Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 12:31, курсовая работа
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы...........................5
1.1 Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы...................................12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау.......................................................................................................19
2.3 Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу ...... ...22
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары...............................28
3.2 Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі.....................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі
қорлардың экономикалық мәні мен маңызы........................
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның
негізгі капиталын пайдалану тиімділігін
талдау........................
2.3
Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын
есептеу ...... ...22
3 КӘСІПОРЫННЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
3.1
Негізгі құралдарды тиімді пайдалану
шаралары......................
3.2
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген
тәсілін қолдану және негізгі капиталының
ұдайы өндірісі......................
ҚОРЫТЫНДЫ..............
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту нәтижесінде кәсіпорындар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашыла бастады [1].
Нарықтық баға белгілеу жүйесі кәсіпорындарды неғұрлым мол пайда әкелетін бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың өздерінің өндірістік потенциалын толығымен пайдалану жолдарын іздеуді ұйғарды.
Өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалануды жақсартуға бағытталған шешімдер қаншалықты тиімді болса, кәсіпорынның жағдайының соншалықты тұрақты болуы да сөзсіз.
Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы мен құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.
Кәсіпорын
өндірісінің тиімділігін
Әр кәсіпорын үшін негізгі қорлардың тым ескіруіне жол бермеу, кәсіпорынға мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын нұсқаларының тиімдісін таңдау – негізгі қағидалардың бірі болып есептеледі.
Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен жағдайын, тозу деңгейін, негізгі қорлар мен құралдарын пайдаланудың тиімділігін қарастыру қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды талдау, амортизацияның ерекшеліктерін ашып көрсету және оларды пайдалану жолдарын жақсарту мәселелерін зерттеуді талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның негізгі қорларын талдау және пайдалану жолдарын зерделеу, теориялық танымды негізге ала отырып, негізгі қорларды тиімді пайдалану туралы білімдерді жүйелеу, ашып қарастыру және жетілдіруді көздейді.
Курстық жұмыстың міндеті:
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы, бағалау мен амортизациясы қарастырылған.
Екінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды «К & К - TALDYKORGAN» мысалында талдауы қарастырылды.
Үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану , жеделдетілген амортизацияның және негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің ерекшеліктері көрсетілген.
Бұл
жұмыстың теориялық негізін отандық
ғалымдардың еңбектерінен және
Қазақстан Республикасының
Зерттеу объектісі ретінде «К & К - TALDYKORGAN» негізгі қорларды, құрылымын, құрамын, техникалық жағдайын, оларды тиімді пайдалануды жақсарту жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге, компанияның болашақтағы дамуын, нарықта алатын орнының ерекшелігін қарастырылады.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ
НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН
КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.
Негізгі
қорлар – өндіріс процесіне бірнеше
рет қатысатын, өзінің бастапқы
құнын сақтай отырып, дайын өнімге
біртіндеп ауыстыратын
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады[3, 142б].
Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады. Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне байланысты[4, 66б].
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады[5, 100б].
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес қорларға:
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді[6, 43б].
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды[7, 25б].
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан тұрады:
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді[8, 64б].
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді.
Өндірістік
қорлардың басқа бөліктері
Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады[9, 4б].
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
Информация о работе Негізгі қорларды тиімді пайдалану экономикасы