Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:45, реферат
Әлемдік азық-түлік мәселесі ХХ ғасырдың ең негізгі шешілмеген мәселелерінің бірі деп атауға болады. Соңғы 50 жылда азық-түлік өндірісінде мәнді прогресс байқалуда - толық тамақтанбайтын және аш адамдар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар планетаның біршама бөлігінде қазіргі уақытқа дейін тағамдық азықтар жетіспеушілігі сезіледі. Оған мұқтаж адамдар саны 800 млн. адамнан артық, яғни азық-түліктің толық жетіспеушілігін әрбір жетінші адам сезеді.
1 Әлемдік азық-түлік саудасының қазіргі жағдайы………………………2
2 Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары…………………………………………………………………9
3 Агроөнімнің экспортты потенциалын көтеру жолдары………………..14
4 Қазақстандағы азық-түлік тауарларының қауіпсіздік мәселесі……22
Қорытынды..........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................33
Қосымша………………………………………………………………………...35
Осыған байланысты төмендегілер қажет:
1. Пропорционалды шығында технологиялық процесске барлық қатысушылар арасында әділ қайта бөлуге жататын, ортақ пайданы көбейту мен жиынтық шығынды қысқартуға шақыратын қайта өңдеушілермен ауылшаруашылығы шикізаттарын өндірушілер кооперациялары мен интеграциялардың барлық формаларының тиімді жұмыс істеуі мен дамуын реттеу.
2. Шаруашылық тиімділігінің өсуімен сәйкес құндық бағада және саудада құрылған экономикалық қатынастардың нарықтық элементін күшейту мен бартерлік келісімнен ауылшаруашылық кәсіпорындары мақсатқа сай кетуі.
3. Өзінің дербес өңдеу бөлімшесі бар шаруашылықтарда өте терең қайта өңдеуді дамыту және қалдықсыз технологияны қолдануға көшуі.
4. Дехкандық шаруашылықты қоса отырып, ірі, орта және кіші тауар өндірушілердің нарыққа шығуының оптимальды формасы ретінде көтерме сауданы және тауарды өткізу кооперациясын дамыту. Бұл азық-түлік нарығын, сондай-ақ ауылшаруашылық кооперацияны дамытуға мұмкіндік береді.
5. Ауылды ақпараттандыруды кезеңмен жүзеге асыру нарықтағы ауылдың тауар өндірушілерінің жағдайын түбірімен өзгертуі тиіс. Электронды құралдар көмегімен әртүрлі нарықтардан толық бағалық, тұтынушылар туралы, өткізу туралы және басқа да ақпараттардытолығымен оперативті алу, мысалы, ауылшаруашылық кәсіпорындары нарықтық стратегияны өзі үшін рациональды таңдауға ерікті болады. Бұл өз кезегінде тікелей шаруашылықпен байланысты тұтынушылармен келісімшарт жасауға және электронды жүйе бойынша тауарды өткізуден ақша алуға мүмкіндік береді.
6. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері тек кәсіпкерлікпен және коммерциялық қызметке байланысты тәуекелге кездесіп қана қоймай, сонымен қатар технико-технологиялық жағдайлармен, алдын-ала қолайсыз табиғи-климаттық тәуекелге кездесетінін ескерсек, шаруашылық тұрақтылығы мен кепілділігіне мүмкіндік туғызу маңызды. Ауылшаруашылығы ұйымдарының тұрақтылығы мен орнықтылығы, мысалы, коммерциялық нәтижеден де өте маңызды элемент болып табылады. Өндірістік және тауарды өткізу тәуекелдерін төмендету үшін келесі шаралар орынды: алғашында келісілген баға бойынша өнімді өткізу, өндірісті ұйымдастыру мен ресуртарды алуға аванс төлеу, ресурстарды алу мен өнімдерді өткізуге ұзақ мерзімді келісімдерді бекіту, тауарларды өткізу көлемі мен каналдарының үнемі болуы нарық конъюнктурасының тікелей әсерінен қорғайтын өндіріс пен өнімді өткізу көлемін сақтандыратын әртүрлі саладағы бірлестіктерге қосылулар, жеткізіп беру мен өзара есеп-айырысу оперативтілігі және тағы басқалары. Әрине, көптеген тәуекелдерді төмендету кәсіпкерлікке және тауар өндірушілердің өздерінің икемділігіне байланысты, бірақ сонымен қатар көбі мемлекеттік қамтамасыз етілуге шақырылған, шаруашылық экономикалық, ұйымдық және заңды жағдайлармен қамтамасыз етілген.
7. Әртүрлі табиғи-климаттық жағдайда ауылшаруашылығына жоғары өндірістік тәуекелді енгізумен байланысты кәсіпорындар табысы мен ауылшаруашылығы өндірісін кепілді сақтандыруға өте ерекше көңіл бөліну қажет. Мемлекеттің міндетті қатысуымен, қазіргі уақытта бар, сақтандырудың еркін жүйесін қалыптастыру маңызды. Бұл үшін егінді, өсімдік шаруашылықтарын және мал шаруашылықтарын, сондай-ақ өнімді сату мен табысты алуды міндетті сақтандыратын республикалық арнайы қорды құру керек. Бұл қордың қаражаты мемлекеттік бюджет және агроөнеркәсіптік тауар өндірушілердің өздерінің жарнасының есебінен тең жағдайда қалыптасуы тиіс. Сонымен бұл сөзсіз барлық агроөндірістік кәсіпорындарды сақтандырудың біртұтас жүйесін құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде түскен ақшаны сақтандыру жүйесін нормаға келтіруге және көбіне форс-мажор міндетінің өндіруге әсерін компенсациялауға мүмкіндік береді.
Отандық агроөндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің әлсіз болуының бірден-бір маңызды себебі өнімнің ақырғы құнындағы трансакциялық шығынның үлес салмағының жоғары және тез өсуімен байланысты агроазық-түліктік кешенді ақпаратпен қамтамасыз етудің толық орындалмауы мен дамымағандығы болып табылады. Ақпарат сөзсіз аз, ал жеке салаларда тіпті арнайы ақпараттық баспалар, жарнамалық проспектілер, экспресс-газет пен бюллетендер жоқ, ал электронды ақпаратты құралдар туралы айтпаса да түсінікті. Тауар өндірушілер кейде өз салаларының жетістіктері туралы тіпті де хабарсыз, яғни неге ұмтылу керек, бәсекелестерінің мүмкіндіктері қандай, тұтынушылар сұранымы туралы, әлемдік нарық критерилері туралы және тағы басқалары. Кейде олар қандай нәтиже алатынын және тауарды қайда өткізуге болатынын алдын-ала білмей өнімдерді бұрынғыша өндіре береді, бұл мәнсіз жұмыс.
Сондықтан бәсекелестік қабілетті көтерудің маңызды резерві ақпараттық технологияны әбден жетілдіру және оны агрокешенге енгізу жолында кімде-кім толық және объективті ақпаратқа ие болса, сол қашан да ұтысқа ие болады. Әлемдік тұтынушылар сұранымына баланс жасаудағы жетістікке жетудегі жарыс тұтынушылар үшін өндіріс аясында емес, керісінше өндірушілердің тез және нақты ақпаратты иеленуі арасында жүріп жатыр.
Агроазық-түлік өнімдерінің баланс жасалған және тиімді нарығы тек әртүрлі тұтынушылар сұранымын қанағаттандыратын сапалы да бәсекеге қабілетті өнімдерді жеткізу мен өндіруде ғана мүмкін. Ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасы негізінен өңдеу үшін шикізат өндірісі стадиясында құрылады. Сапасыз ресурстан жоғары сапалы азық-түлік тауарларын алу мүмкін емес. Алғашқы шикізаттың сапасын өндіріс технологиясы анықтайды. Егер өндірістік технологиямен қамтамасыз етілген прогрессивті жаңа технология бар болса, онда ритмді де балансланған өндіріс құрылады. Егер де технологиямен байланысты мәселелер туындаса, онда әлемдік стандартқа жауап беретін, сапалы өнімді өндірумен байланысты мәселелер пайда болады.
Технологияны кең түсіну керек. Бұл тек қажетті техникалық құралдарды жинау мен оларды кешенді жұмыстарды орындау үшін ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар өндірісті қажетті ресурстармен, айналым қаражаттарымен және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар аз да болса маңызды нәрсе квалификациялы еңбек оның сәйкес мотивациясы. Яғни технология кешенді факторларды және олардың толық орындалу жағдайын қарастыруға тиісті. Технологияның интенсивті шаруашылықты қамтамасыз етуі, тірі еңбекті үнемдеуі, ресурстар мен қаражаттар шығындарын нормада ұстауы, жоспарланған өнімдер өндірісі мен жұмыстың оптимальды мерзімінде орындалуы маңызды. Бұдан шығатын нәрсе жаңа технико-технологиялық сипат есебімен кезекті толықтырылып және жаңаландырылып отыратын ғылыми негізделген технологиялық регламенттің болуы қажет.
Маңызды айтылатын нәрсе, сапаның еуропалық және әлемдік стандартына сай биологиялық және экологиялық қауіпсіз өнімдер отандық өнімдерді экспорттау үшін үлкен кедергі болып отыр. Дамыған елдер қатарында сапаның стандартқа сай болуы үшін тек жоғары бағалы ақырғы өнім ғана болуы қажет емес, сонымен қатар өндірістің барлық кезеңінде қатаң экологиялық құжаттық бақылауды жүзеге асыру керек. өнімнің биологиялық және тұтыну құндылығы барлық технологиялық цикл ұзақтылығында қалыптасады. Егер ауылшаруашылық өсімдігі өндірістің кез келген кезеңінде нәрлі заттарды жеткілікті мөлшерде алмаса немесе оларды қоректендіру балансланбаған болса, онда соңғы кезеңде адам организмі үшін бағалы, жоғары сапалы өнімді алу мүмкін емес. Өйткені, Батыста өнім сапасы тек салмағымен, май немесе жақсы жағдайда белок құрамымен ғана анықталып қоймай, сонымен қатар аминокислот, микроэлементтер, витаминдер және басқа да ауыстыруға болмайтын заттардың балансланған кең тізімінің болуымен анықталады. Және де жеткілікті қатаң бақылау, әсіресе, адам денсаулығы үшін зиян жеке элементтердің жеткіліксіз болуымен де, артық болуымен де жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта сапаға, биологиялық және экологиялық қауіпсіздікке талап агроөнеркәсіптік өндірісті бейтарифтік реттеудің ұтымды әдісі ретінде шығуы тиіс. Импортталатын тауарлар үшін, бұл талаптарды көтере отырып, елдің ішкі нарығына сапасыз әрі құнсыз өнімдердің келіп түсуінен қорғай алады және отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін көтереді.
Маңызды еске алатын нәрсе, экологиялық таза өнім батыс нарықтарында тұрақты және үнемі артушы сұранымға ие. Дамыған елдерде химиялық қоспасыз, ұйымдастырылған, экологиялық өндіріс деп аталатын өндірістерді қолдайды.
4. Қазақстандағы азық-түлік тауарларының қауіпсіздік мәселесі.
Экономикалық (соның ішінде азақ -түлік) қауіпсіздік проблемасы мемлекттің ішкі саясаты ғана емес, сонымен бірге сыртқы стратегииялық мәселе болып табылады. Сыртқы факторлардың тұрақсыздығы, олардың тез өзгеріп кетуі мемлекттен халықаралық сауда және қаржы саясатын жұргізу қызметінде жоғары дәрежеде тәуекелділікті қажет етеді. Кез келген мемлекет азақ -түлік қауіпсізддін қарастырғанда, алдында мақсат қойып, оны іске асырулары керек. Оның негізі адамдарды негізгі сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп, жеткілікті түрде өндіру болып табылады. Азық -түлік қаупсіздігі деп мемлекттің өз халқын толығымен азық -түлік ресурстарменен қамтамасыз ете алуын айтамыз.
Дүниежүзі бойынша азық -түлік қауіпсіздігін анықтау мәселесі бірінші кезекті сол елдің экономикалық жағдайын қарастырады, яғни әрбір тұрғын кез келген уақытта, керек мөлшерде тамақ өнімін ала алуға тиісті. Ақшалай табысының аздығынан адамдар ұдайы азық -түлік тапшылығын сезінеді. Сонымен бірге азық -түлік тағамдарына баға өскенде, тұрмыс деңгейі төмендегенде, тұсімділік төмен болғанда да осынын біледі. Агроөнеркәсіп өндірісінің дамуы төмендеп, тиімділік нәтижесі нашарлағанда да азық –түлік жетіспеуі туындайды. Мұндай қауіп экономикалық өсу қарқыны төмендегенде, ұлттық валюта курсының тұрақсыздық жағдайында, сыртқы қарыз көлемі өскенде, экспорт мөлшері жоғарылағанда, т.б. жағдайларда болады.
Дүниежүзілік экономика тарихы жағдайларынан көретініміз: ауылшарушылық тауар өндірушілірінін даму жағдайы тікелей мемлекеттке байланысты. Ауылшарушылық саласы тіпті жай ұдайы өндіріс жағдайының өзінде, олар өздерін өздері қаржыландыра алмайды, олай болу себебі бұл саланың ерекшелігіне байланысты, яғни ауылшарушылық өнімдеріне икемсіз сұраныстың болуы, ғылыми- техникалық прогресстің баяу дамуы, оның жетістіктерін уақтысында қолдана алмауы, ауылшарушылық ресурстарының биологиялық табиғатына байланысты жұмсалған капиталдың бәсекелестік емес жағдайы, т.б. әсерін тигізеді.
Біз жасыра алмаймыз: елімізде рынокқа өту кезінде қабылданған экономикалық реформаны дұрыс аяқтамау, мемлекеттің мақсаттық бағытында ауылшарушылығын қолдамауы, өндірілген өнімдерді дәстүрлі түрде өткізудің болмауы, арзан импорт азық -түлік тауарларының көп әкелінуі, халықтардың сұраныс, төлем қабілетінің төмендеуі-өндіріс көлемінің және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын қысқартты. Алдағы уақыттарда осы қателіктерді жібермей, ілгері жылжуымыз үшін, еліміздін азық -түлікке деген бағыныштылық тенденциясын, ет өнімдеріне деген импортты азайту қажет. Дегенмен, экономикалық даму ұшін өзара тиімді тауар алмасу өсуде, ол кезінндегі сату-сатып алу опрацияларын орындау негізінде іске асады. Азық -түлік жетіспейтін немесе қымбат болып тұрған елдер оны көп өндіретін, бағасы арзан елдерден алса, ол сатып алушы ел ұшін тиімді.
Ал ҚР азық -түлік қауіпсіздгі бірқатар келесі факторларға:
- агроөнеркәсіп комплексінің өнімдерді өндіру көлемінің қысқаруына;
- бұл салсның ресурс потенциалының бұзылуына;
- тамақ өнімдерінің құрылымында кері жағдайлардың кұшеюіне, яғни көміртегінің өсуі, керіснше, белоктар мен майдың азаюына;
- сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты көптеген отбасыларының маңызды, керекті кейбір тамақ өнімдерін ала алмауына, т.б. байланысты.
Кесте 11. ҚР халқының жан басына шаққандағы негізгі тамақ
өнімдерін тұтынуы.
Азық-түлік түрлері | Тұтынудың физиологиялық нормасы | Тұтынудың ғылыми негізделген нормасы | Нақтылы тұтыну жылдары | ||||||
1998 | 2003 | 2000 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | |||
Ет және ет өнімдері | 44 | 82 | 52 | 50 | 50 | 45 | 44 | 44 | 38 |
Балық және балық өнімдері | 5 | 17 | 4,8 | 4,6 | 3,5 | 3,6 | 3,0 | 3,5 | 8,3 |
Сүт және сүт өнімдері | 206 | 405 | 229 | 211 | 196 | 206 | 211 | 235 | 195 |
Жұмыртқа | 140 | 292 | 97 | 70 | 69 | 79 | 90 | 102 | 109 |
Өсімдік майы | 7,5 | 14,6 | 7,6 | 7,4 | 6,5 | 6,8 | 7,2 | 8,9 | 13,8 |
Көкөністер және бақша дақылдары | 74 | 146 | 56 | 52 | 55 | 70 | 76 | 85,5 | 83 |
Картоп өнімдері | 82 | 100 | 70 | 67 | 68 | 60 | 60 | 66 | 59 |
Қант | 18 | 35 | 18,5 | 17,6 | 18,1 | 20,3 | 20,3 | 21,0 | 26,4 |
Жеміс-жидектер (шарапқа айналмаған қалпында) | 20 | 93 | 11 | 10 | 9 | 7 | 9 | 15 | 35 |
Нан өнімдері (ұнға қайта есептегендегі нан және макарон өнімдері, ұн, жарма, бұршақ қабыршақтары) | 120 | 95 | 185 | 185 | 200 | 103 | 101 | 105 | 140 |
Информация о работе Қазақстан Республикасында азық-түлік өнеркәсібінің даму тенденциялары