Жоспарлаудың мәні және көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:55, курсовая работа

Описание

Жұмыстың мақсаты - кәсіпорнының бизнес-жоспарларын тиімді өңдеп, өндірісте іске асуын басқару. Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысты жазуда келесі нәтижелі міндеттер қойылды:
бизнес-жоспардың мәнінің, құрылымының және тиімділігінің теориялық негіздерін зерттеу;
кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігін бағалау және әдістерін қолдану.

Работа состоит из  1 файл

Бизнес-жоспар.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

Саяси - экономиканы басқару түрлерін таңдауға әсер етеді;

Құқықтық - қаржы құралдарын пайдалануды және ұсынуды, тауарлар мен қызметтерді сату жағдайларын, салықтық қарым-қатынастарды реттейді;

Әлеуметтік-мәдени – талап етілетін тауар түрлерін анықтайды, әртүрлі тұлғалардың жұмысқа деген көзқарасына, жалақы көлеміне, жұмыс жағдайларына әсер етеді;

Технологиялық – кәсіпкерліктің өндіріс сферасындағы даму деңгейін анықтайды;

Физикалық немесе географиялық – кәсіпкерлік іске асырылып жатқан аймақтың географиялық табиғи, климаттық жағдайына әсері бар (бұл факторлар фирмалар мен кәсіпорындардың орналасқан жеріне қарай болуы мүмкін әртүрлі шығындар көлеміне өнімді үлестіруге және жұмыс күшін пайдалануға тікелей әсер етеді);

Ұйымдастырушы - техникалық институттар - әртүрлі қызмет атқаратын институттардың болуы бизнес үшін әртүрлі коммерциялық операцияларды жасауға және кәсіби қарым-қатынастарды орнатуға өте маңызды (бұларға банктер, көтерме және бөлшек саудадағы сатушылар, арнайы фирмалар, оқу орындары, нарықты талдау агенттіктері, жарнама агенттері, еңбек биржалары, көліктік агенттіктер, кепілдендіру компаниялары, коммуналдық қызметтер, байланыс құралдары және ақпаратты тарату жатады).   

Бизнес жоспардың  ішкі функцияларын анықтау қажет:

  1. Жақсы, әрі дұрыс құрастырылған бизнес жоспар кәсіпкер үшін өте тиімді. Бұл арқылы жобасымен танысу процесін бірқалыпты етеді, уақытын үнемдейді, қарым-қатынастарды реттейді.
  2. Қазіргі заманғы нарық үшін бизнес-жоспардың болуы ең алғашқы шарт Себебі, экономиканың  дамуы және нарықтық тұрақталуы кезінде тұтынушылар, несие берушілер, серіктестер үшін бизнес-жоспардың жоқ болуы келеңсіз жайт, яғни бұндай іске сенім білдіру (сену) қиын.
  3. Кәсіпкерлік істі бастау үшін қажетті ақшаны тарту, бизнес-жоспарда барлығы қамтымаса мүмкін емес. Дұрыс, әрі нақты, жан-жақты құрастырылған бизнес-жоспар қаржыландыруға өтініш ретінде бірден қабылдануы мүмкін. Басқа жағдайда өтініш үшін барлық ақпараттың болғаны дұрыс.
  4. Психологиялық тұрғыдан қарағанда да бизнес жоспар кәсіпкердің, оның кәсіпкерлік бастауының байсалдығы мен негізді, маңыздылығын сезіндіреді.

Сыртқы функциялардан  басқа бизнесті жоспарлау процесі  кәсіпорынның ішкі функцияларына да сүйенеді, яғни кәсіпкерлік әрекеттің ұзақтылығын нақты бағалауға мүмкіндік береді                          

Ішкі орта факторларға  келесілер жатады:

  • пайдаланатын технологиялар мен құрылғыларға сипаттама;
  • өнімнің сапасымен қызметтің тауар ретінде анықталуы;
  • өндірістің шығындары.

Енді, бизнес-жоспардың  ішкі функцияларын анықтауға болады:

  1. Бизнес жоспар арқылы кәсіпорынның дамуындағы ең алғашқы кезеңдеріндегі кемшіліктерін анықтауға көмектеседі. Бұл кемшіліктерін алдын алмаса, болашақта үлкен кедергілерге айналып, жұмысты қиындату мүмкін.
  2. Бизнес жоспар нақты бизнеске мақсатқа талпынушылық береді. Көптеген бизнес адамдарының бизнеске деген үлкен қабілетттеріне қызығуға болады. Бірақ мұндай адамдардың көбісіне бизнесті қай салада ашуға болатыны бәрібір. Нәтижесінде бұл қабілеттерінің аса үлкен нәтижесі болмайды.
  3. Бизнес жоспарды құру арқылы кәсіпкер өз кәсіпорынның мақсатқа жету жолын бақылау мен қадағалау құралын жасайды.Бизнес жоспарды құру барысында бизнес-жоспар өзін-өзі үйретудің мықты құралы болып есептеледі. Ал іске асырғаннан соң жеткен жетістіктермен салыстыруға болатын негіз болып табылады. Осылайша, кәсіпкер білім, тәжірибе, көптеген кәсіби біліктілікке ие болады.

 

 

2.3. Инвестициялық бизнес жоспарлау процесінің тиімділігін есептеу

Халықаралық тәжірибелерде күрделі салымдардың тиімділігін бағалау ақшаның уақытша құнының  тұжырымына негізделіп және  келесі принциптерге негізделген.

Күрделі салымдардың пайдалану тиімділігін бағалау жолдары ақшалай ағымымен қарастырылады. Ол күрделі жобалардың орындалу процесінде құрылады. Жоба тиімді болып есептеледі, егер берілген күрделі салымның қайтарымы болса және күрделі қаржы салушылардың жобадан алатын табысы болса.

Күрделі салымдар жобаның белгілі бір мерзімде орындалуынан бастап салынады.

  • Күрделі салымдар тиімді болып есептеледі, оның ағымы мыналар үшін жеткілікті болса;
  • Күрделі салымның бастапқы сомасы қайтарылса;
  • Салынған капиталдың қайтарымы қамтамасыз етілсе;
  • Ұсынылатын тәуелсіз инвестициялар жобасының тиімділігін анықтау, яғни бұнда жобаны қабылдау немесе  қабылдамау қорытындысы жасалады;
  • Салыстырмалы жобалар тиімділігін анықтау, яғни  ұсынылып отырған бірнеше жобалардың біреуін таңдап қабылдау қорытындысы жасалады.

Бизнес жоспардың жобалық тиімділігін бағалауда коммерциялық тиімділік - қатысушылар үшін  жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін, бюджеттік тиімділік жобаны іске асырудан  түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.

Шығынсыздық нүктесін талдау жобаның экономикалық тиімділігін бағалау кезінде қолданылатын маңызды қаржылық элементтердің бірі.

Шығынсыздық - бұл базистің табыста және зиян әкелмейтін жағдайы.

Нақты өткізілген өнім санымен  өткізудің залалсыз көлемінің арасындағы айырмашылық - бұл қауіпсіздік аймағы және оның мәні жоғары болған сайын кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты.

Өнімді өткізудің залалсыздық көлемі бизнес-жоспарды өңдеген кезде негізін қалаушы көрсеткішұтердің бірі болып табылады.

Берілген көрсеткіштерді есептеу өзара байланысты. Олар шығын өнімді өткізу көлемі – табыс.

Маржиналды  табыс – бұл өнімді өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырма. Екінші жағынан, ол – тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасы.

        Кәсіпорында бизнес жоспардың маңызды бөлігіне қаржы жоспары жатады. Ұйымның ішкі ортасының  қаржылық жоспарлаудың маѓынасы, мыналар арқылы анықталады:

- стратегиялық мақсаттың  өңделуімен, нақты қаржылық көрсеткіштер  формасына ие болады;

- кәсіпорынның қаржылық ақпаратын орнату үшін стандарттар орнатылады;

- кәсіпорынның бүкіл  жоспар жиынтығын орындау үшін  қажетті шығындар мөлшері анықталады;

- жалпы кәсіпорынның  стратегиясын құруда және оған  түзетулер енгізу үшін оперативті  қаржылық жоспарлау бөлімі өте пайдалы ақпараттарды береді.

Қаржы құру бүкіл сыртқы ортамен байланыс жасаудың негізгі  құралы болып табылады, яғни бұл  жеткізушілер, несие берушілер, тұтынушылар, инвесторлар жатады. Олардың сенуіне  байланысты кәсіпорынның активтер құны және оның қызмет тиімділігі тәуелді болады, сондықтан да кәсіпорынның қаржылық жоспары жақсы ойластырылып және нақты ақпараттарға негізделіп жасалу керек.

Қаржы жоспарлар жүйесі келесі элементтерді қарастырады:

- баланс болжамы;

- табыс және залал  есеп беру болжамы;

- қаржы бюджетін болжау;

- маңызды қарды көрсеткіштерін болжау

- қаржылық жоспарлаудың нәтижесін жазбаша түрде көрсету.

Есептеу үшін несиелік құрал  біртегіс төлем болып қабылданатындығы қабылданды. Тарактар келісімі бойынша  құралдарға төлеммен сәйкес келіп түсу графигін дайындауы мүмкін. Мұндай жағдайда сыйақы соммасы 1 жылға жоба төлем болады.

Несие бойынша пайызды  есептеу әдісі – несие бойынша пайыздар толығымен шығынға қатысады. Несиеге пайыз төлеу және негізгі қарыздарды өтеу жобаның 12 айынан бастап, әр айда орындалады.

Меншікті салым ретінде  жоба авторы компанияның есеп айырысу  шотындағы ақша құралдарын ғана емес, сонымен бірге өнімді өткізудегі жобаның бірінші жылдағы түсімін  қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі уақытта кәсіпорындарда өндірісті басқару жүйесін жоспарлау маңызды орын алады. Оның көмегімен кәсіпорын қызметінің мазмұндылығын және бағытын анықтайды. Бизнес-жоспардың маңызды міндеттеріне кәсіпорынның экономикалық-жоспарлық дамуын және қызметтегі әрбір мүшесінің көмегімен өндірістің соңғы нәтижелерінің жақсы жетістіктерге жету жолдарын анықтайды. Өндірісті басқару үшін өндіріс процесіндегі жоспардың орындалу барысы жөнінде толық және нақты ақпараттың болуын қажет етеді. Сондықтаанда өндірісті басқару үшін және сырттан күрделі салымдармен банктерден несие тарту үшін бизнес-жоспар құралады. Жалпы, бизнес жоспар - бұл жоспарлау құжаты. Мұнда бизнестің барлық мүмкіндіктері талданады және фирма, кәсіпорындарды басқаруда бар мүмкіндіктерді пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.Ол болашақта болатын және практикалық іске асатын кәсіпкерлік істің жобасы белгіленген мақсатқа жету жолдары көзделеді. Бұл негізінде бір істі істеуде және осы арқылы яғни ойлаған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру шаралар жүйесі.Бизнес жоспар жүйесі регламенттелмейді.

Жұмыс бойынша келесідей  қорытындылар жасауға болады.

Біріншіден, курстық жұмыстың негізгі бөлімінде бизнес-жоспарды құрудағы әдістері мен принциптері қарастырылды. Бұнда Андре Файольдің жоспарлаудың төрт принципі қарастырылды. Ол біртұтастық, үздіксіз, икемділік және дәлдік принципі. Соның ішінде біртұтастық принципінде кәсіпорынның сатылы бөлімшелерінің бірігу мүмкіндіктерінің болуы, оның барлық элементтерінің ортақ мақсаты жоспарлау қызметінің біртұтастығына бағытталған. Қатысу принципі жоспарлау процесінде тікелей қатысуына тартылатын, кәсіпорынның әрбір мүшелерінің атқаратын функциялары, олардың қызметімен анықталады. Икемділік принципінде жоспарды құрғанда сыртқы және ішкі жағдайлар өзгерісін ұштастырып, енгізуге мүмкіндігімен анықталады.

Екіншіден, кәсіпорынның бизнес-жоспарын мазмұны мен құрылымы сипатталады. Бизнес жоспардың құрылымында титулдық бет, резюме кәсіпорынның тарихы, бәсекелестіктер, өндіріс жоспары, ұйымдастыру жоспары, маркетинг, қаржы жоспары қарастырылды.

Қаржы жоспарында алынатын күрделі салымның көлемі, жұмсалу бағыттары, іске асыру мерзімдеріне болжам жасалған. Сонымен қатар қаржылық нәтижелер өнімді сатудан түскен табыс көлемі. Шығындардың құны есептелді, Кәсіпда жобаны жүзеге асыру үшін жаңа құралдарды пайдалану қарастырылды..

Үшіншеден, кәсіпорының  іс-жоспар тиімділігінің өлшемі және оны бағалау әдістері, іс-жоспардың  өндірісте алатын тиімділік орны және кәсіпорын тиімділігін бағалау  әдістерінің жалпы сипаттамасы  көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. «Кәсіпкерлік негіздері» Алматы «Экономика» 2001ж.
  2. Исабеков Б.Н. «Кәсіпкерлік құрылымдардың бизнес жоспарын жасау процестерінің методологиялық негізі» Түркістан 2004ж.
  3. www.bankreferatov.ru
  4. www.khabar.kz
  5. www.referat.ru
  6. www.aіkyn.kz

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Жоспарлаудың мәні және көрсеткіштері