Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:29, курсовая работа
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге пәннің типтік бағдарламасына сәйкес, қазақ әдебиетінің ғылыми курстары бойынша және қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінен міндетті пәндер жүргізіледі. Бұл пәндерден дәріс сабақтармен бірге практикалық, семинар сабақтар өткізіліп, студенттердің пәннің теориялық және практикалық мәселелері бойынша білім-біліктері мен дағдыларын жетілдіру жүзеге асырылса, СОӨЖ сабақтарында оқытушының көмегімен осы білімдерді дамытуға, өз беттерімен ізденулеріне бағыт беріледі. Студенттер, сол сияқты, СӨЖ бойынша түрлі тапсырмалар орындап, ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелерін көрсете алады.
Жазушының тіл байлығын игеру жолдары. Поэтикалық тілдің көркем шығармада кейіпкер тілі және автор тілі үлгісінде қолданылуы. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі. Тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы. Айшықтаудың (фигураның) түрлері. Бұлардың жасалу жолдары мен көркемдік қызметі. Поэтикалық фигуралар: инверсия, арнаулар мен қайталаулар. Бұл тәсілдердің идеялық-көркемдік қызметі, түрлері.
7. Әдебиеттегi жинақтау мен даралау
Көркем шығармаың тілі. Әдеби шығармадағы ейіпкер бейнсін мағыналық сипатына қарай жіктеу. Тип. Образ ұғымдарына түсінік. Образдылық-көркемдік сырлары. Көркем образ, оның өмірді таныту құралы екендігі.
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
1. А.Яссауи өмiрi. «Диуани хикмет»
Сопылық әдебиеттің ірі өкілі- Қожа Ахмет Яссауи. «Диуани хикмет»-исламның дін жолдарын поэзия тілімен өрнектеген жыр жинағы. Исламдағы суфизм – ХІІ ғасырдан бұрын пайда болған мистикалық-аскеттік ағым. Суфизм жалпы азаматтық идеяларды – теңдікті, әділеттілікті, адамгершілікті уағыздайды. Қожа Ахмет – дін уағыздарын жырлаған сопылық әдебиеттің өкілі. Ол озбырлық пен зұлымдыққа қарсы, дүниеқор дүмше молдаларды сынап, әділдікті, жақсы іс-әрекеттерді уағыздайды. «Диуани хикматтағы» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы, т.б
2. «Қорқыт ата» кiтабы
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз. Қорқыт ата ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген тарихи тұлға, аңызға айналған күйші-сазгер,мәшһүр жырау, кемеңгер философ. Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір, мәңгілік тіршілік іздеуші аңыз кейіпкері.
«Қорқыт ата» кітабы-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. «Қорқыт ата кітабының» қолжазба нұсқалары туралы мәлімет. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші, тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары: Этторе Росси, Г.Диц, В.Бартольд, Х.Короглы. «Қорқыт ата кітабының» тақырыбы, мазмұны, композициясы, қаһармандары, көркемдік ерекшеліктері. Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындысындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер.
3. Ж.Баласағұни «Құтты бiлiк» дастаны
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни – ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан ойшыл, энциклопедист ғалым, қоғам қайраткері. Әлемдік әдебиет тарихына қалдырған еңбегі – «Құтты білік» дастаны. «Құтты білік» дастанының бізге үш нұсқасының-Вена, Каир және Наманган нұсқаларының жеткендігі. «Құтты білік» дастанын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, бастырып шығарушылар:Ж.Амадес, Г.Вамбери, В.Радлов, Е.Бертельс, А.Валитова, С.Малов, К.Каримов, С.Иванов, А.Егеубаев, Б.Сағындықов, және т.б.
«Құтты білік» дастанының негізгі идеясы. Дастанның басты төрт принципке негізделіп жазылғандығы. «Құтты білік»-дидактикалық дастан. «Құтты білік» дастанының негізгі сюжеттік желісінің шығарманың негізгі төрт қаһарманының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұратындығы. «Құтты білік» дастанындағы ел басқарған әкімдер бйнесі. Ел басқарған әкімдер мен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас мәселесі.
4. А. Иүгiнекейдiң «Ақиқат сыйы» еңбегi
Ахмет Иүгнеки - ХІІ ғасырдың орта кезі мен ХІІІ ғасырдың басында өмір сүрген аса көрнекті ақын, кезінде бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне аты мәлім болған ғұлама ғалым. «Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Композициялық құрылысы. Идеялық мазмұны. «Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшеліктері. Ақынның бір-біріне қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап суреттеу әдісі. Дастанның он бір буынды аруз жүйесімен жазылуы. «Ақиқат сыйы» дастаны көркемдік сапасы жағынан ерекшеленеді. «Ақиқат сыйы» дастанын зертеушілер, аударма жасаушылар: Рашид Арат, Е.Бертельс, В.Радлов, С.Малов, Қ.Махмұдов, Э.Нәжіп, Б.Сағындықов, Ә.Құрышжанов, т.б.
5. Әл – Фарабидiң өмiрi мен еңбектері
Әбу Насыр әл-Фараби ( толық аты-жөні - Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби)-дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі «екінші ұстазы» атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші.
Ол ежелгі Отырар қаласында туған. Әл-фарабидің философия, этиа, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка, т.б салалар бойынша жазған зерттеулері.
Философиялық трактаттары: «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме», т.б.
Әл-Фарабидің музыкалық мұрасы. «Музыканың ұлы кітабы» атты трактаты.
Бұл зертеудің төрт бөлімнен тұратыны: «Музыка өнеріне кіріспе», «Музыка өнерінің тарихилық негіздері», «Музыкалық аспаптар», «Музыка композициясы».
Әл-Фарабидің қоғамдық, әлеуметтік және этикалық мәселелер жөніндегі зерттеулері: «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында», т.б
АБАЙТАНУ
1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абайдың өмірбаяны туралы деректер. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абайдың қалыптасуы мен өсу жолындағы өнегелі әкесі Құнанбай қажының, әжесі Зеренің, шешесі Ұлжанның және басқа да билердің, шешендердің, ақын-жыраулардың, оқымысты орыс достарының пайдалы әсер-ықпалы. Ұлы Абайдың шығармашылық қалыптасуына ықпал еткен үш арна. Қазақ халқының рухани мәдениеті (фольклоры, ақын-жыраулар мұралары, т.б. Шығыстың класикалық әдебиеті мен ғылым, орыстың классикалық әдебиеті және Еуропаның философиялық ғылымы.
2. Абай өлеңдерінің тақырыптары
Шығармашылық өмірбаяны. Абайдың жас шағындағы өлеңдері: «Иузи-Раушан», «Фзули-Шәмси», «Әлиф-би», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік». Өлеңдерінің тақырыптық жағынан жіктелуі. Идеясы. Ән-өлеңдері. Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: «Онегиннің жауабы», «Татьянаның хаты».
Абай-қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлеткен жаңашыл ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.
3. Абай қарасөздерінің мәні
Абайдың тағылымдық мәнді қарасөздері. Қарасөздерінің этика-эстетикалық, философиялық, тәрбиелік құндылығы.Стиль, Мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түрі екендігі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамшылық, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.
Абайдың қара сөздері-ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар. Олардың тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері: халық тарихы, елді басқару мәселелері; еңбек, шаруашылық, тұрмыс туралы; оқу-ағарту, ғылым, өнер-білім, халықтық тәлім-тәрбие; адамгершілік, мінез-құлық мәселелері туралы, дін, имандылық, өмір сырлары туралы. Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері, тілі, стилі. Қарасөздердегі автор мен тыңдаушы сұхбатына тән стиль ерекшеліктері. Абай қарасөздері-ұлттық сөз өнеріндегі публицистика, ғылыми-философиялық мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.
4. Абай поэмалары
Абай поэмалары-оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абай поэмалары-дәстүрлі нәзира үлгісіндегі шығармалар. «Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселесінің философиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт ұсынатын жеміс (ақ-ақыл, сары-дәулет, қызыл-әйелмен достық) және оның мәні.
«Ескендір» поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары. Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактикалық, философиялық қорытынды жасау.
«Әзім әңгімесі» атты аяқталмаған поэмасының арқауы «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманың опасыздықты (аяршал) танытушылық қуаты.
Абай поэмаларының көркемдік қуаты, тілі, композициялық сюжеттік құрылымы.
5. Абайдың ақындық мектебі
Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы. Шығармашылық қалыптасуына әсер еткен үш арна. Абайдың ақындық қуаты, тілі, көркемдік ерекшеліктері. Ақындық мектеп. Абайдың шәкірттері. Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы. Ақынның өнерлі достары. Көкбай Жанатайұлы. Әдеби мектептің үздік суреткердің жаңашылдық дәстүрінің тікелей шығармашылық ықпал-әсерімен қалыптасатындығы. Орыс әдебиетіндегі «Гогольдің натуралдық мектебі», «Некрасовтың мектебі», қазақ әдебиетіндегі «Абайдың ақындық мектебі».
6. Абай сөз өнерi туралы
Әдебиет-сөз өнері. Өмір мен өнер. Өнердің туу себептері. Абайдың өлең, сөзге қатысты айтқан жырларының мазмұны, тілдік ерекшеліктері. Абайдың өлең құрылысына енгізген жаңалықтары. Абайдың өлеңге қоятын талаптары.
Абайтану ғылымының дамуы.
7. Абай – жаңа реализм әдiсiн дамытушы
Көркемдік әдіс туралы ұғым. Жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ белгі-сипаттар тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен көрінеді. Көркемдік әдіс екеу: романтизм мен реализм. Абай поэзиясында кең өріс алған көркем әдіс-реализм. Бұл әдіс өмір шындығын терең ашуға мүмкіндік береді. Қазақ жазба әдебиетінде реализмнің Абайдан бастап жандануы.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдебиетті оқытудың мақсат-міндеттері
Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның халқымыздың көркем тарихын, өмір оқулығының» дәрежесінде оқып-үйрету. Бұл пән сонымен бірге әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тәлім алуға, шәкірттердің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол сала отырып, олардың әдеби қабілетін дамытуды көздейді.
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі сипаттамасы
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылым пәні екендігі. Әлдебиет пәнінің мектептер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері. Теориялық, методологиялық негіздері. Философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, т.б. ғылым салаларының байланыстылығы.
Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.
Әдебиетті ғылым әрі сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, бейнелеу өнері, т.б. салалармен сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы
1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің (қадым, жәдит, медреселік) өмір сүргендігі, өзіндік ерекшеліктері. Ы.Алтынсарин –ағартушы ұстаз, оның ағартушылық көзқарасының қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтарының (К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой) байланыстылығы. Оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.
Қазақ ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан үлесі.
Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезек (1917-1927, 1928-1938, 1939-1990 жж). Партия мен үкіметтің білім беру саласындағы қаулы-қарарларының әдебиетті оқытуға ықпалдары.
Әр кездерде мектепке арналған әдебиет пәнінің оқулықтары мен бағдарламаларының жасалуы.
Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасының дүниеге келуі. Оқытудың жаңа технологиялары, олардың әдістемелік ізденістерді байытудағы орны, Ғылыми-әдістемелік басылымдардың ролі.
Мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы
Әдебиеттің оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып үйрену арқылы оқушылардың рухани дамуын қалыптастырып, дамуын көздейтіндігі.Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Бастауыш (І-ІҮ) базалық (Ү-ІХ) сыныптарда берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсты. Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, әдістемелік құрылымы. Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы оқулықтардың ерекшеліктері мен оқыту принциптері. Базалық білім беру және тарихи-әдеби куірстар негізінде дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері. Ерекшеліктері.
Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдеби курстың базалық білім (Ү-ІХ) курсымен тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының кезең-кезеңмен, белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатындығы. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатындығы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.
Әдебиетті оқытудың дәстүрлі әдістері
Әдебиетті оқытудың ғылым және сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық принциптерге сүйенетіндігі. Содан туындайтын әдістемелік принциптер. Әдебиетті оқыту процесі. Оқытуда әдістердің алатын орны мен қызметі.
Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, лекция, пікірлесу, т.б. Оқытудың көрнекілік әдістері: иллюстрация, демонстрация. Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар, тіл дамыту. Олардың оқушының әдеби қабілетін дамытудағы орны. Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына, оны шығармашылықпен қолдана білуіне қойылатын талаптар.
Оқытудың шығармашылық, эвристикалық, зерттеуц, трепродуктивтік әдістері. Ерекшеліктері.
Көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері