Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 07:33, курсовая работа
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т.б. игіліктер туралы сөз болуы керек.
Кіріспе....................................................................................................................3
Бөлім-І Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері..................................................................................................................5
Қоғамдық өндіріс және оның формалары...............................................5
Қоғадық өндіріс жүйесіндегі адамның орны.........................................12
Бөлім-ІІ Өндіріс факторлары...........................................................................17
2.1 Еңбек— өндіріс факторы............................................................................23
2.2 Капитал — өндіріс факторы......................................................................24
2.3 Жер — өндіріс факторы..............................................................................28
2.4 Факторлық табыстар....................................................................................30
2.5 Өндірістік функция......................................................................................31
Қорытынды........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................37
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
Бөлім-І
Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың
экономикалық негіздері.....................
Бөлім-ІІ
Өндіріс факторлары............
2.1 Еңбек—
өндіріс факторы...............
2.2 Капитал
— өндіріс факторы.............
2.3 Жер
— өндіріс факторы.............
2.4 Факторлық
табыстар......................
2.5 Өндірістік
функция.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т.б. игіліктер туралы сөз болуы керек.
Қазіргі
қоғамның экономикалық өмірінің шындығы
кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы
түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі
шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының
бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде
әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін
теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі
қажет. Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына
тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс
формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда
және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының
тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана
формасы натуралдық және тауарлы өндіріс
болған және солай болуда деген пікір
терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің
жалпыға танылған формаларымен қатар
әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс,
сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы
да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне
жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен
жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз
дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек
үлесінің жоғары еместігімен сипатталады.
Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік
немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен
еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық
артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді.
Натуралдық өндірістің айқын сипатына
оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің
тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты
еңбек өнімі тек қауым шеңберінде, құл
иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында
ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық
байланыс қатаң түрдегі сипатта болады
— өнім қауым мүшелері, құл иеленуші, феодал,
олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну
үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі
шаруашылық ауқымынан аспайды, ал сыртқы
байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес,
кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру
принципі оның негізінде (айқындауда)
бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді
айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс
түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық
жүргізудің қайсыбір типінің бейімдік
түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады.
Натуралдық шаруашылықты жүргізуде өнім жеке адамның немесе көптің біріккен еңбегімен де өңдіріле береді. Соңғысының негізінде дара бастың, оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады, осылайша олар өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір жағында — дара еңбек, екінші жақта — еңбек жағдайын меншіктеуші. Бірақ дара еңбек тұйықталған шаруашылық шеңберінде, көп ретте, жалпылар еңбегінің бір бөлігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы табиғи мәйегіне негізделеді. Соңғысы мануфактуралық еңбек бөлінісінің осыған сәйкес кейін ірі өнеркәсіптің мәрелік пункті болып табылады. Сөйтіп, бірлескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа жағдайға өтіп, шаруашылық жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына себін тигізеді. Натуралдық формадағы еңбектің әрқилы түрлері және шаруашылық жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес. Біріншісі қандайда болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса тарихи сипатқа ие, өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, өзінің өрлеуінде басымдық жагдайға жетті, кейін, анағұрлым жетілген формаларға орын беріп, құлдырауға түсті. Натуралдық шаруашылықтағы бөліс, айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес.
Әсіресе өндірістің осындай типі қалыптасуының ерте кездегі сатыларында бұл қатты байқалады. Натуралдық өзгерудегі қайта өндіру өндірілген өнімнің жалпы санына байланысты. Натуралдық өндірістегі еңбек өнімдерімен алмасу тікелей натуралдық, заттық өлшем бірлігі бойынша қауым мүшелерінің тірлік етуіне, қажеттілігіне қарай жасалды. Мұнда бөліс теңдестіру сипатында жүреді, ал тoптap арасындағы өнім алмасу болмады. Алғашқы қауымдық қоғамның басты кезеңінде жеке меншік, қоғамдық еңбек белінісі дегенді білмеді, ал өнімді (табысты) өздері тұтынды (қоректенді). Әрі қарай, натуралдық өндіріс зандылықтары өз-өзінше қайшы келді де қауымдық шаруашылық заңдылықтары емес, еңбек құралдары мен жерді меншіктеу заңдылықтарына тәуелді болды. Көп жағдайда еңбекшілер экономикалық заңдылықтарға емес құл иеленушінің немесе феодалдың еркі мен көңіліне тәуелді болып отырды.
Осылайша натуралдық өндірісте шаруашылық жүргізудің өктемшіл формасының алғашқы негізі пайда болды. Тарихи жағынан шаруашылық жүргізудің келесі дамыған формасы ретінде тауарлы өндіріс пайда болды. Тауарлық қарым-қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы араларындағы байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірісшілердің пайда болуына алып келді. Тауарлы қарым-қатынастардың дамуы тауар өндіруші қауымдар арасындағы байланыстан, жеке тауар өндірушіге, ал олардан әрі қарай қарапайым тауар өндірісі заңдылығы өзіне-өзі қайшы келген капиталистік кәсіпорындарға қарай жылыстады. Яғни, капиталистік тауар өндірісі заңдылықтары өзінің дамуымен қарапайым тауар өндірісін қайта жаңғыртты. Өндіріс күштерінің дамуы, өндірістік қатынастардағы болмай қоймайтын өзгерістерге жетелей отырып, экономикалық заңдылықтар формасын да өзгеріссіз қалдыра алмайды. Заңдылықтардың формалық айқындық модификациясы өндіріс қатынастары арасындағы байланыстарды өзгертеді. Бұл натуралдық да, тауарлық да шаруашылық жүргізу формаларында айқындала түседі. Бәрі де сол, бірақ алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік өндіріс әдістеріндегі көріністері ғана әр қилы. Сондықтан, оларды пайдалану, қолдану немесе олардың заңдылық әрекеттерін біріктіру туралы сөз болғанда өндірістің әрбір жаңа түріндегі заңдылық өзгеріске ұшырайды, сондықтан оларды бастапқы түрінде қабылдауға болмайтынын да баса көрсету керек.
Қарапайым тауар өндірісі жағдайындағы құн заңының әрекеті айырбас эквиваленттілігімен сипатталады. Тауарлық қатынастарының дамып, шаруашылық жүргізудің капиталистік жүйесіне өтумен қатар тауарлық қатынастардың маңызды принципі эквиваленттілік өзгеріске ұшырайды және өз қарама-қайшылығы пайда болады. Және де бұл өзгеріске ұшырау жаңа тауарлық қатынастың әлпетін айқындайтын тауар — жұмыс күші алмасуы негізінде пайда болады. Бұл алмасу басым қатынастың жаңа түрін айқындайтын эквиваленттік негізде жүрмейді.
Өндіріс саласындағы өзгерістерге байланысты айналым, бөліс және тұтыну саласында да өзгерістер жүріп жатады. Тұтыным құны өндіріс және айырбас мақсатынан өз бойында құн сақтап жүрушіге, ал соңғысы — мақсатқа айналады, осыдан барып ең соңғы толассыздық қасиетіне ие болады. Сөйтіп адамзат қоғамы байлық арқылы билікке қол жеткізуге және керісінше болатын қозғалыстың жаңа сапалы түріне ие болады. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізін өндіріс құралдарына меншік құрайды. Тауарлық қатынастардың дамуы үдей түседі. Соңғысының өндірісі және оны иелену бәсекелік күрес механизмі аркылы жүреді, бұл өндіріс күштерінің дамуын тездетеді. Бұл процесс әрі қарайғы еңбек бөлінісін тудыруы өндіріс құралдарын қоғамдастыруды жеделдетеді. Осының бәрі жаңа қатынастардың тарихи алғы шарттарының пайда болуына алып келеді.
Адамзат тарихы алғашқы қауымдық құрылыста өндірістің түрлі типінің пайда болуы мен қалыптасуының белгілі бола бастағанын көрсетті. Көп жағдайда олар бір-бірімен тым тығыз түйіскені соншалық, мыңдаған жылдар өткен соң зерттеушілер олардың ара жігін ажыратпайтын да болды.
Экономикалық оқулықта алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңі шаруашылық жүргізудің натуралды және ұжымдық формалары ретінде сипатталған. Оларда жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі болмады, ал өндірілген өнім шаруашылықтың өз ауқымында тұтынуға жұмсалды. Шаруашылық топтары арасындағы байланыс болмаған. Аталған ұқсас сипаттар зерттеушілерді бұл да шаруашылықтың сол түрі болар деген ойға жетеледі. Бірақ осылай бола тұрғанымен олар айырмашылықтарын байқамаған. Негізгі және басты айырмашылық жеке және бірлескен еңбек нәтижесінде қалыптасқан еңбек ету тәсілдерінде жатыр. Еңбек ету тәсілдерінің дамуы табиғи және қоғамдық еңбек бөлінісіне алып келді, сондай-ақ адамның еңбек құралын жасау және онымен еңбекке қажетті заттарды өңдеуді үйрену қабілетінің өсуіне әсер етті. Осы процестердің барлығы бастапқы кезеңдердің өзінде-ақ олардың арасындағы айырмашылықтың артуына қарай бастады. Шаруашылық жүргізудің қарастырылып отырған типі бұлтартпастық сипатына ие, өйткені онда олар өмір сүруге қажетті нәрселерді өздерінің еңбек әдістерімен тапқан жағдайда неге қол жеткізгендерін алдын ала сезді.
Қоғамдық және ұжымдық өндірістегі тікелей қоғамдық сипаттың өз айырмашылығы бар, біріншісінде адамдар нені жасай алатын, қанша керек екенін өздері білді. Екінші жағдайда ұжымның мүмкін болар тұтынымы, тауарлар өндірісінің технологиясымен анықталады. Ортақ сипаттармен қатар бұл екі жағдайдың айырмашылық ерекшеліктері, яғни арнайы бейімдік формасы ретінде көрініс берер қарама-қайшылығы бар. Натуралдық шаруашылықтың мұндай сипатына тұйықтық, түрлі топтар, аймақтар арасындағы алмасудың, айырбастың жоқтығы жатады.
Адамзат қоғамының дамуымен бірге натуралдық және ұжымдық өндіріс арасындағы айырмашылық та айқын көрініс бере бастады. Бұлар пайда бола бастаған өндіріс әдістерінің негіздерін байытты. Бұл процестер қоғамдық өндірістің бір түрі екіншісіне бағынып, оның дамуына әсер еткен қоғам дамуының өне бойында жалғасып отырды. Құл иеленуші және феодалдық өндіріс әдістері ұжымдық еңбектің артықшылығын барынша пайдаланды және оны реттеу әдістерін жақсы игерді. Бірақ натуралдық шаруашылық ұжымдық өндірісті емес, тауарлы өндірісті ығыстырып шығарды. Тауарлы және ұжымдық өндірістің арасындағы ортақ жәйт еңбек бөлінісі мен істелген шаруа нәтижесін қажетке айырбастау. Осы бір сипаттар арқылы олардың арасындағы айырмашылық байқалады, өйткені еңбек бөлінісі де айырбас секілді түрлі формаларға ие. Осы түрлі формаларды өзіндік өндіргіш күштерге сәйкес шаруашылық жүргізудің түрлі типтері қалыптаса бастады. Тауарлы және ұжымдық өндірістің пайда болу негізіне қызмет ететін еңбек бөлінісіндегі айырмашылық өндіріс құралдарына деген меншіктің түрлі формаларын қалыптастырады. Мұнымен қоса, тауарлы өндіріс құралдарына деген меншік базасында болып, өзінің үрдісімен жаңа түр — мануфактуралық еңбек бөлінісінің пайда болу негізін жасады. Соңғысы толымды мөлшерде тауарлы қатынастардың заңдылықтарына сай болды, бірақ оның дамуы қоғамдық шаруашылық жүргізу типі ретінде тауарлы өндірістің рөлін шектеуге алып келді. Мануфактуралық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастардың құлашын жайғызумен бір мезгілде жинақтау процесін де дамытты. Қоғамдық өндірісте еңбек процесі негізінен өндірістің жоғалып кетердей болған типіне жаңа серпін берерлік сипатта дами алатын еді.
Ұжымдық өндіріс ғайыптан қайта пайда болғандай көрінгенімен оның болмысы оған құндық қатынастардың әсер етуінен мүлдем басқа түрге айналған формада жүзеге асты. Осылайша, тауарлы өндіріске түбірлі себеп болған қоғамдық еңбек бөлінісі келесі формаға көше отырып, шаруашылық жүргізудің мүлдем қарама-қайшы түрі ұжымдық өндіріске ұйытқы бола бастайды. Шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесінің қалыптасуы айналымнан түбірлі айырмашылығы бар айырбастың жаңа әдісін талап етті.
Ұжымдық өндіріс қоғамдық өндіріс формасы ретінде тауарлы өндіріспен жай орын алмасып қана қоймайды, мұнда диалектикалық өту процесі де жүреді. Бұл процесс өз дамуының белгілі бір кезеңінде қоғамдық дамудың тұңғиық процестерінің ықпалымен жаңа сапалы секірісті бастан өткеруі мүмкін. Сапалы секіріске дейін және одан кейін де шаруашылық жүргізудің екі формасының да өмір сүруі сол тұстағы бар өндіріс типінің ене бастау процесінен хабардар етеді. Бұл өндіріс типінің ене бастауы жаңа жүйенің туа бастап, ескінің біртіндеп өшу процесімен қат-қабат жүреді. Бірақ бұл тауарлы өндірістің ене бастау процесімен тікелей байланысты екендігін білдірмейді. Бір заңдылықтың пайда болуы қатарлас келе жатқан заңдылықты жояды деу емес. Қандай да болмасын экономикалық құрылысты осындай сипат негізінде зерттесек, оны өндірістік қатынастар жүйесі ретінде классификациялау жеткіліксіз әрі ол толық та болмас еді, өйткені бұл пайда болу генезисін көрсетпейді, соның салдарынан құбылыстың пайда болу процесі және даму перспективасы көрінбейді. Қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларының қатынастары, проблемалары да тиісті қарастырылмайды. Өндірістің барлық әдістері алдыңғы формацияның аясында қалыптасып қана қоймайды, олар өзінің дамуына қолайлы сәтті күтіп жаңа қатынастар мәйегі негізінде пайда болады. Құл иеленуші натуралдық және капиталистік тауарлы өндірістер жағдайы да осындай. Егер олар болмағанда, алғашқы қауымдық құрылыс ішінде құл иеленуші, ал феодалдық қоғамдық құрылыс ішінде өндірістің капиталистік тәсілі де пайда болмас еді. Шынында да шаруашылық жүргізу типінің алдыңғысының рөлі мен орнын айқындап алмай, экономкалық қатынастың жаңа жүйесіндегі соңғысын түсіну мүмкін де емес. Жаңа жағдайдың қалыптасуына нендей серпін әсер етті десек мәселе басқаша. Бірінші жағдайда, ондай серпін қажетсіз, ал соңғысында жаңа жүйенің қалыптасуы үшін төңкеріс керек болды. Бірақ осылардың бәріне бірдей белгілі бір заңдылықтардың белгісі бар тарихи алғышарт жоспарлы өндіріс концепциясында жоқ. Ал енді бұл жоқ болғандықтан, өндіріс тәсілі құбылыс ретінде органикалық емес, механикалық қасиетке өтеді, тарихы ернектелген, белгілі бір ретпен қатпарланған блоктардан тұрады.
Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы негізін құрайды. Адамзат баласының тіршілігінің негізін қалайтын да қоғамдық өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды. Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, ол әйтеуір үздіксіз процесс болуға, яғни оқтын-оқтын сол бір сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиіс.
Информация о работе Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстар