Нарық экономикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:22, реферат

Описание

Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды:ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру,қалай және кім үшін өндіру керек?ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде

Содержание

Кіріспе
1. Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері.
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.
1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы
2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
2.2 Рыноктық құрылымды қалыптастыру
2.3 Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
2.4 Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі
3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері
3.1 Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері
3.2 Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі және бағыттары
3.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

econ_mat_157.doc

— 227.50 Кб (Скачать документ)

2)     Балама талдау шығындардың принципі.Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланудың басқа тәсілдерінен немесе кәсіпкерлер қызметіне байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрінде болады.Нарықтық экономиаканы құру жіберіп алынған мүмкіндіктер тізімі ішінен аз,бірақ кепілді табыс беретін ең нашар вариант таңдап алуына негізделеді.Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді қолда бар ресурстарды тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.

3)     Экономиакалық рационалдылық принципі пайда мен шығындарды салыстыруға негізделеді.Рационалды таңдау кепілді табысты пайданың ең төменгі бөлігі көлемінде қамтамасыз ететіні шекті болып табылатын өзгермелі варианттардың бірінде іске асырылады.Рационалдылық критерийі табысқа деген құқықпен анықталады.Капиталды шектеулі пайдалану кезінде фирмалар пайданы жоғарылатуға тырысса,тұтынушылар өз игілігін барынша жақсартуға ұмтылады.

 

1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.

 

Нарық әртүрлі факторларға байланысты белгілі бірнақты әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өмір сүреді.

   Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеді:

-         шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;

-         меншік қатынастарының әртүрлі нысандары;

-         өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;

-         нарық инфроқұрылымын жасау;

-         тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы; (бәсекелестік)

-         контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.

Нарықтың мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:

-         ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамаыз ететін реттеуші;

-         ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделді;

-         бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау),тазалау;

-         экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;

-         құрылымдық тұтыну,тұтынысынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы рационалды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету.

Ақпараттық қызмет.Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының,несие және банк депозитінің проценттік ставкасының,т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы ақпарат беріп отырады.

    Сонымен бірге нарық бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады,үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.Біздің нарық терең монополияланған.Нарықтағы барлық тауардың 50-70%солардың өндірген өнімін құраса,онда кәсіпорын қызыметі монополияланған саналады.Сондықтан рыноктық ортаны қалыпта ұстау үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет.Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы,бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

Нарықтың құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.

   Территориялық белгілеріне қарай нарық:дүниежүзілік,еларалық бірлестіктер,ұлттық,аймақтық,оқшауланған немесе жергілікті нарықтар деп бөлінеді.

           Дүниежүзілік нарық,сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі.Ол халықаралық еңбек бөлінісінің,валюталық-несие,қаржы қатынастарының негізінде құрылды.Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интергация,сыртқы сауда,тауар-айырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланысты болады.

     Еларалық бірлестіктер нарығы деп экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары,терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа,бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.

     Ұлттық нарық-бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық.Ұлттық нарықта белгілі бір нысанда экономикалық қатынастар дамиды.Бұл қатынастар,нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуының анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.

       Аймақтық нарық – бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика,облыс,аймақ,аудан).

      «Жергілікті оқшауланған» нарық деп негізінен,халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.

      Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай үстіндегі және  әртүрлі дәрежедегі бәсекеге шектеу рыногы (олигополиялық,монополиялық, т.б.) деп айырады.

        Олигополиялық нарық баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады.

        Монополиялық бәсеке нарығы сапасы,қасиеті,сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады.Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі.

      Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі (астыртын) және ресми (ашық) нарық деп те айтады.

     Нарықтың дамуының сәйкестігіне (пропорционалдығына) байланысты теңдестірілген (балансыланған) және теңдестірілмеген (балансыланбаған) нарық деп бөлу көзделген.Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды.

    Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық – салалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін.Өткізу объектісі халық шаруашылығының бір дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді.Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі деп айтады.

      Нарықты көлемді тауар топтары,бөлек тауарлар нарығы деп те бөледі.Тауар топтары нарығына нан-бөлке,макарон өнімдері,т.б. нарығы жатады.

    Нарықтық экономикалық негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын,фирма мен үкіметті жатқызамыз.Олар бір-бірімен ресурс нарығында,қаржы мен тұтыну нарығында өзара әрекет жасап,шығыс пен кірісті айналым жасайды.Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткізе отырып,оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады.Соңғылары тауар өндірісін қажетті сұраным ресурстарын талап етеді.Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді.Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып,ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды.Ал фирмалар өз өнімін өткізе отырып,ақшалай табыс алады.Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды,бір бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салық төлеуге жұмсайды.Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп,өнім шығарады,осы тауарды ұсынады,сату арқылы табыс алады.фирмалар да табысты ресурстарды төлеуге толық жұмсайды,салық төлейді,инвестицияны жүзеге асырады,т.б.

    Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметтік жүзеге асырып,экономиканы әр деңгейде реттеп отырады.Үкімет фирмалардан салық алып,жеке кәсіпорындарға дотация,субсидия береді,кәсіпкерлермен қажетті ресурстарды сатып алады.Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне,ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп,табыстарды үлестіреді.Салықтан түскен қаржыны шоғырландырып,жалақыны, трансферттік төлемдерді (зейнетақы,жұмыссыздарға жәрдем ақы) төлейді.Экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады.Демек,табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып,теңгеріледі. Нәтижесінде өндірістің жалпы көлемін байқатып,тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетілді.

 

 

1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы

             

   Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік,әлеуметтік,қаржы,рухани) және сатып алу – сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады.Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды,бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелділікте болады.Мәселен өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік) салалар - өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды.Дегенмен,нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы – нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады.Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және қызмет көрсету,қаржы (бағалы қағаздар,қарыз,валюта,капитал),еңбек,ғылыми-техникалық,ақпарат,астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.

      Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі – инфрақұрылым. Ол институттар (ұйымдар,фирма,мекемелер) жиынтығынан тұрады,оның мәні – нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырады және қызмет көрсетеді.Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық,қор биржасы,еңбек биржасы,делдалдық және маркетингтік қызметтер,ақпараттық жүйелер,банктер,көтерме сауда орталықтары,аукциондар,жәрмеңкелер,т.б. жатады.

      Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді жеңілдетеді.

      Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтыну арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл ұдайы өндіріс прцесінің дамуының объективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.

      Қазақстанның «Дағдарысқа қарсы шұғыл және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» нарықтық инфрақұрылымның инвестиция мен қорлары және холдингілері,сақтандыру компаниялары мен қорлары,аудиторлық фирмалар,консультация орталықтары мен фирмалар,сауда-өнеркәсіп палаталары,көлік-экспедиция,заң консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген.

        Нарық инфрақұрылымның тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға байланысты,яғни нарықтық белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы.

        Коньюнктура туралы мына көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:

-         өндіріс пен құрылыс динамикасы,тауар запастарының мөлшері,баға,процент,бағалы қағаздар курсының қозғалысы;

-         пайда,еңбек ақы,өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;

-         еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас.

   Экономикалық коньюнктураға әсер ететін факторлар:

А) циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың кезекті жаппай жаңаруына байланысты;

ә) циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етуі (оған ҒМР жатады);

б) кездейсоқ (уақытша,тез өтетін)құрғақшылық,аурулар,мода.

 

Экономикалық коньюнктураны жақсартудың әдісі:

А)инвестициялық ахуалды қалыптастыру;

ә)фирмаларға мемлекеттік тапсырыстардың берілуі мен көлемінің өзгеруі;

б)салық және процент ставкаларының дәрежесін қайта қарау;

в)халықтың ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу.

Қазір кәзіпорындар,жеке нарықтар,маркетинг коньнктура өзгеруін зерттейді,болашағын болжайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері

2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы

 

     Қазақстанда көп салалы экономика,оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды.Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бар еді.

Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылылымындағы қайшылықтар да болды.Өнеркәсіп дәрежесі өте төмен болды.Реформаға кірісерде республиканың қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61%болса,Қазақстанда 46%ғана болды.Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді,КСРО-да химия,мұнай-химия өндірудің үлесіне орташа9%келсе,Қазақстанда 15% еді.Машина жасау өнеркәсібінің үлесі КСРО бойынша 27%болса,Қазақстанда17%-кеғана жетті.Республика экономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтан,адам басына шағатын өнім өте төмен болды.

Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар.Республикамызда әртүрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауының геологиялық құрылымы біркелкі емес.

Информация о работе Нарық экономикасы