Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымды жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 22:35, контрольная работа

Описание

Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Работа состоит из  1 файл

Нарықтық экономика жағдайындағы ұйым және оны жоспарлау.docx

— 54.83 Кб (Скачать документ)

      Өз бетімен  жұмыс істеуді шектеу, демек жеке  кәсіпкердің немесе коммерциялық  ұйымның өз бетімен шешім қабылдау, өз қызметін жүзеге асыру құқығына  қысым жасау қосалқы құрылтайшылардың  тізімін жасауға араласу, бірге  жұмыс істеуге, оның ішінде  белгілі бір банктің қызметін  пайдалануға мәжбүрлеу, жеке кәсіпкердің  немесе коммерциялық ұйымның  қызметіне заңсыз бақылау орнату, кәсіпкерлік құрылымның өзінің  құқықтық қабілетін толық көлемінде  іске асыруына кедергі келтіретін  өзге де жағдайлар туғызу түрінде  байқалуы мүмкін.

      4. Жеке кәсіпкердің  немесе коммерциялық ұйымның  құқықтары мен заңды мүдделерін  шектеп, заңды кәсіпкерлік қызметке  заңсыз араласу, егер лауазымды  адам осы әрекеттерді қызмет  бабын пайдалана отырып жасаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп  соғады.

      Өзге адамдар  жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық  ұйымның құқықтары мен заңды  мүдделерін заңды күшіне енген  сот актісін бұза отырып шектеген  не олардың әркеттерімен ірі  залал келтірілген жағдайларда  ғана көрсетілген әрекеттер үшін  қылмыстық жауаптылыққа тартылуы  мүмкін.

      5. Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)  189-бабында көрсетілген  қылмыстарды кәсіпкерлік қызметке  заңсыз араласуға байланысты  әкімшілік құқық бұзушылықтан  ара-жігін ажырату кезінде қадағалау  және бақылау функцияларын жүзеге  асыратын мемлекеттік органдардың  лауазымды адамдарының, сондай-ақ  жауаптылықтары Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің  151-153-баптарымен көзделген  жергілікті атқарушы органдардың  осы қылмыстар субъектілеріне  жатпайтынын ескеру қажет. 

      6. Заңсыз  кәсіпкерлік қызмет барысында  басқа қылмыс құрамын құрайтын  әрекеттер жасалған жағдайда  жасалған әрекет заңсыз кәсіпкерлік  үшін жауаптылық көздейтін баптардың  жиынтығы және жасалған өзге  қылмыс үшін жауаптылық көздейтін   Қылмыстық кодекстің бабының  жиынтығы бойынша сараланады.

      7. Заңмен  тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен  айналысу фактісі анықталған  жағдайда кінәлі адам Қылмыстық  кодекстің қызметтің белгілі  бір түрін жүзеге асыруға тыйым  салатын тиісті бабы бойынша,  ал арнайы норма болмаған жағдайда - ҚК-нің  190-бабы бойынша қылмыстық  жауаптылық көтереді.

      8. Тауарларды  сатып алу, сақтау, үй-жайларды, көлік  қызметін ұсыну және заңсыз  кәсіпкерлік қызметтің жүзеге  асырылуына өзгедей жәрдемдесу  осы әрекеттерді кәсіпкерлік  қызметтің заңсыздығы туралы  білетін адам тікелей қасақана  жасаған жағдайда ғана қылмыстық  жауаптылыққа әкеп соғады. Осындай  адамның әрекетін оның көрсеткен  қызмет үшін сыйақы алған-алмағанына  қарамастан заңсыз кәсіпкерлік  қызметке көмектесу деп саралаған  жөн. 

      Егер көрсетілген  әрекеттер, заңсыз кәсіпкерлік  қызметтен пайда алу мақсатымен  кәсіпкермен бірге жасалса, онда  оларды ҚК-нің  190-бабында көрсетілген  қылмыстарды бірге жасау деп  бағалаған жөн. 

      9. ҚК-нің  190-бабына қатысты табыс табуды  заңсыз кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асыруда, оны атқару  кезінде және өзге де міндеттемелерге  байланысты шығыстарды, сондай-ақ  салық төлемдерін шегергенде, одан  алынған пайда табу деп түсіну  керек.

      Қызметтің  заңды деп табылған бөлігін  жүзеге асыру кезінде алынған  табыс есепке алынуға тиіс  емес.

      Табыстың  ірі және аса ірі мөлшерін  айқындау кезінде ҚК-нің 190-бабына  ескертуді басшылыққа алу керек.

      Ескерту. 9-тармақ  жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының  2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен  бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік  қаулысымен.

 

      10. Көпе-көрінеу  заңсыз жолмен алынған шынайы  ақшаның немесе ресми түрде  заңды айналымдағы мүлік мәртебесі  берілген шын мәнісінде бар  мүліктің айналымға шығарылуының  кез-келген нысанын заңсыз жолмен  алынған ақша қаражатын немесе  өзге мүлікті ҚК-нің 193-бабындакөзделген  заңдастыру деп түсіну қажет. 

      Тек қызметтің  тыйым салынған түрлерінен (контрабанда,  қару, есірткі құралдарын заңсыз  сату, ұрлық, салықты төлеуден  жалтару және т.б.) алынған ақша  қаражатын немесе өзге де мүлікті  заңдастыру фактісі ҚК-нің  193-бабы  бойынша қылмыстық жауаптылықтың  туындауына негіз болады.

      Көпе-көрінеу  заңсыз жолмен алынған ақша  қаражатын немесе өзге де мүлікті  заңдастыру фактісі анықталған  жағдайда кінәлі адам ҚК-нің  193-бабымен қылмыстар жиынтығы  бойынша және осы қаражаттарды  немесе мүлікті заңсыз иемдену  үшін жауаптылық көздейтін қылмыстық  заңның тиісті нормасына сәйкес  қылмыстық жауаптылық көтеруге  тиіс.

      11. Көпе-көрінеу  жалған мәліметтердің несиеге,  дотацияға не несиелендірудің  жеңілдігі бар шарттарына қол  жеткізу үшін қаншалықты маңызы  болды деген мәселені шешу  кезінде кінәлі адамның осындай  жалған мәліметтерді ұсынбай-ақ  несие берушіге берілген шынайы  мәліметтердің негізінде оларды  алатын шынайы мүмкіндігінің  болған-болмағанын анықтап алу  қажет. 

      Несие, дотация  не несиелендірудің жеңілдігі  бар шарттарды ұсыну үшін несие  берушіге ұсынылған өзге де  нанымды мәліметтер жеткілікті  болған жағдайларда жеке кәсіпкер  немесе ұйым жетекшісі ҚК-нің  194-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік  көтермейді.

      ҚК-нің  194-бабында көзделген әрекеттер  заңсыз алынған не тікелей  өз мақсатына жұмсалмаған несие  қаражатын қайтару фактісіне  қарамастан қылмыстық жауаптылыққа  әкеп соғады.

      12. Алып  тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының  2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен  бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік  қаулысымен.

 

      13. ҚК-нің  206-бабымен көзделген қылмыс құрамы  ақшалардың немесе бағалы қағаздардың  жекелеген элементтерін қолдан  жасауды (мысалы, шынайы ақша белгілерінің  немесе бағалы қағаздардың нақтылы  құны туралы мәліметтерге өзгерістер  енгізу, олардың мазмұнын, нөмірлерін, сериялары мен басқа да белгілерін  басқаша өзгерту), сондай-ақ оларды  толығымен заңсыз дайындауды  құрайды. 

      Жалған  ақшалар мен бағалы қағаздарды  сату оларды тауарлар мен қызметтер  үшін төлем төлеу құралы ретінде  пайдалану, сондай-ақ ақша ұсату,  сыйға тарту, берешекті қайтару,  қарызға беру, сату, оларды өзгедей  түрде азаматтық айналымға қосу  түрінде байқалуы мүмкін.

      Егер көрінеу  жалған ақшалар мен бағалы  қағаздарды сату бөтеннің мүлкін  заңсыз иелену кезінде алдау  құралы ретінде пайдаланылса, онда  мұндай әрекеттерді ҚК-нің  177 және  206-баптарының жиынтығы бойынша  саралаған дұрыс. 

      Бөтеннің  мүлкін заңсыз иемдену кезінде  айналымға салуға тыйым салынбаған  кәдесыйларды, медальондарды, открыткаларды,  көркемдік, фотосурет кескіндемелерін,  полиграфиялық және ҚК-нің 206-бабындакөрсетілген  ақша белгілері мен бағалы  қағаздар түрінде орындалған  өзге де бұйымдарды алдау құралы  ретінде пайдалануды алаяқтық  деп бағалаған жөн. 

      14. Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің  жалған банкноттары мен мәнеттерін, мемлекеттік бағалы қағаздарды  немесе Қазақстан Республикасының  валютасын не шетел валютасын  немесе шетел валютасымен бағаланған  бағалы қағаздарды жасау немесе  сату мақсатымен сақтау, сондай-ақ  сату, егер кінәлі адамның кірісі  осы көрсетілген әрекеттердің  нәтижесінде ҚК-нің  189-бабына  жасалған ескертпеде көрсетілген  тәртіппен айқындалатын ірі соманы  құраса немесе құрауы мүмкін  болса, ірі мөлшерде жасалған  әрекет деп танылады.

      Экономикалық  қызмет саласында қылмыс жасаудың  нәтижесінде пайда болған кірістің  немесе залалдың мөлшерін анықтау  үшін қажет болған жағдайларда  сот-бухгалтерлік және өзге де  сараптама тағайындаған жөн. Олардың  қорытындыларына басқа дәлелдемелермен  бірге баға беру қажет. 

      15. Алып  тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының  2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен  бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік  қаулысымен.

 

      16. Тұрғындарға  қызмет көрсету саласының қызметкерлері  өзінің қызметтік міндеттерінің  аумағына кіретін жұмыстарды  орындағаны немесе қызметтерді  көрсеткені үшін заңсыз сыйақы  алған жағдайда ҚК-нің  224-бабы  бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.  Осы орайда қызметкердің өзінің  қызметтік міндеттерін тұрақты,  уақытша немесе арнайы берілген  өкілеттік бойынша, жұмыс уақытында  немесе жұмыстан тыс кезде  атқарғаны маңызды деп есептелмейді. Соттар сыйақы алып орындалған  жұмыстың немесе көрсетілген  қызметтің қызмет аясына кіретінін  не кірмейтінін әрбір жағдайда  анықтап алулары қажет. 

      17. Тұрғындарға  қызмет көрсету саласы қызметкерінің  жұмыстың белгіленген тәртіппен  немесе белгілі бір мерзімде  орындалуына немесе қызметтің  көрсетілуіне кедергі жасамауы  не оған жүктелген қызметтік  міндеттерді орындаудан және  т.б. негізсіз бас тартпауы  үшін азаматтарды осындай сыйақы  төлеуге мәжбүр ететін жағдайларға  әдейі жеткізуін сыйақы алу  мақсатында жасалған бопсалау  әрекеті деп түсіну қажет. 

      18. Экономикалық  қызмет саласында қылмыс жасаған  адамға жаза тағайындау кезінде  сот ҚК-нің  41-бабының үшінші  бөлігіне сәйкес белгілі бір  лауазымда жұмыс істеу немесе  белгілі бір қызметпен айналысу  құқығынан бас тарту түрінде  қосымша жаза қолдану туралы  мәселені осындай жаза ҚК-нің   Ерекше бөлімінде көрсетілмеген  жағдайларда да талқылағаны жөн.  Үкімде сотталғанға ҚК-нің  41-бабының  үшінші бөлігіне сәйкес нақтылы  қандай лауазымда істеуге немесе  қызмет түрін атқаруға және  қандай мерзімде атқаруға тыйым  салынғаны туралы нақтылы көрсету  қажет. 

 

      19. ҚК-нің  7-тарауында көзделген экономикалық  қызмет саласындағы қылмыстарды  жасаудың нәтижесінде баю мақсатында  қылмыстық жолмен алынған кіріс  кінәлі адамнан өндіріліп, мемлекет  кірісіне алынуы қажет. 

      Кінәлі  адам ақы сотталғанның қызметтік  міндетіне кірмейтін жұмыс немесе  қызметтер үшін төленді деп  қате ұғынған жағдайларда сыйақы  ретінде алған ақша мен өзге  де мүлік иелеріне қайтарылуға  жатады.

 

      20. Заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде табыс табу үшін тікелей қолданылған заттай дәлелдемелер болып танылған мүлік пен заттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің  121-бабы үшінші бөлігінің 4-тармағына сәйкес мемлекет кірісіне алынуға жатады, ал олар табылмаған жағдайларда олардың құны мемлекет кірісіне кінәлі адамның өзінен өндіріліп алынады.

      Заттай  дәлелдемелер болып танылған  ақша мен өзге де құндылықтар,  олардың иесі осы ақшалар мен  құндылықтар берілгенге дейін  одан заңсыз сыйақы алу үшін  бопсалау әрекетінің жасалғаны  туралы тиісті органдарға хабарлаған  жағдайларда, иелеріне қайтарылады. 

     

 

 

       1.5.Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы

     Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау  туралы заңдар

       1-бап.  Негiзгi ұғымдар 

      Осы Заңда  мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

       Инновациялық қызмет  - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жаңа өнiм өндiру немесе өндiрiлетiн өнiмнiң сапасын жақсартып, шығынын азайту, оны өндiру әдiстерiн жетiлдiру мақсатымен ғылыми бiлiм мен жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған қызметi;

       Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы  - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, шағын кәсiпкерлiктi материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен коммерциялық негiзде қамтамасыз етуге жәрдем көрсетудi қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе пайдаланылатын ұйымдар кешенi;

       Ойын бизнесi  - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгу шараларын табыс табу мақсатымен ұйымдастырып, өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

       Шоу-бизнес  - эстрадалық ойын-сауық қойылымдар, сахналық көрiнiстер ұйымдастыру;

       Венчурлiк фирмалар  - ғылымды көп қажет ететiн прогресшiл технологиялар мен өнiмдердi әзiрлеу мен игерудi жүзеге асыратын инновациялық қызмет субъектiлерi;

       Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар  - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар.

          2-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар

      Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және  Азаматтық кодекстен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      Егер Қазақстан  Республикасы бекiткен халықаралық  шарттарда осы Заңда көзделгендерден  өзге ережелер белгiленген болса,  халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

      

       3-бап.  Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi 

      1. Заңды  тұлға құрмайтын жеке адамдар  және қызметкерлерiнiң орташа  жылдық саны 50 адамнан аспайтын  және активтерiнiң жалпы құны  орта есеппен бiр жыл iшiнде  алпыс мың еселенген айлық  есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк  қызметпен айналысатын заңды  тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi  болып табылады.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымды жоспарлау