Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:29, курсовая работа

Описание

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге пәннің типтік бағдарламасына сәйкес, қазақ әдебиетінің ғылыми курстары бойынша және қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінен міндетті пәндер жүргізіледі. Бұл пәндерден дәріс сабақтармен бірге практикалық, семинар сабақтар өткізіліп, студенттердің пәннің теориялық және практикалық мәселелері бойынша білім-біліктері мен дағдыларын жетілдіру жүзеге асырылса, СОӨЖ сабақтарында оқытушының көмегімен осы білімдерді дамытуға, өз беттерімен ізденулеріне бағыт беріледі. Студенттер, сол сияқты, СӨЖ бойынша түрлі тапсырмалар орындап, ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелерін көрсете алады.

Работа состоит из  1 файл

kjll.doc

— 181.50 Кб (Скачать документ)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР және ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

                                                                                                                         ПТИ директоры

                                                                                              ______________Ахметов А.Қ.

                                                                                               «_____»  ____________2011ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»

пәнінен ҚАБЫЛДАУ емтихан

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

«6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, магистратура» мамандығы үшін

 

 

                                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

АҚТАУ, 2011

 

 

Жұмыс бағдарламасына негізге алынған құжаттар:

 

ҚР ҒжБМ 11.05.2005 ж. № 289 бұйрығымен бікітілген типтік бағдарлама;

 

 

Құрастырғандар: қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, филология ғылымдарының кандидаттары Ә.Д.Қабылов, Ш.С.Әбішева,

 

 

Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2011ж. “___“  __________ отырысында бекітілді.

Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі: _______________ ф.ғ.д., проф. Нұрдәулетова Б. І.

 

 

Институт әдістемелік кеңесінің  2011 ж. “___“  __________ мәжілісінде мақұлданды.

Хаттама № _____

Әдістемелік кеңес төрағасы: __________ п.ғ.к., Қалиева Г.

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛҒЫСӨЗ

 

              «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге  пәннің типтік бағдарламасына сәйкес, қазақ әдебиетінің ғылыми курстары бойынша және қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінен міндетті пәндер жүргізіледі. Бұл пәндерден дәріс сабақтармен бірге практикалық, семинар сабақтар өткізіліп, студенттердің пәннің теориялық және практикалық мәселелері бойынша білім-біліктері мен дағдыларын жетілдіру жүзеге асырылса, СОӨЖ сабақтарында оқытушының көмегімен осы білімдерді дамытуға, өз беттерімен ізденулеріне бағыт беріледі. Студенттер, сол сияқты, СӨЖ бойынша түрлі тапсырмалар орындап, ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелерін көрсете алады.

              Университет түлектерінің ғылыми-ізденіс жұмыстарының түпкілікті нақты қорытындысы - дипломдық жұмыс. Ал мемлекеттік емтихан - университетте оқыған кезең ішінде мамандық бойынша жүргізілген пәндерден меңгерген білімдерін тексеріп, нақты бағалайтын мемлекеттік аттестация болып табылады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша университетті бітірушілерге арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасында қазақ әдебиеті бойынша оқытылған пәндерден, атап айтқанда қазақ әдебиетінің тарихы курстарынан («Халық ауыз әдебиеті», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Хандық дәуір әдебиеті», «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «ХХ ғасырдың басындағы қызық әдебиеті», «Қазіргі қазақ әдебиеті»), «Әдебиет теориясы», «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндерінен берілетін сұрақтар қамтылған.

              Бағдарламада жеке пәндер бойынша сұрақтар жинақталып берілген. Әр сұрақтың қысқаша мазмұны (қамтылатын мәселелер тізбесі) түзілген. Бұл бағдарлама студенттердің мемлекеттік емтиханға дайындалуына, сол секілді емтихан кезінде тақырыпқа байланысты білетіндерін еске түсіріп, ойларын жинақтап, жүйелі жауап берулеріне септігін тигізеді деп ойлаймыз. Бағдарламаның соңында әр пән бойынша қажетті әдебиеттер тізімі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ

 

1. Қаһармандық  эпосқа  тән негiзгi  ерекшелiктер

 

              Әдебиет 3 түрлі текке бөлінеді. Эпос-көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі  ретінде қарастырылады. Эпос жанрында оқиға, адамдардың арасындағы қарым-қатынас біртіндеп дамиды. Эпостық жырлардың өзіндік ерекшелігі. Қаһармандық эпос, оның негізгі  айырмашылықтары. Қазақ әдебиетіндегі қаһармандық эпостың үлгілері.

 

2. М.Әуезовтың алғашқы әңгiмелерiндегi  жаңашылдық

 

              Дәстүр - дара суреткердің сөз өнеріндегі айрықша көркемдік жетістік тағылым ретінде ұғынылады. Дәстүрден тағылым алу, үйрену, оны шығармашылықпен игеру, жалғастыру болып табылады. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық. Дәстүрді шығармашылықпен игерудің жаңашылдыққа әкелетіндігі, ал жаңашылдықтың негізінде жаңа дәстүр туады. М. Әуезовтың алғашқы әңгімелерінің өзінде оның реализмінің сипаты айқын аңғарылады. «Іздер», «Қасеннің құбылыстары», «Құм мен Асқар», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер» тәрізді шығармаларындағы жаңашылдық.

 

3. Әдебиеттiң  халықтығы  мен  ұлттығы

 

              Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғымы, оның тарихи категория екендігі. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-толғамдар. Әдеби шығарма ұлттық дүниетанымның, тарихи-поэтикалық зерденің аясында қалыптасқан, өз ұлтының шығармашылық өкілі болып табылатын қаламгердің туындысы. Әдебиеттің халықтығы шығарманың халықтың тілек-мүддесіне толық сәйкес келер идеялық-көркемдік сапасы ретінде қарастырылады. Шынайы халықтық әдебиет заманның ең озат арман-мұраттарын бейнелеп көрсететіндігімен ерекшеленеді.  Қазақ әдебиетінде Абай шығармаларының халықтық мәселелердің көтерілуі. Орыс әдебиеті мен сынында әдебиеттің халықтығы туралы мәселе. Пушкин дәуірінен бастап көтеріледі. (П.Вяэемксий «Баспагер мен классик арасында әңгіме», О.Сомов «Романтикалық поэзия жайында»). Сыншы В.Н.Белинскийдің әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-тұжырымдары.

 

4. Ғашықтық эпос

 

              Эпос оқиғаны баяндап жеткізуге негізделетін шығармалар тобын құрайды. Эпостық сарындағы шығармалардың негізгі өзгешелігі-қандай да бір оқиғаны баяндап айтуы. Қазақ әдебиетіндегі ғашықтық эпостың көркем үлгілері. Ғашықтық эпостың негізгі тақырыбы, идеясы. Ғашықтық эпосқа тән негізгі өзгешеліктер.

 

5. С.Сейфуллин  шығармаларындағы  дәстүр мен жаңашылдық

 

              Дәстүр ұғымы үздік, дара суреткердің сөз өнеріндегі айрықша көркемдік жетістік тағылымы.  Дәстүрден тағылым алу, үйрену, оны шығармашылықпен игеру, жалғастыру болып табылады. Дәстүр мен жаңашылдық тығыз бірлікте алынады. Дәстүрді шығармашылықпен игерудің жаңашылдыққа әкелетіндігі, ал жаңашылдықтың негізінде жаңа дәстүр туады. С.Сейфуллиннің  поэзиясы Абай мен С.Торайғыров творчествосының заңды жалғасы бола тұра, өзіндік идеялық-творчестволық жағынан өзгешеленеді. Сәкен поэзиясына тән жаңашылдық белгілері.

 

6. Тақырып пен идея

 

              Тақырып туралы түсінік. Тақырып-жазушының болмыстан саналы түрде таңдап алып бейнелеген материалы -нәрсесі, құбылысы, проблемасы ретінде қарастырылады. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы. Тақырыптың әлеуметтік мәнділігі.

              Негізгі тақырып, жеке тақырып, тақырыптық сарынға жіктеледі. Идея-тақырыптың шешімі, шығармада көтерілген проблема, бейнеленген құбылыс пен нәрсе жайлы автордың пікірі болып табылады. Көркем шығармада негізгі идея, авторлық және обьективтік идеялар болады. Тақырып пен идея «мазмұн» ұғымын құрайды. Халықтық мұрат, ұлттық асыл қасиет-мінездерді, адамдық ізгі арман-аңсарды бейнелеу-шығарманың озық идеялылығының белгісі. Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі.

 

7. Көркемдiк әдеби  әдiс  және стиль

 

              Көркемдік әдіс туралы ұғым. Көркемдік әдістің негізі-дүниетаным екендігі. Әдеби әдіс-бір бағыттағы жазушылардың өмірлік құбылыстарды, характерлерді, оқиғаларды таңдау, бағалау және бейнелеу тарапында тұтынатын ортақ принциптері арқылы айқындалады.

              Стиль-әр жазушының өзіне тән шығармашылық ерекшелігі ретінде ұғынылады. Стиль ұғымы белгілі бір дәуірдегі әдебет дамуының ерекшеліктерінен бастап әртүрлі әдеби бағыттар пен әдістердің ерекшеліктері, жеке қаламгер шығармаларына тән ерекшеліктерді қамтуымен ерекшеленеді. Аристотель, Белинский көркемдік әдіс жайлы. Өнер дамуының әр кезеңдерінде туып, қалыптасқан көркемдік әдістер және олардың арасындағы сабақтастықтар мен айырмашылықтар.

 

8. Романтизм  

 

              Көркемдік   әдістің  негізі-  дүниетаным. Өнер  дамудың  әр кезеңдерінде туып, қалыптасқан көркемдік  әдістердің  арасында өзара  сабақтастықтар мен айырмашылықтар бар. Романтизм әдісінің  тууына  негізгі  себеп - қоғамдық  әләуметтік жағдайлар. Романтизм өмір  шындығы мен адамды  бейнелеуде ұстанған өзіндік  көркемдік  принциптерімен ерекшеленеді.(Махамбет, Абай – қазақ  әдебиетіндегі  романтизм)

 

9. Әдебиет  және  өнер  түрлерi

 

              Өнердің  негізгі  түрлерінің  бірі. Әдебиеттің – сөз  өнері, көркем  сөз  ретіндегі  мағынасы  басымырақ  болып келеді. Өнер  және  оның  түрлері: мүсін,  сәулет,  саз, сурет және сөз  өнерлері т.б. бұлардың  жеке өнер  ретіндегі  өзіндік  ерекшеліктері, шындық  болмысты  таныту жолдары және қоғамдық-әлеуметтік  орта-функциясы  болып  табылады. (А. Байтұрсынов – сөз  өнері  туралы).

 

10. Мазмұн мен пiшiн.

 

              Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік шарты. Көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру-әдебиет теориясының негізгі принципі екендігі. Мазмұн  әдеби  шығарманың өмір  шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін  мағыналылығы  деуге  болады. Өнер  туындысының  мазмұны  мен  пішіні,  олардың өзара  бірлігі  болып  қалыптасады. Мазмұн  мен пішіннің  бірлігі  жайлы  түрлі  толғамдар  бар. «Мазмұнсыз  пішін» ұраны-жалған  ілім. Жаңа мазмұн-жаңа  пішін.  

 

 

ӘДЕБИЕТТАНУҒА КІРІСПЕ

 

1. Лирикалық жанрлар

 

              Әдебиеттің үш текке (эпос, лирика, драма) бөлінуі, мұның өмір шындығын бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты екендігі. «Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні. Жанрлық жіктеудің шарттылығы. Лирикалық туындылардағы ішкі ғалам сыры, субьективтік сипат басым болады. Ода, элегия, сатиралық лириканың өзіне тән ерекшеліктері бар. Лирикалық шығармалар сыршыл сезімге құрылған, көлемі шағын өлеңдік шығармалар болып табылады.

 

2. Қайталау түрлері

 

              Тіл адамдар арасындағы  қарым-қатынас құралы. Поэтикалық тілдің ерекшеліктері оған  қойылатын талаптар. Поэтикалық  фигуралардың (айшықтаудың  түрі) – қайталау. Қайталаудың бірнеше  түрлері  бар: еспе қайталау, кезекті  қайталау т.б.

 

 

3. Ұйқас түрлерi

 

              Поэзия мен көркем қара сөз. Өлең сөздің өзіндік өлшем-ырғағы. Абай өлең туралы. Өлең жүйелері, олардың халықтың тілдік жүйесімен байланыстылығы. Ұйқас және оның шумақта атқаратын рөлі. Жыр ұйқасының басты ерекшелігі бір  ұйқасты ұзақ сақтап, көптеген тармақтарды бірыңғай үйлестіру болып табылады. Ұйқас  былайша  ажыратылады: егіз ұйқас,  шалыс ұйқас, кезекті ұйқас, шұбыртпалы ұйқас, қара өлең ұйқасы т.б. Ішкі ұйқас. Өзіндік ерекшеліктері.

 

4. Әдеби  жанрлар

 

              Әдебиет үш  текке бөлініп  қарастырылады. Эпостық  шығармаларда лиризм, лирикада сюжеттің  болуы, драмада лирикалық  және  эпикалық  сипаттардың қатар  көрінуі  байқалады. (Аристотель,  Гегель, Белинский, Байтұрсынов - әдебиеттің  текке, түрлерге  бөлінуі  жайлы). Эпикалық тектің жанрлық түрлері: ертегі, мысал, әңгіме, новелла, повесть, дастан, батырлар жыры, роман, роман-эпопея. Қазақ әдебиетіндегі роман жанры. Лирикалық тек. Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі. Белинский, Байтұрсынов лирика туралы. Лирикалық қаһарман сыры. Лирикалық тектің кейбір жанрлық түрлері: ода, элегия, сонет, сатиралық лирика, ән өлеңі, мадригал. Бұлардың тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктері.Лирикалық шығармаларды тақырыпқа қарай бөлудің шарттылығы. Драмалық тек. Драмалық бейнелеу тәсілдерінің ерекшеліктері. Драматургия және театр. Белинский драмалық поэзия жайлы.

 

5. Сюжет пен  композици.

 

              Әдеби  шығарманың құрылысы. Шығарманың  композициялық  құрылысын  белгілеуде  елеулі  орын  алатын  ерекшеліктер: уақиға  автордың, автордан басқа  баяндаушының  атынан  айтылуы  немесе  кейбір  тұстарда  болған жағдайлар  шығармадағы кейіпкердің  көзімен көрген  қалпында  алынып,  соның ұғым-түсінігі  арқылы  берілуі. Сюжет -әдеби  шығармалардағы өзара  жалғасқан оқиғалардың тізбегі,  біртұтас  желісі  болып  табылады. Ол көркем  шығарма  мазмұнын  құрайтын  оқиғалар  жүйесі, характерлердің  қалыптасу  тарихы  негізінде  қалыптасады. Сюжетке  арқау  болған оқиғалардың  даму  кезеңдері: экспозиция, сюжеттік  байланыс, ситуациялық  жағдай, оқиғаның  шиеленісуі, шарықтау  шегі,  шешімі.

 

6. Айшықтау тәсiлдерi

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын