Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:29, курсовая работа

Описание

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттерге пәннің типтік бағдарламасына сәйкес, қазақ әдебиетінің ғылыми курстары бойынша және қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінен міндетті пәндер жүргізіледі. Бұл пәндерден дәріс сабақтармен бірге практикалық, семинар сабақтар өткізіліп, студенттердің пәннің теориялық және практикалық мәселелері бойынша білім-біліктері мен дағдыларын жетілдіру жүзеге асырылса, СОӨЖ сабақтарында оқытушының көмегімен осы білімдерді дамытуға, өз беттерімен ізденулеріне бағыт беріледі. Студенттер, сол сияқты, СӨЖ бойынша түрлі тапсырмалар орындап, ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелерін көрсете алады.

Работа состоит из  1 файл

kjll.doc

— 181.50 Кб (Скачать документ)
t-align:justify">Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақтар, ерекшеліктері. Сабақ процесінде алатын орны. Оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Дұрыс ұйымдастырылуы мен бөлінетін уақыт мөлшері. Кіріспе сабақтарда шығарманың жанрына қатысты мәселелердің ескерілетіні. Жазушы өмірі мен шығармашылығына, шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өтуге қатысты кіріспе сабақтар.

Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі. Кіріспе бөліммен сабақтастығы. Орталау сыныптарда мәнерлеп оқу,  мазмұндау, салыстырмалы талдау жұмыстары. Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқып-үйренудің жан-жақты талдау арқылы меңгерілетіні. Талдау түрлері.

Қорытынды сабақтар, ерекшеліктері. Көркем шығарманы талдаудың шешуші кезеңі екендігі. Бекіту сұрақтарының орны.

Жазушы өмірбаянын оқыту. Шолу тақырыптарды оқыту. Әдебиет теориясының мәселелерін оқыту.              

 

 

 

 

Әдебиет сабақтарында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдану

 

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары туралы түсінік. Технология ұғымы, оның педагогика мен әдістемедегі мәні. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудағы мұғалімнің әдіскерлік шеберлігіні, зерттеушілік мәдениетінің орны.

Жаңа педтехнологияның түрлері: Электронды оқыту, модульдық оқыту, деңгейлік тапсырмалар жүйесі, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, т.б. олардың ерекшеліктері мен тиімділігінің мысалдары.

 

Әдеби шығарманың идеясын ашу жолдары

 

Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы түсінік. Шығарма идеясының көркем шығарма арқылы автордың айтпақ болған ойы екендігі. Шығарма идеясы туралы ұғым-түсінікті жақсы меңгерген оқушының кез келген шығарманың идеясын өз бетінше анықтау алу керектігі.

Шығарма идеясы мен тақырыптың байланыстылығы. Шығарманың танымдық, тәрбиелік мәні туралы. Шығарма идеясынан оқушыларға ой түйгізу. Көркем шығарманың өмірмен байланыстылығы. Реалистік сипаты туралы.

 

Көркем шығарманы талдау жолдары

 

Көркем мәтінді талдауда қамтылуға тиісті негізгі мәселелер. Мәтінді талдау мақсаты. Шығарма негізінде жатқан негізгі проблема, оның басты ойы, тілі, көркемдік компоненттерді аша білу. Оқушылардың мәтінді талдау, дағдыларын, іскерлік, машықтарын қалыптастыру жолдары.

Шығарманы мазмұндай, мазмұндау түрлері. Шығарманы идеялық, проблемалық тұрғыдан талдау. Көркемдік компоненттеріне талдау. Стильдік-тілдік талдаудың бастапқы дағдылары.

 

Эпикалық шығармаларды оқыту

 

Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орташа, кең көлемді эпикалық түрге жататын шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер.

Ү-ҮІІ, ҮІІІ-ІХ, Х-ХІ сыныптарда көркем шығарманы талдауға қойылатын тталаптар. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгерудегі тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация тудырудың әдіс-тәсілдері. Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты талдау арқылы ашылатыны.

Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары. Көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Тіл дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы қызметі.

Эпикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған әдістемелік тәжірибелері.

 

 

Лириканы оқыту

Лириканы мектепте оқытуға арналған әдіскер ғалымдардың еңбектеріне шолу.

Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу-тәрбиелік міндетіне сай белгіленетіндігі.

Ү-ҮІІ сыныпта лириканы оқыту әдебиеттік оқу сипатында ұйымдастырылатындығы. Мәнерлеп оқу, лириканы оқйп-үйретудегі оның айрықша қызметі. Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері.              

ҮІІІ-ІХ сыныптардағы көркем оқу. Бұл сыныптарда оқушылардың қызығушылығын лирикалық шығармалардың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі  көркемдік баяндауларды, эмоциялық реңктерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатындығы.

Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдеби курс табиғатына сай лириканы оқытудың күрделене түсетіндігі. Лирикалық өлеңнің ақын шығармашылығымен тығыз бірлікте әрі жан-жақты талданатындығы.

 

Драмалық шығармаларды оқыту

 

Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтарымен таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.

Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары. Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне  тән ерекшеліктеріне назар аудару. Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, актер, суретшінің еңбегі. Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу, т.б. жұмыстардың мазмұнын күшейтудегі қызметі.

 

Көркем мәтінмен жұмыс түрлері

 

Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіндігі.

Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай меңгертудің әдеби талдау арқылы жүзеге асатыны. Мектептік талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға тигізетін ықпалы. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері.

Талдаудың әдебиетті оқытуда  кеңінен қолданылып жүрген түрлері.  Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының  ішкі әлеміне  бойлатудағы ерекше қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық позицияны көре білуге қолайлылығы. Талдау түрлерінің өзара сабақтастығы.

 

Әдебиет сабағын үйымдастыру

 

Мектепте әдеби білім беру заңдылықтарын сақтаудың міндеттілігі (әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық т.б.).

Әдебиет сабағы және оның мектептегі пәндер жүйесіндегі орны. Оқу қызметін ұйымдастырудың мақсат-міндеттері.

Әр сабақтың өз тұжырымдамасы, логикасы, білімдік, тәрбиелік бағыт-бағдары болатындығы. Сабақтың өзіне дейінгі және өзінен кейінгі сабақтармен үзіліссіз, біртұтас білімдік жүйе құрайтындығы. Мұғалімнің сабақ процесіндегі шығармашылық жұмысы. Сабақтың мұғалім-сынып-оқушы қызметіне қатысты дидактикалық принципке негізделетіндігі.

Қазіргі кездегі әдебиет сабағына қойылатын талаптар.

 

Әдебиет сабақтарында көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану

             

Әдебиет сабақтарында көрнекіліктерді пайдаланудың мақсаты.  Көрнекіліктерді сыныпта, сыныптан тыс жұмыстарда, факультатив сабақтарда пайдаланудың елеулі айырмашылықтарының болатыны.

Мұғалімнің көрнекіліктерді сыныпта әдеби білім берудің мақсатына орай таңдап алатыны. Көрнекіліктің түрлері (көру, есту, синтетикалық т.б.) және оларды пайдаланудың тәртібі.

Көрнекі құралды қолдау жасауға қойылатын талаптар.

 

Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері

 

Мектеп оқушысына сыныпта әдеби білім беруц ісі сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы жа жүргізілетіндігі. Мерекелік датаға арналған әдеби шаралар, поэзия кештері, әдеби конференциялар, әдебиет үйірмесі, т.б. жұмыстар оқушының шығармашылық белсенділігін арттыратыны.

Сыныптан тыс оқу. Оның сыныптағы әдебиет сабақтарымен тығыз байланыстылығы. Сыныптан тыс оқуды жылдық жоспарлаудың тиімділігі. Оны ұйымдастырудың тәсілдері. Сыныптан тыс оқуды есепке алу және бақылау әдістері.

Сыныптан тыс оқуға қатысты еңбектерге шолу.

 

Әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру

 

Шығармашылық жұмыс - әдеби білім берудің мақсатты салаларының бірі екендігі. Оқушылардың әдеби-шығармашылық дағды-машықтарын дамытудаға әдебиет сабақтарының орны. Сабақ процесінде орындалатын шығармашылық жұмыстар. Ауызша баяндау, мазмұндаудың шешендік, көркем ссөйлеуге дағдыландырудағы маңызы. Ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстарының ролі.

Әдебиеттен орындалатын шығармашылық жұмыстар. Баяндама дайындау, реферат жазу, шығармашылық эссе, шағын сюжетті әңгіме құрастыру, мақала, рецензия жазу, т.б.

Оқушыларға шығарма жаздыру әдістемесі.

 

Қазақ әдебиетінен факультатив сабақтар ұйымдастыру

             

Қазақ әдебиетінен факультатив сабақтар ұйымдастыру ерекшеліктері. Факультатив курсының тақырыбын таңдау, оның күнтізбелік жоспарын құру жолдары.

Факультатив сабақтарын жоспарлау. Факультатив сабақтарды оқу материалдарымен қамту. Әдебиеттерді пайдалану жолдары.

Факультатив сабақтардың сыныптағы әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстардың арасын жалғастырушылық сипаты. Ерекшеліктері.

Факультатив сабақтардың бағдарлама арқылы жоғары сыныптарда өтетіндігі. Мұндай сабақтардың жүргізілу әдісьтемесі.

 

Қазақ әдебиеті бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері

 

Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіндігі.

Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай меңгертудің әдеби талдау арқылы жүзеге асатыны. Мектептік талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға тигізетін ықпалы. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері.

Талдаудың әдебиетті оқытуда  кеңінен қолданылып жүрген түрлері.  Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының  ішкі әлеміне  бойлатудағы ерекше қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық позицияны көре білуге қолайлылығы. Талдау түрлерінің өзара сабақтастығы.

 

 

Әдебиетті оқытудың принциптері

 

Әдебиетті оқытудың ғылым және сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық принциптерге сүйенетіндігі. Содан туындайтын әдістемелік принциптер. Әдебиетті оқыту процесі. Оқытуда әдістердің алатын орны мен қызметі. Әдебиетті оқыту принциптерінің жалпы дидактикалық принциптерден туындайтындығы.

Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептелетіндігі. Оқу процесінің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы; іс-әрекеттің мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталатындығы; і-әрекетті оқушылардың тлғалық қалыптасуының көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру; жас ерекшелігі мен ұлттық ерекшеліктерді ескеру; педагогикалық басшылықты оөқушылардың бастамасымен ұластыру; тиімді нәтижелерге жетуге бағытталушылық; т.б.

 

Орта мектептегі қазақ әдебиеті бағдарламалары

 

Қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасуы 1930 жылдардан басталатындығы. ВКП(б) ОК 1932 жылғы 25 тамыздағы «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы., оның республикамызда халық ағарту ісінің жандана түсуіне ықпалы.

Отызыншы жылдардың басында қазақ әдебиетін өз алдына пән ретінде оқытылуына байланысты мектептерге арналған алғашқы оқулықтар жазыла бастауы. Оған С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов секілді белді әдебиетшілердің араласуы.

Әдебиет пәні үшін Одақ көлемінде алпыс жыл тұрақты болған түбегейлі бетбұрыс 1933 жылы қабылданған бағдарламаларға көшу болғандығы. Мектепке арналған қазақ әдебиетінің алғашқы оқулығының М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевтардың құрастыруымен 1933 жылы «Қазақстан» баспасынан (7-сыныпқа арналған) шыққандығы. Басқа да қазақ әдебиеті оқулықтары мен бағдарламалары туралы.

Тәуелсіздік кезеңіндегі білім стандарты мен жаңа бағдарламалар. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі.

 

Қазақ әдебиетінен орта білім беру мазмұны

             

              Бастауыш (І-ІҮ) базалық (Ү-ІХ) сыныптарда берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсты. Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, әдістемелік құрылымы. Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы оқулықтардың ерекшеліктері мен оқыту принциптері. Базалық білім беру және тарихи-әдеби куірстар негізінде дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері. Ерекшеліктері.

              Жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдеби курстың базалық білім (Ү-ІХ) курсымен тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының кезең-кезеңмен, белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатындығы. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатындығы. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.

 

Оқушыларды шығарма жазуға баулу жұмыстары

 

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын