Лекции по "Экономике организации"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:41, курс лекций

Описание

1. Курстың пәні мен міндеті.
2. Мемлекеттің қаржысы мен қаржы жүйесінің мазмұны.
3. Мемлекеттік кірістер: жұмылдыру көздері мен әдістері.
4. Мемлекеттік шығыстар жүйесі.
5. Қаржы саясатының мазмұны мен типтері.

Работа состоит из  1 файл

ЛЕКЦИЯ.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

 

3. Бюджет көрінісі: кірістер / 996 млрд доллар, шығыстар / 1036 млрд доллар, экспорт көлемі - 578 млрд доллар, импорт көлемі -505 млрд доллар.

Өнеркәсіп өндірісінің  өсу деңгейі - 4,7%.

 

4. Қазіргі кезде Германияның бюджет жүйесінің құрамына федерация бюджеті арнайы екі қорымен кірді, сонымен бірге 16 жергілік және 11 мыңнан астам қауымдастык бюджеттері кіреді. Аты аталған буындардың бәрі «біріккен мемлекеттік бюджет» ұғымын құрайды.

Біріккен жиынтық бюджеттегі салықтардың үлесі бірнеше жылдар бойы 80% құрап келеді.

Германияда заң бойынша  мемлекеттік міндеттер федерация мен жергілікті жерлер арасында бөлінеді. Ал, осы міндеттерді орындау барысындағы шығындары жеке - бөлек. Федерация мен жергіліктілердің өздерінің бюджет құрылымы жөнінде өз билік-тері өздерінде. Жергілікті бюджеттерді иемденген қауымдастықтар федерация мен жергілікті жерлер сияқты әлеуметтік қоғамдық міндеттерге араласа алады.

Германияның қаржы құрылымы федерация, жергілікті жерлер. Берлин қаласы және қауымдастықтардың шығындарын бөлу сипатынан тұрады. Мемлекеттік буындар арасында шығындарды бөлу тәртібі төмендегідей:

Мысалы,әлеуметтік шығындардың негізгі үлесі - федерация еншісінде, жоғарғы білім беру бойынша шығындар жергіліктілер үлесінде, денсаулық сақтау шығындары - қауымдастықтар үлесіне тиеді. Ал, қорғаныс шығындары толығымен (100%) федерация үлесінде.

Германия ата Заңына сәйкес, аймақтық экономикалық құрылымды жақсартуға байланысты жалпы ұлттық бағдарламаларды қаржыландыру федерация мен жергіліктілер арасында тепе-тең үлеспен жүзеге асырылады.

5. Германияда салық ісін ұйымдастыру Л. Эрхард ұғынып кеткен қағидаларды ескере отырып құрылады. Ол қағидалар төмендегідей:

  1. Салықтар мүмкіндігінше ең аз болуы тиіс;
  2. Белгілі бір объектіге салық салынғанда салық алудың экономикалық мақсаттылығы ескерілуі тиіс;
  3. Салықтар бәсекеге кері әсерін тигізбеуі керек;
  4. Салықтар саясат құрылымына сәйкес болуы керек;
  5. Салық салу жүйесі салық төлеушінің жеке өміріне сыймен қарау және коммерциялық құпияны сақтаудан тұруы қажет;
  6. Салық жүйесінде қосарлы салық салу болмағаны жөн;
  7. Салықтар қоғамда табыстарды әділ бөлуді қамтамасыз 
    етуі қажет;
  8. Салық көлемі мемлекет көрсететін қызмет көлеміне сәйкес болуы керек.

6. Германия - экономикасының негізінде қазіргі заманғы озық техниканы игерген мемлекет екендігі әлем бойынша өнеркәсіп өндірісінен АҚШ пен Жапониядан кейінгі үшінші орынды иеленген.

Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша бүгінгі таңда Германия жұртшылығының саны шамамен 84 млн. адамға жуық. Халықтың өсу динамикасы — 0;27%,орташа өмір сұру деңгейі: ерлерде - 74-75 жас, әйелдерде - 80-92 дейін.

Жалпы ішкі өнім көрсеткіші — 1,936 трлн доллар. ЖІӨ жан басына шаққанда - 23400$.

ЖІӨ-ң өсу міндеті - 3%, еңбекке жарамды халық саны - 40,5 млн. адам, еңбекпен қамтылғандардың: ауыл шаруашылығы са-ласында - 2,8%, өнеркәсіпте - 33,4%, қызмет көрсету саласында — 63,8%, жұмыссыздық деңгейі - 9,9%.

Экспорт бойынша мына елдермен байланыста: Еуропа қауымдастығы - 55,3%, Франция (11,3%), Үлыбритания (8,3%), Италия (7,3%), Нидерланды (6,3%), Бельгия-Люксембург (5,1%), АҚШ (10,1%), Жапония (2,0%).

Импорт бойынша байланыстағы мемлекеттер: Еуропа қауымдастығы (ЕҚ) - 52,2%, (Франция 10,5%, Нидерланды 7,6%, Италия 7,4%, Ұлыбритания 6,9%, Белыия-Люксембург 5,6%, АҚШ 8,1%, Жапония 4,9%).

 

7. 90 жылдары неміс экономикасының дамуы тең жағдайда емес ерекшеленді. Оның жалпыэкономикалық процесіне Германияның қосылуы ықпал етті.

Қаржы сферасының проблемалары:

  1. Мемлекеттік қаржының дағдарысы (бюджет тапшылығының жоғары деңгейі);
  2. Салық жүйесінің тиімсіздігі;
  3. «шығысты көтеруге» жіберілген ресурстар қайтарылмайды;
  4. жоғары жұмыссыздық;
  5. демографиялық жағдайдың төмендігі (ұлттың кәртейуі).

 

 

Тақырып 6. Ұлыбританияның қаржы жүйесі

 

    1. Неоконсерватизмнің Британдық моделі.
    2. Ұлыбританияның қаржы жүйесі.
    3. Мемлекеттік бюджеттің ерекшелігі.
    4. Салық жүйесінің құрамы мен ерекшеліктері.
    5. Қаржылық басқару аппараты.
    6. Қазіргі кезеңдегі қаржы саясатының міндеттері.

 

1. II-ші дүниежүзілік соғыс ¥лыбритания экономикасын қиын жағдайда қалдырды. Соғыс (кесірінен) салдарынан 245 мыңға жуық адам қаза болса, 278 мыңдай адам жараланып, халық санына едәуір әсерін тигізді. Соғыс шығындары 20 млрд ф.ст. астам құрады, мемлекеттік қарыз ел ішінде де артық көтеріліп, сыртқы қарыз   шарықтай берді.

Төлем балансының тапшылығы  соғыс аяғына таман 4 млрд ф.ст. асты.

Осындай қиыншылықтарды жеңу, экономиканы толық қалпына келтіру мен қажетті деңгейге жету үшін бірнеше жылдар, атап айтсақ 40 жылға дейінгі мерзім қажет болды. Осы қиын жылдар қатарына 70-80-ші, тіпті 90-шы жылдар да кіреді.

Осылайша, Ұлыбританияның 80-ші 90-шы жылдардағы экономикасының бейнесі М. Тэтчер есімімен тікелей байланыстырылады.

1979 жылы билік басына  келген консерваторлар үкіметі экономиканың жаңа бағдарламасын ұсынып, ол тарихта «неоконсерватизм» деген атпен қалды. Аталмыш бағдарлама басында премьер-министр тағына отырған М. Тэтчер болатын. Ол кей-нестік идеяны, яғни экономиканы қатаң түрде мемлекеттік реттеу бағытынан бас тартып, жаңа бағыт іздеуді көздеді.

 

2. Ұлыбританияның қаржы жүйесі 4 буынды құрайды: мемлекеттік бюджет, арнайы үкіметтік қорлар, жергілікті билік органдарының қаржысы, мемлекеттік корпорациялардың қаржысы.

 

3. Ұлыбританияның мемлекеттік табыстарының негізгі көздері болып салықтар саналады, салықтар кірістердің 90% қамтамасыз етеді.

1998-1999 жылғы қаржы жылының  мемлекеттік бюджет туралы заңын жаңа қазыналық (фискалды) тұрақтылық Кодексі бекіткен болатын, бұл жерде казыналық саясат пен мемлекеттік қарызды басқару бес қағидаларға сәйкес жүргізілуі тиіс:

  1. қазыналық саясатты орнатудағы түсініктілік;
  2. қазыналық саясатты жүзеге асыру процесіндегі тұрақтылық;
  3. мемлекеттік қаржыларды басқарудағы жауапкершілік;
  4. әділеттілік, соның ішінде ұлттар арасында;
  5. қабылданған шешімдердің іске асуы. 
     Ұлыбритания үкіметінің мемлекеттік шығындар саласындағы басты ұзақ мерзімді мақсаты - әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтауға қаражаттың өсуі, бұл қорғаныс шығындары мен өнеркәсіпті қолдау шығындарын азайту негізінде жүзеге асуда.

Мемлекет шығындарына  талдау жасалып, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында тексеру істері жүргізілген. Осы талдаулардың нәтижесінде мемлекет ресурстарының қомақты көлемі 1998-2002 жж. аралығында мынадай бағыттарға жұмсалуы тиіс болатын: ілім беру жүйесіне, денсаулық сақтау, қоғамдық транспорт, қалаларды және ауылды жерлердің ресурстарын қалпына келтіру.

 

4. Салық ісінің негізгі заң актілері 1970, 1979, 1996, 1999 жылдармен байланыстырылады.

Ұлыбританияның салық  жүйесінің кұрылымы мынадай:

1) орталық салықтар:

  • халықтан алынатын табыс салығы; (10%-дан 40% дейін)
  • корпорациялардан алынатын табыс салығы (шағын бизнеске 10-20%, корпорациялар үшін - 33%)
  • мұраға салынатын салық (мұра саласы 223000 ф.ст. дейін - 0% және одан жоғары 40%) бұл салық 1965 жылы енгізілген.
  • Жанама салықтар: ҚҚС (17,5%) 1975 жылы енгізілген, сондай-ақ акциздер, баждар, мұнайдан түскен табысқа салықтар, елтаңбалық алым.

2) Жергілікті салықтар:

• мүлікке салынатын салық.

5. Ұлыбританиядағы қаржыларды басқару, мемлекеттің жалпы қаржы саясатын жүргізуі, қаржылардың жоспарлануы, қаржы ресурстарын түзетуі, қаржы заңдылығын өңдеуі сияқты мәселелерді қамтиды. Сондай-ак, бұл жерге бюджет құрылуы мен орында-луын, салықтардың жиналуын, займдар шығару, мемлекеттік шығындарды басқару да кіреді.

Ұлыбритания Қазынашылығының  өзге елде өзіне ұқсастығы жоқ жалғыз ғана мемлекеттік қаржы институты болып табылады. Бұл үкіметтің маңызды министрлігі. Қазынашылық елдің жалпы экономикалық стратегиясын даярлауға жауапты.

Әкімшілік жағынан қарағанда, қазынашылық қүрамына -қазынашылықтың бірнеше лорды, сондай-ақ премьер-министр, қаржы министрі және кіші лордтар кіретін басқарма болып табылады.

Салық заңдарын үкімет бекітеді. Салық қызметін ұйымдастыру Қазынашылыққа  бағынышты екі бірдей үкімет департаменттеріне жүктелген. Олар: Ішкі табыстар басқармасы (ІТБ) жэне БАЖ бен акциздер басқармасы (БАБ).

ІТБ-сы өз-өзімен үкімет мекемесі болып  табылады. Оның басты кызметі заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтарға бақылау жасау. Әкімшілік жағынан қарағанда бұл бақылауларды Лондондағы бас салық инспекторының кеңсесі жүзеге асырып отырады.

Ал, жанама салық салу жүйесінің  барлық мәселелерімен БАЖ және акциздер басқармасы айналысады.

 

6. Мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттары:

  1. Тікелей салық салудың деңгейін біртіндеп төмендету;
  2. Жеке бастамаларды қолдау;
  3. Процент мөлшерлемелерін реттеу және бақылау;
  4. өндірістің бәсекеге қабілеттілігі және өндірісті дамыту.

Қазіргі кезде бюджет саясатының негізгісі бьюджет тапшылығының мсемлекеттік шығыстарын төмендету болып табылады.

 

 

Тақырып 7.  Францияның қаржы жүйесі

 

  1. II дүйежүзілік соғыстан кейінгі Франция экономикасының дамуы.
  2. Қаржы жүйесінің құрамы және құрылымы.
  3. Мемлекеттік бюджет.
  4. Бюджет процесі мен қаржылық басқару аппараты және бақылау.
  5. Салық жүйесі.
  6. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары.
  7. Францияның макроэкономикалық жағдайы және қазіргі кезеңдегі қаржы саясатының міндеттері.

 

1. Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.

Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция ғылыми зерттеулердің кең көлемді мәселелерін мына бағыттарда жүргізуде: атом энергетикасы, әуе техникасы, байланыс құрал жабдықтары, электроника түрлері т.б.

Мемлекетте темір рудасы, (әлем бойынша 5-ші орын), тас көмір, табиги газ, алтын, вольфрам т.б. пайдалы қазбалар шығарылады.

1980 жылғы ерекше назар  аударатын жайттардың бірі-билік басындағы, бағыттың өзгеруі болды.1981 жылдың мамырында өткен сайлауда жеңіске жеткен социалистер үкіметі коммунистердің қатысуымен жаңа бағыт-бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісті.

Бағдарламаның басты бағыты- іскерлік белсенділікті ынталандыру, жалақы мен жәрдемақыларды көбейту. Ұлттық валютаны нығайту саясаты да қолға алынды. 1982 жылы ақпан айында маңызды реформаның бірі — «ұлтшылдандыру туралы» Заң қабылданды. Ұлтшылдандыру ірі-ірі бес бірдей өнеркәсіп топтарын қамтыды. Осы реформа нәтижесінде Франция ең ірі мемлекеттік секторларды иеленді, мұнда әуе және ғарыш өнеркәсібі 8,5%-ды қамтыды, 80% қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібінің тең жарымын қаратты.

Ұлтшылдандыру секторымен қоса қайта құрудың бағыттары  шағын бизнеске де бұрылды. Жаңа технологиялар іске қосылып жатты.

 

2.  Қазіргі Францияның қаржы жүйесі көпбуындылығымен ерекшелінеді және олар: жалпы бюджеттен, Қазынашылықтың арнайы шоттарынан, бірлескен бюджеттерден, арнайы қорлардан, жергілікті қаржылардан және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысынан тұрады. Мемлекеттік бюджеттің үлесіне елдің қаржы ресурсының 47%, жергілікті бюджттің -9%, әлеуметтік сақтандыру қорының - 40%, мемлекеттік кәсіпорындардың шамамен 4% құрайды.

Францияның мемлекеттік  қаржысының айрықша белгісі болып  біріктірілген бюджеттердің болуы  саналады.

 

3. Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан, займдардан жэне т.б. түсімдерден тұрады. Бюджет табысының негізгі көзі болып салықтар саналады, барлық түсімдердің 90% салықтардан құралады.

Салықтар арқылы ұлтық  табыстың 50% қайта бөлінеді. Бюджеттің кірістері мен шығыстары екі бөлікке бөлінеді:

1) Қорытынды сипаттағы операциялар; (қайтарымсыз қаржыландыру).

2) уақытша сипаттағы операциялар. (несиелік операциялар). 
Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

 

4. Жалпы, Францияда бюджет процесі 4 сатыдан түрады жэне ол 3 жылдан астам уақытқа созылады. Алғашқы саты - бюджет жобасын құру, экономика және қаржы министрлігінің (ЭҚМ) бақылауымен 9 ай бойы жүргізіледі.

Информация о работе Лекции по "Экономике организации"