Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымды жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 22:35, контрольная работа

Описание

Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Работа состоит из  1 файл

Нарықтық экономика жағдайындағы ұйым және оны жоспарлау.docx

— 54.83 Кб (Скачать документ)

            Нарықтық экономика жағдайындағы ұйым және оны жоспарлау

 

  1.1. Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

         Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

         Нарықтық экономика артықшылығы

       Бұл  жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты  толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын  шығынды қоса жаппай бақылау  арқылы табысты (пайданы) да  қалағандай бөлуді іске асырудың  мүмкін екендігінде. Екі үлгінің  де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық  үлгінің де – елеулі кемшіліктері  бар. Егер нарықтық экономиканы  реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне  тура келетін болса, онда жоспарлы  экономиканың нарықтық тетіктерді  енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына”  тура келеді. Батыс экономистерінің  пайымдауынша, қандай да экономика  аралас экономика болып табылады  және онда жоспарлы шаруашылықтың  да, нарықтық шаруашылықтың да  белгілері бар. Қазіргі заманғы  нарықтық экономикаға тән сипат:  көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік  рөлі, ресурстар қарқынды түрде  үнемделетін экон. өсу шарттары  ретіндегі жоғары деңгейде дамыған  технологияның пайдаланылуы.          Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

 

     1.2.    Ұйымның кәсіпкерлік қызметі. Кәсіпкерлік қызметтің мәні, белгілері, түрлері.

 

                                                    Кәсіпкерлік

      Кәсіпкерлік  – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің  пайда немесе өзіндік табыс  алуға бағытталған бастамашылық  дербес қызметі. Кәсіпкерлікті  азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік  жауапкершілігі кепілдігімен немесе  заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан  және соның жауапкершілігі кепілдігімен  жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның  ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы  айқындалатын шектегі мүліктік  жауапкершілікті көздейді. Қазақстан  азаматтары мен шет мемлекеттердің  азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың  бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері  болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы  еңбекті қолданбай немесе жалдамалы  еңбекті қолданып, заңи тұлға  құрмай немесе заңи тұлға құрып  жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті  қолданбай жүзеге асырылатын  кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі  ретінде тіркеледі, жалдамалы  еңбекті қолдану жолымен жүзеге  асырылатын кәсіпорын ретінде  тіркеледі.

 

      Кәсіпкерлік  – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым  жекеше жағдайы. Қызметтің бұл  түрі, көбінесе, адамның жеке басымен  – кәсіпкермен байланысты. Ол  жаңа істі қолға алады, жаңа  енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке  бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі  мемлекеттік тіркеуге алу арқылы  қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке  тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне  ақы төлеу нысаны, тәртібі мен  талаптары шартпен айқындалады,  жеке табысқа салық салынуға  тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық  түрлері, оларға заңнамалық актілерде  тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып  алу, инновациялық, кеңес беру, тағы  басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен  жасалатын операциялар кәсіпкерлікке  жатады. Нарықтық жүйеде толымды  кәсіпкерлік қызметке жол ашылады  және ол мемлекет меншікті  қоса, меншіктің барлық нысандарына  тән. Меншікті мемлекет иелігінен  алу, кәсіпорындарды жекешелендіру  кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай  туғызатын экономикалық үдерістер  болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

       

                                                 Жалған кәсіпкерлік

     Кәсіпкерлік  немесе банктік қызметті жүзеге  асыру ниетінсіз несие алу,  салық, төлеуден босатылу, өзге  де мүліктік пайда алу немесе  тыйым салынған қызметті жасыру  мақсаты бар, азаматтық ұйымға  немесе мемлекетке ірі зиян  келтірген коммерциялық ұйым  құру экономикалық қызмет саласындағы  қылмыс болып табылады.

                                                 Заңсыз кәсіпкерлік

       Кәсіпкерлік  қызметті тіркеуден өтпей не  рұксат (лицензия) алу міндетті болған  жағдайларда арнаулы рұқсатсыз  (лицензиясыз) немесе лицензиялау  шарттарын бұзып жүзеге асыру,  сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым  салынған түрлерімен шұғылдану,  егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі  зиян келтірсе, не ірі мөлшерде  табыс табумен немесе ірі мөлшерде  акцизделетін тауарларды елеулі  мөлшерде тауарларды өндірумен,  сақтаумен не өткізумен байланысты  болса, экономикалық қызмет саласындағы  қылмыс болып табылады.

          Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық  мәні және оны сипаттайтын  ерекшелері

       Кәсіпкер  иелігіндегі мүлікті т.б. заңды  негізде пайдалану жөнінде, өз  бастамасы мен шешімін қабылдауға  және кез келген іс-қимылдарды  жүзеге асыруға құқылы, заңды  ұйым немесе жеке азамат. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, кәсіпкер белгіленген тәртіппен және мемлекеттің қолданылып жүрген заңды талаптары негізінде лицензия алуға міндетті.

       Экономикалық теорияда, кәсіпкерлік термин экономистердің еңбегінде ХҮШ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қолданыла бастайды. Бірінші болып  ағылшын экономисі Р.Кантильнон қолданды. Оның анықтауынша «Кәсіпкерлік» — бұл табыс табу, (жеке шаруашылығы, қолөнершіремесленник, сатушы т.с.с.). Ол табыс табу үшін, басқаның тауарын  белгілі бағамен сатып алып, оны белгісіз бағамен сатады, осы үшін тәуекелге барады. Оның негізгі экономикалық қызметі тауар нарығында әрбір тауарларға сұранысты сәйкестендіру. Тауар нарығында классикалық, экономикалық мектептің негізін салушы – А.Смит.

       Нарықтық  экономикада кәсіпкерлік қызметі француздың  ұлы ғалымы Ж.Б.Сәйдің еңбегінде сипатталған, ол адам өзінің шоты үшін күреседі және белгілі бір өнімді  өндіру оның айтуынша, кәсіпкерліктің  белсенділік ролін арттырады, ол үшін өндіріс факторларын қиыстыру  арқылы білімі мен тәжірибелік қабілетін көрсетеді.

    Ж.Б.Сәй кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты бейнеледі, оның табысының бір бөлігі ерекше дарыны үшін беріледі.

      Кәсіпкерлік теорияны дамытуға неміс  экономисі В.Зомбарт, кәсіпкер және австриялық  экономист И.Шумпетер  үлкен үлес қосты (В.Зомбарттың айтуы бойынша ол «жаулап алушы» (тәуекелге дайын, рухани ойы бай, жігерлі және табанды) «ұйымдастырушы» (көп адамдар біріктіріп жұмысқа жұмылдыру) және «сатушы» (шеберлік тек өз тауарын өткізу емес, тұтынушыларды қызықтыру негізгі мақсаттары).

     Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты — істің өркендеуіне жағдай жасау деп  анықтама берді Зомберт.

      Зерттеуші И.Шумпетер кәсіпкердің өндірістік  меншігі болуы міндетті емес, жеке адам капиталист – болуы мүмкін, банк басқарушы  не акционерлік қоғамның мүшесі  және т.б.

      Құралдар түрлерінің пайдалы қызмет ету  уақыты көп жағдайда пайдаланған мезгілінен артық болуы мүмкін. Ұсыныс пен сұраныстың жоғары болуына байланысты, кейбір құрал-жабдықтарға, үкіметтің рұқсаты арқылы амортизациялық пайызды өсіруге болады. Өз құнын жаңадан өндірген тауарларға толық аударлған құрал-жабдықтар табиғат байлығы ретінде қызмет етеді. Фирмаға, қоғам үшін де пайдалы.

      Қазақстан заңында кәсіпкер азаматтар  мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

      Барлық шаруашылық қызметі емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпкерлік белгілері болып саналады.

      Кәсіпкерлікте  тұлға және оның нысаны бөліп қаралады.

     Жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, жалгерлік ұжым  кооперативтері және мемлекет кәсіпкер тұлғалар бола алады.

     Шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар кәсіпкерлік нысандары бола алады.

Қызмет мазмұнына қарай  кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

1)Өндірістік кәсіпкерлік  – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін  кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі өндіріс функциясының  негізі.

2)Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.  Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

3)Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің  бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

4)Делдалдық кәсіпкерлік –  бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

5)Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

6)Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін  шектеулі ресурстарды  қиыстырып пайдалануға үйрену керек.

       Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау – кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.

1. Жаңа игілікті жасау  немесе ескі игіліктің жаңа  сапасын жасау;

2. Өндірістің жаңа әдісін  енгізу;

3. Жаңа өткізу нарығына  шығу;

4. Шикізат немесе жартылай  фабрикаттың жаңа көзін табу;

5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды  жүргізу.

     Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне, кәсіпкерлікті өндіріс факторында комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын толықтырған Ж.Б.Сей назар аударды.

     Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

-       түсімділігі жоғары қызмет аясын таңдау еркіндігі, мүмкіншілігі;

-       бизнес көлемінің шектелмеуі;

-       қатаң бағамен шектелмеуі.

Кәсіпкерліктің үш түрі бар:

-       жеке тұлғалар;

-       серіктестік (жолдастық);

-       корпорация (акционерлік қоғам)

     Жеке кәсіпкерлік деп, бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

    Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ заңгерлердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған  формасы.

     Серіктестік деп – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктер қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан іс қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет аяларын т.б. кіргізуге болады.

     Корпорация деп бір кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығын айтамыз. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымды жоспарлау