Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:45, реферат

Описание

Әлемдік азық-түлік мәселесі ХХ ғасырдың ең негізгі шешілмеген мәселелерінің бірі деп атауға болады. Соңғы 50 жылда азық-түлік өндірісінде мәнді прогресс байқалуда - толық тамақтанбайтын және аш адамдар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар планетаның біршама бөлігінде қазіргі уақытқа дейін тағамдық азықтар жетіспеушілігі сезіледі. Оған мұқтаж адамдар саны 800 млн. адамнан артық, яғни азық-түліктің толық жетіспеушілігін әрбір жетінші адам сезеді.

Содержание

1 Әлемдік азық-түлік саудасының қазіргі жағдайы………………………2
2 Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары…………………………………………………………………9
3 Агроөнімнің экспортты потенциалын көтеру жолдары………………..14
4 Қазақстандағы азық-түлік тауарларының қауіпсіздік мәселесі……22
Қорытынды..........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................33
Қосымша………………………………………………………………………...35

Работа состоит из  1 файл

Азык.doc

— 249.50 Кб (Скачать документ)

 

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі.

 

              2007 жылы балық және балық өнімдерін тұтыну физиологиялық нормадан – 1,4, жұмыртқа – 1,4, картоп өнімдері – 1,2, жеміс-жидектер – 1,3, нан өнімдері – 1,7, ет және ет өнімдері – 1,0 есеге аз. Ал 2008 жылы ет және ет өнімдерін тұтыну физиологиялық нормадан – 1,2, сүт және сүт өнімдері – 1,1, жұмыртқа – 1,3, картоп өнімдері – 1,4 есеге аз.

              Тамақ өнімдерін тұтыну динамикасынан әрбір жыл сайын оның кейбір түрлері бойынша тұтыну деңгейі төмен деп келе жатқанын көреміз. 2006 жылы 1998 жылмен салыстырғанда ет өнімдерін тұтыну деңгейі – 15 %, балық және балық өнімдері – 37,5 %, сүт және сүт өнімдері – 8 %,  жұмыртқа – 7%, өсімдік майы – 5 %, картоп өнімдері – 14 %, жеміс-жидектер – 18,2 %,  нан өнімдері – 45,4 %-ға қысқарды. Ал 2008 жылды 1998 жылмен салыстырғанда ет және ет өнімдерін тұтыну деңгейі – 26,9 %, сүт және сүт өнімдері – 14,8 %, картоп өнімдері – 15,7 %, нан өнімдері – 24,3 %-ға қысқарды. 2000 жылғы мәлімет бойынша, тұтынуда бірқатар өзгерістердің болғанын көруге болады. Бұл жылы 1998 жылмен салыстыратын болсақ сүтті тұтыну, сүт өнімдері, жұмыртқа - 1%, өсімдік майы – 17,1 %, көкөністер және бақша дақылдары – 53 %, қант – 13,5 %, жеміс-жидектер – 36,4 %-ға өсті. Ал ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері 1998 жылғы деңгейден 15,4% және 27 % төмен. 2008 жылғы мәлімет бойынша оны 1998 жылмен салыстырсақ, балық және балық өнімдері – 48,2 %, қант – 42,7 %, жеміс-жидектер (шарапқа айналмаған қалпында) – 218 % өсті.

              Алматы облысы бойынша да кейбір тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық деңгейі мөлшері төмен. 2008 жылғы жұмыртқа – 1,1, нан өнімдері – 1,2, қант – 1,1, өсімдік майы -4,2, жеміс-жидектер –1,5 есеге азайған.

              Тамақ өнімдерін тұтыну динамикасын қарайтын болсақ, кейбір өнімдер бойынша оның деңгейі жылдан жылға өсуде, оны біз тұтынудың физиологиялық нормасы жоғары болуынан да көреміз. Мысалы, көкөністер мен бақша дақылдарын тұтыну 2007 жылы 135 кг. жетті, яғни физиологиялық нормадан – 82,4%, ал ет өнімдерін алатын болсақ, ол – 25%, сүт өнімдері – 22,8 %, картоп -8,5 % өскен. Бұл өнімдерді өндіретін салалардың тиімді жақсы жұмыс істегенін көрсетеді. 2008 жылды салыстырғанда, ет және ет өнімдерін тұтыну – 1,8 %, сүт және сүт өнімдері -3,4%, жұмыртқа – 27,8 % азайған.

              Облыс халқының азық-түлік тағамдарының нақты пайдалануын, Қазақ тамақ академиясы ЖАҚ-ы жасаған тұтыну стандартына сәйкес талдау облыс бойынша бүтіндей алғанда тамақ өнімдерінің негізгі түрлерінен ең төменгі тұтыну деңгейінің қамтамасыз етілетінін көрсетті. 2008 жылы ет және ет өнімдері тұтыну стандарттарынан – 0,8, сүт және сүт өнімдері – 0,7, нан өнімдері – 0,9, көкөніс және бақша дақылдары бойынша – 1,4, қант – 0,9 есеге артқанын көрсетсе, кейбір өнімдер бойынша, атап айтқанда, жеміс-жидектер – 2,2, өсімдік майы – 4,7 есеге аз екенін көрсетті.

              Қазақстан Республикасының азық-түлік өнімдерін тұтынудың азаю себептеріне төлем қабілеттілігі бар сұраныстың болмауы, халықтың табысымен салыстырғанда тамақ өнімдеріне бағаның өсуі әсерін тигізді. Осыған байланысты жұғымы жоғары тағамдар – ет, сүт, жұмыртқа, балық арзан тағамдарымен, атап айтқанда, нан, қант, көкөніс өнімдерімен ауыстырылды. Сонымен бірге мал санының азаюы да бұған әсерін тигізді. Әрине, арзан тағамдармен азықтану, оны тұтынудың өсуі адамдардың шығарған барлық энергиясының орнын толтырмайды. Оның салдары тамақ өнімдерін тұтынудың энергетикалық құндылығын азайтуға әкелді. Нәтижесінде рационның жалпы энергетикалық құндылығы қысқарды. Ал бұл өз кезегінде аурудың өсуіне, халықтардың, әсіресе балалардың, жүкті аналардың денсаулығының нашарлауына әкелді.               Сонымен бірге тұтынудың қысқаруына халықтардың жаш басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін өндіру көлемінің төмендеуі де себебін тигізді. ҚР 1998 жылдан 2008 жыл аралығында жан басына шаққандағы ет өнімін өндіру – 59 кг-нан 42 кг-ға, сүт – 277 кг-нан 251 кг –ға, балық және балық өнімдері – 2,8 кг-нан 0,5 кг-ға азайды. 2007 жылғы жұмыртқа өнімінің жан басына шаққандағы көлемі физиологиялық нормадан 1,8 есеге төмен екенін көрсетеді. Ал 2008 жылдағы жан басына шаққандағы бидай – 592 кг-нан 1072 кг-ға, шемішке – 6 кг-нан 10 кг-ға, картоп - 103 кг-нан 147 кг-ға, көкөніс - 47 кг-нан 120 кг-ға, бақша дақылдары - 10 кг-нан 35 кг-ға, жеміс-жидектер - 6 кг-нан 12 кг-ға, жұмыртқа – 110 данадан 125 данаға, өсімдік майы – 2,8 кг-нан 3,5 кг-ға, қант – 7,1 кг-нан 20,1 кг-ға өскенін, яғни ауылшаруашылық саласында белгілі, нәтижелі жұмыс істеліп жатқанын көреміз. Енді біз осыны келесі кестемен көрсете аламыз.

 

 

 

 

 

Кесте 12.              Қазақстандағы жан басына шаққандағы өндірілетін                

                    ауылшаруашылық өнімдері (кг) 6 кг-нан 10 кг-ға.

 

Азық-түлік түрлері

2000

2005

2006

2007

2008

Ет

42

44

45

47

49

Сүт

251

264

277

290

301

Жұмыртқа, штук

114

125

142

153

154

Бидай

778

1072

1076

992

824

Күнбағыс бидайға

7

10

13

20

18

Жеміс

104

120

125

130

137

Бахча өнімдері

28

35

42

41

44

Кортоп

114

147

153

155

151

Жеміс-жидек

14

12

13

11

16

Виноград

4

3

2

2

4

 

 

              Бұл кестені талдаудан Қазақстан негізгі тамақ өнімдерін атап айтатын болсақ, ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс-бақша дақылдарын, картоп, т.б. өздері өндіретінін көреміз.

              Енді біз Алматы облысы бойынша жан басына шаққандағы өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерін келесі түрде көрсетейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 13. Алматы облысы бойынша жан басына шаққандағы өндірілетін

                 ауылшаруашылық өнімдері (кг).

 

Азық-түлік түрлері

1993

1994

1995

1996

1997

1998

2003

2000

2005

2006

2005ж

1993ж

салыс-

тырған

да % есебі

менен

2006ж

1993ж

салыс-

тырған

да %

есебі

менен

Бидай

774

415

281

324

385

478

555

466

512

968

66,8

125,1

Картоп

126

166

149

150

162

202

222

268

300

442

238,1

350,8

Көкөніс

69

75

64

90

135

165

179

228

280

415

405,8

601,4

Ет

181

160

128

87

98

102

105

108

110

163

60,8

90,1

Сүт

360

337

266

259

285

304

330

344

349

497

96,9

138,1

Жұмыртқа (дана)

260

189

156

135

169

237

245

268

266

447

102,3

172,0

Дерек көзі: Алматы облысы статистика жөніндегі агенттігі; Алматы облысының 2007-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасы. Талдықорған, 2007ж.

 

              Облыс бойынша жоғарыда көрсетілген мәліметтерге талдау жасап, 2006 жылғы экономикалық көрсеткіштерді 1993 жылмен салыстыратын болсақ одан біз жан басына шаққандағы өндірілген өнімнің, атап айтқанда: бидай өнімі – 25 %, картоп – 252 %, көкөніс – 501 %, ет – 38 %, жұмыртқа – 71,9 % немесе 1,3, картоп – 3,5, көкөніс – 6,0, сүт – 1,4 есеге өскенін көреміз.               Қазақстанның халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне талдау жасаудан байқайтынымыз: республикамыз елеміздің тұрғындарын негізгі тамақ өнімдеріменен толық өз өндірісімізді жүргізіп, өндіру арқылы қамтамасыз ете алады.

              Азық-түлік қауіпсіздігін іске асыру шарты – ол ауылшаруашылық саласын тұрақты нақты түрде дамыту болып табылады. Ол үшін экономикалық стратегияны іске асыруда аймақ ерекшеліктерін ескеріп, мемлекет тарапынан қолдау жасау қажет.

              Өзіміздің отандық азық-түлік тауарларын көптеп өндіру арқылы, импортты азайтып, халықтардың сұранысын қанағаттандыруға толық  мүмкіншілігіміз бар. Бидай және бидай өнімдеріне деген сұранысты түгелдей қанағаттандырудамыз. Елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету ауылшаруашылық саласының тиімділігін арттырғанда іске асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінде бүкіл әлемде маңызды тұтынушыға есептелінген салалардың, мысалы машина құрастыру, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, металл өңдеу қазақстан экономикасының жалпы көлемінде 10 % үлесі бар. Нәтижесінде республика, өзі өндіре алатын тауарларды, тасып әкелуге мәжбүр. Олар елдің барлық импортының жартысынан көбін құрайды. Басқаша айтқанда, қазақстан дайын өнімді әлемдік нарыққа экспорттамайды,  және өзінің ішкі нарығын сол өзі өндіре алатын солөнімдермен толтырмайды. Мысалы, 2007 жылыкондитерлікөнеркәсіптегі импорт үлесі 54,2 % құрады, саланың 160 кәсіпорынынан төртеуі ғана жұмыс істеді, қалғандары не тұрып қалды, не ішінара қайта пішінделді. Украинадан келетін карамель импорты көлемі 2005-2006 жылдарда 1,5 есеге өссе, печенье тек бір жылда – 40 есеге өсті. Ал ресей шоколадының біздің ішкі нарықтағы үлесі 45 % -ға дейін барды

              Осы  айтылғандарға байланысты, келесідей қорытынды жасауға болады, индустриальды-инновациялық саясатта импорт орнын ауыстырушылық ролін сақтау өте маңызды. Үкімет премьер-министрі Д. Ахметов кезекті мәжілісінде, импорт орнын ауыстырушылық саясаты ресурсы бітті, сондықтан қосымша құн тізбегі өндірісін дамыту мен интенсивтендіру есебінен экономикалық бәсекеге қабілеттілігін өсіретін  индустриальды-инновациялық даму саясатында ол өсуге тиісті, деп атапөткен болатын.

              Енді бір жағынан, осы айтылғанның бірінші бөлігімен толықтай келіспесе де болады, дұрыс тұжырым, қазіргі уақытта импорт тауарлардан басым ең алдымен, ішкі нарықты ұлттық өнеркәсіппен және ауылшаруашылығымен қамтамасыз етуге тиісті. Бұл сол импорт орнын ауыстырушылық, ал бұл индустриальды-инновациялық дамуға ешқандай кері әсерін тигізбейді, керісінше оны толықтырады.

              Басқа сұрақ, Республикада 1990 жылдың аяғы мен 2000 жылдың басында жүргізілген импорт орнын ауыстырушылық саясатының көп жағдайда тұйыққа тірелу ретінде квалификациялауға болады, немесе ол кейбір ақырғы өнімге тәуелділігін шешті, бірақ капитал тауарлары деп аталатын, өнеркәсіп өнімдері импортына тәуелділігін көтерді. Бұған мысал вино өндірісін импорт виноматериалдары, таралары мен жабдықтары есебінен көбейтті.

              Жоғары қосымша құнмен жаңа өндірісті дамыту қажеттілігі айтылған мәселелерді түсіндіреді. әлемдік нарықта қатаң бәсекелестік жағдайында бұл өндірістер  материал мен шикізаттарды терең қайта өңдеумен байланысты болуға, озық техника мен инновациялық технологияны игеруге бағытталуға және өнім сапасы мен еңбек өнімділігін  көп ретте көтеруді шешуге тиісті.

              1990ж. ақталған, шикізатты максимальды мүмкін шығару саясатын жалғастыру Қазақстанның шикізатты (отарлы) мамандануын білдірген болар еді. Әсіресе жанар май- энергетикалық және минеральды-шикізат ресурстарын қайта өңдеу сферасында, жоғары технологиялық салаларды және өндірістерді дамытуесебінен экономикада инновациялық-технологиясыз және құрылымсыз қайта құрылуларда біздің еліміз дамыған мемлекеттерге бағыныңқы болар еді.

              2007 жылдың шілдесінде Үкімет мүшелері алдында сөйлеген, премьер-министр Д. Ахметов, елдің тұрақты дамуы туралы айту әлі ерте. Негізгі экспорт тауарларға әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділік, шикізат бағыттылығына әсер ету – бұл факторлар әлемдік нарықтағы жағдай нашарлаған кезде біздің экономикамызды қайта тұрақтандыруға әкеліп, перспективті бағдарламаны жүзеге асыруда,  соның ішінде әлеуметтік бағыттылық, негативті көрінеді. Бұнымен келіспеу қиын, бұл жағдайды біз өз көзімізбен 2005 жылы байқадық, кенет барлығы үшін мұнайға баға өсіп, мысалы Лондон биржасында соңғы он жылда болмаған рекорд көрсеткішке жетті. Сондықтан жақын уақытта Үкімет міндеті, әлемдік нарық қолайлы жағдайды қолдана отырып, даму жағдайы мен тенденцияны нақты бағалау, ұлттық экономиканың келешек бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін, оның әлемдік жүеде диверсификациялық және үйлесімді интеграциясына жағдай жасау.

              Президентпен жасалған, 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының индустриальды-инновациялық даму стратегиясы, - концептуалды құжат, оның негізінде өмірде арнайы салалар бағдарламалары қатары жасалынып, жүзеге асырылады.  Оның талап етуі жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтерді шығаруға бағытталған және шикізат секторына тәуелділікті жеңудегі қажеттілікпен қамтамасыз етілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары