Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 20:35, курсовая работа
Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген иялық жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгіегі нарықтық экономикакаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай.
I тарау. Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы.
1.1. Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми негізделуі.
1.2. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері.
II тарау. ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық және кәсіпкерлік белсенділігін талдау.
2.1 ЖШС «Меркур Строй сервистің» жалпы сипаттамасы.
2.2 ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау.
III тарау. Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары.
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау тетіктері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қызметі оның қаржыларының айналым жылдамдығынан көруге болады Оның белсенділігін талдауда әртүрлі қаржылық коэффиценттердің айналуының деңгейі мен өзгеруін зерттеу арқылы кәсіпорынның өз қаржыларын қалай қолданылып жатқандығын көруге болады. Кәсіпорынның жағдайы салынған активтердің қанша уақытта нақты ақшаға айналатындығына тәуелді.
Негізгі құралдардың айналу коэффиценті қор қайтарымдылықты білдіреді. Кәсіпорындағы негізгі қүралдардың айналуын, олардың үлесінің аздығымен түсіндіруге болады. Ол 2002 ж. 3,6 рет болса, 2003 ж!2,1рет болған.
Меншікті капиталдың айналым коэффицентінің жоғарылығы олардың жетіспеушілігін көрсетеді. 2002 ж 5,54 болса 2003 ж 21 рет айналған. Бүл жерден біз сатылу көлемінің салынған актив деңгейінен жоғары екендігін көруге болады. Ағымдағы активтердің айналымы 2002 ж 0,5, 2003 ж 0,4- ке төмендеген. Дебиторлық берешектің айналу коэффиценті оның сапасы мен көлемінің мөлшерін білу үші қолданылады. Ол 2002 ж 4,7 реттен 2003 ж 6,1ге өскен.Неиелік қарыздың айналу коэффиценті коммерциялық несиеліктің өскендігін не төмендегенін көрсетеді. Бүл көрсеткіш талдау кезеңінде 175%- өскен.
Кәсіпорын ісінің тиімділігін өндірістің нәтижесі мен оның шығындарын немесе қолданылған ресурстарын салыстыра отырып көруге болады. Алынған тиімділікті жиынтық капиталмен немесе салыстыра отырыпкәсіпорынның ісінің тиімділігінің бірнеше көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды екіге бөліп қарастыруға болады: 1) Жалпылама және 2) технико- экоономикалық . Бірінші топқа табыс деңгейі, еңбек өнімділігі, қор, материал сиымдылықтары жатса, екіншісіне өндірісте қолданудың тиімділік көрсеткіштері жатады.
Өндірістің тиімділігінің жағдайы өсу қарқынының интенсивті дамуына көмектеседі. Өндірістің жан- жақты интенсификациясы-тиімділікті көтерудегі шешуші фактор. Бүл жерде мәселе материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының өндірісте қолданылу тиімділігі турал болып түр.
3 тарау. Өнеркәсіптегішағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары
3.1 Шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау тетіктері
Статистикалық тіркелу деректері бойынша республикада 2004 жылдың 1-қаңтарында 130,8 мыңға жуық шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, бүл көрсеткіш 2003 жылдың 1 қаңтарындағыдан 11,8 % жоғары. Тіркелгендердің 71,5 %-і жұмыс істейтін, яғни экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын кәсіпорындар. 200і жылдың желтоқсанында 46 мыңнан астам кәсіпорын (жұмыс істейтіндер санынан 49,4%) белсенділік танытқан.
Белсенді кәсіпорындардың басым көпшілігі сауда, автомобиль және үйде пайдаланатын заттарды жөндеу салаларында қызмет атқарады, өйткені сауда қызметі шағын бизнес кәсіпорындары үшін ең қолайлы болып табылады. Өнеркәсіп қызметімен белсенді кәсіпорындардың 12,5 % айналысқан, олардың басым саны өңдеу кәсіпорнында (өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы санынан 90,2%) шоғырланған.
Өңірлер бөлінісінде белсенді кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған.
Халықтың ңәсіпкерлік белсенділігі Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Павлодар облыстарында аса жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша Оңтүстік қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстары көзге түседі.
2004 жылдың 1 қаңтарында есптік деректер бойынша республиканың шағын кәсіпорындарында жүмыс істейтіндер саны 2003 жылдың бірінші қаңтарына қарағанда 3,2% өсіп, 482,5 мың адамды қүрады. Әрбір үшінші қызметкер сауда, автомобильдер мен үйде пайдаланатын заттарды жөндеу саласына қатысты кәсіпорындарда, әрбір алтыншы- өнеркәсіп кәсіпоындарында жүмыспен қамтылған.
2003 жылдың желтоқсанында өнімді өткізуден түскен табыс 48292,1 млн. теңгені қүрады, бүл 2002 жылдың желтоқсанындағы деңгейден 6,7% жоғары. Есепті деректер бойынша жалпы табыстың 60%-ға жуығы сауда мен автомобильдер және үй заттарын жөндеу, құрылыс (12%) және өнеркәсіп (10,8%) салаларында жүзеге асыратын шағын кәсіпорындарының үлесінде.
Ауыл шаруашылық саласында шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республикадағы 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 149,4 мыңға жуық шаруа қожалығы тіркелген, оларддың 82,3% - жүмыс істеп түрғандар.
Сонымен шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік келесідей принциптерді ұстанады :
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субьектілері үшін қол жеткізерлік болуы;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласында халықаралық ынтымақтастық;
Жүйелі мемлекеттік қолдау екі бастамадан түрады: жабдықтау және басқарушы. Жабдықтау бүл жерде шағын кәсіпорындарға материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстарды жеткізу мен мемлекеттік тапсырыстар мен қызметтер көрсету және т.б. Басқару әрқашан жоспарлаумен, бағдарламалармен, бақыламен байланысты.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің құрылымы 3 деңгейден түрады: республикалық, аймақтық, жергілікті.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мына негізгі бағыттарын қамтиды:
- шағын кәсіпорындарының сыртқы ортадағы факторларын басқару;
- нақты шағын кәсіпорындарды тікелей қолдау; .
- қолдаушы жүйенің өзін жетілдіру мен қолдау.
ІІІағын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың бірінші фунциясында шағын кәсіпорындарға шағын кәсіпорындарға қажетті сыртқы ортаның жаңа элементтерін құру, оны қоршаған тиімді факторларды ынталандырып, қажетсіз факторларды қысқартып , тоқтату.
Екінші функциясы әрқашан шағын кәсіпорын субектілеріне ресурстардың қозғалу бағытын көрсетеді. Көбінесе бүлар мамандырылған қолдау институтттары арқылы жүреді: *
А) қаржылық инситуттар;
Б) бизнес инкубаторлары, технопарктер, өнеркәсіптік алаңдар және т.б.
В) лизингтік компаниялар;
Г) шағын кәсіпкерлікті дамыту орталықтары мен агенттіктер;
Д) технологияны тарату орталықтары;
Е) ақпаратпен қамтамасыз ету орталықтары;
Ж) оқыту орталықтары;
3) бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтік, транспорттық және басқа қызметтер көрсететін, сонымен бірге қызметкерлерді таңдауға көмектесетін мамандандырылған фирмалар.
Үшінші функция қолдау жүйесін қүрумен оның стратегиясын анықтаумен, басымдықтарды айқындаумен және оның мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті ресурстарды табумен байланысты. Бұл функция шағын кәсіпорындарды мемлекеттік жүйесінің үйымдарын дамытуға қажетті басқару орындарын қүру және олардың қызметін бақылау жүмысын жүзеге асыруды, екіншіден бүл жүйені үнемі жетілдіріп отыруды қарастырады.
Елбасының биылғы жолдауында өткен жылғы тапсырмалардың күшінде қалатындығын және кәсіпкерлердің эконномиканы әлемдік нарыққа интеграциялау кезінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға дайындалуын тапсырды.
Енді біз шағын кәсіпорындарды дамытудың сапалық деңгейін көтеруге және бәсеке қабілетті өнім шығаруға көңіл бөлу қажет.
Бүгінгі күні негізгі кедергілердің бірі заңдық базаның жетілмегендігі. Қабылданған заңдық актілер мәселені тура шешуге көмектеспейді. Ал оны жүзеге асыру үшін заңға қосымша көптеген заңдық актілер қабылданады. Бұл:
- Қазақстандағы кәсшкерлікті дамыту жөніндегі заңдық- нормативтік актілердің жетілмегендігін;
- жекелеген заңдық актілердің нарықтық экономикалық талаптары мен қағидаларына сәйкес еместігін;
- заңғаөзгерістер мен толықтырулар шағын кәсіпкерлік тұрақты дамуына әсер етеді;
- қабылданатын нормативтік- зандық құжаттардың нәтижеге ешқандай талдаусыз, болжаусыз жасалатындығы;
- заңдық - нормативтік құжаттарды тексеру қажетті деңгейде емес. Сондықтан заңдық базаны жетілдіру керек, шағын, орта және ірі бизнестің шекарасын нақты көрсету керек.
Сонымен бірге салық жүйесі жетілдірілмеген. Оны есеп беру жүйесінің қиындығынан, салық ставкасының жоғарылығы. Бұл қиындықтардан арылу үшін:
- Өндірістік инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жаңа жеңілдетілген режимін енгізу керек;
- Шағын кәсіпорыдарды несиелендіруді жүзеге асыратын салықтық жеңілдіктер беріп кәсіпорындардың жұмысын ынталандыру;
- Салық жүйесі шағын кәсіпорындарды ынталандыратын экономикалық реттеуші болуы керек.
Бүгінгі күні үкімет пен шағын кәсіпорындардың арасындағы қатынас маңызды мәселеге айналып отыр. Мемлекет органдарының шағын кәсіпорындарының ісіне бақылауы және тексеруші органдарының қайта - қайта тексеруі немесе ондай органдардың өсуі олардың ісіне кедергі жасауда.Әкімшілік кедергілерді жою және бақылауш, тексеруші органдардың кәсіпкерлерді негізделмеген және жиі тексерулерден қорғау үшін нормативтік- заңдылық актілерге өзгетулер мен толықтырулар енгізді және тексеру жөніндегі алғашқы есепті қүжаттардың жағдайы өзгертілді.
Бүл салада ең маңызды шешім 2003 ж 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін созылған президенттің шағын кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге моратории жариялады. Ол шағын кәсіпкерліктің дамуына жағымды әсер етеді. Салықтық алымдар төмендейді, меншікті еркіндікке шығару жүзеге асып, шағын кәсіпкерлік субьектілері көлеңке экономикадан шығуына көмектеседі. Бүл жағдай шағын кәсіпорындардың көбейуіне әсер етіп, елде бәсекелі нарықты тудырады. Прзиденттің 2003 жылы 9 айға берген жеңілдігі шағын кәсіпорындарға өтетиімді және қажетті.
Бұл жағдайды шешуге мемлекет кірісті. 2003 - 2015 жылға арналған индустриялы - инновациялық стратегия қабылдадық. Бүгінгі күндегі ең маңызды мәселе отандық ғылыми сиымды өндірісті және бәсекеқабілеттілігі жоғарғы өнімді, ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа ғылыми сиымды технологияларды дамыту.
Қазақстанның бүгінгі ғылыми техникалық және инновациялық саясаты инновациялық үрдістердің белсенділігінің артуына, жаңа технологияларды енгізуге, өнеркәсіптің өндіруші саласындағы жаңа бәсекеге жетуге, ғылым мен өндірістің арасындағы айырмашылықты жақындастыруға, бүгінгі шетелдік технологиялармен қарулануға және халықаралық стандарттарды негізуге бағытталған.
Мемлекет инновациялық іс - әрекеттерді дамыту үшін ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторсыз мүмкін еместігін түсініп отыр. Оның үстіне шағын кәсіпорын субьектілерінің өнімінің бәсекеқабілеттілігі төмен. Бүл екі жақтың да бір-біріне керектігін көрсетіп отыр.
Осыған байланысты индустриялды- инновациялық бағдарламада монополистердің негізгі қызметіне кірмейтін қызмет көрсету салаларын шағын кәсіпорындарының бәсеклестік ортасына беру механизмі қарастырылуда. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлікте ғылыми сиымды өндірісті дамыту үшін қүрал- жабдықтар мен технологияны лизингке алу және ірі бизнеспен арадағы франчайзйітік қатынасты кеңейту мәселелері қарастырылуда.
Қазақстандық өндірушілерге ғылыми жобаларды нарықтық товарларға айналдыруға дейінгі тәжірибе жетіспегендіктен, сонымен бірге жоғары дәрежелі менджмент пен маркетинг, талдау саласындағы мамандардың жоқтығына байланысты бағдарламада Қазақстандық мамандардың шетелдік ғылыми зерттеу институттары мен кәсіпорындарда тәжірибеде өту және Қазақстанға жоғарғы дәрежелі мамандарды шақыруып өзімізде мамандар дайындау мәселесі қарастырылған.
Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін Қазақсандағы венчурлық инвестициялардың үлттық жүйесін қүру маңызды бағыт болып саналады. Ал оның дамымауы инновациялық іс - әрекетті венчурлық қаржыландыруда тәуекелділік капиталға сүраныстың жоқтығы.Венчурлық инвестициялардың негізгі тиімділігіне мыналарды айтуға болады:
- шағын инновациялық кәсшкерлікті экономиканың нақты секторында, ғылыми - техникалық салада жоғағы технологиялық кешенді дамыту - ғылыми-техникалық және инновациялық іс - әрекеттің нәтижесін коммерциялизациялау;
- инновациялық іс - әрекетті инвестициялауды жақсарту
- Қазақстандық товарлардың әлемдік нарықта бәсеке қабілеттілігін көтеруге бағьпталған технологиялық жобаларды, инновациялық жобаларды венчурлық жобалауға және нормативтік - құқықтық, кадрлық, қаржылық жағдайлар жасау.
Сонымен шағын кәсіпкерлікте инновациялық іс- әрекепің дамуьша келесі бағытгарды көрсетуге болады:
- венчурлық капиталды ғылыми - тежникалық және инновациялық ортаға тарту;
- мемлекепің қатысуымен қатысуымен арнайы венчурлық қорларды қүру;
- мемлекепік, салааралық, салалық және аймақтық сипаттағы маманданған инновациялық субьектілеріне қоса инновациялық қорды қүру;
- өнеркәсіптік салада жаңа технологиялық база қүру;
Қорытынды
Шағын кәсіпкерлік елдің экономикасының дамуына айтарлықтай әсер ететін экономика ортасының ажырамас бөлігі. Шағын кәсіпкерліктің негізгі ядросын шағын кәсіпорындар қүрайды. Шағын кәсіпорындар . көтеріліп келе жатқан экономиканың дамуын сақтауға және үдайы өндірісті маңызды механизмі. Өндірістің үйымдастырушылық- шаруашылық нысанын жаңартуда нарықтық нарықтық стратегияны қалыптастыру шағын кәсіпорындардың дамуынсыз болмайды. Экономикамыздың дамуын жалғастыруда ең алдымен өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындардың үлесі мен олардың өнімінің сапасын көтеру арқылы жету керек.