Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:55, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты - кәсіпорнының бизнес-жоспарларын тиімді өңдеп, өндірісте іске асуын басқару. Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысты жазуда келесі нәтижелі міндеттер қойылды:
бизнес-жоспардың мәнінің, құрылымының және тиімділігінің теориялық негіздерін зерттеу;
кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігін бағалау және әдістерін қолдану.
Қазіргі нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметінің тиімділігін экономикалық тұрғыда жоғарылату деңгейін келешекте өзінің дамуын жоспарлап болжаумен қарастырады.
Бірқатар жылдар бойы біздің елімізде ғылыми-техникалық прогреске және оның әлеуметтік-экономикалық салдарына ұзақмерзімді болжамдар қүрылатын. Соның негізінде бүкіл халық шаруашылықтың бөлек салаларының даму болжамы қалыптасты. Бірақта бұл болжамдар жеткілікті сенімді болған жоқ, сондықтада қазіргі экономиканың жағдайы осындай нөтижеге ие болып отыр. Осыған байланысты экономикалық қызметінің болжамын жасау үшін өз еліміздің даму ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып құру қажет.
Бұндай жағдайда кәсіпорын өндірісінің тұтынушылар арасындағы тікелей келісімдер болуы керек. Осылайша, нарықтық экономикалық жағдайында кәсіпорын қызметі өндіріс бағдарламасын, даму жоспарларын құрғанда және әлеуметтік-экономиканың дамуын болжағанда ғана тиімді болады. Кәсіпорын өз меншікті ресурстарын пайдалана отырып жоспарды құруды жүзеге асырады. Көсіпорындағы экономиканы басқарудағы қатаң нұсқаулар түрлер қатынасының орнына бірінші кезекке өзін-өзі реттейтін экономикалық процестер серпінімен шығарылады. Бұл өз алдына сәйкесті актілермен және әртүрлі экономикалық тұтқалар көмегімен ынталандырылып бағытталады. Оларға:
- салық және салық жеңілдіктері;
- несие және салымдар бойынша проценттер;
- валюта бағамы;
- амортизациялық нормалардың аударымы және тағы басқалары жатады.
Қазіргі жағдайда кәсіпорының даму жоспарын құруда, жоспарлау әдістерін жетілдіру жолдары маңызды мағынаны білдіреді. Жоспарлау әдісін жетілдірудің негізгі бағыттарына ғылыми техникалық және жоспардың экономикалық-есеп айырысу негіздемесін жоғарлату; баланстық есептемелерді, технико-экономикалық нормалармен нормативтер жүйесін кең түрде қолдану; өндіріс тиімділігін жоғарлату мақсатымен көрсеткіштер жүйесін жақсарту жатады. Бұған материал сиымдылығы, қор сиымдылығы, еңбек өнімділігінің өсуі жоғары сапалы өнімді шығаруды көбейту және тағы басқалары жатады. Кәсіпорын даму жоспарының негіздемесі технико-экономикалық нормативтер мен нормалар жүйесіне негізделіп жүзеге асырылады.
Норма - белгілі бір уақыт кезеңінде белгілінген сапада белгілі бір өнімнің бір өлшемін өндіруге (жұмысты орындауға) жұмсалған нақты ресурстардың (еңбек, материалдық, табиғат, тағы басқа ресурстардың) абсолюттік шығынының ең жоғарғы белгіленген шамасы.
Норматив – жұмыс уақытының, материалдық және қаржы ресурстарының салыстырмалы түрде пайдаланылу дәрежесін сипаттайтын есептік көрсеткіш. Норматив салыстырмалы өлшем болып есептеледі. Ол еңбек құралдарын, еңбек заттарын, көлемге, мөлшерге және тағы басқа шығындарды пайдалану дәрежесін сипаттайды.
Қолданылатын технико-
Нормаларды құрудың ең жетілген әдісі - есепті талдау. Бұнда норма мен нормативтер техникалық тұрғыда өндіріс жағдайын, оның ішіндегі мүмкін болатын өзгерістерін, оларға әсер ететін факторлар зерттеулерін жан-жақты талдау жолдарымен негізделеді. Норманың негізіне, технико-экономикалық жөне жоспарлық кезеңдегі жұмысты ұйымдастыру жағдайы жасалынады.
Жоспарлауды жалпы экономикалық тұрғыда қарағанда - бұл нарық пен бағаның орнына қолданушы тетігі болып табылады. Жоспар кәсіпорын мақсатын, оның қызмет нәтижесін, ресурсын мақсаттарды орындау қажеттілігін болжап анықтайды.
Кәсіпорынды жоспарлау - бүл ең маңызды процесстедің бірі болып есептеледі. Осы жоспарлау жүйесі негізінде келешектегі кәсіорынның жоспарланған жұмысын ұйымдастыру, оны орындайтын жұмыскерлерді қатыстыру, оларды жоспарлық көрсеткіштер түрғыда бағалау және нәтижесін бақылау, жүзеге асыру болып табылады.
Андре Файоль: “Басқару – бұл болжау, ал болжау – бұл іске кірісуң,- деп атап кеткен. Жоспарлау – бұл жәй ғана келешекте жасалатын істі болжау ғана емес, сонымен қатар істің барысында туылатын әртүлі кездейсоқ мүмкіндіктерді болжау мен олардың шешу жолдарын қарастыру мүмкіндігін білу болып табылады. Кәсіпорын қызметінің алдында төнетін қауіп-қатерді толығымен жойып тастай алмайды, бірақта ол болжау көмегімен тиімді басқаруға мүмкіндігі бар.
Көптеген экономисттердің байқауынша жоспар қүрылмаған кәсіпорындарында қажетті жағдайда уақытылы бағыттарын өзгертпегендіктен және көптеген қателіктерді жасау салдарынан, оның қызметінің құлдырауына әкеліп соғады. Әртүрлі тәжірибелерде көрсетілгендей, кәсіпорындарында жоспарлауды қолдану келесі маңызды артықшылықтармен көрсетіледі:
- келешекте пайдаланылатын жағымды жағдайларды дайындау мүмкіндігі;
- туындалатын мәселелерді айқындайды;
- жұмыскерлердің келешектегі жұмыс барысына өз шешім-дерінің орындалуына ынталандыру;
- кәсіпорын қызметін үйлестіруді жақсартады;
- кәсіпорынның ақпарат қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндігін жоғарылатады;
- кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануынын қамтамасыз етеді;
- кәсіпорынның бақылауын жақсартады.
Кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне ойдағыдай жету үшін оның қаржылық көрсеткіші, табысы, айналым мелшері, өнім келемінің өсуі және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерін жоспарлау арқылы болжауға болады.
Жобаны жүзеге асыру бірінші кезекте ұлттық экспорттық бағдарланған өндірісті дамытуға бағыттылады. Жобаны іске асыру үшін трансформаторлық құралдарды жылына 5000 бірлікке дейін өндіріс көлемін арттыру мен шығарылған өнімнің арттыруға мүмкіндік беретін жаңа заманның жоғарғы технологиялық құралдарды пайдалану керек.
Есептеу әдістемесі
Бизнес-жоспар құрылуы бойынша жұмыс 1998 жылғы TASІC бағдарламасының шеңберінде құрылған және CІM-ң жоғарғы зерттеушісі Ханс-Георга Дистлердің қатысуымен, "Қазақстан Бизнес Сервис" қоғамдық қорымен орындалған. Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі Mіcrosoft Excel ХС бағдарламасын қолданумен дайындалған. Жобаныжазу кезінде UNІDO, EБPP бизнес-жоспарындағы көрсетілген талаптар ескерілген және де Қазақстандық Инвестициялық институттардың, "Морозовтық жоба" Ресей тәжірибесі мен Еуропалық комиссиялардың ұсыныстары пайдаланылған. Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімін дайындауда Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес келетін типтік форма қолданылады.
Бизнес-жоспардың құрылымы, маңыздылығы регламенттелмейді, дегенмен, көп жағдайда тәжірибеде мына бөлімдерден тұрады:
Титулдық бетте келесідей мәліметтер бар: тақырып жоспары, дайындалған мерзімі, фирманың толық аты мен мекен-жайы, кәсіпкердің немесе басқарушының толық аты, оның телефон номері, фирманың қожайынының аты. Кейде тауарлар мен қызметтердің қысқаша тізімін титулдық бетке шығаруды ұйғарады. Олар жобаның коммерциялық ұсынысын құрайды. Кейде титулдық бетте коммерциялық құпиясы бар құжаттар болуы мүмкін, оларды жариялауға рұқсат берілмейді.
Мазмұны титулдық бет пен резюме сияқты, бизнес-жоспардың көп бөлімінде оқылады. Бизнес-жоспардың мазмұны толық бейнеленуі керек.
Резюме бизнес-жоспар
құрылғаннан соң жасалады, ол жоспардың
нәтижесі мен қорытындысы және де
негізгі танымдары қосылуы
Резюме 3 бөлімнен тұрады:
1. Кіріспеде жоспардың мақсаты мен жобаның мәні жайлы жазылады.
2. Негізгі мәні сәттілікке жетудегі жобаның көрсеткіштері мен негізгі ерекшеліктеріне сипаттама.
3. Қорытынды - жоспардың нәтижесімен ортақтастыру.
Сонымен бизнес-жоспар қорытындыдан, яғни жоспардың соңынан басталады. Танысатын кісі, яғни инвестор бәрін оқымай ойластырылған іс-әрекеттің, кәсіпкердің сипаттамасын осы бөлімнен біле алады. Кейбір терең талдауды талап ететін есептермен бизнес-жоспардың тиісті бөлімдерін қарап танысады. Бұл бөлім жоспардың ең ықшамдалған түрі. Бұл бөлімде мына нәрселер анықталады:
Резюме бизнес-жоспардың ең маңызды бөлімі болғандықтан, оның мазмұны айқын, шағымды және үйлесімді тілмен жазылуы керек. Жоспардың тартымды болуы, көпшілік жағдайда, қысқаша, шебер жазылған, кәсіпкерлік ойдың шоғырландырылған көзқарастар жүйесінің тұжырымды жазылуына байланысты.
Өнімге, тауарға немесе қызметке сипаттама. Бұл бөлім мұқият жасақталып, жоғары деңгейдегі талап етеді, яғни кәсіпкер өнімі жөнінде тұжырымды айқын елестетуі тиіс және ол жаңа тауар жөнінде нені көрсетуі керек екенін білуі міндетті, себебі қаражат беруші инвесторларды өзінің ойы, іс-әрекетімен жете сендіруі керек. Ол үшін: ұсынылатын тауар және қызмет қандай қажеттілікті қанағаттандырады, нарықтағы бар сондай тауарлардан ұсынылатын тауардың қандай айырмашылығы, артықшылығы бар және не себептен тұтынушылар жаңа тауарды басқаларынан артық көреді деген сұрақтарға жауап беруі керек.
Бизнес-жоспарда болашақ тауардың әр бөлігі сипатталуы керек. Сипаттамада келесілер қамтылады:
Сонымен бірге бұл мәселені қарағанда бәсекелестік теориясының екі түрінің біреуіне көңіл аудару керек. Арзан жұмыс күші, шикізат, материал, энергияны пайдалану негізінде ең төмен шығын есебінен тауардың басқа да сондай тауарларға қарағанда салыстырмалы арзандығымен тұтынушыларды тарту немесе өнімнің сонылығы, өте сирек технологияны қолдануы, фирманың атағы ескеріледі. Ол үшін мынадай сұрауларға жауап берілуі керек:
Кәсіпкерлік өнімді айқын көзге елестету үшін және өндірістік келісімдер үшін тауардың тәжірибелі сынақтан шыққан үлгісі болуы керек. Тауардың үлгісі болсын, болмасын тауар жөніндегі мәліметтер толық болуы керек: толық сипаттамасы, моделі, бейнесі, қасиеті, белгісі көрсетілуі керек. Күрделі технологиялық бұйым өндірілетін болса, сервисті ұйымдастыру туралы жазылуы керек. Бұл бөлімде өнімнің сатылу бағасы анықталуы тиіс, ол сенімді болуы үшін инфляцияны ескерген жөн.
Өнімді өткізу нарығы, бөлімінде нарықты зерттеу жинақталған мәліметтер бойынша жасақталады. Мұның негізгі мақсаты нарықтағы жаңа тауардың алатын орнын дәлелдеу және анықтау, сонымен бірге нарық конъюнктурасы жөнінде толық мәлімет көрсетілуі керек.
Бөлімнің бірінші кезеңі - нарықтың потенциалдық сиымдылығын анықтау, яғни тұтынушылардың белгілі-бір мерзімде (1айда,1жылда) сатып алатын тауарлардың жалпы құны. Оның мөлшері көп факторлармен байланысты: әлеуметтік, мәдени, климаттық, экономикалық. Сондықтан мақсатты нарықты сипаттау керек. Нарықты сегменттеудің мынадай мүмкін критерийлерін қолдану керек:
а) Жеке тұлғалар үшін: жасы; жынысы; ұлты немесе этникалық тобы; білімі; сүйікті ісі не қызметі; қандай әлеуметтік топқа кіреді; мамандығы; табыс деңгейі; жанұяның өмірлік циклі.