Жоспарлаудың мәні және көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:55, курсовая работа

Описание

Жұмыстың мақсаты - кәсіпорнының бизнес-жоспарларын тиімді өңдеп, өндірісте іске асуын басқару. Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысты жазуда келесі нәтижелі міндеттер қойылды:
бизнес-жоспардың мәнінің, құрылымының және тиімділігінің теориялық негіздерін зерттеу;
кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігін бағалау және әдістерін қолдану.

Работа состоит из  1 файл

Бизнес-жоспар.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

Бизнес-жоспардың негізгі  көрсеткіштері. Бұл негізгі бөлім болып есептеледі және мынадай бөліктерден: басты мақсат; өнімнің қысқаша мінездемесі, айрықша ерекшеліктері; қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері; жобаны орындау мерзімі; шығындар көлемі; болжаулы тиімділік пен соңғы нәтижелер; нәтижелерді қолдану аясынан тұрады.

Негізгі жалпы көрсеткіштер:

    • өндіріс пен шығарған өнімді сату көлемі;
    • пайда түсім көлемі;
    • өзіндік құнды азайту және қарызға алған қаражат;

пайдалылық.

Арнайы көрсеткіштер:

    • сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы, саны және ерекшеліктері;
    • салымдардың қайтарымдылық уақыты;
    • жоспарланған нәтижелерге жетудің кепілділігі.

Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдер мен атқарылатын қызметтердің мінездемесі. Бұл бөлімнің көрсеткіштері:

    • өнімнің сыртқы түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі және т.б.;
    • кәсіпкерлік тауардың тұтынушылары туралы түсініктемелер
    • (тауарға сұраныс, аймақ, ұйым туралы хабарлар);
    • кәсіпкерлік өнімді сату бағасының болжамы.

Сату нарығын, сату көлемін  талдап, бағалау. Бұл бөлімде өндіріс  көлемі, сату көлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, бәсекелестер мен баға саясаты және олардың  мүмкіншіліктері зерттеледі.

Ұйымдық шаралар мен  жұмыс жасау жоспары. Кәсіпкерлік бағдарламаға – маркетинг, өнім шығару, өнімді сатып алу, сақтау тасымалдау, сатып алушыға әртүрлі деңгейдегі қызмет көрсету жатады.

Ресурстармен  қамтамасыз ету. Бұл бөлімде ресурстардың түрлері және көлемі жайында және ресурстарды қолдану әдістері жайлы анықтамалар беріледі. Ресурспен қамтамасыз етуге – материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, ақпарат ресурстары жатады.

Жобаның тиімділігі. Бұл бизнес-жоспардың соңғы бөлімі, мұнда кәсіпкерліктен алынған тиімділік есептелінеді. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – пайда және рентабельділік жатады. Сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік есептелінеді.

Бизнес-жоспардың  маңызы мынада: кәсіпкердің бір өзі қызмет істеуге өз қаражаты жетпейді, тіпті жоқ болуы мүмкін, ал ол қаражат болса басқа адамдардан табылуы әбден мүмкін. Осы қаражаттарды жинастырып жұмсау үшін, ол өзіне серіктестер, инвесторлар іздейді. Ақшаны бере қою оңай емес.    Сондықтан істейтін істің пайда келтіретінін, өндірген өнімнің нарықта өтетіндігіне серіктестер мен инвесторларды иландыруы керек.

Әр кәсіпкерге өзінің бизнесін бастау үшін бизнестің алғашқы  кезеңіне техникалық құралдар мен айналымдық қорларды құру үшін инвестиция немесе қаражат қажет. Жарғылық капиталдың көлемі әдетте қызметті кеңейту үшін жеткіліксіз болады. Сол үшін қолда бар құралдарға сыртқы инвесторларды немесе несие ресурстары қаржылық құрылымын (банктер мен инвестициялық компаниялар мен қорлар) немесе уақытша инвесторлардың бос қаражаттарын ынталандыру керек. Белгілі – бір шартты қосымша қаржы ресурстарын алу үшін, нақты экономиканы жасайтын бизнес керек. Осыған байланысты кәсіпорынға негізделген бизнесті жүзеге асыруға берілген жобаның нәтижесін жан – жақты талдау керек. Кешенді талдаудың нәтижесі осы бизнес – жоспар атты құжатта көрсетіледі. Бизнес жоспардың құрамы, оның дәрежесінің дәлдігі және тетіктері инвестияның көлеміне байланысты болады. Бизнестің масштабы, оның нарықта орын алуы, фирманың қаржылық тұрақтылығы, нарық жағдайындағы фирманың ұсынатын тауарлар мен қызметтер түрлеріне байланысты. Бизнес-жоспарды құру мен талдау жасауда кәсіпкер күтілетін бизнес-жобаның мүмкіндіктері мен тиімділігін сынап бағалайды және шешім қабылдауға негізделеді. Берілген жобаның қызметінің негізгі бағытының сипаттамасы, бизнес-жоспардың құрамында көрсетіледі.

Бизнес  – жоспарды құруда келесідей талаптар қойылады:

1. Фирма басшысының қатысуы. Жасалатын жобаның мазмұнына қосыла отырып, басшы орындаушылармен және кеңесшілермен бірге өзінің болашақ дәрежесін суреттеуі мүмкін.

2. Сенімді және жеткілікті ақпараттар келтіру. Ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы, жеткіліктілігі мен таңдаулығы ақпараттың сенімділігінің жалпы сипатын көрсетеді. Алынған ақпараттың толық жетерлігі келесіні білдіреді: ең маңызды мәліметтер бизнес – жоспардың өзінде келтіріледі, ал оның тетіктері мен қосымша мәліметтері қосымшада көрсетілуі мүмкін. Таңдаулылық - бұл алынған ақпараттың таңдаулысы, келтірілген мәліметтер нақты және ұсынылған жобаға тиісті болуы керек.

3.    Бизнес-жоспарда шиелінісетін жолдары болмауы керек.

4.    Қарыз капиталын тарта отырып, өзінің құралы да жеткілікті болуы керек. Бұл жерде қат аң талаптар жоқ, өзіндік тиесілі қаржы көлемі 30% - 40% құрауы мүмкін. Егер де өзіндік құрал аз болса, онда инвестор жаңа жобаны бастауға қатысуы үшін тәуекелге бармауы мүмкін. Бизнес-жоспарды қарастыру және жобаны қаржыландыру үшін шешім қабылдау белгілі – бір уақытты алады (6 айға дейін) Нарықтық ортаның өзгеруі есептеуді, түзету мен қосымша мәліметтерді талап етуі мүмкін. Бұл заңды құбылыс.

5.  Серіктестер мен инвесторлар болашақ өндіріске, нарықтағы қуатына, баға деңгейіне, өнімді нарыққа қозғау әдістеріне, болашақта алынатын пайда мөлшеріне тағы басқа көрсеткіштерге аса маңызды көңіл аударады.

6.    Бизнес-жоспарды жасаушы кәсіпкер, фирма немесе компанияның өндірістік қаржылық көрсеткіштері ғана емес, болашақ серіктестерді, инвесторларды осы істі атқаратын кадр әлеуетінің және материалдық ресурстардың жеткілікті екендігіне сендіруі керек. Құрылатын ұйым өзінің мүмкіншілігін сауатты және тиімді ұйымдастырып болжамды бизнесті үйлестіріп, сонымен қатар басқара алатынын көрсетуі тиіс.

7.     Бизнес-жоспарды жасақтағанда, тиянақты, нақты көрсеткіштермен логикалық үйлесімділік және шағымды есептелгеніне көңіл аударады. Бизнес деген ағылшын сөзі - пайда беретін қандай да болмасын экономикалық іс дегенді білдіреді. Бизнес-жоспардың басты міндеті пайда табу, сондықтан мұны кәсіпкерлік іс жобасының жоспары деп қарастыру керек.

Бизнес-жоспар - бұл кәсіпорынның құрылу және даму жоспары немесе кәсіпорынның жаңа түрін құрудың стратегиялық шаруашылық бөлімі. Негізгі жоспар қажетті  инвестицияны тартуды негіздеуде қызмет атқарады.

Бизнес-жоспар келесі міндеттерді  шешеді:

    • кәсіпорынның өміршеңдігі мен тиянақтылығын бағалайды;

қайратты қызметі кәсіпкерліктің тәуекелділігін төмендетеді;

    • сандық және сапалық көрсеткіштердің даму негізінде болашақ қызметті нақтылайды;
    • сырттан қолдау мен потенциалды қызығушылықты тарту үшін құрылады;
    • ол туралы преспективалық болашақты құруға, алғашқы жаңа түрдегі жоспарды алуға мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар жоспарланған жобаны қаржыландыру үшін банктермен, мемлекеттік басқару органдарымен сұхбаттасып, келісім жасауы үшін қажет. Бизнес-жоспар фирманың барлық мақсаты міндетін өзіне қоспайды, тек біреуін ғана шешеді. Бизнес-жоспардың уақытша нақты шегі бар, ол нақты қойылған міндеттерді шешіп, алға қойған мақсатқа жету. Мысалы, зауыт салыну керек, өндірістің орындалуы, тауарлардың өткізілуі және қаржы салымдарының қайтарымдылығын қамтамасыз ету.

Бизнес-жоспарда болашақта  мүмкін болатын және практикалық  іске асатын кәсіпкерлік істің жобасы белгіленген мақсатқа жету жолдары көзделеді. Бұл негізінде бір істі істеуде және осы арқылы пайда табуға бағытталған жоспар-бағдарлама, яғни ойланған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру шаралар жүйесі. Бизнес – жоспардың обьективтік қажеттілігі мына жағдайлармен байланысты:

    • алға қойған  мақсатты іске асыру үшін потенциалды мүмкіндіктерді ескеру арқылы стратегиялық және тактикалық іс-әрекеттерді жасақтау. Ол ағымдағы және болашақ жоспарлар арқылы іске асады;
    • кәсіпорынның әлсіз, күшті жақтарын және жоспарлы бизнесіне сын көзбен қарау;
    • дүниежүзілік тәжірибеде алдын-ала жасалған обьективті жоспар болмаса істен сәттілік күту мүмкін емес. Бизнес-жоспар бәріне де керек;
    • өзіңіздің серіктестеріңізге және қызметкерлеріңізге алдағы болашақты айқын және өз міндеттерін жеткілікті, тиянақты білу үшін;

Бизнес-жоспар жасақтағанда мынадай басты мәселелерге жауап  беріледі: Бизнес-жоспар дегеніміз  не? Онда не жөнінде айтылады? Оның құрылымы қандай? Бизнес-жоспар қалай жасақталады? Ол қалай дайындалады? Ол бизнеске не үшін керек?

Бұл шын мәнінде бұрынғы  жасақталған орындалуға міндетті жоспар емес, бұл болжам жоспар. Мұндай жоспардың  формасын индикативті жоспарлау  дейді. Кеңестік тәжірибесінде жоспар директива, заң ретінде болды. Байқағанымыз, капитализм дамыған сайын жоспарлауды басты басшылық құрамына айналдырды. Батыс елдерінің бизнесмендері қандай іс болмасын жоспарлы істің керектігін мойындайды, онсыз еш қандай да істі бастамайды. Бизнес-жоспар деп атау себебінің басты міндеті өндіріс болғанымен түпкі мақсат пайда табу. Бизнес-жоспар жұмыс істеп тұрған өндірісті жетілдіруге оның басты бағыттарын анықтауға пайдасы мол. Бизнес-жоспарды жасаудың басқа жағынан да қажеттілігі бар. Ол бизнеспен қатынасы бар адамдарға: инвесторларға, қаржыгерлерге, потенциалды акционерлерге жақсы яғни қолайлы әсер етеді. Бизнес-жоспар істе қателік жібермеуге, компанияның, кәсіпорынның өмірге келуіне, табысының өсуіне үлкен әсерін тигізеді.  Негізінде кәсіпкерлікпен жүргізілген істің табыс көзін сәтсіздікке ұшыратпайды, шаруашылық тәуекелді азайтады. Бизнес-жоспар жан-жақты құжатталуы керек. Себебі оны оқитын адамдар тәжірибелі іс адамдары, қаржы салатын адамдарды иландыру үшін білгірлікпен істелген жоспар керек.

Бизнес-жоспарды жасаудың 2 кезеңі бар:

Бірінші кезең - ақпарат жинау. Өмірлік маңызды бизнес-жоспар жасау үшін сіздің алдыңызда тұрған қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде мүмкіндігінше көп білу қажет. Бизнес жоспарды жүзеге асырушы келесілерді білуі қажет:

    • Қызмет - ол не істеп жатыр немесе не істегісі келеді, соны нақты анықтау қажет;
    • Нарық – бизнес-жоспарды құрастырушының тұтынушылары кімдер, олар қай жерде және нені қалайды, бәсекелестеріңіз кімдер екендігін анықтау қажет;
    • Қаржы - сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, пайда таба аласыз ба?

Мәліметтердің, ұлттық деңгейдегі статистиканың, салыстырмалы мәліметтердің  жоқ болуынан қорықпау керек. Өйткені, ол өзіне қатысты қызметінің барлық егжей-тегжейін ең жақсы білетін  адамның дәл өзі болып табылады. Бизнес-жоспарды құрастырушы үшін қарапайым жолмен табуға болатын кез-келген қосымша ақпарат өте маңызды.

Екінші  кезең - ақпараттарды жөнге келтіру. Қандай да болмасын кәсіпкерлік қызмет жөнінде бәрін білу жеткіліксіз. Серіктестесті, көндіру үшін өз білетінің қалай жеткізетіндігі аса маңызды болып табылады. Жоспар тегіс бәрін қамти алатын және қысқа болуы керек:

    • қарапайым және түсінікті тілде жазылады;
    • бизнес-жоспарды құрастырушының ойы белгілі мәселелерді баяндайтын нақты бөлімдермен ретке келтіріледі;
    • негізгі мәтіннің  оқылуы жеңіл болуы үшін техникалық бөлімдер мен қосымша материалдар қосымшада көрсетіңіз.

Жоспар жай немесе күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы  ол жасалған мақсаттарға сай болуы  керек. Мысалы, егер бизнес бастамашы  шағын дүкен ашқысы келсе, онда оның жоспарын компьютер өндіріп және ол халықарлық нарықта сатуды қажет ететін жоспардан мүлдем басқаша болуы керек. Екінші жағдай бойынша, айтарлықтай көп ақпаратқа ие болу қажеттілігі мен жеке нәрселердің анағұрлым көп анықталу керектігі айқын. Сондай-ақ егер бизнес бастамашы банктен несие алу үшін өз жоспарын пайдаланса, бұл мәліметтер бизнес бастамашы үшін  аса тиімді емес болып келеді. Бизнес-жоспарды дайындаудың бірыңғай ережесі жоқ .

Бизнес-жоспарды жасаудың, дайындаудың тәжірибеде тексерілген  кейбір тәртіптері бар. Дегенмен, кәсіпорынның проблемалары мен тапсырмаларын толық түсіну үшін бизнес бастамашының қалауымен жазған абзал.

 

1.3   Бизнес жоспардың қысқаша құрылымы

Бизнес-жоспар жазуда, потенциалдық серіктес мiндеттi түрде келесi құрылымды  ұстануы тиіс:

1. Оңашалық туралы  меморандум;

2. Жоспардың түйіндемесі;

2.1 Аңдатпа;

2.2 Жоспардың мақсаты  мен тапсырмасы;

2.3 Өндірілуге жоспарланған  өнімнің негізгі түрлері;

2.4 Қорлардағы қажеттілiк.  қаржыландырудың көзі, шарттары  және құрылымы. Қаржы құралдары;

2. 5.Жобаны жүзеге асыру  бойынша құрама жұмыс графигi;

2. 6.Жобаның қаржы және  экономикалық нәтижелерi.

3. Жобаның бастамашысы  туралы мәлiмет

3.1 Жұмыс iстейтiн кәсiпорынның  визит карточкасы;

3.2 Жұмыс iстейтiн кәсiпорын  қызметiнiң негiзгi бағыттары;

3.3. Кәсiпорынның қалыптасуының  қысқаша тарих. Жобаларды iске асырудағы тәжiрибесi;

3.4 Кәсiпорын қызметiнiң  Заңға сүйенген тұрғылары;

3.5 Меншiк құқықтары.  Жалдау. Активтерге құжаттар;

3.6 Лицензиялар және  шарттар;

3.7 Клиенттер және әрiптестер.  Кәсiпорынның iскерлiк атағы;

3.8 Кәсiпорынның қаржылық талдауы;

3.9 Мiндеттемелер және  несие тарихы;

3.10 Бағалы қағаздар;

3.11 Жалпы мәселелер.

4. Ұйымдастыру жоспары

4.1. Жаңа кәсiпорын туралы  жалпы мәлiметтер (БК )

4.2.  Қысқашасы жобаның  мазмұныды;

4.3. БК ұйымдық құрылымы;

4.4. басқару және шешiм қабылдау процессі.

5.  Жобаның заң шығару  және нормативтiк базасы

5.1.  Жалпы нормативтiк  - құқықтық актілер;

5.2 Арнайы нормативтiк  - құқықтық актілер;

5.3 БК Iшкi нормативтiк  - құқықтық актілері.

Информация о работе Жоспарлаудың мәні және көрсеткіштері