Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 12:31, курсовая работа
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы...........................5
1.1 Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы...................................12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау.......................................................................................................19
2.3 Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу ...... ...22
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары...............................28
3.2 Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі.....................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................
Интегралды коэффициент:
К
и = К экст.
х К инт.
Талдау
жасау барысында негізгі
Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді[12, 197б].
Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс барысында техникалық прогресс жағынан да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады.
Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану әрбір кәсіпорынның басты міндеттердің біріне жатады. Әрине, кез келген кәсіпорынның қалыпты жағдайда қызметі үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары ретінде қолданылып, негізгі қорларды және айналым қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі қорларды қайтарымын үлкен көлемде ұлғайту, себебі, олар елдің өндірістік күштердің құрама бөлігі, материалдық базасы болып табылады.
Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады.
Негізгі құралдардың құрылымы бойынша барлық негізгі қорлардың жалпы құндылығының үлес салмағы ретінде анықталынады[13, 103б].
Негізгі
қорлардың сыныптамасы, құрамы мен
құрылымы бойынша талдап, олардың
жұмыс істеуге жарайтын қалыпта
сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз.
Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.
Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:
Негізгі
қорлардың табиғи немесе физикалық
тозуы олардың өндіріс
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.
Физикалық
тозу:
Т фэ
И ф = –––––
Т н
Мұнда:
Т ф және Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Негізгі қорлардың сапалық немесе моральдық тозуы техникалық прогреске өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі қорлардың өздерінің құнының бөлігін жоғалтып құнсызданғаны байқалады.
Келесі формула арқылы біз моральдық тозудың есептелеулерімен танысамыз.
Бірінші ретті моральді тозу:
Ф баст – Ф қалпына келтіру
U u 1 = ––––––––––––––––––––– (13)
Ф баст.
Мұнда:
Ф
қалпына келтіру
– НҚ қайта қалпына келтіру құны.
Екінші ретті моральді тозу:
N 2 – N 1
U
u 2 = ––––––––––––– х 100%
N 2
Мұнда:
N 1 , N 2 – жаңа және ескі құрал-жабдықтар өнімділігі.
Сапалық тозудың екі нысанын көрсетеді.
Бірінші
нысаны бойынша, негізгі қорларды
дайындайтын салалардағы еңбек
құралдарының өнімділігінің жоғарылауы
нәтижесінде олардың
Сапалық тозудың екінші нысаны бойынша, өнімділігі жоғары, жаңа техника-экономикалық өлшемдерімен ең керемет негізгі қорлардың пайда болуы еңбек құралдарының құндылығының жоғалтуларына себепші болады.
Сапалық тозу – экономикалық категория болып табылады. Табиғи және физикалық тозу заңдылығын зеттеу негізінде берілген еңбек құралдарының экономикалық ескіру мерзімі анықталады. Еңбек құралдары өз ретінде негізгі қорлардың бекітілетін нормативті мерзімнің негізінде жатады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа неғұрлым жетілдірілген және үнемді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктермен сұрыптарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі қорларды бұдан әрі пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі
қорлардың сапалық тозуын мынандай
факторлар арқылы анықтайды: өндірісте
және жабдықтарды жаңартудағы
Сапалық тозу ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады.
Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады[19, 69б].
Негізгі қорларды пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бюджеттері негізгі бөлшектер мен детальдардың құрылымының элементтері негізгі қорларды тұтастай алғандағымен салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Кәсіпорынның
негізгі міндеті болып
Күрделі жөндеуде негізгі қорлардың объектісін тұтастай алғандағыны салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады.
Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі де бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектен барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстыратын немесе қалпына келтіріп агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады.
Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылап пайдалану жолымен, негізгі көрсеткішінің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коэффициенті, жабдықтау жіктемесінің коэффициентін арттыруы мүмкін.
Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде олар тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Информация о работе Негізгі қорларды тиімді пайдалану экономикасы