Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымды жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 22:35, контрольная работа

Описание

Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Работа состоит из  1 файл

Нарықтық экономика жағдайындағы ұйым және оны жоспарлау.docx

— 54.83 Кб (Скачать документ)

      2. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан  Республикасының қолданылып жүрген  заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк  қызметтiң кез келген түрiн  жүзеге асырады. 

      3. Заңды  тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер,  сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық  нысандардағы заңды тұлғалар:

      толық серiктестiк;

      коммандиттiк  серiктестiк; 

      жауапкершiлiгi  шектеулi серiктестiк; 

      қосымша  жауапкершiлiгi бар серiктестiк; 

      өндiрiстiк  кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi  болуы мүмкiн. 

      4. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң  орташа жылдық саны барлық  қызметкерлердi, оның iшiнде жеке  еңбек шарты бойынша, жұмысты  қоса атқару бойынша жұмыс  iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының,  өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған  бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере  отырып анықталады.

      5. Қызметтiң  бiрнеше түрiн жүзеге асыратын  шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi  ондайларға жылдық айналым көлемiнде  үлесi ең көп қызмет түрiнiң  өлшемдерi бойынша жатқызылады. 

      6. Егер бiр  немесе бiрнеше заңды тұлға  шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң  өлшемiне сай келетiн шаруашылық  серiктестiгiн құрған жағдайда  құрылатын субъектiнiң жарғылық  қорындағы олардың үлесi 25 проценттен  аспауға тиiс. 

      7. Заңды  тұлға құрмаған жеке тұлғаларды  және:

      есiрткi  құралдары, психотроптық заттар  мен прекурсорлардың айналымымен  байланысты қызметтi;

      акцизделетiн  өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере  сатуды (алтыннан, платинадан, күмiстен  жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден  басқа);

      ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;

      стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару саласындағы қызметтi;

      банктiк қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа) қызметтi;

      бағалы  қағаздар рыногындағы кәсiптiк  қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды.

      8. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерi осы баптың 1-тармағында белгiленген ережелерден асып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктерден айырылады.

  

                     Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау

           4-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi

     Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:

    - Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;

     - шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;

     - шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

 

       5-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi  бағыттары

      Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

     - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу;

     - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;

     - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;

    -  шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;

     - қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;

     - өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;

     - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.

      Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді.

                6-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың   мемлекеттiк,                                               салалық және аймақтық бағдарламалары

      1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.

      2. Мүдделi мемлекеттiк  органдар, қоғамдық ұйымдар мен  азаматтар шағын кәсiпкерлiктi қолдауды  жүзеге асыратын уәкiлеттi органға  мемлекеттiк, салалық және аймақтық  бағдарламаларға жекелеген жобаларды  енгiзу туралы дербес ұсыныс  жасауға хақылы.

      3. Қазақстан  Республикасының Үкiметi шағын  кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың  мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын  iске асыру барысында алынған  нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы  Президентiнiң алдында жыл қорытындысы  бойынша заңдарда белгiленген  тәртiппен есеп берiп отырады. 

       7-бап.  Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен  дамыту саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске  асыру :

      - Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органы:

     - шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiрiп отырады;

     - шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, Үкiметке табыс етедi;

     - шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

     - кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

     - мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексеруді жүзеге асырады;

    - мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін хабардар етеді;

     - шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк, салалық бағдарламалар аясында осы қызметтi қаржыландыру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi.    

      2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялармен бiрлесе отырып:

      1) облыстардың  (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 

    -  шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекiтедi;

     - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы есептерiн тыңдайды;

      2) облыстардың  (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың) облыстық (республикалық  маңызы бар қалалық, астаналық)  атқарушы органдары: 

     - шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;

    -  жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк бағдарламаларды қамтамасыз етеді және олардың сапалы іске асырылуы мен орындалуына жауап береді; <*>

     - технопарктер желiсiн, лизингтiк орталықтарды, шағын инновациялық қызмет орталықтарын, венчурлiк фирмаларды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектiлерiн құру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi;

    - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ғимараттарды, құрылыстарды, өндiрiстiк үй-жайларды және коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiктi жеңiлдiкпен беру арқылы шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қолдау мен дамытуды қамтамасыз етедi;

      Қазақстан  Республикасының шағын кәсіпкерлікті  қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті  органына жергілікті жерлерде  бағдарламалардың іске асырылу  барысы туралы есептерді және  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  қызметімен байланысты өзге де  ақпаратты табыс етеді. 

      3. Табиғи  монополия субъектiлерi саладағы  бәсекенi дамыту стратегиясын  қалыптастыру ерекшелiктерiн ескере  отырып, өндiрiс саласына шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерiн интеграциялау  мәселелерi көзделетiн бағдарламалар  әзiрлейдi, сондай-ақ белгiленген  тәртiппен тиiмдiлiгi аз iрi өндiрiстердi  бөлшектеудi жүзеге асырады. 

   

            7-1-бап. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi  комиссиялар

      1. Шағын  кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар  қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен  бағыттары: 

     - осы Заңды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

    -  мемлекеттiк органдарда шешiмдер қабылдаған кезде кәсiпкерлердiң мүдделерiне өкiлдiк ету, заңды құқықтарын қорғау және олардың пiкiрлерiн ескерiп отыру;

     - кәсіпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң сындарлы бастамаларын қолдау, экономикалық жағынан дамыған мемлекет құру және Республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру iсiнде әрбiр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк айқындамасын насихаттау;

     - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк қызмет мәселелерi бойынша қаулылары мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын бастамашылықпен әзiрлеу және қоғамдық сараптамадан өткiзу;

     - шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiнде нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

      2. Шағын  кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның  құрамы қоғамдық бiрлестiктердiң,  сауда-өнеркәсiп палаталарының, шағын  бизнес одақтары мен қауымдастықтарының, шағын кәсiпкерлiктi қолдау құрылымдарының  өкiлдерiнен, ғалымдардан, мүдделi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен,  кәсiпкерлерден құралады.

      3. Қазақстан  Республикасы Yкiметiнiң жанындағы  Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар туралы ереженi - Қазақстан  Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы  органдардың жанындағы комиссиялар  туралы ереженi жергiлiктi атқарушы  органдар бекiтедi.

     

       8-бап.  Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  мемлекеттiк   мұқтаждар үшiн  өнiм  өндiруге (жұмыс атқаруға,  қызмет көрсетуге) қатысуы

      8-2. Мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырған кезде оны ұйымдастырушы - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын және олардың көлемiн (процентпен көрсетiлгенде) Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын айқындап отырады.

      3. Конкурстар  өткiзу шарттары мен тәртiбi  Қазақстан Республикасының қолданылып  жүрген заңдарымен белгiленедi.

       9-бап.  Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн  мемлекеттiк  қолдау шаралары 

      4. Өндiрiстiк  қызметпен және кадрларды оқытумен  айналысатын шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерiне жер учаскелерiн  беру (сату, жалға беру) олардың облыстардың  (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына  жазбаша өтiнiшi бойынша жердi сатып  алғаны немесе оны жалға алғаны  үшiн сома төлей отырып, Қазақстан  Республикасының жер туралы заңдарына  сәйкес жүргiзiледi.

      5. Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойынша бiрiктiрiлетiн қуат үшiн ақы төлеуден босатылады.

      6. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу  ақы алынбай жүргiзiлуi мүмкiн. 

      7. Сауда-саттық (делдалдық) қызметiн қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру  және халыққа қызмет көрсету  саласын дамыту үшiн мемлекеттік  меншiктiң бiр жылдан астам пайдаланылмаған  объектiлерi шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға  немесе жалға берiледi. <*>

      8. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерi шартта  көзделген талаптарды орындаған  жағдайда, өздерiне Қазақстан Республикасының  Yкiметi белгiлеген тәртiппен өндiрiстiк  қызметтi ұйымдастыру және халыққа  қызмет көрсету салаларын дамыту  үшiн жалға немесе сенiмгерлiк  басқаруға берiлген объектiлерге  меншiк құқығын шарт жасалған  кезден бастап бiр жыл өткеннен  кейiн тегiн алады. Бұл талаптар  сауда-саттық (делдалдық) қызметiн  жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерiне қолданылмайды. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға  алу немесе сенiмгерлiкпен басқару  шартының талаптарын орындауын  бақылауды облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың)  жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге  асырады. 

      9. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердiң  меншiк иесi құқығының құжаттарын  ресiмдеу заңдарында белгiленген  тәртiппен жүргiзiледі.

 

               10-бап. Есеп беру тәртiбi

      1. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк  есебi Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес есеп берудiң  оңайлатылған рәсiмдерi мен нысандарын  көздейтiн тәртiппен табыс етiлуi мүмкін.

     

                    3-тарау. Шағын кәсiпкерлiктi қаржыландыру

               11-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру

      1. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi өз қаражаты, шетелдiк инвестициялар  және Қазақстан Республикасының  заңдарында тыйым салынбаған  өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымды жоспарлау