Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:45, реферат
Әлемдік азық-түлік мәселесі ХХ ғасырдың ең негізгі шешілмеген мәселелерінің бірі деп атауға болады. Соңғы 50 жылда азық-түлік өндірісінде мәнді прогресс байқалуда - толық тамақтанбайтын және аш адамдар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар планетаның біршама бөлігінде қазіргі уақытқа дейін тағамдық азықтар жетіспеушілігі сезіледі. Оған мұқтаж адамдар саны 800 млн. адамнан артық, яғни азық-түліктің толық жетіспеушілігін әрбір жетінші адам сезеді.
1 Әлемдік азық-түлік саудасының қазіргі жағдайы………………………2
2 Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары…………………………………………………………………9
3 Агроөнімнің экспортты потенциалын көтеру жолдары………………..14
4 Қазақстандағы азық-түлік тауарларының қауіпсіздік мәселесі……22
Қорытынды..........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................33
Қосымша………………………………………………………………………...35
2. Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары.
Отандық азық-түлік өнеркәсібінің дамуы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты факторы болып табылады, өйткені мемлекеттің барлық экономикалық жүйесіндегі мүдделерді қозғайды. Республиканы азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету азық-түлік саласын дамыту және оны экономиканың жоғары тиімді және жоғары табысты секторына айналдыру жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Азық-түлік саласының тұрақты жұмыс істеуі тек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар басқа қызметтерді орындайды: жер мен су ресурстарын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің дамуы, ландшафтар мен дәстүрлі мәдениеттерді сақтау. Ауылшаруашылығында жұмыс істейтін, жұмыс күші үлесі жоғары елдер үшін де әлеуметтік-экономикалық тұрғадан да бұл саланың жағдайы өте маңызды.
Экономиканың маңызды саласы болып табылатын азық-түлік өнеркәсібі халық үшін тағамдық азықтардың түрін өндіреді. Территориялық азық-түлік кәсіпорындары не шикізат көздеріне не ақырғы өнімді тұтынушыларға көңіл қоюы қажет. Азық-түлік өнеркәсібі тіршілікті қамтамасыз етуде бірінші дәрежелі сфера. Мұнымен инфляция жағдайында басқа салаларға қарағанда азық-түлік өнеркәсібі өніміне бағаның өте шапшаң өсуі түсіндіріледі: олардың көтерілу қарқыны бойынша азық-түлік өнеркәсібі табиғи монополиялар салаларынан кейін ілесе келеді.
Азық-түлік өнеркәсібінің дамуына қашанда ерекше көңіл бөлінді. Өйткені халықты тағамдық азықтармен қамтамасыз ету деңгейі қоғамдағы тұрақтылыққа байланысты.
Қазіргі уақытта республикада агроазық-түлік секторының дамуында позитивті тенденциялар қалыптасты:
1. Азық-түлік секторы салаларының дамуы. Бүгінде Қазақстанда азық-түлік салалары сүт, ет, балық, наубайхана және макарон, сыра қайнату мен арақ-шарап өнеркәсіптерін ұсынады. Олардың үлесіне елдің азық-түлік тауар айналымының жартысынан көбі тиесілді.
2. Азық-түлік өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі субъектілерінің дамуы. Азық-түлік өңдеу салаларының негізгі субъектілері болып отандық та шет елдік те тіпті біріккен кәсіпорындар тауар өндірушілері саналады. Шаруашылықтық қызметте дербестік, көптеген кәсіпорындардың меншіктің жаңа формаларына көшу, басқару жүйелерінің өзгеру және жұмыс істеудің нарықтық принциптерін енгізу тенденциялары қалыптасты.
3. Тағамдық азықтармен халықты қамтамасыз ету деңгейінің көтерілуі. Тағамдық азықтармен республика халқын тұтыну стандартына сай қамтамасыз етілуін талдау республиканың тағамдық азықтардың негізгі түрлерімен өзін-өзі қамтамасыз етуін көрсетті:
* бидаймен, күрішпен, картоппен, жеміспен, жидекпен, етпен, сүтпен, жұмыртқамен қамтамасыз ету тиісті шамадан жоғары;
* қара бидай, ірі бұршақ, алма, қант, құс еті, балық, зәйтүн және күнбағыс майы бойынша нақты өндірісі тұтынудың стандартты нормасынан төмен. 4. Азық-түлік өнеркәсібі өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі. Азық-түлік өнеркәсібінің қазіргі жағдайы, өндіріс көлемінің жыл сайынғы өсу қарқынымен сипатталатын, нарықтың жеткілікті дамыған сегментін көрсетеді.
2008 жылы азық-түлік өңдеу өнеркәсібінің құрылымында жоғары өндіріс көлемі келесі өнім түрлерінен орын алды: ұн – 2107,1 мың тонна, құм-шекер - 390,5 мың тонна, сүт пен қаймақ – 122,5 мың тонна. Азық-түлік өнеркәсібі өнімдерінің басқа түрлері жалпы өндіріс көлемінде азғантай үлеске ие (кесте 3).
Кесте 3. Азық-түлік өнеркәсібі өнімдерінің маңызды түрлерін өндіру.
Өнім түрлері. | 2004ж. | 2005ж. | 2006ж. | 2007ж. | 2008ж. |
Құм-шекер. | 230,0 | 228,5 | 279,7 | 346,5 | 390,5 |
Ірі қара мал, шошқа, ешкі, жылқы және құс еті мен азық-түлік субөнімдері. | 104,0 | 99,1 | 77,2 | 74,3 | 67,3 |
Шұжық өнімдері | 11,9 | 9,7 | 12,0 | 12,4 | 16,4 |
Балық аулау мен басқа да теңіз өнімдері. | 23,9 | 22,1 | 26,6 | 23,8 | 25,7 |
Сары май. | 4,4 | 3,6 | 4,4 | 6,1 | 9,0 |
Сыр (майлы сыр, ірімшікті қосқанда). | 3,8 | 3,8 | 4,6 | 4,4 | 5,0 |
Тазаланған сұйық және кілегей сүт (тұтас сүт өнімдерін сүтке қайта есептеуде). | 111,0 | 90,3 | 109,6 | 108,5 | 122,5 |
Йогурт және басқа да ферментацияланған сүт пен кілегей түрлері. | 29,8 | 35,5 | 43,1 | 47,9 | 53,9 |
Өсімдік майы. | 33,4 | 44,1 | 55,2 | 78,8 | 83,5 |
Маргарин өнімдері. | 2,9 | 6,1 | 10,4 | 17,3 | 18,4 |
Кондитерлік өнімдер. | 26,0 | 24,8 | 28,3 | 32,8 | 39,9 |
Ұн. | 1546,1 | 1261,9 | 1740,8 | 1776,1 | 2107,1 |
Жарма. | 78,7 | 34,5 | 23,8 | 22,3 | 26,1 |
Макарон өнімдері. | 63,3 | 32,5 | 37,8 | 46,9 | 62,0 |
5. Халықтың азық-түлік құрылымының жақсаруы. Қазіргі уақытта халықтың азық-түлік құрылымы жақсарды: нан және нан өнімдерін тұтынудың төмендеуімен қатар, балық, ет, сүт және кондитерлік өнімдерді тұтыну көбейді.
Соңғы он жылда тұтынудың орташа деңгейін талдау, барлық халықты қоса есептегенде (соның ішінде үй шаруашылығы жоқ халықты қоса), төмендеу тенденциясын, сосын бірте-бірте жалпы тұтыну көлемінің көбеюі тенденциясын куәландырады (кесте 4).
Кесте 4. 2003-2008жж. жан басына шаққандағы азық-түлік
өнімдерін тұтыну (кг) **
| 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 |
Ет және ет өнімдері | 73 | 52 | 50 | 45 | 44 | 44 |
Сүт және сүт өнімдері | 311 | 229 | 196 | 206 | 211 | 235 |
Жұмыртқа | 225 | 97 | 69 | 79 | 90 | 102 |
Картоп | 86 | 70 | 68 | 60 | 60 | 66 |
Көкөніс және бақша өнімдері | 76 | 56 | 55 | 70 | 76 | 85 |
Нан және нан өнімдері | 148 | 185 | 200 | 103 | 101 | 105 |
*Дерек көзі: Қазақстан Республикасының агенттігі.
** Ескерту: өлшем бірлігі – кг, жұмыртқаны есептемегенде (ол данамен есептелінеді).
Сонымен, 2003 ж. етті тұтыну 29 кг. артық болды, 2008 ж. қарағанда, сүт – 76 кг, жұмыртқа – 123 данаға. 4 кестеден көріп отырғанымыздай, азық-түлік тауарларын тұтыну деңгейі 2008 жылы 2003 жылғы деңгейден едәуір артта қалуда, картоп, көкөніс, бақша өнімдерін есептемегенде және тұтынудың ғылыми-негізделген нормасына сай келмейді. 2006 жылы азық-түлік өнімдерін нақты тұтыну бюджеттік тұтынудың минимальды нормасына да жетпеген болатын, нан өнімдері мен сүтті қоспағанда. 2005-2006 жылдардағы азық-түлік өнімдерін тұтынудың жылдам қысқаруының негізгі себебі бағаның өсуі нәтижесінде халық сұранымының төлем қабілеттілігінің төмендеуі мен халықтың нақты табысының қысқаруы болып отыр.
Оң тенденциямен қатар, қазіргі кезеңде республиканың азық-түлік салаларында, оның дамуына кедергі болатын, келесі мәселелер бар:
1. моральды және тозығы жеткен технологиялық жабдықтарды жаңа жабдықтармен жабдықтаудың төмендігі, өйткені ол өз кезегінде өнімдердің еуропалық стандартқа сай сапалы өндірілуіне және өндіріс шығынын төмендетуге мүмкіндік бермейді;
2. өндірісті несиелендіруде банктік мөлшерлеме пайызының жоғары болуы;
3. өндірілген өнімдердің сапа стандартының халықаралық талаптарға сай келмеуі;
4. дайындау жүйесінің болмауы.
3. Агроөнімнің экспортты потенциалын көтеру жолдары.
Экономикасы дамыған елдерде бизнес-жоспарлауды маркетингтен бастау қабылданған. Әсіресе маркетинг өңдеу және тұрмыстық кәсіпорындарда қабылданған. Қазақстан Республикасында тауарды өткізу нарығында агроөнеркәсіптік өндірістік позиция, шынында, жаңа және сыналмаған бағыт. Маркетингілік зерттеуді барлық өңдеу өнеркәсіптері жүргізбейді, ал орта және кіші кәсіпорындарды айтпасақта болады. Сондықтан азық-түліктік кешенде және тауарды өткізу нарығында агроөнеркәсіптік кәсіпорындарды құрған, дұрысында, жаңа және сыналмаған барлық өңдеу өнеркәсіптері жүргізбейді, ал орта және кіші кәсіпорындарды айтпасада болады. Сондықтан азық-түліктік кешенде және агроөнеркәсіптік бірлестіктерде құрылған (концерндерде, корпорацияларда, холдингтерде) және әсіресе интегратор-кәсіпорындарында, ал мұндай кәсіпорындар болып көбінесе тек өңдеу өнеркәсіптері ғана бола алады, орынды мамандандырылған тікелей өңдеу өнеркәсіптерін ғана емес, сондай-ақ аяқталған технологиялық және азық-түліктік тізбекті қалыптастыратын және бірлестік құрамына кіретін шаруашылықтар мен ұцымдар, барлық басқа да кәсіпорындарды құруға болады.
Маркетингілік технологияны игеруді өнімнің бәсекелестігін күшейтумен тікелей байланыстыру қажет. Біріншіден, бағалық, өйткені оған өндіру кезінде өзіндік құнды төмендету құралымен жетеді; екіншіден, нарықтық, ол нарықта тауар мен кәсіпорындарды позициялау, сондай-ақ өнімнің инновациялық маңыздылығын күшейтумен, тауарлы-нарықтық стратегияны өңдеу қажеттілігімен қамтамасыз ету. Инновациялық бәсекелестік артықшылығын кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін агроөнеркәсіп өнімдерінің ғылыми сыйымдылығын күшейтуге және ресурсты сыйымдылығын төмендетуге өте ерекше көңіл бөлу керек.
Мұнымен қоса, дамыған нарық тауар өндірушілерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін де қарастырады. Өкінішке орай, Қазақстанның азық-түлік нарығы тауар қозғалысын ақпараттық қолдау және оларды жарнамалау бойынша дамыған елдердің бәсекелестік нарықтарынан әлдеқайда артта қалуда. Қазіргі уақытта бұл компоненттің маңыздылығы қаншалықты жоғары екені айтпаса да түсінікті, ал оны бағаламау агроөндірістік кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін аяқ-астынан төмендетуге әкеледі. Сондықтан игерілмеген ішкі және шетел нарықтарындағы ауылшаруашылығы шикізаттарын өңдеуден кейінгі дайын азық-түлік қозғалысын ұйымдастыру (сату көрмесі, электронды жарнамалар, презентациялар, номинациялар көмегімен және басқалары) тек агроөндірістік кәсіпорындардың, бірлестіктердің және олардың жабдықтаушы-өтімділік құрылымының міндетті қызметі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де міндетті қызметі болуға тиісті.
Ақырында, интернет жүйесі арқылы өңдеу өнеркәсібі өндірістерінің отандық өнімдерін ақысыз жарнамалау мүмкіндігін де қолдану қажет. Әрине, мұнда таусылмайтын, бірақ тіпті игерілмеген қызмет алаңы жатыр. Отандық тауар өндірушілердің қазіргі электронды жарнама құралын қолдана білмегендіктерінен, қазақстандық агроөнеркәсіп өнімдері туралы әлемде ешкімге ешнәрсе мәлім емес. Енді осы мәселе қаншалықты әріге жалғаса берсе, соншалықты барлық белсенді отандық өнімдер әлемдік ақпарат кеңістігінен шығып қала береді және соншалықты еліміз де ішкі нарықпен шектеліп қала беретін болады. Соңғы жылдары тәжірибеде дайын азық-түлік өнімдерінің ақырғы бағасындағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының үлесінің төмендеу тенденциясы байқалуда. Әрине, бұл табиғи құбылыс, өйткені тиімді нарық бәсекеге төтеп бере алатын өнімді талап етеді, ал бәсекелестіктің өсуі дайын тауарларды өткізу мен тұтынушылардың жоғары бағалауын ескере отырып, оған жоғары тұтынушылардың бағасын беруге, қайта өңделген өнімдер процессінде қосымша құн деңгейін көтеруге себепші болады. Аталған тенденция барлық дамыған елдерде байқалуда және баланс жасалған және еркін нарықтардың жалпы заңды жұмыс істеуінің нәтижесі болып табылады. Бірақ дамыған елдерде бұл тенденцияны шикізатты жеткізіп берушілер мен ауылдың тауар өндірушілерінің мүддесін ескере отырып, реттеуге болады. Мұнда өндірушілер мен қайта өңдеушілердің өткізу мен қайта өңдеу кооперацияларының, контракциялары мен интеграцияларының және шикізатты жеткізушілердің келісілген қатынастарының және дайын азық-түлікті өткізу нарықтарына тікелей шығу үшін оларды біріктірудің әртүрлі формаларын, сондай-ақ мемлекеттің күшті реттеуші роліне және негізгі ауылшаруаышылығы шикізаттарын өндірушілерге қатысты батыс елдеріндегі оның протекционистік саясатына көз жеткізу үшін ауылдағы тауар өндірушілерді қолдаудың көптеген әдістері мен құралдарын қарастыру жеткілікті. Фермерлердің шикізатты өткізудегі зияндарын мемлекетпен және кооперативті-интеграциялық бірлестіктермен компенсацияланады. Қазақстанда ауылдағы тауар өндірушілерді қолдау тек шаруашылық шаралардың әртүрлі түрі құрамында ғана емес, жалпы нашар дамыған күйінде қалып отыр. Дегенмен, дайын азық-түліктің ақырғы бағасында ауылдағы тауар өндірушілердің үлесі тез төмен түсуге немесе жалпы төмендеуге тиісті емес, өйткені олар, біріншіден, ақырғы өнімді алу мүмкін емес болып табылатын, алғашқы шикізатты жеткізіп берушілер, екіншіден, ауылшаруашылығындағы ақырғы өнім бағасындағы шығынның үлес салмағы ең жоғарғы, және үшіншіден, бастапқы және негізгі азық-түлік сапасы ақырында ауылшаруашылығы өніміне келіп тіреледі.
Информация о работе Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары