Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:29, курсовая работа

Описание

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге пәннің типтік бағдарламасына сәйкес, қазақ әдебиетінің ғылыми курстары бойынша және қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінен міндетті пәндер жүргізіледі. Бұл пәндерден дәріс сабақтармен бірге практикалық, семинар сабақтар өткізіліп, студенттердің пәннің теориялық және практикалық мәселелері бойынша білім-біліктері мен дағдыларын жетілдіру жүзеге асырылса, СОӨЖ сабақтарында оқытушының көмегімен осы білімдерді дамытуға, өз беттерімен ізденулеріне бағыт беріледі. Студенттер, сол сияқты, СӨЖ бойынша түрлі тапсырмалар орындап, ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелерін көрсете алады.

Работа состоит из  1 файл

kjll.doc

— 181.50 Кб (Скачать документ)
fy">Шығарма – мектепте жүргізілетін жазба жұмыстарының ең күрделісі. Шығарма жаздырудың мақсаттары. Мектепте жаздырылатын шығарманың түрлдері, ерекшеліктері. Шығарма жазуға қойылатын талаптар.

Шығармаға жоспар қою. Жоспардың түрлері: тжай жоспар, күрделі жоспар, сипатты ерекшеліктері. Шығарманың құрылысы (бөлімдері мен онда қамтылатын негізгі мәселелер). Шығарма эпиграфы. Шығармаға арналған материалдарды іріктеу мен пайдалану амалдары.

Оқушыларды шығарма жазуға даярлау жолдары.

 

Көркем шығарма жанрын меңгерту жұмыстары

 

Көркем әдебиеттің тектері мен түрлері туралы түсінік. Шығарманы оқытуда оның жанрларын (тегі мен иүрлерін) меңгертудің қажеттілігі. Эпостық, лирикалық, драмалық шығармаларды оқытарды әуелі оның жанрын айқындап, жанрлық ерекшеліктеріне көз жеткізу, осы орайда әдеби талдауды да жанр табиғатын ескере жүргізу.

Шығарманы талдау барысында эпостық, лирикалық немесе драмалық шығарманың ішкі түрлерін, оның сипатты ерекшеліктерін байыптау. Оқушылардың кез келген шығарманың жанрын ажырата білуі керектігі. Бұл бағытта сабақ процесінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері.

 

Әдебиет сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары

 

Әдебиетті өмірмен, қоғамдық практикамен байланыстыра оқытудың маңызы. Әдебиет сабақтарын оқу процесінде басқа пәндермен байланыстыра оқытудың жолдары. Әдебиеттің қазақ тілімен, тарихпен, музыкамен, бейнелеу өнерімен, қоғамтанумен т.б. пәндермен байланыстыра оқытудың мүмкіндіктері және қажеттілігі.

Әдебиетті өзге пәндермен байланыстыра оқытуға (пәнаралық байланысқа) мысалдар келтіру.

 

Әдебиет сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

 

Әдебиет – сөз өнері екендігі. Әдебиеттің оқушыларды сөз өнерінің күшімен эстетикалық талғам мен әдемілікке тәрбиелеудегі маңызы.              Әдебиеттің сұлулық, әсемдік ұғымдарына қатысы туралы. Ауыз әдебиетінің үлгілері, ақын-жыраулар поэзиясы, қазіргі қазақ әдебиетінің өкілдерінің шығармашылығының әдеби-эстетикалық білім мен тәрбие берудегі маңызын дәлелдеп, нақты мысалдар келтіру.

 

Ақын-жазушылардың өмірбаянын оқыту

 

Мектепте ақын-жазушылардың өмірбаянын оқытудың маңызы, оның әдебиетті оқытудың күрделі бір саласы екендігі. Суреткердің шығармашылығында оның өмір жолының ізі сайрап жататындығыжәне көзқарасының қазығы болып табылатындығы.

Бағдарлама бойынша жазушы өмірбаянын оқыту 9-11 сыныптарда тарихи әдебиеттік ізбен берілетіндігі. Ал 5-8 сыныптарда жазушының өмірі емес, олардың жекелеген шығармаларының оқытылатыны. Сонда да оқушының оқып жатқан шығармасының кімдікі екендігін білу керектігі.

5-8 сыныптарда ақын-жазушының бүкіл өміріне тоқталудың қажеттігі жоқ, тек оқығалы отырған шығармаға байланысты мәселелерге ғана көбірек көңіл бөлу керектігі.

Жазушы өмір жолының үлгі-өнегелік маңызы.

 

Қазақ әдебиетінен жүргізілетін жазба жұмыстары

 

Жазба жұмыстары мен тіл дамыту. Жазу жұмыстарының түрлері. Шығарма жазу арқылы оқушының аналитикалық ойлау жүйесінің қалыптасатыны. Оқушыны шығарма жазуға үйретудің әдістемелік тәжірибелері. Мазмұндама жаздыру. Оның оқушының әдеби материалды еске сақтау және жүйелі де бейнелі мазмұндау тілін қалыптастыратыны.

ҮІІІ-ХІ сыныптардағы шығарма жұмыстарының ерекшеліктері. Х-ХІ сыныптардағы тақырыптық, бағдарламалық, шығармашылық, публицистикалық шығарма түрлері. Шығарманың оқушының жазу тілін қалыптастыруға әсер-ықпалы.

 

Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытудың ерекшеліктері

 

ІХ-ХІ сыныптарда қазақ әдебиетін оқытудың ерекшеліктері. Бұл сыныптарда қазақ әдебиеті пәнінің тарихи-әдеби, монографиялық сипатта оқытылатындығы. Әдеби кезеңдерге шолу тақырыптарды оқытудың ерекшеліктері, қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Жеке ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларын оқытудың жолдары. Суреткердің шығармашылығының сипатын зерделеу. Басты-басты еңбектерін талдау жолдары. Шығармаларын тақырыптық-идеялық, көркемдік тұрғыдан талдау. Шығармаларды оқыту мен оқушы білімін есепке алу жолдары.

Жоғары сыныптарда әдебиет сабақтарын оқытуды тиімді жүргізудің кең тараған тәжірибелеріне шолу.

 

 

Оқушы білімін есепке алу мен бағалау.

 

Әдебиет сабақтарында білім беру мен бағалаудың біртұтастығы. Оқушы білімін бағалаудың шығармашылық сипаты. Оқушы білімін бағалаудағы күнделікті бағалау және қорытынды бағалаудың мәні.

Білімді әділ бағалаудың оқушының моральдық-психологиялық тұрпатынқалыптастырудағы тәрбиелік әсер-ықпалы.

Үйге тапсырма беру мен оны тексеру, бағалаудың критерийлері. Тапсырманың түрлері. Оқушының білім сапасы жыл бойы тоқсандық, жылдық көрсеткіштері негізінде бақыланатыны. Оқушы білімін есепке алу мен бағалаудағы мұғалімнің жауапкершілігі.

 

Оқушыларға әдеби-теориялық білім беру жолдары

             

Сабақта әдеби-сын мұраларды пайдалану. Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқытуда әдеби-сын еңбектерді пайдаланудың қажеттілігі. Оларды пайдалану тәсілдері.

Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту. Көркем шығармадағы әдеби-теориялық ұғымдардың қолданысы жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтындығы. Әдеби-теориялық жұмыстарды жүргізу үшін жүргізілетін жұмыс түрлері. Әдеби-теориялық ұғымдарды танытудың әдіс-тәсілдері.

Ү-ІХ сыныптарда әдебиеттен берілетін теориялық ұғымдардың көлемі.

Әдеби бағыттар. Бұлардың пайда болуы мен қалыптасуының тарихи-әлеуметтік себептері. Реализм мен романтизм ұғымдарының әдеби шығармадағы көрінісі.

Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу.

 

Қазақ әдебиетін оқыту әдiстемесiнiң басқа ғылым салаларымен байланысы

 

              Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым пәні ретіндегі басқа ғылым салаларымен байланыс, оның дәлелдемелері.  Әдебиетті ғылым әрі сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, бейнелеу өнері, т.б. салалармен сабақтастығы. Бұл ғылым салаларының әдебиетті оқытудағы тоғысар тұстарына қысқаша мысалдармен дәлелдеу.

Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.

 

С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңін  оқыту

 

              С.Торайғыровтың ақындық ерекшелігіне қысқаша сипаттама. «Бір адамға» өлеңі туралы, оның шығу тарихы. Осы өлеңді оқытуда ескерілетін негізгі мәселелер. Шығарманы мәнерлеп оқу, дауыс мақамын келтіру, идеялық-тақырыптық ерекшеліктеріне, көркемдік компоненттеріне талдау жолдары.

              Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

Жаңылтпаштарды оқыту (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

              Жаңылтпаштар – ауыз әдебиетінің бір саласы. Оның танымдық және тәрбиелік мәні. Халық жаңылтпаштары, қазіргі жаңылтпаштар. Жаңылтпаштарды оқытудағы негізгі ескерілетін мәселелер. Жаңылтпашты оқыту сабағында жүргізілетін жұмыс түрлері.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

Мақал-мәтелдерді оқыту (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

Мақал-мәтелдер – халықтың ғибратты ойының көркем көрінісі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.  түйіні. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні. Мақал-мәтелдерді мектепте оқытудың жолдары. Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері, үйге берілетін тапсырмалар жүйесі.

Сабақ жоспарын негізге ала отырып, сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

Лиро-эпос жырларын көрнекіліктер пайдалана отырып оқыту (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

              Лиро-эпостық жырлар, олардың ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні, көркемдік табиғаты. Лиро-эпостық жырларды оқытудың жолдары, қолданылатын әдіс-тәсілдер. Сабақты жоспарлау мен ұйымдастыру жолдары. Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері. Қолданылатын көрнекіліктер.

              Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын оқыту (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

              Ы.Алтынсарин – ағартушы педагог, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Еңбегі мен қызметіне қысқаша шолу. Шығармаларының тәрбиелік мәні. Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын оқытуды жоспарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдер. Сабақта жүргізілетін жұмыстар жүйесі.

Сабақ жоспарын негізге ала отырып, нақты бір сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметін оқыту (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

Ш.Уәлиханов – ағартушы ғалым, демократ. Еңбегі мен қызметіне қысқаша шолу. Шығармаларының тәрбиелік мәні. Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметін оқытуды жоспарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдер. Сабақта жүргізілетін жұмыстар жүйесі. Қолданылатын көрнекіліктер жүйесі.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

Абайдың қара сөздерін электронды тақтаны пайдалана отырып оқыту (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

              Абайдың қара сөздерінің мәні, сипаттамасы. Жоғары сыныпта Абай қарасөздерін оқытудың жолдары. Сабақты жоспарлау. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер, жүргізілетін жзұмыс түрлері. Қарасөздерді оқытудың ерекшеліктері. Мәнерлеп оқу, жаттауға берілетін қарасөздер. Қарасөздерді талдаудың жолдары.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін электронды тақтаны пайдалана отырып түсіндіру.

 

М.Әуезовтің «Абай жолы» романынның бір сабағын оқытудың жолын түсіндіріңіз

 

              М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша сипаттамалық шолу. «Абай жолы» - қазақ өмірінің энциклопедиясы» (Қ.Сәтбаев). Эпопеяны оқыту сабақтарының жалпы жүйесі. Қамтылатын негізгі мәселелер. Идеяны ашуда оқиғалар мен образдарды пайдалану. Кейіпкерлер жүйесі. Абай мен оның айналасы. Шағармадағы тартыс.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолын оқыту электронды тақтаны пайдалана отырып оқыту (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

М.Әуезов – көрнекті жазушы, ғашлым, қоғам қайраткері. Өмірі мен қызметіне, шағармашылығына қысқаша шолу. Шығармаларының тәрбиелік мәні. М.Әуезовтің өмірі мен қызметін оқытуды жоспарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдер. Сабақта жүргізілетін жұмыстар жүйесі. Қолданылатын көрнекіліктер.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін электронды тақтаны пайдалана отырып түсіндіру.

 

М.Әуезовтің драмаларын оқыту (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

М.Әуезов – көрнекті жазушы, ғашлым, қоғам қайраткері. Драмалық шығармаларына қысқаша шолу. Драмаларының тәрбиелік мәні. М.Әуезовтің драмаларын оқытуды жоспарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдер. Сабақта жүргізілетін жұмыстар жүйесі. Қолданылатын көрнекіліктер.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін түсіндіру.

Бір драмалық шығарманы оқыту жолдарын баяндаңыз (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

              Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері. Драманың табиғатына байланысты жүргізілетін жұмыстар жүйесі. Драманы талдау жолдары. Драмалық шығарманы оқытуды жоспарлау. Салбақтың жүрісі, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

Сұхбат-сабақ (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

              Дәстүрлі емес сабақтар туралы. Оны ұйымдастырудың тиімді жақтары. Дәстүрлі емес сабақ түрлері.

              Сұхбат сабақтардың ерекшеліктері. Оны ұйымдастыруды жоспарлау. Оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру жолдары. Сұхбатты ұйымдастырудағы мұғалімнің жетекшілік ролі.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін түсіндіру.

 

Пікірталас-сабақ (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

              Дәстүрлі емес сабақтар туралы. Оны ұйымдастырудың тиімді жақтары. Дәстүрлі емес сабақ түрлері.

              Пікірталас сабақтардың ерекшеліктері. Оны ұйымдастыруды жоспарлау. Оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру жолдарыПікірталас түрлері, оны ұйымдастырудағы мұғалімнің жетекшілік ролі.

 

Ойын-сабақ (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

Дәстүрлі емес сабақтар туралы. Оны ұйымдастырудың тиімді жақтары. Дәстүрлі емес сабақ түрлері.

              Ойын-сабақтардың ерекшеліктері. Оны ұйымдастыруды жоспарлау. Оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру жолдары. Ойын-сабақты ұйымдастырудағы мұғалімнің жетекшілік ролі.

 

Саяхат-сабақ (сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

Дәстүрлі емес сабақтар туралы. Оны ұйымдастырудың тиімді жақтары. Дәстүрлі емес сабақ түрлері.

              Саяхат сабақтардың ерекшеліктері. Оны ұйымдастыруды жоспарлау. Оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру жолдары. Саяхатты ұйымдастырудағы мұғалімнің жетекшілік ролі.

 

Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқыту (жаңа педагогикалық технологияның бірін пайдаланып, сабақ үлгісін көрсетіңіз)

 

              Ж.Молдағалиев – көрнекті қазақ ақыны. Ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу. Ақынның эпикалық кең тынысты шығармалары. Поэмаларына шолу. «Мен – қазақпын» поэмасының ерекшеліктерің (лирикалық дастан). Ақын шығармашылығын, оның ішінде аталмыш поэманы қандай жаңа технологиялар пайдаланып өткізуге болатындығы.

Сабақ жоспарын негізге ала отырыеп, нақты бір сабақтың жүрісін түсіндіру.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын