Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:45, реферат

Описание

Әлемдік азық-түлік мәселесі ХХ ғасырдың ең негізгі шешілмеген мәселелерінің бірі деп атауға болады. Соңғы 50 жылда азық-түлік өндірісінде мәнді прогресс байқалуда - толық тамақтанбайтын және аш адамдар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар планетаның біршама бөлігінде қазіргі уақытқа дейін тағамдық азықтар жетіспеушілігі сезіледі. Оған мұқтаж адамдар саны 800 млн. адамнан артық, яғни азық-түліктің толық жетіспеушілігін әрбір жетінші адам сезеді.

Содержание

1 Әлемдік азық-түлік саудасының қазіргі жағдайы………………………2
2 Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары…………………………………………………………………9
3 Агроөнімнің экспортты потенциалын көтеру жолдары………………..14
4 Қазақстандағы азық-түлік тауарларының қауіпсіздік мәселесі……22
Қорытынды..........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................33
Қосымша………………………………………………………………………...35

Работа состоит из  1 файл

Азык.doc

— 249.50 Кб (Скачать документ)


Жоспар

1 Әлемдік азық-түлік саудасының қазіргі жағдайы………………………2

2  Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары…………………………………………………………………9

3 Агроөнімнің экспортты потенциалын көтеру жолдары………………..14

4 Қазақстандағы азық-түлік тауарларының қауіпсіздік мәселесі……22

Қорытынды..........................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................33

Қосымша………………………………………………………………………...35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Әлемдік азық-түлік саудасының қазіргі жағдайы.

 

              Әлемдік азық-түлік мәселесі ХХ ғасырдың ең негізгі шешілмеген мәселелерінің бірі деп атауға болады. Соңғы 50 жылда азық-түлік өндірісінде мәнді прогресс байқалуда  - толық тамақтанбайтын және аш адамдар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар планетаның біршама бөлігінде қазіргі уақытқа дейін тағамдық азықтар жетіспеушілігі сезіледі. Оған мұқтаж адамдар саны 800 млн. адамнан артық, яғни азық-түліктің толық жетіспеушілігін әрбір жетінші адам сезеді.

              Тағамдық азықтар тапшылығындағы өткір мәселе көбіне дамушы елдер алдында тұр (БҰҰ-ның статистикасы бойынша оларға постсоциалистік елдер қатары да жатады). Көбіне, ең көп қажет етуші елдерге, яғни энергетикалық құндылық бойынша азық-түлікті жан басына шаққандағы орташа тұтыну күніне 2000 ккал құрайды және төмендеу үстінде, бұған Того мен Монғолия жатады.

              Сонымен қатар, кейбір дамушы елдерде қазіргі уақытта жан басына шаққандағы тұтыну деңгейі күніне 3000 ккал, яғни орташа жағдайды құрайды. Бұл категорияға Аргентина, Бразилия, Индонезия, Марокко, Мексика, Сирия, Түркия елдері кіреді.

                Азық-түлік мәселелерінің тағы бір маңызды аспектісі – баланс жасалынбаған қоректену. Осылай қазіргі Ресей үшін тұтынатын азық-түліктің энергетикалық құндылығын төмендету ғана тән емес (90 жылдары – күніне 2500-ден 2300 ккал-ға дейін), сонымен қатар қоректену құрылымының нашарлауы да тән. Басқаша айтқанда, бір адамның азық-түліктің ең қажетті түрлерін тұтынуы толық тамақтану үшін ескертілген медициналық нормаларынан төмен және төмендеу үстінде. 1997 жылы бір адамға есептегенде ет пен ет өнімдерін тұтыну 50 кг-ды (81кг. нормада), сүт пен сүт өнімдері – 229 кг-ды (392 кг. нормада), сұйық май – 7,9 кг-ды (норма – 13кг.), қант – 33 кг-ды (норма – 40,7 кг.) құрайды. Азық-түлік мәселелері ең жоғары шегіне Ресейде 90 жылдары жетті. Ол халықтың негізгі бөлігінің тұрмыс деңгейінің тез төмендеуімен және ауыл шаруашылығының 1,5 есеге төмендеуімен байланысты.

              Ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік өндірісі, соның ішінде дамыған және дамушы елдерде пайдаланылатын жерлердің шектеулілігіне қатысты. Бұл урбанизацияның жоғары деңгейімен орман массивінің сақталу қажеттілігіне, су ресурстарының шектеулілігіне байланысты. Азық-түлік жетіспеушілігінің  өткір мәселесі тағамдық азықтар импортына қажетті қаржы көлемін бөле алмай отырған, кедей елдер алдында тұр.

              Азық-түліктің негізгі бөлігі өндірілген жерде тұтынылатынына қарамастан, халықаралық тағамдық азықпен сауда интенсивті түрде жүргізілуде. Әлемдік азық-түлік экспортының көлемі жылына 300 млрд. АҚШ долларын құрайды.

              Халықаралық азық-түлік саудасының негізгі қатысушылары – дамыған елдер, соның ішінде АҚШ, Франция, Нидерланды, Германия. Осы елдер тобының үлесіне әлемдік импорт пен экспорттың 60 % тиеді.  Азық-түлік сатылымы мен сатып алу көлемінің  ⅓ бөлігі Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне тиеді. Экономикасы ауыспалы елдердің үлесіне 5 % қана тиеді.

              Ресей азық-түліктің және оны өндіруге қажет шикізаттың ірі нетто-импортері болып табылады, жыл сайын осы тауарларды 10 млрд. АҚШ долларын сатып алады (ең алдымен ет және ет өнімдері, қант, бидай, сүт және сүт өнімдері).

              Халықаралық бидай өнімдерімен сауда өте белсенді жүргізілуде, сондай-ақ ет және сүт тауарларымен де және қантпен де. Бидайдың негізгі жеткізушілері АҚШ, Канада, Еуропалық одақ елдері (негізінен Франция), Аргентина, Австралия елдері болып табылады. Олардың үлесіне бидайдың және мал азықтық бидайдың әлемдік экспортының 9/10 бөлігі келеді.

              Азық-түлікті экспорттайтын озық экспортер елдер бір уақытта оның ірі сатып алушылары болып табылады. Мысалы, АҚШ стратегиялық  азық-түлік шикізатын жеткізуде өзін негізгі позициямен қамтамасыз ете отырып, жеміс пен көкөністі, кофені, какаоны, шайды, дәмдеуіштерді және тағы басқа тауарларды көп көлемде импорттайды. 1996 жылы АҚШ-тың  азық-түлік экспорты 47 млрд. АҚШ долларын құраса, ал импорты – 22 млрд. АҚШ долларын құрады.

              Ауылшаруашылығы өнімдерімен халықаралық сауда жүйесі, соның ішінде азық-түлікпен сауда қазіргі уақытта түпкі өзгерістерге ие. Көрсетілген сферадағы реформаны жүзеге асыру қажеттілігі мемлекеттік қолдаудың және көптеген елдердегі, әсіресе дамыған елдердегі  протекционизмнің өсуіне байланысты туындаған болатын.

              Ішкі жоғарғы бағаны қолдауға байланысты жүргізілген саясат ауылшаруашылығы тауарларының бір қатарын қайта өндіруге және экспорттық субсидиялардың кең таралуына, импортты шектеуге әкелді. Бұл өз кезегінде сыртқы экономикалық сферада мемлекетаралық қатынастарды қиындатты.

              Халықаралық деңгейде келістірілген ережелер мен процедураның жоқтығы халықаралық сауда тұрақтылығының өзгеруіне, қарама-қайшылықтың пайда болуына, сауда соғыстарының басталуына әкеледі.

              Негізгі «күрестер» Еуропалық одақ пен АҚШ арасында туындады. Олар тауарды сату мәселелерінің нәтижесінде сыртқы нарыққа өз бидайын шығаруда субсидияларды кең масштабта қолдану істе байқалды. Бұл іс-әрекеттер Канада, Австралия тағы басқа кіші экспортер-мемлекеттер тарапынан қарсы әрекеттердің пайда болуына әкелді. Өйткені, олардың қаржылық жағдайы үлкен мөлшерде субсидияларды бөлуге жетпейді. Негізінен дамыған елдер бойынша ауылшаруашылығын қолдау деңгейі 1986-1991 жылдар аралығында 42 %-дан 47 % аралығын құрады. өндірушілерге берілетін субсидиялардың ақшалай жиынтық эквиваленті, ОЭСР (тек дамыған елдерді біріктіретін, аймақаралық сипатқа ие мемлекетаралық ұйым) әдістемесі арқылы есептелген, 180 млрд. АҚШ долларына жақындады (қазіргі уақытта ол 30 млрд. АҚШ долларына төмендеді).

              Ауылшаруашылығы өнімдерімен сыртқы саудада протекционизмнің әлсіреу мәселесі  Дүниежүзілік сауда ұйымының  қызметіндегі ең басты мәселе болып табылады. Негізін қалаушы құжаттарда негізгі орынды Ауылшаруашылығы бойынша келісім алады. Өйткені ол барлық тарифтік емес кедергілерді тарифтік эквивалентке ауыстыруды және үнемі тарифті төмендетуді (6 жылда, 1995ж. бастап, 1986-1988жж. салыстырғанда орташа 36 %), экспорттық субсидияларды төмендетуді (экспортты субсидиялауда бюджеттік ассигновация -6 жылда 36 % және оның көлемі - 21 % 1986-1990жж. салыстырғанда), ауылшаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау деңгейін қысқартуды (агрегацияланған көрсеткішті 1986-1988 жж. салыстырғанда 20% төмендету ұсынылуда) ұсынады.

              Сонымен бірге дамушы елдер төмендетілген міндеттемелерді қабылдауда (дамыған елдер міндеттемелерінің 2/3) және олар 10 жыл ішінде жүзеге асырылады. Ең аз дамыған елдер, жалпы, міндеттемелерден босатылған.

              Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде сыртқы нарық (АҚШ, ЕО, Канада, Австралия, Аргентина және т.б.) қажеттілігіне бағытталған, ауылшаруашылығы жақсы дамыған елдердің, әлемдік азық-түлік нарығындағы позициясын күшейтуді күтуге болады. Сол уақытта азық-түліктің мемлекеттік-нетто-импортерлеріндегі ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер, егер олар жаңа жағдайға қабілетті бола алса, олардың өндірісіндегі субсидиялауды қысқарту нәтижесінде едәуір зиян шегеді. Бұл елдердің халқы ауылшаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері импортының жоғарылауына тіреледі, ең алдымен бидай, қант, ет және сүт өнімдері және өндіріс сататын өнімнің қымбаттауына сай, өйткені жергілікті өнімдер субсидияланбайды.

              Ресей, ДСҰ-ның болашақ мүшесі ретінде,  сірә, жоғарыда айталған мәселелермен қарсы келеді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы аграрлық өніммен сыртқы сауда да өндіріс құрылымын қайта құру үшін жеткілікті үлкен мүмкіндіктерге ие.

              Ресей үшін ең негізгі мәселе ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау формасының келешек өзгеруі болып табылады. Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге тікелей төлем, сондай-ақ тұтынушыларға дотация (негізінен сүт және нан өнімдеріне) жоқтың қасы. Сонымен қоса, сірә, АҚШ пен Батыс Еуропа мысалдары бойынша Ресей ауылдық жерлерде инфрақұрылымдарды дамытуда агроөндіріс кешеніне қолдауды, қоршаған ортаны қорғауды, сапа мен санитарлы бақылауды, аграрлы сферада ғылыми зерттеулерді белсендіруді және елдің азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу обласындағы шараларды жүзеге асыруда акцентке көшіру қажет.

              Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Ресейге азық-түлік импортын реттеудің тарифті емес әдісінен тарифтіге көшуге және кедендік бажды төмендетуге қатысты міндеттерді жүктейді. Сонымен ресейлік баж отандық өндірушілерге жеткілікті тиімді қорғанысты әрқашан қамтамасыз еткен емес. Нәтижесінде, елдегі  азық-түлікті тұтынуды жалпы төмендетуге қарамастан, импорт үлесі жоғары болып қалыпотыр, ал ресейлік азық-түлік тауарларын сату қысқарды. Жалпы ауылшаруашлық өнімдерін шығару азайып отыр (Кесте 1).

 

Кесте 1. Ресей Федерациясында азық-түліктің негізгі түрлерін өндіру (2008ж.)

 

Азық-түлік түрлері

Млн.тон/мың тонна*

2007ж.% есебімен

Картоп

35,9

98

Мал және құс

7653*

99,7

Жұмыртқа

35620*

98

Бидай

18,8

106

Дерек көзі:Қазақстан Республикасы Статистика агентігі

 

              2005 жылдың 17 тамызында басталған қаржылық дағдарыс Ресейдің азық-түлік сыртқы саудасында жаңа тенденциялар туғызды. Рубль бағамының долларға қарағандағы кенет өзгерісі халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне және импорт азық-түлікке сұраныстың қысқаруына әкелді.

              Сонымен қатар, дағдарыспен байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше-елдердің ресейлік ауылшаруашылығы өнімдері үшін нарықты ашу туралы жаңа мәселелер туындады. Ресей территориясының климаттық жағдайы келешекте әлемдік нарықта сұраныс туғызатын тауарларды шығаруға мүмкіндік береді (бұл нарық жеткілікті жоғары дәрежеде маңызды болғанымен, әзірге тек қуыс түрінде болып отыр). Мұндай тауарларға көбінесе жоғары сапалы бидай, қара бидай, азық-түліктік сұлы, күнбағыс жатады. Әлемдік нарық қажеттілігін есептегенде Ресейде ауылшаруашылығы өндірісі құрылымын қайта құру нақты көрсетілген экспортқа бағытталған өндірістің белсенді дамуын ұсынады.  Дүниежүзілік сауда ұйымынан басқа, әлемдік азық-түлік жағдайының перспективаларын анықтайтын, өте маңызды ұйым ФАО (БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы) болып табылады. Қазіргі уақытта, бұл ұйым қызметінде Ресей тұрақты бақылаушы ретінде қатысады, әлемдік қауымдастық тұтасымен мұқтаж елдердегі, соның ішінде экономикасы ауыспалы елдердегі азық-түлік мәселелерін перспективті шешуге өте қатаң көңіл бөлініп отыр. Егер ертеректе (70-80 жылдарда) ең маңызды роль азық-түліктік көмекке берілсе, қазіргі уақытта екпін ұлттық ауылшаруашылықтың дамуына көмек көрсетуге жылжыды. ФАО (БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы), тағы да басқа ірі донор-елдер жағынан (АҚШ және Еуропалық одақ елдері) аграрлы секторға көмектің негізгі формасы болып ауылшаруашылығын көтеруге бағытталған, нақты жобаларды қаржыландыру табылады. Бұл мақсатқа көбіне ФАО бюджетінің негізгі бөлігі кетеді. ФАО бюджеті бір миллиард АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ эксперттік бағалауды жүзеге асыру, мамандарға кеңес беру, ауылшаруашылығы үшін кадрларды даярлауды және тағы басқаларын қосатын, техникалық көмек көрсетіледі.

              ФАО жағынан ұлттық ауылшаруашылықты дамытуға нақта қолдау болып мұқтаж елдерге жаңа жоғары өнім беретін дақылдар сортын тарату, биотехнология обласындағы тапсырулар мен жетістіктер, азық-түлік өндірісін кеңейту жобаларын жүзеге асыруға өңдеулер мен көмектер, ауылдық жерлерде инфрақұрылым объектілерін салу және тағы басқалары табылады.

              Көптеген халықаралық эксперттердің ойы біржерден шығады. Олардың ойы бойынша, әлемде азық-түлікті өндіру таяу жиырма жыл ішінде тағамдық азықтармен халықтың сұранысын толықтай қанағаттандыруға қабілетті болады, дейді.   Тіпті де планета халқы жыл сайын 80 млн. адамға өсіп отырса да. Сонымен дамыған елдердегі азық-түлікке сұраным, ол жеткілікті жоғары болса да, шамамен қазіргі деңгейде қалып отыр (өзгеріс ең алдымен өнімнің сапасы мен тұтыну құрылымын қамтиды). Сонымен қоса,  әлемдік қауымдастықтың азық-түлік мәселелерін шешуі, болжағандай, азық-түлік жетіспеушілік байқалатын елдерде, азық-түлікті тұтынудың нақты өсіміне әкеледі, яғни Азия, Африка және Латын Америкасы, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінде.

Информация о работе Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары