Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 07:33, курсовая работа

Описание

Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т.б. игіліктер туралы сөз болуы керек.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Бөлім-І Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері..................................................................................................................5
Қоғамдық өндіріс және оның формалары...............................................5
Қоғадық өндіріс жүйесіндегі адамның орны.........................................12
Бөлім-ІІ Өндіріс факторлары...........................................................................17
2.1 Еңбек— өндіріс факторы............................................................................23
2.2 Капитал — өндіріс факторы......................................................................24
2.3 Жер — өндіріс факторы..............................................................................28
2.4 Факторлық табыстар....................................................................................30
2.5 Өндірістік функция......................................................................................31
Қорытынды........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................37

Работа состоит из  1 файл

Эконом теория курсовая Айжан.doc

— 236.50 Кб (Скачать документ)

      Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін  арттырудың негізгі буыны. Қазіргі  кезеңде өндіріс экологиясының  ахуалы мәз емес. Осының салдарынан "заманымыздың кеселі" аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет —  өндіріс экологиясын сауықтыру. Ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдеу жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады.

      Қоғамдық  өмірді демократияландырудың берер  жемісі өз алдына бір төбе. Алайда бұл  істі жүзеге асыруда байыптылық кажет. Асығыстық, даурықпа іс-қимыл, қызба сөз істі оңға бастырмайды. Экономикалық өмірді демократияландыру басқаларға қарағанда ілгері, алда болуы шарт. Бұл шарт бұзылса келеңсіз жағдайлар туындап, кедергілер көбейеді, көздеген мақсатқа жету едәуір қиындыққа түседі.

      Еңбек белсенділігін арттыруда рухани және қызмет көрсету жүйелерін дамытудың  берер жемісі де аз емес. Қоғамдық сана, ойлау жүйесі, іс-қимыл әрекеті, адамның  әлеуметтік рөлі, сезім мен талаптану, өнегелі адам болу түптеп келгенде рухани байлыққа байланысты.  
 
 

      Бөлім-ІІ Өндіріс факторлары

 

      Экономикалық  игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері  пайдаланылады. Өндіріс үрдісінде  ресурстар өндіріс факторларына айналады. Өндіріс факторлары өндіріс  факторлар нарығын қалыптастырады.  
 

      

      

      

      Сурет-2.1 Өндіріс факторлар нарығы 
 

      Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

      Еңбек нарығына тән қасиеттер:

    • жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
    • әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
    • еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;
    • жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.

     Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең  және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл  жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

     Жалақы  номиналды және нақты түрінде  ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

     Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.

     Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

          1.     Номиналды жалақыға.

         2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

      Еңбектің  бағасы ретінде жалақының жалпы  дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың  қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс  табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

      Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту  деңгейіне және жалақыны өсіруге  әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

    П.Самуэльсонның  теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

  • халықтың жалпы саны;
  • жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;
  • белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);
  • халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

     Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше  әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

     Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

     Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.

     Сурет-2.2-де көріп отырғанымыздай нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі: 

 

 

 

 
 

           

Сурет-2.2 Жалақының формалаларының әр түрлі болуы

      

     Жалақыны  екі незгізгі формаға бөлуге болады:

  • мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;
  • келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.

     Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады. 

                                  

Жалақының формалары 

     

     

       

 

Сурет 2.3 – Жалақының формалары

        Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.

 
100% Табыс 

80 

60 

  В

40

   

                                                              D

20   А     20    40       60  80 100   oтбасы%  

График-11.2 Лоренц қисығы.

АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады.

АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі. 

Кдж= АВС ауданы

      АДС ауданы

            Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

      Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың  арақатынастарының объектісіне  байланысты, капитал нарығы деген  түсінікке анықтаманың екі түрлі  болуы мүмкін.

  • Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
  • Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі.

     Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

     Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.

      Капитал нарығындағы сұраныс – бұл  өздерінің инвестициялық жобаларын  жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

      Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

    • инвестицияның пайдалылығына,
    • экономиканың дамуына,
    • мемлекеттің сұранысына,
    • салым мерзіміне,
    • салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

      Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері  болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.

      Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

         1. Жер құнарлылығы;

    1. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

     Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

     Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді.

     Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

     Абсолюттік  рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

     Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін  ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

     Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.

     Жердің  құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық  ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

      

  • Еңбек-өндіріс факторы
  • Информация о работе Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстар