Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 07:33, курсовая работа
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т.б. игіліктер туралы сөз болуы керек.
Кіріспе....................................................................................................................3
Бөлім-І Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері..................................................................................................................5
Қоғамдық өндіріс және оның формалары...............................................5
Қоғадық өндіріс жүйесіндегі адамның орны.........................................12
Бөлім-ІІ Өндіріс факторлары...........................................................................17
2.1 Еңбек— өндіріс факторы............................................................................23
2.2 Капитал — өндіріс факторы......................................................................24
2.3 Жер — өндіріс факторы..............................................................................28
2.4 Факторлық табыстар....................................................................................30
2.5 Өндірістік функция......................................................................................31
Қорытынды........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................37
Өндіріс факторларын қарастырып болғаннан кейін, өндірістің өзара әрекет ететін факторлары ретінде өндіріс процесінің өзін талдауға кірісеміз. Өнімдерді өндірумен байланысты проблемалар үш дәрежеге бөлінеді.
1. Кәсіпкерлердің алдында белгілі бір кәсіпорында белгіленген көлемдегі өнімді қалай өндіру керек деген мәселе тұруы мүмкін. Бұл мәселе өндіріс шығындарын қысқа мерзімде азайтумен байланысты.
2. Кәсіпкер белгілі бір кәсіпорында көп мөлшерде пайда әкелетін, өнім өндіретін оптималды (тиімді) өндірістің мәселесін шешуі мүмкін. Бұл пайданы қысқа мерзімде көп мөлшерде алумен байланысты мәселе.
3.
Кәсіпкердің алдында
Өнім өндіру үшін өндірістің барлық факторларының өзара әрекеті қажет, олардың жеке дара өнім өндіруге де, пайда табуға да қабілеті жоқ екендігі даусыз. Өндіріс процесінде оның факторлары өзара байланысты әрекет етеді, кей жағдайда бірін-бірі толықтырады, алмастырады.
Нақты өндіріс жағдайында кәсіпкерді әрдайым толғандыратын мәселе — өндіріс процесінде белгіленген өндіріс факторларымен өндірілетін өнімнің саны мен сапасы. Техника мен еңбек өнімділігінің белгілі бір даму кезеңінде белгіленген өндіріс факторларының қуатымен өнім өндірудің максимадды шамасына жетуі мүмкін.
Бұл өндірістің екі факторының өзара байланысын сипаттайтын өндірістік функцияның қарапайым мысалы. Өндірістік функция деп отырғанымыз өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен максималды өнім өндіруде өзара байланысын сипаттайтын техникалық арақатынас. Математикалық белгілермен былайша анықтауға болады.
Мұндағы у — шығарылатын өнім көлемі, аһаг,ап — өндіріс факторлары.
Өндіріс функциясының мән маңызы альтернативті (бірдей) мүмкіндіктің барлығына әр қилы өндіріс факторларының үйлесімділігі. Өндірістің әр қилы факторлары орын алатындықтан, олардың оптималды арақатынасын қамтамасыз ету мүмкіндігі де бар. Өндірістік функция өндіріс факторларының бір-бірімен алмасу мүмкіндігі болатындығын көрсетеді.
Өндіріс
факторларының өзара алмаса алатындығы
жаңа классикалық талдаудың
2.4.1 графиктен көрініп отырғандай, бір фактор — өзгермелі еңбек, екіншісі — тұрақты (мысалдағы капитал-станок) жайды сипаттайды. Алғашында шектеулі (қосымша) өнімнің өсу тенденциясы байқалады, өйткені екі немесе үш тоқымашы станокта бір адаммен салыстырғанда тиімдірек еңбек ететіні белгілі. Жалдамалы қызметкер санының көбеюімен (станок паркі өзгеріссіз қалғанда) шектеулі (қосымша) өнім азая бастайды, себебі өзгермелі фактордың көпшілігі (еңбек) капиталдың тұрақты белігімен қосылып кетеді. Еңбеккерді жалдау белгілі бір шекке дейін орын алады. Осы шек нені түсіндіреді.
Ол
— еңбектің рыноктық бағасының дәрежесі,
яғни жалақы. Бұл
График-2.4.1
дәреже кәсіпкерге кімнің жалақысы шектеулі өнімге (ақшалай есептегенде) теңгерілсе, соны еңбекке жалдауды тоқтату керектігін көрсетеді. Келтірілген мысалда жұмыс істеушілер санын сипаттайтын көрсеткіш — п. Міне осы қызметкерлердің (п) шектеулі өнімі (ол штрихпен бейнеленген) жалақыға тен болады (W). Қызметкердің (п) шектеулі еңбек өнімділігі өнім өндірудегі еңбек үлесінің өлшемі (L) мәнінде тәртіптің бәсекелестік принципі әрекет етіп отыр. Мұндайда рыноктың экономикада шаруашылық етуші субъект өзінің шектеулі ұтысын (табысын) және шектеулі шығындарын салыстырып отыруы керек. Бұл мысалда шектеулі шығын кәсіпкер төлейтін жалақы, ал шектеулі ұтыс (табыс) әрбір қосымша арқылы өндірілген шектеулі өнім. Бұл қорытындыны сандық көрсеткішпен былай түсіндіруге болады.
Өндірістің өзге факторлары өзгеріссіз қалып, тек бір ғана факторының ұлғаюы есебінен алынатын қосымша өнім, осы фактордың шектеулі өнімі деп аталады. Шектеулі өнім тұжырымдамасы өндіріс шығындарын азайту проблемасын шешуге көмектеседі. Біздің мысалдан фабрикадағы тоқымашы мен станок арасындағы оптималды үйлесімділікті қалай табуға болады? Ол үшін еңбектің шектеулі өнімінің физикалық көлемін, еңбектің бағасымен, ал станоктың шектеулі өнімінің физикалық көлемін станоктың бағасымен салыстыру қажет. Өндірістің бір факторын екіншісімен мақсатты алмастыруды, өндіріс факторларының шектеулі өнімінің физикалық көлемі, осы фактордың бағасына пропорционалды орнағанға дейін жүргізу керек.
Рационалды
экономикалық тәртіп өндірістің "қымбат"
факторын "арзан" фактормен алмастыруды
талап етеді. Келтірілген теңгерме
осы алмасудың шегін
Өндірістік
функция мен өндіріс
Өндіріс
факторларының кез келген үйлесімділігі,
мысалы, LК және ІL,
ЗК мен 2L, 2К мен 3L, \К
мен 6L бірдей мөлшердегі өнімнің физикалық
көлемін қамтамасыз етеді. Кәсіпкер үшін
ең арзан үйлесімділік қайсысы? Осы кестенің
деректерін ескере отырып, 2.4.2-суретте
бірдей өнімді қисық сызықпен түсіндіреміз,
немесе өндірістің бейтараптылығын қисық
сызықпен суреттеу:
Сурет-2.4.2
Сурет-2.4.3
Осы қисық сызықтағы А, В, С, Д нүктелері 100 өлшем өнімді шығаруда өндіріс факторларының әр қилы үйлесімділігін көрсетеді (П. Самуэльсонның кітабынан алынды, "Экономика", М., 1964, 569-бет). 2.4.2-суретте бірдей өндіріс шығындарының линиясы керсетілген, яғни абцисса осі мен ордината осінің қосылу нүктесі өндіріс факторларының шығындарының бірдейлігін сипаттайды.
Ал 2.4.3-суретте бірдей өнім қисығын, сызығы бірдей шығындар сызығымен салыстырамыз. С нүктесінде бірдей өнім линиясы қиылысады, бірақ бірдей шығындар сызығымен қиылыспайды, сөйтіп өндіріс шығындары минималды, ал бір-бірін алмастыру коэффициенті пропорционалды. Сонымен, капиталдың бір өлшемінің бағасы 3 доллар, ал еңбектің бір өлшемі 2 доллар болғанда, еңбек пен капиталдың физикалық өлшемінің оптималды қатынасы мынадай болады: капиталдың 2 өлшемі мен еңбектің 3 өлшем бірлігіне тең. Бейтарап қисық сызығы С нүктесінде бірдей шығындар сызығымен қиылысты, ол 12 долларға тең (2К х 3 доллар) + (3L + 2 доллар) = 12 доллар. Өндіріс факторларының кез келген басқадай қатынасы қымбатқа түседі.
Кәсіпкер үшін шығындарды азайту жеткіліксіз, түсер пайданың көп болғаны да маңызды. Аз шығындармен әрқилы өнім көлемін өндіретін болғандықтан мынадай сұрақ туындайды: қандай өнім көлемі барынша көп пайда әкеледі? Кәсіпкер өндіріске қосымша өндіріс факторларын осы факторлар арқылы шектеулі өнім табысын осы фактор бағасына төмендеген шекке әрекет ететін болады. Шектеулі өнімнен түсер табыс — қосымша ақшалай табыс, ол осы фактор өндірген бүкіл шектеулі өнімді сатудан түседі.
Бұл
табыс осы өндіріс көлемінде шектеулі
табысты шектеулі өнім көлеміне көбейтуге
тең. Сонымен, кәсіпкер өндіріске қосымша
жер немесе еңбек, машиналарды, жабдықтарды,
шикізатты пайдаланғанда мына ережеге
сүйенеді: қосымша өндіріс факторларын
қамту арқылы шектеулі өнімнен түсер табыс
осы фактордың рыноктық бағасына тең болады.
Шекті өнім көлемін MRP
(margіnal revenue product) деп белгілей отырып, бұл
ережені былай өрнектеуге болар еді:
MRP = R.
Қорытындылай
келе шектеулі еңбек өнімділігін теориясымен
байланысты мына екі нәрсені айту керек.
Біріншіден, бұл өндіріс факторлары бір-бірін
алмастыру жағдайында қолданылады. Егер
мұндай өзара алмасу орын алмайтын болса,
бір фактордың шекті өнімін, екінші бір
фактордың осындай өнімінен ажырату мүмкін
болмайды, ал өндірістің қандай да болсын
бір факторына қосымша қаржы жұмсау (басқалары
өзгеріссіз болғанда) өнім көлеміне ешбір
ықпалы жоқ ресурстарды босқа шашу болып
табылады. Практикада өзара алмастырудың
болмауы өте сирек кездеседі. Екіншіден,
өндірістің бір факторын екінші біреуімен
алмастыру ресурстарды қамту мүмкіндігінің
күрт езгеруімен байланысты орын алады.
Яғни алмастыру принципі ең алдымен айналмалы
капиталға (шикізат, материалдар) қолданылады.
Өйткені оларды сатып алу шешімі мезгіл-мезгіл
қайта қаралып отырады. Еңбекке байланысты
бұл принципті кәсіпкер ұжымдық келісім
шартының жайын ескеру негізінде қолданады.
Ол жер және негізгі капиталмен байланысты,
және жалға берудің ең аз мерзімі белгіленген
жағдайға қолданылады.
Информация о работе Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстар