Лекции по "Экономике организации"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:41, курс лекций

Описание

1. Курстың пәні мен міндеті.
2. Мемлекеттің қаржысы мен қаржы жүйесінің мазмұны.
3. Мемлекеттік кірістер: жұмылдыру көздері мен әдістері.
4. Мемлекеттік шығыстар жүйесі.
5. Қаржы саясатының мазмұны мен типтері.

Работа состоит из  1 файл

ЛЕКЦИЯ.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

ПӘННІҢ ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕНІ

 

Тақырып 1.  Қаржы жүйесін  ұйымдастырудың негіздері

 

  1. Курстың  пәні мен  міндеті.
  2. Мемлекеттің  қаржысы мен  қаржы жүйесінің мазмұны.
  3. Мемлекеттік  кірістер: жұмылдыру көздері мен әдістері.
  4. Мемлекеттік шығыстар жүйесі.
  5. Қаржы саясатының мазмұны мен типтері.

 

1. Әртүрлі елдерде мемлекеттік қаржыларды ұйымдастыру проблемаларын зерттеу - экономикалық ілімдерді сәтті иемденудің құрамдас бөлігі болып табылады. Мамандар экономикалық саясатты жасау және жүзеге асыру мәселелерін, соның ішінде, әртүрлі елдерде дамудың нақты кезеңінде жүзеге асырылатын қаржылық саясатты да, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерінің тарихын, II дүние жүзілік соғыстан кейін дүние жүзі елдерінде «экономикалық ғажайыпқа» әсер ететін факторлардыы, қазіргі жағдайда қаржылық құралдардың қолдануын игеруі қажет.

«Шет мемлекеттерінің қаржысы» курсының мақсаты- әртүрлі шет елдерде қаржының атқаратын мәні мен ролін қарастыру. Курста қаржының негізгі аспектілері көрсетілген: теориялық негіздері, ұйымдастыру формалары, тәжірибеде қолданылуы, мемлекеттік қаржылардың қазіргі замандық батыстық теориялары зерттеледі. Мұнда осы теориялардың тәжірибеде қолданылуына негізгі көңіл бөлінеді  - салықтардың тиімділігін, мемлекеттік кредиттің, мемлекеттік бюджеттің тиімділігін арттыру, олардың экономикалық процестерге әсерін арттыру.

Қазіргі кезең өндіріс интернационализациясының тез дамуымен сипатталады. Интеграциялық процестерде маңызды орынды қаржылар алады.

Қаржы туралы ғылымның пәні – қоғамдық өнімді бөлумен  және соған сәйкес ақшалай табыстардың, жинақтар мен қорлардың қалыптасуымен, оларды кеңейтілген өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен байланысты экономикалық қатынастар болып табылады.

Қаржының объектісі болып қаржы ресурстары мен мақсатты қорлар, олардың қалыптасуы, қозғалысы мен пайдаланылуы табылады. Субъектілері – көптеген шаруашылық, қоғамдық ұйымдар және қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда, басқа да қызметтің өндірістік және өндірістік емес сферасындағы ұйымдар.

 

     2. Қаржы – мемлекеттің және тауар – ақша қатынастарының бар болуымен шарттастырылған барлық қоғамдық – экономикалық формацияларға қатысады. Әрбір формация мазмұнының жан – жақтылығына қарамастан, олардың әлеуметтік мәні, қоғамдық өндірістегі ролі, қаржылық қатынастардағы нысаны бойынша өз ерекшеліктері бар.

Қаржы қатынастарының тарихи сипаты қатаң кезектілік пен  қоғамдық дамуэлементтерімен тәуелділікте болады.

Қаржы жүйесі – бұл мемлекеттің  және кәсіпорындардың ақша қаражаттарының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастарының ерекше, бірақ өзара байланысты сфералар мен буындардың жиынтығы.

Қазіргі уақытта өндірістік күштердің  айтарлықтай даму деңгейінің әсерінен қаржы жүйесінің құрылымы өзгерістерге  ұшырауда. Қазіргі кезеңде   қаржы жүйесі 4 буыннан тұрады – мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік корпарациялардың қаржысы және арнайы мемлекеттік қорлар. Әрбір буын өзара байланысқан және қаржы саясатын жүзеге асыруға бағытталған қаржы элементтерінің жиынтығын білдіреді.

 

3. Дамыған шетел мемлекеттерінде кірістер жүйесі мемлекеттің функциясымен және жүргізіліп жатқан саясатының бағытымен анықталады. Мемлекеттік кірістердің басты көзі – ұлттық табыс болып табылады.

Барлық кіріс көздері 2 топқа бөлінеді – ішкі және сыртқы.

Ішкі көздерге – мемлекеттің  өз функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған ұлттық табысы мен ұлттық байлығы жатады; сыртқы көздерге –  басқа елдердің ұлттық табыстары (мысалы, займ формасында) жатады.

Табыстардың құралы мемлекет өзіне қажетті қаражаттарды жинауды – салықтар, займдар және ақша эмиссиясы болып табылады. Олардың арақатынасы бірдей емес және  мемлекеттің жүргізетін қаржы саясатына тәуелді.

Шет мемлекеттердің кірістердің (табыстар) жүйесіндегі негізгі орынды ұлттық табысты қайта бөлудің басты құралы ретіндегі салықтар болып табылады. Салықтарды алу салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік билікпен, яғни құқықтық қатынастар нысанында жүргізіледі. Әрбір салық заңды тәртіпте сәйкес билік органдарымен бекітіледі.

 

4. Мемлекеттік шығыстар мемлекеттің бар болу фактісінің өзімен байланысты, яғни императивті сипатқа ие. Мемлекет шығыстары нақты уақытта нақты мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың дамуына әрекет етеді.

 

5. Қаржы саясаты – қаржы ресурстарын жұмылдыруға, мемлекеттің өз функциясын орындау үшін пайдалану мен бөлуге бағытталған мемлекеттік іс – шаралардың жиынтығы.

Нақты өмірде, қаржы  саясаты – қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандары мен әдістерінің  жиынтығын білдіретін қаржымеханизмі арқылы жүзеге асырылады.

Қаржы саясатын жасау кезінде қоғамның тарихи дамуының нақты ерекшеліктеріне  мін беру керек. Ол ішкі және халықаралық  жағдайдың ерекшеліктерін, елдің  нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс.

Әртүрлі мемлекеттерде қолданылатын қаржы саясатын талдау. Талдаудың 3 негізгі типін

бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

    1. Классикалық
    2. реттеуші
    3. жоспарлы – директивті.

 

 

 

Тақырып 2.  Мемлекеттік қаржының концептуалды негіздері

 

 

  1. Саяси –экономика классиктерінің қаржы теориясын әзірлеуі.
  2. Қаржылардың неміс мектебі.
  3. Марксистік ілімге жауап ретіндегі шекті пайдалылық теориясы.
  4. Кейнс тұжырымдамасының мәні.
  5. Кейнсиандық мектептің теорияларындағы мемлекеттік қаржылар.
  6. Мемлекеттік қаржылардың негізгі идеясы ретіндегі «қоғамдық тауар» теориясы.
  7. Мемлекеттік қаржылардың неоклассикалық теориялары.  

 

1. Қаржы ғылымы басқа әлеуметтік-экономикалық ғылымдарға қарағанда кешірек пайда болды, оның дамуын XV-XVI ғасырларға жатқызады. Ол экономикалық өрлеу мен мәдени өсуді өткерген. Солтүстік Италия қалаларында XV ғасырда саяси экономиямен бірге пайда болды.

XVIII ғасырдың аяғындағы қаржы теориялары саяси-экономияның жетістіктерімен мықты негіз бен мақсатты бағытталған даму алды, әсіресе ол А. Смиттің «Халықтардың байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» (1976 ж.) атты еңбегінде көрінеді.

Д. Рикардо өзінің «Саяси экономия мен салық салудың бастаулары»  атты шығармасында оның рента мен  жалақы теориясымен тығыз байланыстағы көп мағыналы салықтар теориясын  құрастырды.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында алдыңғы қатарлы елдердің қаржылық саясаты жаңа класс – буржуазияның мүддесін анықтай отырып, мемлекеттің елдің шаруашылық өміріне араласпау принципін ұсынды. Нәтижесінде мемлекеттік шығындар мен табысқа салық салуға бірқатар шектеу қойылды.

 

2. XVIII ғасырдағы сайси экономияның дамуы XIX ғасырдың екінші тоқсанында одан қаржы ғылымының бөлініп шығуына жол берді. Осы кезеңдегі қаржы нарығының дамуына Германиядағы (Л. Штейн, А. Вагнер) тарихи мектеп деп аталатын социализм мен (К. Маркс, Ф. Лассаль) жаңа әлеуметтік-саяси бағыттағы идеялар әсер етті.

 

3. XIX ғасырдың ортасы мен аяғынан бастап қаржы ғылымына марксистік ілімдер әсер етті.

Экономикалық ғылымдағы маржиналдық  бағыт қаржы туралы ғылымның дамуына  елеулі әсер етті. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы марксистік ілімге әсер ретіндегі шекті пайдалылық теориясының таралуымен сипатталады.

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы француз қаржы ілімі (Ж. Б. Сей, Ф. Бастиа) Смиттің мемлекеттің араласпауы туралы ойын дамыта отырып, мемлекеттің қызметін қысқарту мен салық салудың ауыртпалығын азайту жасымен жүріп отырды.

К. Зеберг қаржы туралы ғылымға  мемлекеттік қаржы туралы ғылым  ретінде негіз ретінде негіз  береді. Ол қаржы ғылымын саяси  экономия, мемлекеттік құқық пен  саясаттың қағидаттарын ескеруі  қажет өзіндік дербес ғылым ретінде түсінеді.

 

4. Ағылшын экономисі Кейнстің теориясы 40-70 жылдардағы барлық дамыған елдердегі фискалдық саясатты әзірлеу мен қаржы концепциясының дамуына қатты әсер етті. Оның «Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабында экономикалық процестерге мемлекеттің араласу қажеттілігінің мәселелерін қарастырылған.

Мемлекеттік қаржы теориясы жұмысбастылық  пен табыстар теориясының құрамдас бөлігі ретінде қарастырыла бастады, ол қаржы саясаты – экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды. Мемлекеттік қаржының жеке категорияларының орны мен рөлі анықталды. Кейнс мемлекеттік шығындарды экономиканың циклдық дамуы мен дағдарысты жоюдағы үкімет араласуының негізгі құралы ретінде қарастырады. Кейнстің негізгі ережелерінен туындаған қаржы саясатының әзірленуі мен оның тәжірибеде жүзеге асырылуы оның ізбасарларымен орындалды. 40-60 жылдары ол сәтті болып, оң нәтиже берді.

Соғыстан кейінгі кезеңде Кейнс  ізбасарларының мектебі құрылды, оның «хрестоматиялық бағыты ортодоксальды кейнсшілдік» деп аталды. Оның өкілдері мемлекеттік қаржы теориясына жаңа элементтер енгізді. Олардың назарына дағдарыс сатысы ғана емес, сондай-ақ бүкіл экономикалық кезең қосылды. Жалпы ұлттық өнімнің қозғалысына дағдарыстар ғана емес, сондай-ақ өрлеу, жандану және ұзақ тоқырау әсер ететінін ескере отырып, Кейнс ізбасарлары ұдайы өндіріс процессіне мемлекеттік араласудың қажеттігін дәлелдеді. Осылайша кейнстік идеяға динамикалық элемент енгізілді, бұл экономикалық өсу теориясын дамытуға мүмкіндік берді. Мұнда маңызды орынды қаржы концепциясы алды. Кейнс ізбасарлары фискалдық циклге қарсы теорияны құруды аяқтады, ал Ескі және Жаңа өмірдің экономистері сияқты бүкіл топ бұл теорияны әзірлеумен 50-60 жыл бойы айналысқан болатын.

 

6. «Неоклассикалық синтез» теориясының дамуы Сэмуэльсонның «қоғамдық тауар» терминін енгізуге әкелді, бұл термин мемлекеттің қоғам мүшелеріне жеткізетін тауарларын, қызмет көрсетулерін білдіреді. Қоғамдық тауардың жекеден айырмашылығы сол, оны бір ғана қоғам мүшелесінің тұтынуы тауардың тұтыну құнын төмендетпейді. «Қоғамдық тауардың» 3 қасиеті бар: қоғам мүшелерінің арасында бөлінбейді; жалпылама жетімді және мемлекет ұсынады, яғни нарықта оның бәсекелестік заңдарымен жеңеді. Қоғамдық тауар ретіндегілерге: ақпарат, ғылыми теориялар, білім беру, көлік және байланыстың жетілдірілген жүйесі, ауа райы, профилактикалық егу жатады. Қоғамдық тауарлардың ерекшелігі сол, оларды қолданудан қоғам барлығы пайда табады және олар табысты жоғарылата алады.

 

7. Шаруашылық өмірдің қиындауы, ұдайы өндірістің жалпы жағдайының өзгеруі ҒТР-ң (ғылыми-техникалық революцияның) нәтижесі ретінде батыс экономистерін мемлекеттік қаржы мен қаржы саясатының ұйымдастырылуының жаңа принциптерін іздеуге мәжбүр етті. 50 – жылдардың ортасынан батыс әдебиетінде ортодоксальды мектеп деп аталатын неоклассикалық теориясының өкілдерінің ғылыми қызметі белсенді болды. Оның өкілдері экономикалық дамуды зерттеуде экстенсивті ғана емес, сондай-ақ өсудің интенсивті факторларын да анықтау керектігін дәлелдеді. Неоклассикалық теория ҒТП-ң (ғылыми-техникалық прогресстің) экономикалық өсуге әсерін ескере бастады. Экономикалық зерттеудің математикалық әдістерінің дамуы мен электронды есептеу техниканың жетілдірілуі мемлекет қызметіне айрықша мән берілетін өсудің екі, үш, т.б. факторлы моделін құруға әсер етті.  

 

 

 

          Тақырып 3.  Мемлекеттік қаржы сферасындағы интеграциялық процесс

 

 

1. Әлемдік шаруашылық байланыстар  дамуындағы қаржы ролі.

2. Халықаралық қаржы институттары.

3. Тұрақты дамудағы БСҰ үлесі

 

1. Ұлттық экономикалар ғалымдық экономикалық жүйесіне қарқынды көшуде ғаламдық  экономиканың түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісі үшін қажетті барлық элементтері қуатты байланыс және ақпараттық технологиялармен байланысқан жүйедегі бүкіл әлемде ресурс ала алады.

    Ғаламдану тенденциясы  жаңа технологиялармен, халықаралық  сауда мен инвестициялар ағымы  жолында тойтарыстардың көлемінің  қысқаруымен түсіндірілді. Нәтижесінде  ғаламдық экономикадағы халықаралық  сауданың бірте-бірте көбеюі байқалды: соңғы 50-жылда экономика бес есе өскенде, әлемдік сауданың айналысы 14 есе өсті.

    Қаржы экономикалық құрал  ретінде интеграциялық процесстерді  жүзеге асыру үшін қолданылады. 

 

2. Бүкіләлемдік шаруашылықтың тұрақтылығын, толықтығын қамтамасыз ету және бірлесіп қызмет етуді дамыту мақсатында негізінен екінші әлемдік соғыстан кейін халықаралық  валюта-несиелік және қаржылық ұйымдар құрылды. Олардың арасында алдыңғы орында халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және халықаралық қайта құру және даму банкінің тобы (ХҚҚДБ) алады, олар халықаралық конференцияның қатысушы елдері арасындағы  Бреттон-Вудтың келісімі негізінде құрылды.

   Халықаралық қаржы институттарының  ролі шаруашылық байланыстардың  интернациолизациясы жағдайына  жоғарлайды. Олардың қызметінде  бүкіләлемдік шаруашылыққа тәре серіктестік пен қарама-қайшылық тенденциялары байланысады.

Информация о работе Лекции по "Экономике организации"