Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 07:33, курсовая работа

Описание

Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т.б. игіліктер туралы сөз болуы керек.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Бөлім-І Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері..................................................................................................................5
Қоғамдық өндіріс және оның формалары...............................................5
Қоғадық өндіріс жүйесіндегі адамның орны.........................................12
Бөлім-ІІ Өндіріс факторлары...........................................................................17
2.1 Еңбек— өндіріс факторы............................................................................23
2.2 Капитал — өндіріс факторы......................................................................24
2.3 Жер — өндіріс факторы..............................................................................28
2.4 Факторлық табыстар....................................................................................30
2.5 Өндірістік функция......................................................................................31
Қорытынды........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................37

Работа состоит из  1 файл

Эконом теория курсовая Айжан.doc

— 236.50 Кб (Скачать документ)
 

      Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам енбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.

      Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы деген ұғымдарға да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы — белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға болады. Ғылыми-техникалық революция жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау және автоматтандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды, есесіне ой-ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін. Ғылыми-техникалық революция еңбек сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауға кететін уақыт көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс күні бойынша еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін өзін қажетті өнімдерді өндіруге жұмсайды. Бұл уақыт ішінде жұмсалған еңбек қажетті еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай көлемде өнім өндірумен шектелсе, қоғам одан әрі дами алмаған болар еді. Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын жетілдіру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уакытынан тыс еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған еңбек — қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және қосымша болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.

      

  • Капитал — өндіріс факторы
    •  

          Өндірістің  келесі бір факторы капитал. Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономияның классиктерінен тараған. А. Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П. Самуэльсон мен Нордхаустың "Экономикс" деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, прокат стандары, өндірістік үйлер т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон "Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы" деген еңбегіңде, "Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған",— деп жазды.

          Маркстің  саяси экономиясының маңызды категориясы ретінде капитал қоғамның бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын құбылыс ретінде сипатталады, яғни капитал капиталистер мен жұмысшылардың қосымша құнды өндірумен байланысты қатынасын, әрі оны бөлумен байланысты таптар арасындағы қатынастарды қамтиды. Маркс капиталдың жалпы формуласын шығарды. Ақша — Тауар — Ақша осыған орай ол капитал мәңгі қозғалыста болады деген қорытындыға келді. Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз иемденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен өндірілетін қосымша құн болып табылады. Сырт қарағанда капитал мынадай нақты нысандарда орын алады: өндіріс құрал-жабдықтары — өндіргіш капитал нысанда ақша — ақшалай, тауарлар — тауарлы капитал нысанында көрінбекші. Солай дей тұра К. Маркс ақша-тауар және құрал-жабдықтар жеке алғанда капитал болады дегенді айтпайды, олар белгілі бір өндірістік қатынастар құрамында ғана капитал болып саналады, деп білді. Сонымен капиталға деген көзқарас әрқилы, алайда олардың бір мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін қабілеті тұрғысынан капитал меншікпен үндеседі.

          Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп капиталы деп аталады. Өнеркәсіпке немесе ауыл шаруашылығына бөлінген ақша өндірістік объектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалады. Өнеркәсіп капиталының өндіріс объектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды. Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді.

          Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моралдық тозу орын алады. Физикалық тозу процесі негізгі  капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сипаттайды. Негізгі капиталдың физикалық тозуына көптеген факторлар әсер етеді. Олар ең алдымен машина мен жабдықтарды пайдалану ұзақтығы мен қарқындылығы, негізгі капиталды пайдаланатын өндіріс технологиясының құрылымы, атмосфералық ықпал, материалдың өз бойындағы болып жатқан ішкі процестер. Негізгі капиталды пайдалану ұзақтығы мен физикалық тозу дәрежесінің арасында тікелей пропорциялы тәуелділік бар, машиналар мен жабдықтарды пайдалану уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады.

          Негізгі капиталдың заттық тозуынан баска, оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады. Негізгі капиталдың моральдық тозуы ең әуелі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты. Моральдық жағынан тозған жабдықтар экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өнімсіз, сондай-ақ онымен өндірілген өнімдердің бәсеке қабілеті де төмен болады. Моральдық тозған, ескірген жабдықтарды, құралдарды жаңарту белгілі бір бағдарламага сай жүргізіледі, ол негізгі капиталға деген үлкен шығындарды қажет етеді. Осымен байланысты өндірісті техникалық жаңартуға жұмсалатын күрделі қаржының үлесі ұлғаяды. Дамыған елдерде өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалатын қаражат бүкіл күрделі қаржының 60—80 процентін құрайды.

          Заттай  және моральдық жағынан тозған, ескірген құралдарға кеткен шығындар амортизациялық жарна арқылы өтеліп отырады (негізгі капитал құнының бір бөлігінің жыл сайын шығарылатын өнімге ауысуы). Амортизациялық жарна сомасының негізгі капитал құнына процентпен шаққанда қатынасы амортизация нормасы деп аталады. Ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқынымен, негізгі капиталдың моральдық тез тозуымен байланысты мемлекет заңды жолымен амортизация нормасын көтеріп отырады. Мемлекеттің бұл әрекеті жабдықтардың құнын шығарылатын өнімдерге тез ауыстырып, моральдық ескірген, уақыт талабына сай келмейтін құрал-жабдықтардан құтылуға бағытталған амортизацияны тездету саясаты деп аталады. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында негізгі капиталдың моральдық тозған бөлігін қалпына келтіру қаражаты осы амортизацияны тездету есебінен түседі. Амортизацияны тездету пайдадан көптеген соманы амортизация қорына аударуға, сөйтіп қосымша қор жинау көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Мұның тағы бір ұтымды жері, амортизация қорына бөлінетін пайда салықтан босатылады.

          Өндірісті кең көлемде жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының бір бөлігін өзінің тұтынуына емес, өндірісті қаржыландыруға жұмсауы міндетті. Пайданың бір бөлігін үстеме капитал ретінде пайдалануды капиталдың қорлануы деп атайды. Ол тек жеке капиталдың ғана емес, бүкіл қоғамдық капиталдың өсуін сипаттайды. Капиталдың өсуінің тағы бір жолы — оның орталықтануы, бұл фирмалардың бірін-бірі қосып алуы немесе жойып жіберуі нәтижелерінде мүмкін болады. Капиталдың орталықтануынан экономикада қызмет етуші капиталдың жалпы көлемі өзгермейді.

          Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Ақша капиталы жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады (А — Т). Өндіріс процесінде (Ө) сатып алған факторлар өзара әрекет етеді және жаңа өнім өндіреді. Рынокта осы өнімдерді сатып (Т1 — А'), кәсіпкер алдын ала жұмсаған капиталын қайтарып алады. Капиталдың біртіндеп алғашқы жұмсалуы, өндірісте пайдаланылуы, өңдірген өнімдерді сату және капиталдың алғашқы нысанға қайтып оралуы капиталдың ауыспалы айналымы деп аталады. Өнеркәсіп капиталының бүкіл ауыспалы айналымы мына формуламен сипатталады.

               Капиталдың ауыспалы айналымының бірінші және үшінші сатысы айналыс процесін, ал екіншісі — өндіріс процесін көрсетеді. Өнеркәсіп капиталы ауыспалы айналымның әр сатысында әрқилы нысанда орын алады: ақшалай, өндіргіш және тауарлы. Капиталдың ауыспалы айналымының үздіксіз орын алуы олардың үш нысанының бір-бірімен алмасуының мәнін түсіндіреді. Олар әрқилы фазаларды ешбір кедергісіз бір-бірімен алмасып отыратын болса, ауыспалы айналым қалыпты деген сөз. Егер капитал ақшалай нысанда тұрып қалса, өндіріске жол ашылмайды. Ал егер ол өңдіргіш нысанда тұрып қалса, бір жағынан, өндіріс құрал-жабдықтарының, екінші жағынан, жұмыс күшінің қызмет атқармай тұрғандығын көрсетеді. Капитал егер соңғы фазада кедергіге ұшыраса, жинақталған тауарлар айналыс саласына өту жолын жапқаны болып табылады. Капиталдың ауыспалы айналымы тұрақты түрде бірінен соң бірі жаңарады және қайталанады. Бұл дүркін-дүркін келіп отыратын процесс. Капиталдың бір айналымы оның алғашқы ақшалай жұмсалған кезінен сол ақша есімімен қайтып оралған мерзімді қамтиды. Мұны капитал айналымының уақыты деп атайды. Айналмалы капиталдың айналым уақыты ауыспалы айналымның бір айналымына тең. Негізгі капиталдың айналым уақыты авансыланған негізгі капиталдың жылдық амортизациясына тең. Авансыланған бүкіл капиталдың айналым уақыты авансыланған капиталдың жылдық амортизациясы мен айналмалы капиталдың жылдық айналым сомасына қатынасы. Айналым уақыты өндіріс уақыты мен (бұл мерзімде капитал өндіргіш нысанда болады) айналыс уақытынан тұрады. Капитал айналымының жылдамдығы өндіріс тиімділігіне ықпал етеді. Көп мөлшерде пайда табу мақсатымен кәсіпкер капитал айналымын тездетуге мүдделі болады.

          Экономикада тек өнеркәсіп капиталы ғана емес, айналыс саласында тауарларды сату мақсатын көздейтін сауда капиталы да орын алады. Тарихи жағынан сауда капиталы өнеркәсіп капиталынан көп бұрын орын алған, ол ұзақ жылдар үстемдік еткен капиталдың түрі. Саудамен шұғылданатын кәсіпкер капиталын тек тауар сатып алуға ғана емес, тауарды сатып өткізумен байланысты қызмет көрсетуге де жұмсайды. Тауарды сатып өткізумен байланысты шығындар айналыс шығындары деп аталады. Олар екі түрге бөлінеді: таза және қосымша айналыс шығындары. Таза шығындар тікелей айналыспен байланысты орын алатын шығындар, мұнда жарнама шығындары үлкен үлес алады. Қосымша айналыс шығындары — өндіріс процесін жалғастырумен байланысты шығындар. Бұл тасымалдау сақтау, буып-түюмен байланысты шығындар.

          

          Капиталдың  тағы бір нысаны — қарыз капиталы. Бұл белгілі бір мерзімге процент үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша капиталы. Қарыз капиталының көзі уақытша пайдаланылмаған бос ақша қаражаты, соңғысы болса кәсіпорындар мен фирмалардың уақытша бос қаржылары мен халықтың ақшалай қаражатынан тұрады. Несие арқылы осылардың барлығы қарыз капиталына айналады. Қазіргі экономикада несиенің бірнеше түрі бар: коммерциялық, банкілік, мемлекеттік, мемлекетаралық.

          

  • Жер — өндіріс факторы
  •  

          Өндірістің  үшінші факторы — жер. Бұл фактордың мәнін қалай түсінуге болады? Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игіліктер капиталға жатады, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игіліктер жерге жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның ауданының шектеулілігінде. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, оны сол сияқты өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің "жемісі" емес, табиғаттың сыйы. Белгілі жер учаскесін пайдалану әуел бастан адамның қолынан келер істің бәрі. Әр уақытта есте болатын жәйт, "жер" ұғымы ең кең мағынада қолданылады. Ол белгілі өлшемде табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылық, ол жердің өзі, су ресурстары немесе қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір учаскелері адамның өндірістік қызметіне ықпал етеді. Мысалы, балық аулауда теңіздер мен өзендерді пайдалану, өндіруші өнеркәсіпте қазбалы кендерге бай учаскелер қажет, құрылыс үшін құрғақ жердің бір бөлігін пайдалану (мұнда талғамды табиғат емес, адам анықтайды). Алайда жер туралы әңгіме, ең алдымен оны ауыл шаруашылығында пайдаланумен байланысты болады. Фермер үшін жер белгілі бір ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің құралы. Жердің механикалық және химиялық қасиеттерімен анықталатын құнарлылығы болуы керек. Механикалық қасиеттері бойынша жер жұмсақ, бірақ суды өте еркін өткізе бермейтін болуы шарт, сондай-ақ тығыз, батпақты болмауы да маңызды, өйткені ондай жер өсімдік өсіруге жарамсыздау болады. Жердің құрамында өсімдіктер өз бойына жеңіл сіңіретін органикалық емес элементтер керекті мөлшерде болуы керек. Адам механикалық өңдеуді пайдаланып, органикалық және химиялық тыңайтқыштарды енгізе отырып, белгілі бір көлемде жер қыртысының сапасын өзгерте алады. Сонымен жердің қасиетін екіге бөлуге болады, табиғи және табиғи емес, яки жасанды. Алайда учаскенің орналасуы, табиғи климат жағдайын қамтитын қасиет ең бастысы, өйткені осы қасиет жер меншігі мен рента теориясына ерекше маңызды сипат береді.

          Әрине, адам белгілі бір дәрежеде жер  құнарлылығына ықпал етеді, алайда ол шексіз емес. Ерте ме, кеш пе жерге жұмсалған үстеме қаржы қысқарады. Міне, енді жерге байланысты, жер құнарлылығының кеми беруі (сандық мағынадағы берері) дейтін заңға тоқталуға тура келеді. Бұл заң тиімділік максималды дәрежеге жеткенде әрекет ете бастайды. Тиімділіктің төмендеу үрдісінің белгілі бір уақытта агротехниканы жетілдірумен байланысты тежеліп тоқтауы да мүмкін. Алайда жер өнімдеріне сұраныс шексіз өсетін болса, тиімділіктің төмендеу үрдісін тоқтату да мүмкін болмайды. Құнарлылықтың кеми беру үрдісі заңын тек жерге пайдалануға болады, өйткені оның өндірісінің басқа факторларынан айрықша қасиеті — шектеулілігі. Жерді интенсивті түрде өңдеуге болады, алайда өңдейтін жер көлемін ұлғайтуға болмайды, себебі өңдеуге жарамды жер көлемі өзгермейді, ол шексіз емес. Құнарлылықтың кеми беру заңы табиғат сыйлаған жердің басқа да жағына тарала ма? Көмір өндіретін шахтаны мысалға келтірейік. Шын мәнінде адам уақыт өткен сайын қазбалы байлықты өндірумен байланысты маңызды проблемаларға кезіге береді. Шахталарда бірдей дәрежеде үздіксіз еңбек пен капитал жұмысына қарамастан көмір өндірудің азайып отырғанын байқау қиын емес. Алайда жерді ауыл шаруашылығында пайдалану бір әңгіме, одан ауыл шаруашылық өнімдері ретінде түсер тиімділік қайталанған табыс, ал шахтада өндірілетін көмір басқа әңгіме.

  • Факторлық табыстар
  •  

              Әрбір өндіріс факторларына адамдардың белгілі бір топтары сәйкес келеді.. Мысалы, еңбекке жұмысшылар, жерге жер иеленушілер (жеке жер иеленуші немесе мемлекет ), капиталға оның иелері, кәсіпкерлікке кәсіпкер және т.б. Бұл адамдар топтарының әрқайсысы ортақ табыстың бір бөлігін иемдену үшін талпынады: жұмысшы жалақысын алу үшін, жер иесі рентаны алу үшін, капитал иесі пайдадан процент алу үшін талпынады. Белгілі бір өндіріс иесі үшін табыс болып табылатын материалдық игіліктер тұтынушы үшін шығын болып табылады.

          Экономикалық  теорияда табысты тек шаруашылық түсінік (микродеңгейде) және халықтық түсінік (макродеңгейде) ретінде қабылдайды. Егер табысты иеленуші субъектке тәуелді етіп қарастырсақ, табыстар төмендегідей бөлінеді:

    - халық табысы;

    - кәсіпорын  табысы;

    - мемлекет табысы;

    - қоғам табысы (жылдың ішінде жаңа құн ретінде  пайда болған ұлттық табыс);

          Бұл табыстардың жиынтығы игіліктер, қызметтерге, өндіріс ресурстарына  деген ұсынысты анықтайды. Шаруашылық қызметтің нәтижесінде өндірістік факторлардың иелері табысты ақшалай алады. Бұл табыс – номиналды табыс деп аталады. Осыған байланысты факторлардың иелері мен мемлекет арасында күрделі экономикалық байланыстар орнайды. Мемлекет әр түрлі салықтар мен әлеуметтік төлемдер арқылы факторлық табыстың үлкен немесе кіші бөлігін алады. Осы салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеп болғаннан кейін қалған табыс «таза табысты» құрайды. Бұл таза табыстың құны ақшаның санымен емес тауарлар, қызметтер үшін бағаның деңгейімен анықталатындықтан тағы бірұғым пайда болады. Бұл ұғым – бағала өзгерісі немесе ақшаның сатып алу қабілеті.Кәсіпорын табысын талдау кезінде жиынтық табыс, орташа табыс және шектеулі табыс түсініктері қолданылады.  Жиынтық табыс барлық өнімдерді сатудан түмсетін ақшалай табыс. Орташа табыс сатылған әрбір өнімге шаққандағы табыс.  Ал шекті табыс жиынтық табыстың қосымша өнім сатудан түскен табыстың есебінен өсімшесін құрайды. Шекті табыс жиынтық табыс пен сатылған өнім санының арасындағы қатынасымен анықталады.

    Информация о работе Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстар