мемлекеттің басыбайлы меншігінен алып,оның иелері қатарына меншіктің басқа да түрлерін енгізу,мәселен,мемлекеттік зауыт енді акционерлік компания болуы мүмкін.Жекешелендіру дегеніміз - әр адамға меншік беру деген сөз.Жекешелендіру дегеніміз – меншіктің барлық түріне – мемлекеттік,ұжымдық,жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалапты жағдай жасайды.
Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру – нарыққа көшу барысында аса маңызды мәселе.Осыған байланысты елімізде «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» заң қабылданды.Жекешелендіру барысында Қазақстан мынадай ерекшеліктер мен қиыншылықтарды ескеруіне тура келді:
- экономикалық реформалар басталғанда мемлекет меншігінде негізгі қорлардың 80 %-ы болды,жекешелендіру барысында мемлекеттік сектор үлесін 30-40 %-ке түсіру көзделінді;
- экономикалық дағдарыс тереңдеп,үдеп жатқанда жүргізілді;
- инфляциялық процестердің күшеюі жұмыс дәрежесінің төмендеуіне әкелді,өйткені өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға,халықтың жеткілікті қаражаты болмады;
- республикалық халық шаруашылық кешенді ірі кәсіпорындардың үлесінің жоғары болуы;
- экономика шикізат өндіру бағыты басым болды;
- кәсіпорындардың аймақ бойынша,қалалар мен ауылдар арасында біркелкі бөлінбеуі.
Ұлттық бағдарламаға сай Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендіру үш кезеңде жүргізілді:
- 1991 – 1992 жж;
- 1993 – 1995 жж;
- 1996 – 1998 жж.
Қазақстан Республикасында алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты:
- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
- бәсекелестік ортасы құрып өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
- шет мемлекетті өзіне тарта білетін,жеке бизнес басымырақ ұүрылым жүйесін дамыту және нығайту.
Жекшелендіру негізгі бағыттарында жекешеленген әдістері мен нысаналар кешені арқылы түсіну және жекешелендірумен объектілердің әр топтарының айрықшаландырумен байланысты іске асырылады.
Крийтеришілер барысында кәсіпорындарды жекшелендірудің негізгі бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- объектінің халық шаруашылық мағынасы;
- салаға қатыстылығы;
- қызметкерлер саны;
- негізгі қорлардың құны.
Кәсіпорындардың және ұйымдардың жұмыс істеушілер санына байланысты шарты төмендегідей бөлінеді:
- жұмыс істеушілердің саны 20 адамнан кем емес кіші кәсіпорындар;
- жұмыс істеушілер саны 200-5000 адамға дейінгі орта кәсіпорындар;
- жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындар.
Осы топтарға жатқызуға байланысты мемлекеттік меншікті жекешелендіру ұлттық бағдарламаға сай мынадай бағыттарда жүргізіледі:
- ірі және бірегей мүлік кешендерін жеке жобалар бойынша жекешелендіру;
- орташа кәсіпорындарын жаппай бірақ жекешелендіру;
- шағын кәсіпорындарының аукцион,конкурстық сауда,коммуналдық шаруашылық,тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.
1993 жылдың соңында 9 мыңдай кәсіпорын жекешелендіру олардың 21 %-і жеке меншікке берілді,57 %-і акционерлік қоғамдарға айналдырылды.
Объектілердің негізгі көтерме және бөлшек сауда,қоғамдық тамақтану,тұрмыстық қызмет өрісі болып табылады.
Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:
1) объектілерді таңдау және лоардың жекешелендіру мерзімін анықтау қажет;
2) объектінің аукциондарда немесе конкурста сатылуын дайындау;
3) объектінің сатылуы.
Бұл процесс ашық сипатта болуы керек,ал меншік ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушыға ауысуы тиіс.Орташа кәсіпорындарын жаппай жекешелендіру мынандай жолдармен жүргізілді.
- халыққа жекешелендіру және жекешелендіру инвестициялық купондар (ЖИК) беру;
- инвестициялық жеешелендіру қорлардың жүйесін (ИПФ) жасау.
Әр және бірегей мүлік кешенді өнім шығарылатын немесе ерекше маңызды жұмыстар атқарса,сол сияқты мемлекеттік табиғи монополиясы болса Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестиция мен қаржы министрлігінің басшылығымен жасалған жеке жобасымен жекешелендіріледі.Олар белгілі инвестицияға келісілген шарт бойынша сату,аукциондарға немесе бәсекелерде басқаруға контракт жасау жолымен,сол сияқты акцияларды ашық саудаларда жекешелендіріледі.
Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:
- мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жатқызылатын объектілер;
- жекешелендіруге тыйым салынған объектілер.Олар: жер,су,әуе кеңістігі,жануар және өсімдік әлемі,табиғи ресурстар,елдің тарихи,мәдени құндылықтары.
Жекешелендіру субъектілері – сатушы,мемлекеттік орган,жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектілері – кәсіпорын,бірлестік,ұйымдар және олардың бөлімшелері,мәдени қызмет көрсету объектілері,мемлекеттік тұрғын-үй қоры,мүлік түрлері (ғимарат,құрал-жабдықтар,
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады: а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру; ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу; б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру; в) мемлекеттік кәсіпорын акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру; г) кңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы; д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион арқылы сату.
Бұл құблыс агроөнеркәсіп кешенінде былай жүзеге асады:совхоз бен басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындары, фермерлік және шаруа қожалықтары,шағын кәсіпорын мен олардың ассоциациялары,т.б.мемлекеттік емес шаруашылық түрлері ретінде қайта құрылды;
-ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдық құру;
-құс фабрикасы менкешендерін,теплица комбинаты акционерлік,шаруашылық қоғамы немесе серіктестігі етіп қайта құру;
-рентабельді емес мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорын мүлігін заңды және жеке тұлғаларға аукцион арқылы сату:1997жылы 1қаңтарда 2400 соихоз бен колхоз қайта құрылып,47000 шаруашылық субъектілері құрылды.
Жекешелендіру нәтижесінде агроөнеркәсіп кшенді 553 шаруашылық республика бойынша жалпы өнім көлемінің 38,7% мөлшерінде өнім өндірген.Осы жетістіктің арқасында республикдағы арнаулы есепшотқа 3,3млрд теңге түсті.
Жекешелендірудің ең қарапайым түрі-өнім шығаратын кәсіпорындарды сату.Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады.Тағы бір қарапайым формасы мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін түгелімен бөліп беру. Бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға айналдыру.
Жекешелендіру барысында азаматтардың мемлекет меншігіндегі өз үлестеріне құқылығын сақтау.
Жекешелендіру роцесі төмендегідей міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.
-түсімсіз мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар мендотациялар берілуі себепті пайда болған бюджет ауыртпалығын қысқарту;
-Жекешелендірілген кәсіпорындада экономиканың өсуі арқасында ұлттық экономикалық тиімділігін арттыру.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру келесі әдістермен жүргізіледі:
-белгілі бір инвестицияларға келісілген шарттар негізінде сату
-аукциондар немесе конкурстар арқылы өткізу;
-басқаруға контракт жасау;
-акцияларды ашық түрде сату,
Қазақстан Республикасында 1994-2000жж жекешелендірілген кәсіпоындар саны 25262;оның ішінде өнеркәсіп 1508;құрылыс 440;ауыл шаруашылығы 1616;көлік910;сауда және қоғамдық тамақтандыру 6047;тұрмыстық қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылық 2190;өзге де салалар 12088;тоқтатылып қойылған объектілер мен бітпеген құрылыстар саны 463 болған.
Жекешелендіруден түскен қаражат мемлекет меншігіне алынады,мынадай шығындарға жұмсалады;
-мемлекеттің ішкі несиелерін (қарыздарын) төлеуге;
-халықтың жете қамтамасыз қамтамасыз етілмеген және әлеуметтік жағынан қолданылмаған тобына жәрдем беруге;
-жұмыссыздарға жәрдем беруге кадрлар даярлауға, қайта даярлауға т.б. мақсаттарға жұмсалады.
Кесте 1. Кәсіпорындарды (объектілерді) жекешелендіру кезінде түскен қаражаттардың бюджет аралық бөлінуі (%)
| 1997 | 1998 | 1999 | 2000 |
Республикалық бюджет түсімдерінде,жекешелендіруден түскен қаражаттар үлесі.
Жергілікті бюджет түсімдерінде жекешелендіру түскен қаражаттардың үлесі | 39,9
0,16 | 42,2
0,24 | 19,8
0,32 | 7,4
0,31 |