Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:41, курс лекций
1. Курстың пәні мен міндеті.
2. Мемлекеттің қаржысы мен қаржы жүйесінің мазмұны.
3. Мемлекеттік кірістер: жұмылдыру көздері мен әдістері.
4. Мемлекеттік шығыстар жүйесі.
5. Қаржы саясатының мазмұны мен типтері.
Әрбір министрлік пен ведомство өз сметаларын жасап, қаржылық бақылаушы тіркегеннен кейін бюджет жобасын даярлау үшін ҚЭМ-не жіберіледі. Бюджет жобасын үкімет мақұлдағаннан кейін парламентке жіберіледі.
Екінші саты - үш ай уақытқа созылатын бюджетті қарастыру мен бекіту. Франция Ата заңына сәйкес бюджетті қарастыру, бекіту құқығы парламентке берілген. Бюджет жобасы әр палатаның каржы комиссиясының тексеруінен өтеді. Комиссияның бас ба-яндаушысы палата отырысында бюджеттің жалпы мәселелері бойынша баяндама жасайды. Алдымен бюджет жобасы төменгІ палатада (ұлттық жиналыста) талқыланып, содан соң жоғарғы палатаға (сенатқа) талқылауға, қарауға беріледі.
Бюджет бекітілуі қос палатанын біріккен отырысында өтеді. Егер сенат берілген бюджет жобасымен келіспейтін болса, онда жобаны кайта қарауға төменгі палатаға қайта қайтарып береді. Егер бюджет жобасы 70 күн бойы екі мәрте талқылауга түсіп, мақұлданбаса, онда президент өзінің жарлығымен (ордонанс) бюджетті заң деп жариялайды. Бүл жағдайда ордонанстық бюджет күшіне енеді.
Франция парламентінің бюджеттік құқықтары Ата Заңмен шектелген. Парламенттің ұсыныс немесе өзгертулер енгізуге құқыгы жок. Жалақының төменгі шегі,отбасылық жәрдемақылар сияқты халықтың көп бөлігін қызықтыратын, толғандыратын мәселелер бойынша біркатар баптарды бекіту де парламент құзырынан алынып тасталған. Ол тек аса маңызды баптардың жалпы сомасын бекіте алады. Ал, кейбір баптар тіптен бірнеше жылдарға бекітіліп, парламенттік бакылауды әлсіздендіре түседі.
Үшінші саты — бюджеттің орындалуы, ол бір жылды қамтып, бюджет жылы деп аталады. Францияда ол күнтізбелік жылмен сай келеді. Бюджет орындалуының жалпы жетекшілігі ҚЭМ-не жүктелген. ҚЭМ-гі министрлІктер мен ведомстволар берген ұсыныстар (заявкалар) бойынша шығындардың айлық кестесін жасайды. Бюджеттің кассалық орындалуы қазынашылық кассалар жүйесі аркылы жүзеге асырылады.
Бюджет жылы аяқталғаннан кейін - төртінші саты басталады, яғни, экономика жэне қаржы министрлігі бюджет орындалуы туралы есеп беруді құрайды. Арнайы бақылау органы, яғни есеп палатасы бюджеттің орындалуы туралы есепті тексергеннен кейін парламент бекітуіне кіреді.
Бюджет процесі барысында қаржы бақылауы жүзеге асып отырады. Мемлекеттік бақылаудың арнайы органы болып есеп палатасы саналады, ол алдын ала, ағымдағы және кезекті бақылауларды орындайды. Әр министрлік пен ведомствода қаржы бақылаушысы болады, Оларды қаржы жэне экономика министрлігі тағайындайды. Олардың негізгі айналысатын ісі - каражаттардың жұмсалуын тексеру. Жоғарыда аталып кеткендей, Франциядағы мемлекеттік табыс бөлігінің 90% салықтардан тұрады, ал шығыс бөлігінің бағыттары сан қилы .
5. Францияның салық жүйесінің ерекшеліктері:
Францияның салық жүйесі салықтарды орталық бюджетке түсетін салықтар және жергілікті салықтар деп бөледі. Мемлекеттік салықтар орталық бюджеттің табыс базасы болып саналады. Жалпы бюджеттің шамамен 60% жуығын жанама салықтар береді, әсіресе ҚҚС-ғы.
ҚҚС-ң отаны да осы
Франция мемлекеті болып
Қазіргі кезде бұл салықтың негізгі ставкасы 18,5%. Кейбір тауар түрлеріне, мысалы: автомобиль, кино тауарлары, темекі бұйымдары, бағалы терілерге жоғарылатылған мөлшерлеме 22% қолданылады. Ал, төмендетілген 5,5% азық-түлік тауарларының көптеген түрлеріне, ауыл шаруашылык өнімдеріне, кітаптар мен дәрі –дәрмектерге қолданылады.
6. Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табыстарының шамамен 40% кұрайды. Жергілікті салықтар құрамындагы төрт негізгі салықтарды атап айтуға болады:
Осы негізгі төрт салықтан басқа, жергілікті органдар басқа да жергілікті салықтарды енгізе алады:
7. Соңғы жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта байқалады. 2002 жылдың алғашқы айында бұл көрсеткіш 6,05 млрд. еуро болған болса, 2001 жылы бюджет тапшылығы 7,69 млрд еуро болған еді. Бюджетке түсетін түсімдер көлемі 4,1% жоғарылап, бюджеттің шығыс бөлімдері 2,5% қысқарған болатын.
Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4-2,6% шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарылату кажет.
Бүгінгі жаңа ең ірі ұлттык жеке фирмалар - «Данон» және «Л' Ореаль» деп танылып отыр.
Еңбек нарығын реттеу арқылы, жұмыссыздықты әлдеқайда төмендетуге болатынын Франция әлдеқашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.
Тақырып 8. Жапонияның қаржы жүйесі
«Жапон ғажабының» мазмұны және факторлары.
Жапонияның бюджет жүйесі.
Салық жүйесінің құрамы мен ерекшеліктері.
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары.
1. Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезеңге бөлінді.
1-кезең: (1945-1960 жж.)
экономикасының түбегейлі
50-жылдардың ортасынан
бастап Жапон экономикасының өс
Жапондық экономикалық ғажап өз бастамасын 50-ші жылдары-ақ көрсете бастаған болатын. Жапон ғажабының мәні неде? Бұл сұрақтардың жауабы болып келесі факторлар саналады:
Сонымен қатар Жапон
сарапшылары мынадай
• жеке ғылыми -техникалық базаны
дамытуға ұмтылыс.
Соңғы кездері бұл факторлар мыналармен
толықтырылды:
2-кезең: (1970 ж.) Жапония
экономикасында айтарлықтай кұр
1951-1970 жж. аралағында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда - 7,4%, Францияда - 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда - 3%.
3-кезең: Интенсивті
үлгіге негізделген
2. Жапонияда мемлекет өмірін қамтамасыз етуші бірнеше бюджеттер қалыптасқан. Олар: орталық бюджет (орталық бюджеттің жалпы шоты), инвестициялық бюджет (даму бюджеті) және бірнеше арнайы шоттар.
Орталық бюджет табыстары салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен құралады. Басқа дамыған елдерге қарағанда Жапония бюджеті салықтық емес түсімдердің үлесі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік бюджеттің 84% - салықтар қамтамасыз етсе, салықтық емес түсімдер 16% береді, ал жергілікті бюджеттерде салықтық емес түсімдер 25% жуық қамтамасыз етеді.
Салықтардан айтарлықтай қомақты қаржыны жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың табыс салығы берді (шамамен 40%).
Бюджет табысының салықтық емес түсімдеріне жататындар: мемлекеттік кәсіпорын қызметтерінен түсетін түсімдер, мемлекеттік меншікті сатудан немесе жалға беруден түсетін түсімдер.
Орталық бюджет шығындары
өзіне тән функционалдық белгіл
Олар, негізінен, экономикалық және әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, жергілікті бюджеттерді толықтыруға, мемлекеттік қарызды басқаруға, император сарайын қамтамасыз етуге, басқару органдарына және басқа да мақсаттарға бағытталады.
Ал, инвестициялық бюджет дегеніміз - күрделі салымдар мен зайымдардың жыл сайын бекітілетін бағдарламасы.
Арнайы шоттар болса - мемлекеттік кәсіпорындар мен корпорациялар шоттарын, мүліктерін, қорларын қамтиды.
Арнайы шоттардың көптігі Жапония қаржы жүйесіне тән ерекше белгінің бірі.
Жергілікті билік органдарында шамамен 7 мыңға жуық аталмыш шоттар бар.
3. Қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі 1989 жылы
1 сәуірде іске қосылды. Мемлекеттік бюджеттің 84 пайызы салықтар есебінен, ал оның 16 пайызы салықтық емес түсімдердің есебінен құралады.
Жапонияда салықтар:
4. Салықтық түсімдердің бір бөлігі жергілікті бюджеттерге аударым түрінде қайта бөлінеді. Ел аумағында 3045 қала, поселка, аудандардың және оларды біріктіретін 47 префектураның өздерінің дербес бюджеттері бар. Жапония салық жүйесі АҚШ және Еуропа елдерінің салық жүйелері сияқты салықтарының көп түрлілігімен ерекшелінеді. Олардың аумақтық басқарудың кез келген органының алу құқығы бар. Бірақ, барлық салықтар елдің заң актілерінде тіркелген. Мемлекеттік салықтың әрбір түрі заңмен реттеледі. Жергілікті салықтар туралы Заң олардың түрлері мен шекті мөлшерлемесін анықтап береді. Жергіліктті салықтарға қатысты басқа мәселелерді жергілікті парламент реттейді. Жалпы елде 25 мемлекеттік, 30 жергілікті салықтар жұмыс жасайды. Оларды үш үлкен топқа топтастыруға болады:
Тақырып 9. Қытайдағы экономикалық қайта құрулар
Қытайдың экономикалық және қаржы жүйесінің құрылуы.
Қаржы жүйесінің құрылымы және олардың элементтерінің арасындағы өзара қатынастарының ерекшеліктері. Қаржы секторындағы реформалар.
Салық жүйесінің құрамы және ерекшеліктері.
Қазіргі кезеңдегі қаржы саясатының міндеттері.
1. Бүгінгі күнде Қытайда 23 провинция, 5 автономды аймақтардан және 4 муниципалитеттерден тұрады. 1978 жылы Дэн Сяопин рынок құрылысын басқа тәжірибе қолданудан бастады. Соның нәтижесінде 2000 жылы ЖІӨ 4 есеге өсті, бұл миллиондаған адамдарды кедейліктен шығарды. 2004 жылы Қытайда сатып алу мүмкіншілігі эконмикалық әлемде 2 орынға шықты. Сонымен қатар, халықтың жан басына шаққанда кірістері әлі де нашар қалыпта. ПОҚ бойынша ЖІӨ 2004 жылы $7262 млрд. болып, 9,1% өсті. 2004 жылы ЖІӨ халықтың жан басына шақанда - $5600.
2. Қаржы жүйесінің реформасы Қытайда 80 жылдары жүргізілді. Ол рыноктық қайта құрулармен байланысты болды. Егер жоспарлы экономика жүйесінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі көзі кәсіпорындардың табысына салынатын салықтар болса, ал 1994 жылғы салық реформасынан кейін оның кірістері арнайы ерекшеліктерімен негізделді.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет, ол орталық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Осы реформанның жүргізілуінде бюджет деңгейлерінің арасындағы өзара қатынастар өзгерген.
3. Қазіргі таңда Қытайда салықтардың 25 түрі алынады. Олардың табиғаты мен атқаратын функцияларына байланысты 8 топқа бөлінеді: