Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:22, реферат
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды:ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру,қалай және кім үшін өндіру керек?ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде
Кіріспе
1. Нарық қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері.
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері, субъектілері.
1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы
2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
2.2 Рыноктық құрылымды қалыптастыру
2.3 Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу
2.4 Рыноктық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі
3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері
3.1 Нарық экономикасындағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері
3.2 Қазақстанның реттеуші нарық экономикасына өтуі және бағыттары
3.3 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Талданған мәліметтер бойынша 1997жылы жекешелендірілген объектілер саны 6777,жекешелендіруден түскен түсім 56459,2млн.тг;ол бюджет түсімдерінің 40,06% құрайды,одан республикалық бюджетке түскен түсімі 39,9%,жергілікті бюджетке түскені 0,16%.
1998 жылы жекешелендірілген объектілер саны 3073,одан түскен түсім 67138,8млн.тг,ол бюджет түсімдерінің 42,44%-ін одан республикалық бюджетке аударылғаны 42,2%-ін,ал жергілікті бюджетке аударылған қүражаттары 706,3млн.тг,ал жергілікті бюджегке түскені 0,24%7
1999 жылы жекешелендірілген объектілер саны 2318, одан түскен түсім 36631,9млн.тг,ал бюджет түсімдерінің 20,12%-ін құрайды, одан республикалық бюджетке аударылғаны 19,8%-і,жергілікті бюджетке түскені 0,32%-і.
2000 жылы жекешелендірілген объектілер саны 1724,түскен қаражаттар 22048,0 млн.тг,ал бюждет түсімдерінің 7,71%-ін құрады,республикалық бюджетке 7,4%-і, жергілікті бюджетке аударылғаны 991,9 млн.тг,ал жергілікті бюджет кірісінде қалғаны 0,31%-і.
Жалпы қорыта айтсақ,1997-2000жж13822 объект жекешелендірілген, одан түскен қаражат 182277,9млн тг, одан республикалық бюджетке аударылғаны 178259,1 млн.тг, жергілікті бюджетке қалғаны 2293,4 млн тг, басқа да мақсаттарға бөлінген қаражаттары 1725,4 млн.тг.болған.
Кесте 2.Кәсіпорындардың (объектілердің) жекешелендіру тәсілі бойынша жүргізілуі (бірлік).
| 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | ||||
Саны | Үлес салмағы % | Саны | Үлес салмағы % | Саны | Үлес салмағы % | Саны | Үлес салмағы % | |
Жекешелендірудің барлығы соның ішінде жекешелендіру тәсілі бойынша: ашық бәсеке саудада коммерциялық конкурс инвестициялық конкурс т.б. тәсілдермен | 6777
4813
468
383 1113 | 100
71
6,9
5,6 16,4 | 3078
2069
296
142 566 | 100
67,2
9,6
4,6 18,6 | 2718
1886
45
9 378 | 100
81,3
1,94
0,38 16,38 | 1724
14,2
66
45 193 | 100
82,3
3,8
2,6 11,3 |
Кестедегі берілген мәліметтер бойынша жалпы 1997-2000жж.қорыта айтсақ,13897 жекешеленген объектінің ашық бәсеке сатысында 75,5%-і,конкурс арқылы 39,5%-і,басқа тәсілдермен 15%-і жекешелендірілген.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттен алу мен меншікті жекешелендіру меншік құрылымын түпкілікті өзгертті.
Жеке меншіккерлер тобын қалыптастырды.
Ммелекеттің макроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды.Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі және де белсенді түрде жүзеге асырылуда.Бірақ, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан,бүгі өркениетті елдердң экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтың қоғамда маңызды мәселелердің бірі,себебі бұл экономикалық жүйеде мемлект ерекше қызмет атқарады.Қазіргі кезеңде экономика үшін мемлекеттік кеңістік,мемлекеттік шекара және мемлекеттік шаруашылық орталығы қандай қажет болса,мемлекеттік өкімет,мемлекеттік тәртіп және мемлекеттік ынталық соншалықты әбден керек.
Өтпелі кезең экономикасындағы мемлекеттің рөлін жаңаша ойластыру қажет.Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп,бірте-бірте жанама реттеумен алмастырылатыны айқын.Расында әр кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттігі жоқ.Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдерін кеңетіп,олрға дербестік берген,мемлекет өзіне тән іс-дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжрибеден белгілі.
Қысқаша айтқанда,нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің рөлі әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша болуы тиіс.Азаматтар,жеке кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылдау процесінде дербестік пен жауапкершілікті өз мойнына алып,бәрін мемлекет органдарына мойын ұсынудан арылуы қажет.Мемлекеттік рөлінің күшеюі оның жаңа заңдар жасап барлық азаматтарды бірдей,тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан көрінеді. Мұның өзі демократиялық мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің кепілі.
Осы негізде,мемлекет қоғамға пайдалы,іс-әрекеттерді жүргізу үшін өэінің әр түрлі функцияларын пайдаланады.Олардың ішінен заң шығару,кәсіпкерлік пен халықаралық байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуға болады.
Рынок жағдайындағы мемлект мына қызметтерді өз мойнына алады:стратегиялық,
Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады.
-нарықтық экономиканы реттеу сферасында және оның қалыпты қызметін қамтамассыз етуде мемлекеттің негізгі міндеті-оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және дамыту,кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестік ұйымдастыру болып табылады.Бұл мәселені шешудегі ең алғашқы қадам көптүрлі экономикалық процестерді реттейтін заңнама-құқықтық және нормативті база жасау болуы қажет.Бәрінен бұрын мемлекет экономикалық әрекеттердің ережесін бекітеді және оны экономикалық барша субъектілердің орындауын қамтамассыз етеді.
-Мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады.
Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды.Олар темір жол мен жалы ұлттық шоссе жолдары,көпір,каналдар,газ,
-Нарықтың бір қателігі монополиялыққа жол бермеу.Қазіргі экономика,шын мәнінде,нарық коньюктурасы анықтағндай,көптеген қателіктер жібереді.Бұндай қателіктердің себебі-өндіріс пен тұтынудың тмімділігі.Бұл жағдайда мемлекет трапынан байқалатын әрекеті аз емес.Бірақ экономика сырқатын жоюдағы мемлекетәрекетін еске ала отырып,оның өз қатесін елеусіз қалдыруға болмайды,яғни мемлекеттің өзі әдейі тудыратын жағдайды ескеру қажет.Мемлекеттің экономикаға араласатын маңыздықұралдары:салық,баға,
-Мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджеттік саясаттың көмегін ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді.Тұрғандардың толық жұмыспен қамтамассыз етілуін олдайды.
Мемлекеттік бюджет –нарықтық экономикалы елдерде мемлекеттің экономикалық саясатының жоғарылауын білдіру болып табылады. Бюджеттік саясат дегеніміз-мемлекеттің кірісі мен шығысының өзгеруі.Оның аса маңызды бағыты-дефицинтті емес бюджетке ұмтылу немесе оны ең төменгі деңгейде ұстау.
-нарықтық жүйе балалар мен қарттарды және кедейленген жұртшылықты сырт қалдырып,тауарларды қалталы қоғам топтарына жіберетіндіктен мемлекет әлеуметтік әділеттілікті қамтамассыз етуге тырысады.
Нарықтық бағалық механизмін жақтаушылар және оны сынаушылар нарық жүйесінің тиімділігіне қарамастан,ол елеулі теңсіздікке жол ашатындығын мойындаулары қажет.Бұл нарық кемістігі емес бөлудің кемістігі.Мемлекет ол жағдайды өзгерте алады және өзгертуге міндетті.Мұндай ситуацияны өзгертудің екі жолы бар: 1) прогрессивті салық салу; 2) зейнеткерлер еңбекке жарамсыз көп балалы,жұмыссыздар,т.б. мұқтаж азаматтардың табыстарын қоршараларын қарастыру;
- мемлекеттің тағы бір қызметі – экономикалық тұрақтылығы аса ауқымды мөлшерде (макроэкономикалық) сақтаумен байланысты.Бұл экономикалық циклдің шарықтап өсуін және оның құлдырап төмендеуін реттеу және бақылаумен байланысты.Мұнда мемлекеттің қолданатын басты тәсілі:өндіріс,жұмыссыздық және құнсыздану деңгейін қаржылау және салық салу арқылы реттеу.
Нарықтың экономикалық көшу процесінде мемлекеттің атқаратын экономикалық қызметі және оған әсер ететін әр түрлі тәсілдерді қолданады.Олар:құқықтық мөлшерлер,ақпарат хабарларымен қамтамасыз ету,қаржы бөлу – экономикалық (салық,несие,процент,баға т.б.) тетіктер:
Мелекеттік тапсырыс,заттай салық,лимиттер мен квоталар,т.б.
Нарықтың қалыптасуында ақша және қаржы несие жүйелері де маңызды рөл атқарады.Мұнда айта кететін жайт, мемлекет экономикамызды сауықтыру бағытындағы,қаржы-несие жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалары.Олар халық шаруашылығында қолданылатын икемді салық жүйесін қалыптастыру,экономикаға тиімді әсер ететін несие саясатын жүргізу,республикада ақша айналымын тұрақтандырып,оны сауықтыру.
Мемлекеттің өте маңызды функциясы – ақша жүйесін басқару.Ақша массасының молая өсуі бағаның,инфляцияның көтерілуін тудырады.Ақша массасының көлемі мемлекеттік экономикалық саясаттың төтенше маңызды макроэкономикалық құралы болып табылады.Керісінше,экономикада ақшаның жетіспеуі экономикалық құлдырауға,жұмыссыздықтың өсуіне тірейді.Сонымен қатар,мемлекет саладағы саясатын өзгертеді.Бұл процесс екі бағытта жүргізілді:
1) білім беру,денсаулық сақтау,экология сферасында күрделі мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама бекітіліп жүзеге асырылды;
2) нарыққа көшуге байланысты халықты әлеуметтік жағынан қорғау шаралары да енгізілді.
Нарықтық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір басымдылықтарға ие:
1. Ресурстарды тиімді бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2. Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
3. Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;
4. ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологияларын,әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;
5. Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады.
Нарықтық экономикаға мынадай белгілі бір кемшіліктер тән:
1. Табыс алуға кепілдік бермейді;
2. Толық жұмыс бастылыққа кепілдік берілмейді;
3. Қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;
5. Ұжымдық пайдаланылған тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіреді.
Тәуелсіз нарықта экономиканы құрудың басты жолы – нарықтың негізгі құрылымдары мен түрлерін қалыптастыру.
Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды.Тұжырымдама мемлекеттік және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.Онда нарыққа өтудің стратегиялық бағыттарын анықтаған.Реттеулі нарықтық экономикаға өту келесі негізгі бағыттардан құралады:
- меншікті мемлекет иелігінен алу – ол мемлекеттік меншік монополиясын жою және өндірушілердің бәсекесін дамытуға жағдай туғызу.Қазақстан жағдайына орай: акционерлік,ұжымдық,
- монополиясыздандыру және монополияға қарсы шаралар аталмыш заңды қабылдау еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және қатарлы өндірістік құрылымдарды дамыту,шетелдік капиталды ұдайы қарастыра отырып,бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру;
- қаржылық сақтандыру және экономиканы тұрақтандыру;
- баға құрылымы саясаты (басты тағам өнімдерін басқа тұтыну өнімдері мен қызмет түрлеріне бағаны нарық талабына қарай қалыптастыру).
Аталған реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негізгі қағидалар белгіленген.Олар төменде көрсетілгендей:
- республиканың территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдігі;
- меншік түрлерінің сан алуандығы және олардың еркін дамуы мен бәсекесі;
- дербес баға белгілеу саясаты,еркін бағалау;
- сыртқы экономикалық саясатты жүргізудегі толық дербестік.
Нарықтық жүйені ұйымдастыру мен оларды реттеу тетіктерін қамтиды:
- нарықтық инфроқұрылымды қалыптастыру (коммерциялық банктер,тауар және қор биржалары,маркетинг орталығы,көлік қызметі,коммерциялық ақпарат орталықтары,т.б.);
- өндірістік құралдар нарығы;
- тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығы;
- еңбек нарығы;
- қаржы нарығы;
Республикалық қаржы нарығының қалыптасуы банк жүйесі заңдылықтары негізінде Ұлттық Банктің бірінші деңгейіндегі банк ретіндегі статусы белгіленді.Коммерциялық банктердің екінші деңгейіндегі банк ретіндегі қызмет жасау шарттарын анықтауды,қаржы нарығының заңдылық актілерін қорытындылауды,сондай-ақ шетелдік капиталды ішке енгізуге жағдай туғызуды қамтиды.